Ауыл шаруашылы
Қазақстан • 18 Қазан, 2021
Ең көп импортталатын азық-түлік өнімдері белгілі болды
Ауыл шаруашылығы министрлігі ең көп импортталатын азық-түлік өнімдерін анықтады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 18 Қазан, 2021
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев биылғы астық өніміне болжамын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2021
Ауыл шаруашылығын субсидиялаудың жаңа тұжырымдамасы әзірленуде
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлім еткендей, елімізде ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау реформасы қайта қаралып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2021
Ауыл шаруашылығы министрі Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Еуропа мен Орталық Азиядағы орнықты даму жөніндегі өңірлік директор Стивен Шонбергермен, Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Мартомен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 25 Қыркүйек, 2021
Елордада Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде
Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері Нұр-Сұлтандағы жәрмеңкеде өз өнімдерін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2021
Карантин талаптарын бұзып, елге өнім әкелгендер айыппұл төлейді
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ел аумағына басқа елдерден карантинге жатқызылған өнім әкелудің 76 фактісі анықталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ауыл • 24 Қыркүйек, 2021
Бруцеллезге қарсы жаңа вакцина өндіріске енгізілді
Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ІҚМ бруцеллезіне қарсы жаңа вакцинасы өндіріске енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 21 Қыркүйек, 2021
Сарыла күткен субсидия қағаз жүзінде қала бере ме?
Жақында Батыс Қазақстан облысының бірнеше ауданынан келген бір топ шаруа қожалығы басшылары облыстық әділет департаменті ғимаратының алдына жиналып, өңірде мал шаруашылығына берілетін субсидияның кешігуіне және жергілікті деңгейде мемлекеттік қолдау өз деңгейінде болмағандығына наразылық білдірді.
Экономика • 21 Қыркүйек, 2021
Тұрақты азық-түлік жүйесін қаржыландыру
БЕЙЖІҢ. Жаһандық азық-түлік жүйесі тұрақты емес. Оның құны жылына шамамен 8 триллион долларды құраса, теріс әсері 12 триллион доллардан асып кетті. Бұл жүйенің бір ғана қарама-қайшылығы емес. Әлемде азық-түлік жүйелері климаттың өзгеруіне әсер етеді (ауа райының бұзылуы мен температураның жоғарылауы) және оған айтарлықтай үлес қосады (парниктік газдар шығарылымы мен биоәртүрліліктің жойылуы). Осы саладағы миллиондаған жұмыс орнының көбі қара күшті қажет етеді әрі жалақысы төмен. Ең маңыздысы, басты мақсаты – баршаға қолжетімді, пайдалы тамақпен қамтуға қол жеткізе алмайды.
Экономика • 21 Қыркүйек, 2021
Елімізде ет бағасы қымбаттай ма?
Елімізде қысқы кезеңде ет бағасының күрт көтерілуі күтіле ме? Бұл сұраққа ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі Төлеутай Рахымбеков жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 21 Қыркүйек, 2021
Қарашөкеев астық түсімі туралы болжамын айтты
Астық өндіруші елдерде бидай өндірісі төмендеуі мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 16 Қыркүйек, 2021
Биылғы астық ішкі нарықты толық қамтиды – АШМ
Елде астық алқабының 83%-ы орылып, қамбаға 12 миллион тонна бидай құйылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 15 Қыркүйек, 2021
ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды
ҚР Үкіметінің Қаулысымен Руслан Ерғалиұлы Манатаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 15 Қыркүйек, 2021
Елімізде 12 млн тонна астық бастырылды - АШМ
2021 жылдың 15 қыркүйектегі жағдай бойынша республикада 12 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 14 Қыркүйек, 2021
Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 23,5%-ға артты
2021 жылдың 14 қыркүйегінде Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Павел Утюпинмен ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz АШМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2021
ШҚО-дан Нұр-Сұлтанға 300 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімі әкелінді
Елордадағы «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы жанындағы алаңда Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Екі күнге созылатын жәрмеңкеде 300 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдері нарықтағы бағадан 15-20 пайызға төмен бағада сатылады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Экономика • 27 Тамыз, 2021
Карантиндік фитосанитарлық бақылау туралы Ресеймен келісімдерге келдік – АШМ
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы А.Марстың Россельхознадзор басшысының міндетін атқару А.Кармазинмен кездесті, деп жазады Egemen.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ауыл • 25 Тамыз, 2021
Жайылымы жоқ ауылдың жайы мүшкіл
Жайылымға жарымай тарығып отырған ауылдың болашағы туралы әңгіме айтудың өзі әбестік сияқты. Өкінішке қарай, егін шаруашылығы дамыған өңірлерде мұндай елді мекендер жиі кездеседі. Ұшы-қиыры жоқ астық алқаптары кезінде жайлауға бергісіз болып жайқалып жататын жайылымдарды шетінен кеміріп, қараша ауылдарды айнала қысып тастаған.
Президент • 25 Тамыз, 2021
Мемлекет басшысы Ербол Қарашөкеевке бірқатар тапсырма берді
Мемлекет басшысы еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің қазіргі жағдайы мен оның тұрақты дамуына бағытталған шаралар туралы министрдің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеевтің есебін тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 22 Тамыз, 2021
Жұртты дүрліктірген жұлдызқұрт
Қостанай облысында жұлдызқұрт көбейіп кетті. Дами келе көбелекке айналатын бұл зиянкестер ауыл шаруашылығы алқаптары мен үй аулаларындағы бау-бақшаларды жұмсақ жапырақсыз қалдырып, жолында кездескен өсімдіктің бәрін талғамай жайпап өте шығады екен. Мамандардың айтуынша, тіпті бір түнде бүтін бір күнбағыс не зығыр алқабын дақылсыз қалдыруы мүмкін. Көбелек жұлдызқұрттарының үлкен көші Ресейден шығып, Қостанай облысы арқылы Батыс Қазақстанға бет алып барады екен.
Үкімет • 18 Тамыз, 2021
Жемшөп дайындау – жауапты міндет
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиялық жағдай, жемшөппен қамтамасыз ету және егін жинау науқанына дайындық мәселелері мен Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары қаралды.
Үкімет • 18 Тамыз, 2021
Премьер-Министр өңірлерге жем-шөп жеткізу жағдайын бақылауға алуды тапсырды
Үкіметтің кезекті отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктерге еліміздің батысы мен оңтүстігіндегі өңірлерді жем-шөп мәселесін бақылауда ұстауды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 13 Тамыз, 2021
Биыл ауыл шаруашылығы өнімдері артты
Биылғы қаңтар-шілде айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2,4% - ға артып, 1 997,3 млрд теңгені құрады. Өсім негізінен мал шаруашылығындағы өндіріс көлемін 3,4% - ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілген, деп жазады Egemen.kz ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтына сілтеме жасап.
Экономика • 11 Тамыз, 2021
Елімізде ауыл шаруашылығы саласы дамып келеді
Ауыл шаруашылығы саласында 2,4% өсім байқалып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында биылғы жеті айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуды талқылау кезінде Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Тамыз, 2021
Ауыл тұрғындары көтерген бастама
Жылдағыға қарағанда, биыл көпшілік үшін шөп мәселесі өте қиын болып тұр. Біраз жерді жайлаған қуаңшылық, мал азығының тапшылығы сияқты күрделі мәселелер көптің алаңдатушылығын да тудыруда. Ежелден мал бағып, несібесін айырған қазақ үшін төрт түлікті баптау мен сақтау – игілікті іс. Дегенмен де күрделі мәселе сол күрмеулі күйінде қалмай, көпшіліктің кеңесуімен оң шешімін таба бастағандай. Жуырда Әулиеата өңірінен Сыр еліне қарай 33 тонна шөп жіберілді.
Қазақстан • 30 Шілде, 2021
Қазақстанда күріш бағасы өсуі мүмкін
Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы ірі шаруашылықтардың бірі ағымдағы агромаусымда судың аздығынан күріштің егіс алаңын төрттен бірге қысқартуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар-24»-ке сілтеме жасап.
Қазақстан • 30 Шілде, 2021
Шалғын көбелекпен күрес үшін кеткен шығын өтеле ме?
Мемлекет шалғын көбелекпен күрес үшін кеткен шығынның 50 пайызын өтейтін болады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 28 Шілде, 2021
Жалпақ әлемді жаман тұмаудың шеңгелі уысына қысып, босатпай тұрған шақта елдің азық-түліктен тарықпауы – маңызды мәселенің бірі. Өңір Нұр-Сұлтан қаласын қаумалай орналасқандықтан, аумақтық жағынан қолайлы болғандықтан астаналықтардың дастарқанының ырыздығы үшін құрылған азық-түлік белдеуі облысты да түгел қамтып отыр.
Аймақтар • 27 Шілде, 2021
Алматы облысында шөп жинау науқаны өтуде
Алматы облысындағы шөп шабу науқанына 1670 адам тартылып, 295 шөп шабатын бригада, 1576 шөп шабатын машина мен 1401 пішен нығыздап жинайтын техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 27 Шілде, 2021
Қазақстанға тауарларды әкелу кезінде 1,5 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында АШМ мемлекеттік инспекторлары кәсіпкерлерге 92 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.