м
Елорда • 22 Қараша, 2024
Елорда мектептерінде қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
Қаланың білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған жиын өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мектеп • 22 Қараша, 2024
58 мектеп білім беру қызметін лицензиясыз жүргізген
Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 22 Қараша, 2024
Қылмыстық сот төрелігі бойынша форум өтті
Астанада Жоғарғы Сот пен ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы ұйымдастырған Орталық Азия мемлекеттері үшін қылмыстық сот төрелігі бойынша IX сарапшылық форумы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Қараша, 2024
Ақтөбе облысында лауазымды тұлға 1,5 млн теңге көлемінде пара алған
Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық соты «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» филиалы Жем пайдалану локомотив депосының бастығына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 22 Қараша, 2024
Елорданың Алматы ауданындағы Анатолий Храпатый көшесінде көлік өртенген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 22 Қараша, 2024
Үкімет Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты жедел кеңес өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Сыртқы істер, Денсаулық сақтау, Көлік, Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің басшылығымен Мемлекет басшысының негізгі әскери және азаматтық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдау туралы тапсырмаларын орындау жөнінде жедел кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Қараша, 2024
Ел азаматтары Жаңа жылда неше күн демалады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтар айындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Қараша, 2024
Азия чемпионатына баратын боксшылар белгілі болды
29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Чианг Мэйде (Таиланд) бокстан Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 21 Қараша, 2024
Балқаш көлінде жоғалып кеткен балықшылар табылды
Балқаш көлінде жоғалған балықшылар аман-есен табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қараша, 2024
Астанада XVIІ «Жан Шуақ» сыйлығының лауреаттары марапатталды
Астанада Халықаралық мүгедектігі бар адамдар күні қарсаңында «AMANAT» партиясының қолдауымен Қазақстан мүгедектер конфедерациясы ұйымдастырған XVIІ «Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл сыйлық жыл сайын қоғамдық қызметте ерекше нәтижелерге қол жеткізген мүгедектігі бар адамдарға беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 21 Қараша, 2024
Мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізілуі мүмкін
Мәжіліс депутаты Аманжол Алтай мектеп бағдарламасына Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын зерттейтін жаңа пән енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қараша, 2024
Мәдени құндылықтарды қорлағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту ұсынылды
Қазақстанда материалдық емес мұраны қорғау туралы заң жобасын әзірлеу ұсынылды. Бұл мәселе Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 21 Қараша, 2024
Алматы әуежайы 10 миллионыншы жолаушысына шетелге жолдама берді
Бүгін сағат 14:55-де Алматы халықаралық әуежайы өзінің рекордтық 10 миллионыншы жолаушысын қарсы алды. Бұл – қала үшін тарихи оқиға, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қараша, 2024
Биыл 2 млн гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды
Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Жер ресурстары мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында фермерлерден жер учаскелерін алуға байланысты бірқатар мәселелер қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дін • 21 Қараша, 2024
Мүфтият энергетикалық сусындарға қатысты пәтуа шығарды
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының пәтуа бөлімі энергетикалық сусындарды ішудің шариғаттағы үкімін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 21 Қараша, 2024
Аустралияда балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салынды
Аустралия үкіметі әлеуметтік желілерді пайдалану үшін ең төменгі жасты 16 жастан белгілейтін инновациялық заң қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Қараша, 2024
Қазақстан армиясының балуаны күрестен әлем чемпионы атанады
Армения астанасында халықаралық әскери спорт кеңесінің (CISM) қамқорлығымен әскери қызметшілер арасында күрестен 37-ші әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 21 Қараша, 2024
Суретші Болат Мұхамедиевтің «Уақыт резонансы» атты жеке көрмесі ашылды
Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде қоғам қайраткері, Қазақстан Өнер академиясының және «MONDIAL ART ACADEMIA» Дүниежүзілік өнер академиясының академигі, көрнекті суретші Болат Мұхамедиевтің «Уақыт резонансы» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 21 Қараша, 2024
«Алдар көсе» фильмінің жаңа нұсқасы көрерменге жол тартады
Осы жылдың 24-30 қарашасы аралығында Алматы қаласы XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің орталығына айналады. Биылғы фестиваль отандық киноның айтулы мерейтойларымен ерекшеленеді. Қазақ киносының жарық жұлдызы Шәкен Аймановтың 110 жылдық мерейтойы, сондай-ақ «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының 90 жылдығы және киностудияға Шәкен Аймановтың есімі берілгеніне 40 жыл толып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Қараша, 2024
Қарағандыда жол апатынан бір адам көз жұмды
Теміртау маңындағы тас жолда екінші күн қатарынан жол апаты оқиғалары тіркеліп жатыр. Салдарынан бір адам қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қараша, 2024
Қоғамдық орындарда кальян шегудің 500 дерегі анықталды
16 қыркүйекте басталған «Учаске» жедел–профилактикалық іс-шарасы шеңберінде ел бойынша полицейлер қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйымды бұзғандарды анықтау үшін рейдтер жүргізген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қараша, 2024
«Shine Muscat» жүзімінен ағзаға зиянды зиянкес табылған жоқ - министрлік
Ауыл шаруашылығы министрінің тапсырмасы бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-тегі мемлекеттік инспекция комитетінің Республикалық өсімдіктер карантині орталығының қызметкерлері карантиндік фитосанитариялық бақылау кезінде жүзім үлгілеріне зертханалық сараптама жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 21 Қараша, 2024
Астанадағы көшенің біріне бұрынғы премьер-министрдің аты берілді
Елордада мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Балғымбаев атындағы көше пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 21 Қараша, 2024
2025 жылдан бастап әлеуметтік жәрдемақы өседі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 қарашадағы «2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту туралы» қаулысы бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 21 Қараша, 2024
Экономиканы әртараптандыру экспорттың 6,4%-ға өсуін қамтамасыз етті - Олжас Бектенов
Ел экономикасын әртараптандырудың қазірдің өзінде нәтижесі бар деп айтуға болады. Статистикаға сүйенсек, өңдеу өнеркәсібі көлемі бойынша шикізат секторынан асып кетіп жатыр. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 21 Қараша, 2024
Жәнібек Әлімханұлы Канело Альваресті жекпе-жекке шақырды
WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы аты аңызға айналған мексикалық боксшы Сауль Канело Альваресті жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Қараша, 2024
Кәмелетке толмаған баланы зорлап, өлтірген күдікті Ресейден экстрадицияланды
Кәмелетке толмаған баланы алдын ала сөз байласу арқылы зорлағаны және оны өлтіруді ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Ресей Федерациясынан Қазақстан азаматы экстрадицияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 21 Қараша, 2024
Қазақстан Президенті Мажарстан Премьер-министрінің салтанатты қабылдауына қатысты
Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мажарстан Премьер-министрінің салтанатты қабылдауына қатысқанын мәлімдеді.
Президент • 21 Қараша, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерінің алдында бірлескен мәлімдеме жасады.
Президент • 21 Қараша, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Қазақстан Президенті мен Мажарстан Премьер-министрі екі елдің ресми делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.