сенат
Сенат • 08 Сәуір, 2024
Сенатта әйел құқығы мен бала қауіпсіздігі мәселесіне қатысты заң қаралады
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар салалық Комитеттердің осы аптадағы іс-шараларын және 11 сәуірде өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 05 Сәуір, 2024
Мәулен Әшімбаев Өмірбек Байгелдімен қоштасу рәсіміне қатысты
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Парламент Сенатының тұңғыш Төрағасы, «Отан» орденінің иегері, академик Өмірбек Байгелдіні соңғы сапарға шығарып салу рәсіміне қатысты. Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өткен қоштасу рәсіміне марқұмның жақын туыстары, достары, әріптестері, серіктестері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 04 Сәуір, 2024
Сенат Төрағасы Рим Папасымен кездесті
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ Парламент депутаты жұмыс сапарымен Ватикан мен Италия Республикасына барды. Сапар аясында делегация Рим Папасы Францискпен кездесті. Сондай-ақ Ватиканның Дінаралық диалог жөніндегі Дикастериясының және Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 04 Сәуір, 2024
Астанада Өмірбек Байгелдіұлымен қоштасу рәсімі өтеді
Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2024
Сенаторлар аймақтарда тасқын сумен күреске көмектесті
Сенат депутаттары су тасқыны болған өңірлерде жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Сәуір, 2024
Мәулен Әшімбаев: Өмірбек Байгелдіұлы – ұлтқа қызмет етудің озық үлгісін көрсеткен тұлға
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Өмірбек Байгелдінің өмірден өтуіне байланысты әлеуметтік желіде жазба қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 03 Сәуір, 2024
Сенат екі судьяны қызметінен босатты
Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп судьялардың қызметтен кету себебін түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 02 Сәуір, 2024
Сенатта экономикалық қылмыстар үшін жауапкершілік белгілеу мәселелері талқыланды
Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыстық сипатынан арылтудың өзекті мәселелері» тақырыбына арналған отырыс өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 02 Сәуір, 2024
Сенаторлар тасқыннан зардап шеккен өңірлерде жүр
Сенат депутаттары еліміздің тасқын судан зардап шеккен өңірлеріне барып, жергілікті жерлердегі проблемаларды шешуге көмек беріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 02 Сәуір, 2024
Қазақстан - Өзбекстан ынтымақтастығы кеңейтіледі
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы» заңды талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 01 Сәуір, 2024
Сенаторлар өңірлерде су тасқынымен күресте өз үлестерін қосып жатыр - Мәулен Әшімбаев
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата Бюросының отырысын өткізіп, су тасқыны салдарынан өңірлерде қалыптасқан жағдайға байланысты сенаторлардың алдында тұрған негізгі міндеттерді белгілеп берді. Сондай-ақ іс-шара барысында депутаттар 3 сәуір күні өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 30 Наурыз, 2024
«Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобы мүшелері Ассамблея басшылығымен кездесті
Парламентте «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобы мүшелері мен Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің кездесуі өтті. Кездесуге депутаттық топ жетекшісі – Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп төрағалық етті. Сенатор өз сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Бір ел-бір мүдде» алаңы құрылғанын және ол ұлттық бірлік пен әлеуметтік келісімді нығайтуға бағытталғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ғылым • 29 Наурыз, 2024
Сенатта отандық ғылымды дамыту мәселелері талқыланды
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары «Отандық ғылымды дамыту және ғылыми-техникалық прогресс» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Оған ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары, салалық министрліктердің, Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен ғылыми қауымдастықтың өкілдері және жас ғалымдар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 29 Наурыз, 2024
Сенаторлар өңір жұртшылығымен суды үнемдеу мәселелерін талқылады
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Түркістан қаласында Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі Парламенттік комиссияның бесінші отырысы өтті. Іс-шара барысында алтыншы Орнықты даму мақсатын іске асыру аясында су ресурстарын үнемді пайдалану және санитария мәселелеріне қатысты проблемалар талқыланды. Сондай-ақ сенаторлар жергілікті мәслихат депутаттарымен және өңір жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 28 Наурыз, 2024
Қазақстанда кәдеге жарату төлемінің мөлшері азаюы мүмкін
Сенатор Бекбол Орынбасаров азаматтардан түскен арыз-шағымдарды талдау негізінде Үкімет басшысына депутаттық сауалын жолдап, кәдеге жарату төлемін, кедендік баж салығын және көлікті тіркеуге алым мөлшерін төмендетуді ұсынды, деп жазады Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 28 Наурыз, 2024
«Сұраныс жоқ»: депутат агробизнес саласын дамыту тетігін ұсынды
Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің сенаторлары 2022-2024 жылдар аралығында 50-ден аса депутаттық сауал дайындап, Үкімет басшысының атына жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 28 Наурыз, 2024
Ұлттық құндылықтар бойынша жұмыстарды жүйелейтін комиссия құру ұсынылды
Үкімет басшысының атына ұлттық құндылықтарды ілгерілету мәселелері туралы депутаттық сауал жолдаған сенатор Сәкен Арубаевтың пікірінше, қазіргі отандастарымыз тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен одан әрі дамуына елеулі үлес қосқан батырлар мен тұлғалардың өмір тарихынан бейхабар. Себебі, тәуелсіздік жылдарында аталған бағытта нәтижелі мемлекеттік бағдарлама мен кешенді даму жоспары қабылданбаған, деп жазады Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 28 Наурыз, 2024
ЕАЭО шеңберінде тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заң мақұлданды
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар күн тәртібіне шығарылған заңдарды қарап, депутаттық сауалдарын жолдады. Отырыс барысында депутаттар «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарап, мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 28 Наурыз, 2024
Сенат аппараты басшысының орынбасары тағайындалды
ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Сенат Аппараты Басшысының орынбасарын тағайындады, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 27 Наурыз, 2024
Сенаторлар ҰҚШҰ ПА Тұрақты комиссияларының отырысына қатысты
Парламент Сенатының депутаттары Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 27 Наурыз, 2024
Сенаторлар инновациялық әлеуетті дамыту мәселелерін талқылады
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Мемлекет басшысының 2023 жылғы Жолдауын іске асыру шеңберінде «Қазақстанның инновациялық әлеуетін дамыту» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізді. Отырысты ашқан комитет төрағасы Сүйіндік Алдашев еліміздің экономикалық дамуы мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша инновацияның маңызды рөл атқаратынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 27 Наурыз, 2024
Сенаторлар «жасыл» инвестицияны ынталандыру мәселесін талқылады
Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Экология және табиғи ресурстар министрлігінің басшылығымен кездесті. Мемлекеттің «жасыл» инвестицияны тартуды көтермелеу мен ынталандыру және ең үздік қолжетімді техниканы кеңінен қолдану шеңберінде ҚР-ның Экологиялық кодексін іске асыру – күн тәртібіндегі басты мәселе болды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 27 Наурыз, 2024
Сенаторлар ЕҰУ ғалымдарының қызметімен танысты
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары «Отандық ғылымды дамыту және ғылыми-техникалық прогресс» тақырыбына арналған дөңгелек үстелге дайындық аясында ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің жұмысымен танысу мақсатында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде болды, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 26 Наурыз, 2024
Сенат заңгерлік білім беруді дамыту мәселесіне ерекше назар аударады - сенатор
Сенатта Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен бірлесе отырып құқықтық білім берудің сапасын арттыру және одан әрі дамыту мәселелеріне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 26 Наурыз, 2024
Мәулен Әшімбаев АҚШ Конгресі сенаторымен кездесті
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев АҚШ Конгресінің сенаторы Стив Дэйнспен кездесті. Тараптар екіжақты парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Кездесу барысында Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасын дамытуда жоғары деңгейдегі мемлекетаралық тұрақты саяси диалогтың ықпалы зор екені айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 24 Наурыз, 2024
Сенат Төрағасы Ресейдің Қазақстандағы елшісіне көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігіне барды, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 20 Наурыз, 2024
Шахматтан «Senat Open» республикалық турнирі өтеді
Мәулен Әшімбаев Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Александр Бабенкомен кездесіп, елімізде шахматты дамыту және халықаралық сайыс өткізу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 19 Наурыз, 2024
Сенат Төрағасы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығына барды
Наурызнама онкүндігі аясында Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ депутат елордадағы мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығы қызметкерлерімен және емделушілерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Наурыз, 2024
Талғат Жүнісов: Құрылтай оң серпін береді
Ел Президентінің бастамасымен бірінші Құрылтай қасиетті Ұлытау жерінде өткізілді. Ұлытау - ежелгі тарихқа өте бай жер. Қазақ жерінің кіндік ортасы болған осынау қасиетті мекенде қазақ хандарын хандық билікке отырғызып, ұлықтау рәсімі өтетін болған. Бірінші Құрылтайда көтерілген өзекті мәселелер мен ұсыныстар ақырындап қоғамымызда жүзеге аса бастады.
Қазақстан • 18 Наурыз, 2024
ҚР Сенаты депутаттары Ресейдегі президент сайлауының мониторингіне қатысты
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Жақып Асанов, Андрей Лукин, Сергей Ершов, Жанна Асанова, Руслан Рүстемовтер Ресей Федерациясындағы президент сайлауына байқаушы ретінде қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.