П
Спорт • 20 Мамыр, 2024
Ақтауда тоғызқұмалақтан командалық чемпионат өтіп жатыр
Ақтау қаласында 15-23 мамыр аралығында тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасындағы командалық чемпионат өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 20 Мамыр, 2024
Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған республикалық эссе сайысы өтті
Халықаралық музейлер күні қарсаңында Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті Тарихи музейінің ұйымдастыруымен ғұлама ғалым Қ. Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «Сан қырлы Сәтбаев» атты Сәтбаев мектептері арасындағы республикалық эссе сайысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Мамыр, 2024
Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісім толықтырылды
Мемлекет басшысы «Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімге толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 20 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы Ресейдің Сыртқы істер министрін қабылдады
Қазақстан Президенті ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысу үшін Астанаға келген Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2024
Қостанай облысында тұрғындардың 43,7%-ы жаңа баспанаға ие болды
Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жалғасуда. Бүгін баспанасы қалпына келтіруге келмейтін Қостанай ауданының 74 отбасы жаңа тұрғын үй иемденді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 20 Мамыр, 2024
Бішкектегі тәртіпсіздік: зардап шеккендер саны күрт өсті
18 мамырға қараған түні Бішкектегі тәртіпсіздіктер салдарынан зардап шеккендердің саны артты, деп хабарлайды Egemen.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Оқиға • 20 Мамыр, 2024
Мектеп оқушысы құрдастарының қолынан қаза тапты
Қайғылы оқиға 18 мамыр күні Қызылорда облысының Ш.Қодаманов ауылында болған. Тоғызыншы сынып оқушысы құрдастарының соққысынан кейін қаза тапты, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 20 Мамыр, 2024
Түркі әлемі математиктерінің форумы өтті
Шароф Рашидов атындағы Самарқанд мемлекеттік университеті базасында таяуда Түркі әлемінің математикалық қоғамы (Turkic World Mathematical Society, TWMS) басқарма мүшелерінің көшпелі отырысы өтті. Оған көрнекті ғалым, профессор, Қазақстан Ұлттық Инженерлік академиясының президенті, Түркі әлемі математикалық қоғамының президенті, академик Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов төрағалық етті және алғашқы пленарлық баяндаманы жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Мамыр, 2024
Павлодарда маскүнем ата-ана балаларын қамауда ұстаған
Павлодар облысында үш тәулік қамауда жатқан балалар құтқарылды. Ата-ана кәмелетке толмаған балаларын далаға шығармаған, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 20 Мамыр, 2024
Қызылордада қаржы пирамидасымен айналысқандар сотталды
Қызылордада «Qnet» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырған ағайынды екеу 5 жылға сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Мамыр, 2024
Зерендіде мектеп оқушыларына тамақ қалдықтарын беріп келген
Зеренді ауылындағы мектеп оқушыларына тамақ қалдықтары ұсынылғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 20 Мамыр, 2024
Grand Prix: Қазақстан пара дзюдо құрамасы 6 медаль еншіледі
Мамырдың 18-19 күндері Тбилиси (Грузия) қаласында пара дзюдодан дәстүрлі Grand Prix додасы өтіп, оған 40-қа жуық елден 150-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс, 2 қола, барлығы 6 медальмен жалпыкомандалық есепте 2-орын алды, деп жазады Egemen.kz Пара дзюдо федерациясы мәліметіне сілтеме жасап.
Спорт • 20 Мамыр, 2024
Қазақстанда әскерилер арасында қазақ күресінен CISM әлем чемпионаты өтеді
Танзания астанасы Дар-эс-Саламда CISM халықаралық әскери спорт кеңесінің 79-шы Бас ассамблеясы мен конгресі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 20 Мамыр, 2024
Сенат Спикері Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасымен кездесті
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Нуман Куртулмушпен кездесті. Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады. Мәулен Әшімбаев мейманға ілтипат танытып, алапат су тасқыны кезінде бауырлас Түркия елінің гуманитарлық көмек жіберіп, қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар Түркия Қазақстанның аса маңызды стратегиялық серіктесі екенін атап өтті. Екі елдің Мемлекет басшыларының жоғары деңгейдегі қарым-қатынасының ынтымақтастықты одан әрі нығайтудағы маңызды рөлі аталды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 20 Мамыр, 2024
Елордалық спортшы пара жүзуден әлемдік серияның екі дүркін қола жүлдегері атанды
17-19 мамыр аралығында Сингапурде пара жүзудің әлемдік сериясы өтті. Жарысқа 21 елден 126-дан астам спортшы қатысты. Елордалық пара жүзуші Сиязбек Далиев чемпионаттың екі дүркін қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 20 Мамыр, 2024
Халықаралық турнирде Қазақстан велошабандозы топ жарды
Велоспорттан осы айдың 15-19 күндері Польшада өткен Orlen Nations Grand Prix халықаралық турнирінде Қазақстан спортшысы шешуші 5-ші кезеңде топ жарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Мамыр, 2024
Балаларды шығармашылық үйірмелерге қабылдау тәртібі өзгерді
Қазақстанда шығармашылық үйірмеге жазылу кезегін енді автоматты ақпараттық жүйе жүргізеді. Онда баланың және заңды өкілінің толық аты-жөні (болған жағдайда), шығармашылық үйірменің түрі, өтінімнің нөмірі мен уақыты, кезекте тұрған реттік нөмірі көрсетіледі. Ақпараттық жүйе ұсынған мәлімет негізінде шығармашылық үйірмелердің тізбесі құрылады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығына сілтеме жасап.
Тағайындау • 20 Мамыр, 2024
Ақмола облысының прокуроры тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі негізінде Бас Прокурордың 2024 жылғы 17 мамырдағы бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Руфат Бауыржанұлы Құттықов Ақмола облысының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2024
Тасқын қаупі: Атырауда 94 эвакопункт дайын тұр
Тасқын қауіпі төнген жағдайда тұрғындарды қауіпсіз жерлерге көшіру мақсатында Атырау қаласында 94 эвакуациялық пункт дайындалды. Сыйымдылығы - 10 250 орын. Бұл туралы облыстың Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 20 Мамыр, 2024
Қазақстанда алғаш рет «Мектеп барысы» өтті
Елімізде тұңғыш рет оқушылар арасында ұйымдастырылған «Мектеп барысы» жобасы мәресіне жетті. Талдықорғанда өткен тартысқа толы додаға қаланың 27 мектебінен іріктеліп шыққан үздік балуандар «Мектеп барысы» атағы үшін белдесіп, өзара мықтыны анықтады. Қала әкімі Ернат Бәзіл осындай тың жобаларды қолдайтынын айтып өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Мамыр, 2024
«Соңғы қоңырау» күні мектептерді полиция бақылайды - ІІМ
Биылғы оқу жылының аяқталуына 5 күн қалды. 25 мамыр күні мектеп түлектері бұл күнді өз бетінше мерекелеу кезінде түрлі төтенше жағдайға тап болып жатады. Оқыс оқиғалардың алдын алу үшін Ішкі істер министрлігі әр мектепке жауапты полиция қызметкері бекітілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 20 Мамыр, 2024
Иран Президенті Ибрахим Раиси тікұшақ апатынан көз жұмды
Иранның сегізінші Президенті Ибрахим Раиси тікұшақ апатынан қайтыс болды. Тікұшақ елдің солтүстік-батысындағы Шығыс Әзербайжан провинциясының Варзакан аймағында құлады, деп хабарлайды Egemen.kz IRNA агенттігіне сілтеме жасап.
Әлем • 20 Мамыр, 2024
«Тірі қалғандар жоқ»: Иранның Қызыл Жарты ай қоғамы тікұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады
Иран Президенті Ибрахим Раиси мінген тікұшақ құлаған жерден тірі қалған жандар табылмағаны хабарланды. Бұл туралы Иранның Қызыл Жарты ай қоғамының басшысы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz IRNA агенттігіне сілтеме жасап.
Әлем • 20 Мамыр, 2024
Иран Президенті тікұшақ апатынан көз жұмғаны рас па?
Иранның Қызыл Жарты ай қоғамы президент Ибрахим Раисидің тікұшағы табылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Ұлттық спорт • 20 Мамыр, 2024
«Ұлы дала жорығы - 2024»: Бірінші кезең аяқталды
19 мамыр күні ат спорты әуесқойлары мен еліміздің әр өңірінің өкілдерін біріктіретін спорттық сайыс қазақтың көрнекті геолог-ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналып отыр. Кеше «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің бірінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7:00-де 19 команда Павлодар қаласы маңындағы «Атамекен» елді мекенінен Екібастұзға аттанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зерде • 19 Мамыр, 2024
Оқушыға қауіп төнгенде құзырлы органдарға хабарлайтын қосымша әзірленді
Ақтөбе қаласы Ұ.Құлымбетов атындағы №64 мектебінің 10-сынып оқушысы жасанды интеллект тақырыбына қызығушылық танытып, зерттеу жүргізіп, оқушыға қауіп төнгенде құзырлы органдарға хабарлайтын «NazarAI» қосымшасын ойлап тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2024
Ақтауда мас жүргізушісі балалар мінген көлікке соқтығысты
Ақтауда мас жүргізушісі балалар мінген көлікке соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 19 Мамыр, 2024
«Бірі - алтын»: Милад Карими Азия чемпионатында үш медаль иеленді
Өзбекстанда өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында Милад Карими спорттық мансабында алғаш рет керме жаттығуы бойынша чемпион атанды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомство мәліметіне сілтеме жасап.
Бокс • 19 Мамыр, 2024
Elorda Cup: 14 боксшымыз «алтын» иеленді
12 мамырда басталған III Elorda Cup турнирі аяқталды. 6 күнге жалғасқан турнирде 24 салмақ бойынша жеңімпаздар анықталып, 8 боксшы былтырғы чемпиондық атағын қорғап қалды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 19 Мамыр, 2024
Нариман Құрбанов Азияның екі дүркін чемпионы атанды
Спорттық гимнастикадан Өзбекстанның бас шаһары Ташкентте өтіп жатқан Азия біріншілігінде отандасымыз топ жарды. Гимнастикалық ат снаряды финалында 15.600 ұпай жинаған Нариман Құрбановқа алтын медаль тағылды, деп жазады Egemen.kz.