Министр
Қоғам • 26 Сәуір, 2021
Алексей Цой QazVac вакцинасын салдырды
Бүгіннен бастап Қазақстанда QazVac екпесімен вакциналау басталды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқылардың бірі болып тікелей эфирде отандық вакцина салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 24 Сәуір, 2021
Қазақстанда Арал теңізінің құрғаған табанында сексеуіл егу бағдарламасы қабылданады
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Қызылорда облысына жұмыс сапары кезінде Арал теңізінің құрғаған табанындағы фитоорманмелиорациялық жұмыстармен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Сәуір, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрін қабылдады
Президент – Жоғарғы Бас Қолбасшыға ведомствоның биылғы жылдың бірінші тоқсанында атқарған жұмысының қорытындысы, әскердің жауынгерлік дайындығы мен тәртібі, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 22 Сәуір, 2021
Қазақстан және Өзбекстан Әділет министрліктері ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды
2021 жылғы 22 сәуірде «Tashkent Law Spring» II Халықаралық Заң Форумы аясында Қазақстан Республикасы Әділет министрі М.Б. Бекетаев пен Өзбекстан Республикасы Әділет Министрі Р.К. Давлетов екі ел министрлігі арасындағы 2021-2022 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Сәуір, 2021
Қоғамдық кеңестердің өкілеті едәуір артады
Биылдан бастап елімізде жұмыс істеп жатқан 237 және оған қосымша құрылатын 13 қоғамдық кеңестердің өкілетін едәуір арттыратын заңнамалық өзгерістер күшіне енді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов мәлімдеді. Оның айтуынша, қоғамдық кеңестердің 70%-нан кем емес құрамы, байқау арқылы сайланатын, үкіметтік емес ұйым өкілдерінен тұратын болады.
Қоғам • 21 Сәуір, 2021
Елжан Біртановқа үйден шығуға рұқсат берілді
Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа белгілі бір уақытқа үйінен шығуына рұқсат берілді. Бұл туралы оның адвокаты Дмитрий Куряченко айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алты айдан бері үйқамақта отырған Біртановтың фотосы тарады
Әлеуметтік желілердің бірінде үйқамақта отырған Елжан Біртановтың фотосы тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Сәуір, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрін қабылдады
Мемлекет басшысына еліміздегі криминогендік жағдай, ішкі істер органдарының биылғы жылдың бірінші тоқсанында атқарған жұмысының қорытындылары туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Сәуір, 2021
Денсаулық сақтау министрлігі улы маскалар туралы пікірді теріске шығарды
Әйелдің медициналық масканы отқа жағып отырған видеосы желіде тарап кетті. Видеодан масканың жанбай, ери бастағанын көруге болады. Осыдан кейін әйелдер материалды улы деп мәлімдеп отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарып, оның жансақ ақпарат екенін алға тартады, деп хабарлайды Egemen.kz
Тағайындау • 19 Сәуір, 2021
Ерлан Әлімбаев Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды
Ерлан Әлімбаев Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Руханият • 16 Сәуір, 2021
Ғасырлық тарихы бар ежелгі қала жаңа келбетке ие болды – Ақтоты Райымқұлова
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ғасырлық тарихы, көптеген тарихи-мәдени, туристік және діни ескерткіштері бар ежелгі қала жаңа келбетке ие болғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Сәуір, 2021
Мәдениет министрлігінде екі жаңа комитет құрылады
Үкіметі 2021 жылғы 31 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қаулы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz
Медицина • 12 Сәуір, 2021
Аида Балаева «Спутник V» вакцинасын салдырды
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева індетке қарсы вакцинаны салдырды. Бұл туралы министр «Балаеваға 3 сұрақ» бағдарламасында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Тағайындау • 12 Сәуір, 2021
Қаржы вице-министрі тағайындалды
Үкімет қаулысымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қоғам • 07 Сәуір, 2021
Қорғаныс-өнеркәсіп кешені мәселелеріне қатысты кеңейтілген кеңес өтті
Кездесу барысында Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарымен ынтымақтастық, бақылау және сапа мәселелері талқыланып, шығарылатын өнімді әр тараптандыру туралы ұсыныстар енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 07 Сәуір, 2021
«Wizz Air» лоукостері Түркістан мен Алматыға әуе рейстерін ашуға ниетті
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «WizzAir» әуе компаниясының бас атқарушы директоры Джозеф Варадиді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 03 Сәуір, 2021
Қазақстан мен Қырғызстанның Ішкі істер министрлері Алматыда кездесті
Осы жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту туралы келісілім жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Медицина • 01 Сәуір, 2021
Алексей Цой еліміздегі пандемия туралы үш болжам айтты
Бүгін Президенттің төрағалығымен коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл шаралары бойынша кеңесте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі санитарлық-эпидемиялық жағдайды және вакцинация туралы баяндады, сондай-ақ Қазақстандағы пандемияға қатысты үш болжам айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 01 Сәуір, 2021
Үйқамақтағы Елжан Біртановтың денсаулығы сыр берді
Жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінген Елжан Біртановтың адвокаты экс-денсаулық сақтау министрінің денсаулығы нашарлағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz «Астана» арнасына сілтеме жасап.
Қазақстан • 31 Наурыз, 2021
Мәжіліс депутаты Денсаулық сақтау министрлігінің жұмысын сынады
Мәжіліс депутаты Ирина Унжакова Nur Otan партиясы фракциясының атынан коронавирус инфекциясынан халықты вакцинациялаудың баяу жүріп жатқанын айтып, мәселе көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz
Тағайындау • 30 Наурыз, 2021
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды
Үкіметтің Қаулысымен Сәрсембаев Әділбек Зейнуллаұлы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалады, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 30 Наурыз, 2021
Талғат Жанжүменов вице-министр лауазымынан босатылды
Үкіметтің Қаулысымен Талғат Жеңісұлы Жанжүменов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 30 Наурыз, 2021
Ақпарат министрлігі 17 өңірде қоғамдық тыңдалым өткізді
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі биыл еліміздің 17 өңірінде, соның ішінде 14 облыс пен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында мемлекет және үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы бағытындағы өзекті сұрақтар бойынша қоғамдық тыңдалым өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 16 Наурыз, 2021
Бас Прокурор мен Ішкі істер министрі Атырау және Маңғыстау облыстарында болды
15-16 наурызда Бас Прокурор Ғизат Нұрдәулетов пен Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Атырау және Маңғыстау облыстарында жұмыс сапарымен болды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Наурыз, 2021
Асхат Аймағамбетов тарихшы ғалымдармен кездесті
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Алматы қаласында тарихшы ғалымдармен және тарих пәнінің мұғалімдерімен кездесті. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Наурыз, 2021
Аида Балаева: Қазақ тарихында ерлермен қатар ел басқарған әйелдер аз болған жоқ
«Балаеваға 3 сұрақ» бағдарламасының кезекті шығарылымында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі еліміздегі әйелдер қауымына қатысты мәселерге тоқталып, мемлекеттік қызметтегі әйелдер рөлі жайлы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 09 Наурыз, 2021
1 мамырдан бастап спорт секцияларын жан басына қаржыландыру енгізіледі
2021 жылдың 1 мамырынан балалар спорт секцияларын жан басына қаржыландыру енгізіледі. Бұл жөнінде Мәжіліс депутаттарының сауалына орай Үкімет басшысы Асқар Маминнің жауабында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 09 Наурыз, 2021
Қазақстанда құс тұмауымен күрес қалай жүріп жатыр?
Премьер-министр Асқар Мамин үй жануарлары арасында экзотикалық аурулардың өршуіне қарсы күрес шараларын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz
Тағайындау • 01 Наурыз, 2021
Ержан Біржанов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
ҚР Үкіметінің қаулысымен Ержан Ерікұлы Біржанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Egemen.kz ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Үкімет • 24 Ақпан, 2021
Індеттің таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысында не айтылды?
Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz