П
Президент • 25 Сәуір, 2024
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХХІІІ сессиясының отырысы басталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясының отырысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Технология • 25 Сәуір, 2024
Семейлік өнертапқыш денсаулыққа пайдалы құрылғы жасап шығарды
QEFO өнімінің басты ерекшелігі – QR коды, оны кез-келген смартфонның камерасы оңай сканерлеп, пайдаланушыға оның иесі туралы ақпарат береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 25 Сәуір, 2024
Азия чемпионаты: жеңіл атлетикадан күміс медаль түсті
БАӘ-нің бас қаласы Дубайда өтіп жатқан жеңіл атлетикадан 20 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан спортшысы күміс медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Сәуір, 2024
ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары өмірден өтті
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған Медет Бердімұратов дүние салды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2024
Қарағанды облысында жолаушылар пойызының вагоны рельстен шығып кетті
Қарағанды облысында жолаушылар пойызы вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Сәуір, 2024
Президенттің Телерадио кешені мен Al Jazeera серіктестігінің жобасы жас журналистерді қанаттандырды
Астанада өтіп жатқан «Al Jazeera апталығы» аясында Қатар телекомпаниясының басшылары ҚР Президенті телерадиокешені ұжымымен кездесіп, Қазақстандағы ең ірі медиахолдингтің қызметімен танысты.
Оқиға • 24 Сәуір, 2024
«Вагон таза емес»: Екі жолаушы «Қазақстан темір жолынан» 500 мың теңге талап еткен
Атырау-Ақтөбе бағытындағы пойыздың лас вагонын видеоға түсірген екі жолаушы полицияға арызданып, сотта өздерінің құқықтарын қорғаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 24 Сәуір, 2024
«Марсқа ұқсайды»: Грекияда аспан қызғылт сарыға боялды
Оңтүстік Грекияда құмды дауыл соғып, аталған елдің бас шаһары - Афинаның аспаны қызғылт сары түске боялды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Сәуір, 2024
Президент ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары Юрий Шин мен Лугмар Буларовты құттықтап, олардың бірлікті нығайту, қоғамдық келісімді сақтау ісіндегі жауапты қызметіне сәттілік тіледі, деп жазады Egemen.kz.
Табиғат • 24 Сәуір, 2024
«Қазақстан - қызғалдақтар отаны» атты іс-шара өтті
«Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» КММ-не қарасты Боралдай филиалында «Қазақстан-қызғалдақтар отаны» атты іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Сәуір, 2024
Қазақстанда кітап бағасы қымбаттады
Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда кітап бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7 пайызға қымбаттағанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Сәуір, 2024
ӘМТ: Шекті үстемеден асырып сатқан дүкендер айыппұл арқалайды
Қостанай облысы бойынша Сауда және тұтынушыларды қорғау департаменті дүкендерге тексеру жүргізе бастайды. Мамандар дүкендерде сатылатын әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының үстеме мөлшерін белгілейді. Олардың арасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары: нан, қарақұмық, күріш, жұмыртқа және тағы басқа өнімдер бар, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 24 Сәуір, 2024
«Болашақ» стипендиясына құжат қабылдау мерзімі белгіленді
Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 19 сәуірдегі «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 24 Сәуір, 2024
Азия чемпионатына қатысатын боксшылар анықталды
IBA халықаралық бокс федерациясы 27 сәуір - 7 мамыр аралығында жастар мен 22 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионатын Астана қаласында өткізу шешімін қабылдаған еді. Осы сында ел намысын қорғайтын былғары қолғап шеберлерінің аты-жөні белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 24 Сәуір, 2024
Ресейде Қорғаныс министрінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды
РФ Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Иванов пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz РФ Тергеу комитетіне сілтеме жасап.
Президент • 24 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысы Семей тұрғындарының бастамасын қолдады
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Семей орманы» аумағында «Семей орманы – жасыл аймақ» ағаш отырғызу науқаны өтті. Экологиялық іс-шарада өткен жылы аумағын өрт шалған қарағайлы орманды қалпына келтіру мақсаты көзделді. Облыс билігі мен тұрғындардың бұл бастамасын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады. Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 24 Сәуір, 2024
Ақтауда ауладағы көліктің үстіне мініп секірген тұрғын ұсталды
Ақтау қаласындағы ықшамаудандардың бірінде ішімдік ішкен тұрғын өзгенің көлігін күшпен тепкілеген. Куәгерлер оның әрекетін видеоға түсіріп алған. Қалалық Полиция басқармасы оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 24 Сәуір, 2024
Петропавл тұрғынының үстіне қабырға құлап кетті
Петропавл қаласында жеке үйді бұзу барысында 49 жастағы ер адамның үстіне қабырға құлаған. Зардап шегуші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Волонтер • 24 Сәуір, 2024
Республикалық волонтерлер штабының алаңында жастар ұйымдарының жетекшілері бас қосты. Бүгінде мыңдаған волонтер еліміздің барлық аймағында су тасқынынан зардап шеккен адамдарға қол ұшын созып жүр. Волонтерлер тұрғындарды эвакуациялау, гуманитарлық көмек жинау және үлестіру, құтқарушыларға жәрдемдесу жұмысына жұмылдырылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Сәуір, 2024
Су тасқыны: тағы бірнеше жол учаскесі жабылды
«ҚазАвтоЖол» республикалық маңызы бар бірнеше автожол учаскесінде су тасқыны болғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 24 Сәуір, 2024
Алматы облысында төрт күннен бері қамыс өртеніп жатыр
Алматы облысы Балқаш ауданында қамыс пен құрғақ шөп өртеніп, жалын үлкен аумаққа таралып жатыр. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен төрт күннен бері арпалысып жүр, деп жазады Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 23 Сәуір, 2024
Елорда көшелерін лайлаған 18 құрылыс компаниясы жазаланды
Бас қала әкімдігі абаттандыру кезінде елорда көшелерін лайлаған 18 құрылыс компаниясы жазалғанын хабарлады. Тексеруді қалалық Қоршаған ортаны бақылау және сапа басқармасы аудан әкімдіктерінің мамандарымен бірлесіп жүргізді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 23 Сәуір, 2024
Алматыда полиция көлігі мопед жүргізушісін қағып кетті
Полицияның патрульдік көлігі маневр жасап, автобус жолағында келе жатқан мопед жүргізушісін қағып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 23 Сәуір, 2024
Париж Олимпиадасы: қоржынға 47-ші жолдама түсті
Қатар елінің астанасы Дохада стенд атудан өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінде сынға түскен Мария Дмитриенко дүбірлі доданың жолдамасына қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Сәуір, 2024
Орал оқушылары мектепке қайта оралады
Орал қаласының білім беру бөлімі хабарлағандай, ертеңнен бастап облыс орталығындағы барлық 50 мектеп штаттық режимде жұмыс істейді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 23 Сәуір, 2024
Қазақстан дзюдошылары Азия чемпионатының үздік үштігін түйіндеді
Дзюдодан Гонконгта өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның қыз-жігіттері Түрікменстанды 4:2 есебімен жеңіп, қола медаль олжалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 23 Сәуір, 2024
Астанада жаңа тарихи кітаптардың тұсаукесері өтті
Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада жазушы, ғалым, профессор Дархан Қыдырәлінің қырғыз тілінде жарық көрген «Мұстафа», «Абыздар Аманаты», «Тамыр», «Нүкте философиясы» және «Ташка Жазылган Тарых» кітаптарының тұсаукесері өтті. Салтанатты іс--шараға Қазақстанның зиялы қауым өкілдері, Парламент депутаттары мен қоғам өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 23 Сәуір, 2024
«Енесінің атынан несие рәсімдеген». Алаяқ келіннің әрекеті әшкереленді
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласының 67 жастағы тұрғыны кейінгі 3-4 айда қалыпты зейнетақысынан кем ақша алып келген. Себебін білмек болып банкке хабарласқан зейнеткер өзінің атына несие рәсімделгенін, сол несие бойынша берешегі де бар екенін білген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Сәуір, 2024
Тасқын суын ұтымды пайдалану жолдары қандай?
Су ресурстары және ирригация министрлігі ел өңірлерінде тасқын суы қалай пайдаланып жатқаны туралы ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Сәуір, 2024
Астанада үлескерлерді алдаған алаяқ Ресейден табылды
2020-2023 жылдар аралығында құрылыс компаниясының басшысы болып, Астана қаласында премиум санатындағы пәтерлерді салу және сату сылтауымен алдын ала сөз байласу арқылы 200 үлескердің 4,3 млрд теңгеден астам қаржысын ұрлап кеткен алаяқ Ресейден табылды, деп жазады Egemen.kz.