Фото: bizdinoskemen.kz
Шырша безендіру кезінде биіктен құлаған мұғалім Қуат Айтқалиев бассүйегі сынып, миына зақым келген. Дәрігерлер оқиға болған күні оған ота жасаған.
Сол күннен бері ақ халаттылардың бақылауында болған мұғалім бүгін ауруханадан шықты. Бұл туралы Ғани Бейсембаев айтты.
Министрдің сөзінше, Қуат Айтқалиев толықтай сауығып шыққан.
«Бұл мәселені үнемі бақылауымда ұстап отырмын. Қазір бұл мәселемен әкімдік айналысып жатыр. Кінәлілер жазаланды. Тексеру толық аяқталғаннан кейін тиісті шара қолданылады», деді Оқу-ағарту министрі.