бас
Президент • 23 Қараша, 2023
БҰҰ және оның құрылымдарымен ықпалдастық деңгейін сақтаймыз - Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамда өткен сессиясына қатысты Қасым-Жомарт Тоқаев сессия қатысушыларына ілтипат білдіре отырып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Беларусь тарапына және Александр Лукашенкоға ризашылық білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент • 23 Қараша, 2023
ҰҚШҰ: Келесі жылы төрағалық тізгін бізге тимек
Минскіде (Беларусь) өтіп жатқан ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев есірткі, қару-жарақ айналымы, трансшекаралық қылмыс және заңсыз миграцияның өсуіне Қазақстан да бей-жай қарамайтынын жеткізді деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сүйеніп.
Президент • 23 Қараша, 2023
Президент ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамда өткен сессиясына қатысты
Жиынға Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, сондай-ақ ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 23 Қараша, 2023
Зейнетақы қорындағы ақша инвестициялық жобаларға пайдаланыла ма?
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Сенаттың жалпы отырысынан кейін ірі өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қаражат бөлу мүмкіндігі туралы пікірін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Қараша, 2023
«9-20-25»: Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады
Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет жаңа тұрғын үй бағдарламасын әзірлеп жатқанын жеткізді. «9-20-25» тұрғын үй бағдарламасы арқылы үй үлестіруде басымдық жастарға беріледі, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 22 Қараша, 2023
Асхат Тағыберген алаңға қашан оралатынын айтты
Сан - Марино мен Словенияға қарсы ойында құрамада орны ойсырай білінген Асхат Тағыберген жасыл алаңға қашан оралатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қараша, 2023
Алматыда Білім басқармасының бөлім басшысы ұсталды
Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Білім басқармасының мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Қараша, 2023
Үздік жастарға «Көшбасшы-2023» сыйлығы беріледі
Жетісу өңірінде ең креативті, бастамашыл және дарынды жастар таңдалмақ. Облыс әкімінің жыл сайынғы «Көшбасшы-2023» сыйлығына іріктеу және ұсыну бойынша өтініштер қабылдау мерзімі қараша айының 20-сынан басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 21 Қараша, 2023
Қазақстанда каратэден әлем чемпионаты өтеді
Биыл қарашаның 24-26 күндері аралығында Алматы қаласы «Sadu ARENA» спорт кешенінде киокушин-кан каратэден әлем чемпионаты бастау алады. Аталған ауқымды жоба ката және кумитэ бөлімдері бойынша өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қараша, 2023
Отбасы банк жаңа тарифтік бағдарламаны іске қосты
Отбасы банк депозит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 17,1%-ға дейін болатын жаңа тарифтік «Табысты» бағдарламасын іске қосты. Бұл Отбасы банкінде жұмыс істеп тұрған «Баспана» депозитіне балама болады.
ANTIKOR • 20 Қараша, 2023
Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы ұсталды
Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласында заңсыз баюдың жемқорлық схемасын ашты. Жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралары нәтижесінде Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы әшкереленді деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 16 Қараша, 2023
20 миллионыншы балаларға тұрғын үй сертификаттары беріледі
Отбасы банк еліміздің бірнеше өңірінде дүниеге келген «20 миллионыншы тұрғын» атанған балаларға 2 000 000 теңгелік сыйлық сертификаттарын сыйлады. Мұндай қуанышты жаңалықты Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова хабарлады. Қаржы құрылымының жетекшісі бұл бүлдіршіндердің болашағына қосқан өз үлесіміз деп атап өтті.
Қоғам • 16 Қараша, 2023
«9-20-25»: Елімізде жас отбасыларға арналған жаңа бағдарлама іске қосылады
Орталық коммуникациялар қызметінде «Отбасы» банкінің басшысы Ләззат Ибрагимова жас отбасыларға арналған «9-20-25» бағдарламасын іске қосу мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қараша, 2023
Атырауда кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы тағайындалды
Бүгін Атырау облысы әкімінің өкімімен кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы лауазымына Полымбет Хасанов тағайындалды. Ол осы кезге дейін Исатай ауданының әкімі болған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Қараша, 2023
Өңірлік әскердің қолбасшылары тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдерімен «Оңтүстік» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшылары тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 13 Қараша, 2023
Биыл аса ауыр қылмыс жасаған 40 адам шетелден экстрадицияланды - Бас прокурор
Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады. Президентке еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі, сондай-ақ қадағалаушы органның қызметіндегі басым бағыттар жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 10 Қараша, 2023
Қуандық Бишімбаевтың қамауға алынуына байланысты ІІМ пікір білдірді
Астана мейрамханасындағы кісі өлімі бойынша бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың қамауға алынғанын Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 09 Қараша, 2023
Мемлекеттер басшылары Қазақстан - Ресей ынтымақтастық форумына қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев және Астанаға ресми сапармен келген Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысына бейнебайланыс режимінде қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Қараша, 2023
Маңызды ақпарат: Толық емес отбасылар тұрғын үймен қалай қамтылады?
Қазақстанда толық емес отбасыларға арналған қандай мемлекеттік бағдарламалар бар? Бұл сұраққа Krisha.kz сайты жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Қараша, 2023
Мемлекет басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитіне өзі арнайы қатысқаны үшін Гурбангулы Бердімұхамедовке ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 01 Қараша, 2023
Қазақстанның рөлі мен географиялық орналасуы Франция үшін маңызды - Эмманюэль Макрон
Екіжақты келіссөздерден кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Президенті Эмманюэль Макрон бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 01 Қараша, 2023
Ерлан Құсайын Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып Қарқаралы ауданының әкімі қызметін атқарған Ерлан Құсайын тағайындалды. Ол білім, мәдениет, спорт, жастар және ішкі саясат мәселелеріне жетекшілік ететін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Қазан, 2023
Бас прокуратура «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қатысты тергеу жүргізіп жатыр
Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Костенко атындағы шахтасында болған оқиғаларды тергеуді жалғастырып жатыр. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 30 Қазан, 2023
Жүргізуші куәлігін әперем деп, 8 млн теңге жымқырған күдікті ұсталды
Екібастұз қаласының 33 жастағы тұрғыны алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Ол жүргізуші куәлігін алып беремін деп азаматтардың 8 млн-нан астам теңгесін жымқырған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Тағайындау • 28 Қазан, 2023
Вадим Басин «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директорының міндетін атқарады
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Комиссияның шешімімен Вадим Басин «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қазан, 2023
Қаза тапқан кеншілердің отбасыларына қандай көмек көрсетіледі?
Қарағанды облысының әкімдігі уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Костенко атындағы шахтада болған өрт салдарынан қаза тапқан «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмысшыларының отбасы мүшелерінің тізімін жасап жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оларға толыққанды көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 28 Қазан, 2023
Президент: Бұл мекеме тарихымыздағы ең нашар компания болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамына қарасты Костенко атындағы шахтада болған өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Денсаулық • 28 Қазан, 2023
Костенко шахтасындағы апат: Ауруханадағы кеншілердің жағдайы белгілі болды
Костенко атындағы шахтадағы жарылыс кезінде зардап шеккен 18 адам профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы ауруханаға жеткізілді. Барлығына медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Барлық қажетті мамандарды тарта отырып, консилиум өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 28 Қазан, 2023
Костенко шахтасындағы апат: Бас Прокуратура сотқа дейінгі тергеуді бастады
Бұл туралы Бас Прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 26 Қазан, 2023
Астана әкімінің орынбасары тағайындалды
Ерлан Бекмұрзаевтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты елорда әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша әкімнің орынбасары болып Президент Әкімшілігінің экс-мемлекеттік инспекторы Евгений Глотов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.