е
Оқиға • 27 Қараша, 2024
Банктерді ЭЦҚ беру құқығынан айыру қажет - депутат
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракциясының депутаты Амерхан Рақымжанов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдап, кибералаяқтық мәселесін көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 27 Қараша, 2024
Мәжіліс жаңа Су кодексінің жобасын мақұлдады
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Парламент Мәжілісінің отырысында депутаттар және сарапшылармен бірлесіп әзірленген Су кодексінің жаңартылған жобасын таныстырды. Құжат 121 бап, 14 тарау және 6 бөлімнен тұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 27 Қараша, 2024
Жас шахматшыларда - 2 алтын, 1 күміс
Шахматтан кадеттер арасында (U8-U12) мәресіне жеткен әлемдік дода Италияның Монтесильвано қаласында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 27 Қараша, 2024
Оңтүстік Корея Қазақстан азаматтарын жұмысқа қабылдай бастайды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ел азаматтары Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істей алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Қараша, 2024
Мәжіліс Азия Даму Банкімен арадағы қарыз туралы келісімді ратификациялады
Мәжіліс Қазақстан мен Азия Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялады. Құжат 2024 жылы 23 тамызда Астана қаласында жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 27 Қараша, 2024
Виктор Друзин «Жыл спортшысы» атағын алуы мүмкін
Әртістік жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы Виктор Друзин World Aquatics халықаралық федерациясының нұсқасы бойынша «Жыл спортшысы» атағына үміткерлер тізіміне енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 27 Қараша, 2024
ЕҚДБ Қазақстандағы әлеуметтік жобаларды қолдауға әзір
Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Еуропалық қайта құру және даму банкінің Орталық Азия және Моңғолия бойынша басқарушы директоры Хусейн Озханмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Қараша, 2024
Астанада кәмелетке толмағандар арасында 150 құқық бұзушылық тіркелген
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында елорданың бес ауданында тұрақты негізде «Түнгі қаладағы балалар» жедел-алдын алу іс-шаралары өткізіледі. Рейдтік іс-шаралар басталғалы бері 150-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі бойынша 109 факт тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мектеп • 27 Қараша, 2024
Алматыда 100 жаңа автобус мектеп оқушыларын тегін тасымалдайды
Yutong маркалы жаңа автобустар барлық қауіпсіздік пен жайлылық стандарттарына сәйкес келеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 27 Қараша, 2024
Заң және тәртіп: Елорда жастарына кәсіби-құқықтық кеңес берілді
Астанада «Тәртіпті өзіңнен баста!» тақырыбында кеңес беру іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 27 Қараша, 2024
Маңғыстау облысында бу-газ қондырғысы салынады
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «China Huadian Corporation Ltd.» мемлекеттік корпорациясының басшылығымен кездесті. Компания электр және жылу энергиясын өндіруге және жеткізуге маманданған, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 27 Қараша, 2024
Трамптың тарифтік саясаты инфляцияны тудыруы мүмкін - экономистер
АҚШ президенті болып сайланған Дональд Трамп оңтүстік шекара арқылы өтетін барлық тауарға 25 пайыздық баж салығын енгізетін болса, Мексикадан импортталатын азық-түлік өнімдері едәуір қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz NBC News-ке сілтеме жасап.
Өнер • 27 Қараша, 2024
Астанада Петр Чайковскийдің шығармашылығына арналған концерт өтеді
1 желтоқсанда «Астана Опера» театры К.Байсейітова атындағы Камералық залының сахнасына елімізге танымал орындаушылар – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері баритон Азамат Жылтыркөзов пен пианист Долорес Үмбетәлиева әлемдік классик П.Чайковскийдің шығармашылығына арналған «Средь шумного бала...» бағдарламасын ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Оқиға • 27 Қараша, 2024
166 адамның жалақысынан заңсыз қаражат алған шенеуніктер жауапқа тартылды
Жетісу прокурорлары мүгедектігі бар адамдар мен көпбалалы аналардың құқықтарын бұзған лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 27 Қараша, 2024
Байден мен Трамп билікті тапсыру жөніндегі келісімге қол қойды
АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байденнің өкілеттік мерзімі 2025 жылдың 20 қаңтарында аяқталады, сол күні Америка Құрама Штаттарының жаңа президентінің инаугурациясы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 27 Қараша, 2024
Елорда төрінде орналасқан Ұлттық архивте Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Архив-2025: нәтижелер мен мәселелер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Бизнес • 27 Қараша, 2024
Қазақстан мен Ресейдің жас кәсіпкерлері бизнес-идеяларды талқылады
Уфада өткен форумда Қазақстан мен Ресейдің жас кәсіпкерлері бизнес-идеяларды талқылады, деп хабарлады Egemen.kz.
Спорт • 27 Қараша, 2024
Қазақтың 17 жасар спортшысы әлемдік шыңды бағындырды
Токиода киокушинкай каратэден Әлем кубогінде 17 жасар Елнұр Дәуілбай үздік нәтижемен жеңімпаз атанды, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 27 Қараша, 2024
Серік Сәпиев жаңа қызметке келді
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндеттерін орындауға атақты боксшы, Олимпиада чемпионы және Вэл Баркер кубогының иегері Серік Сәпиев кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 27 Қараша, 2024
Израил мен «Хезболла» қақтығысы тоқтады
Израиль мен Ливанның «Хезболла» қозғалысы Ливандағы атысты тоқтату туралы келісімге келді. Бұл туралы 26 қараша, сейсенбіде АҚШ президенті Джо Байден мәлімдеді, содан кейін Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Қараша, 2024
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаянында Қазақстанның сұлулығын паш етті
Бүгін Алматыда Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының жабылуына арналған Форумға қатысушылар танымал орындаушы Димаш Құдайбергеннің «Киелі мекен» әніне арналған жаңа клипін бірінші болып тамашалады. Туған ел туралы патриоттық композиция Қазақстанның бай табиғаты мен мәдениетін кең аудиторияға паш етті, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 27 Қараша, 2024
Колледждер ерекше балалар үшін педагог-ассистенттерді даярлай бастайды
Мұндай маңызды қадам – келесі оқу жылынан басталмақшы, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 27 Қараша, 2024
Қазақстан делегациясы Үндістандағы Қаржылық барлау бөлімшелері басшылары кеңесінің отырысына қатысты
Қазақстан делегациясы Үндістанда өтіп жатқан Еуразиялық топтың қылмыстық кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі (ЕАТ) пленарлық апталығына қатысып жатыр. Бұл шара ұйымның 20 жылдығына орайластырылған, деп хабарлайды Egemen.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 27 Қараша, 2024
Шымкентте ломбардты тонамақ болған қылмыскер сотталды
Шымкентте бетперде киіп, ломбард қызметкеріне ойыншық тапанша кезеніп, 100 мың теңге талап еткен қылмыскерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 27 Қараша, 2024
Су тасқынына бөлінген 300 млн теңгені ұрлаған шенеуніктер жауапкершілікке тартылды
Ақмола облысының арнайы прокурорларымен 300 млн теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін Атбасар ауданының әкімдігіне қарасты құрылыс бөлімі, «Престиж Строй 7» және «Фундаменталь» ЖШС-нің басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Қараша, 2024
ШҚО-да 13,5 мың гектар егіс алқабы сумен қамтамасыз етілді
Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалы биыл суару кезеңінде 13,5 мың гектар егіс алқабын суармалы сумен қамтамасыз етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Қараша, 2024
Ақтөбе облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ақтөбе облысында Т.Жүргенов ауылынан Айке ауылына дейін жол жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 27 Қараша, 2024
Президент Ресейдің шекаралас қалаларында қазақ мектептерінің ашылуына мүдделі
Ресейдің «Известия» газетінде жарияланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан мен Ресей: стратегиялық серіктестіктің жаңа көкжиегі» мақаласында білім саласындағы ынтымықтастық туралы баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 27 Қараша, 2024
Третьяков галереясы мен Эрмитажда Қазақстан көрмелері өтеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейде шығатын «Известия» газетіне жарияланған мақаласында көрші елмен Қазақстанның мәдени-гуманитарлық байланыстары туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 27 Қараша, 2024
Астана саммиті аймақтық қауіпсіздік және тұрақтылықты нығайтады
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік «Известия» газетінде жарияланған мақаласында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.