құр
Спорт • 06 Мамыр, 2024
Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан жастар құрамасы 11 «алтын» еншіледі
Бокстан 27 сәуір - 7 мамыр аралығында Астанада өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында жастар санаты бойынша байрақты бәсеке мәресіне жетті. Қыздар – 6 алтын, 3 күміс, 3 қола, жігіттер – 5 алтын, 1 күміс, 6 қола, жалпы айтқанда Қазақстан жастар құрамасы – 11 алтын, 4 күміс, 9 қола медальмен командалық есепте бірінші орын алды, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 06 Мамыр, 2024
Михаил Ломтадзе әлемдік деңгейдегі балалар футбол академиясын құрады
Ағылшын футбол Лигасының келісімін алғаннан кейін Михаил Ломтадзе «Уиком Уондерерс» (Wycombe Wanderers) ағылшын футбол клубының директорлар кеңесінің мүшесі әрі серіктесі болды, оның негізінде 3 жылдың ішінде Қазақстан мен Англияда филиалдар ашылып, әлемдік деңгейдегі футбол академиясы құрылады. Қазақстандағы инвестициялардың жалпы мөлшері 10 миллиард теңгеден асып жығылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Мамыр, 2024
Ақтөбеде құрылыс материалдары сақталған қойма өртеніп жатыр
Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбеде құрылыс материалдары сақталған қойма жанып жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 02 Мамыр, 2024
Grand Slam турнирі: Әйелдер құрамасынан 25 дзюдошы бақ сынайды
Дзюдодан Астанада өтетін Grand Slam додасында Қазақстан әйелдер құрамасынан 7 салмақ дәрежесі бойынша 25 балуан бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Сәуір, 2024
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Садақшылар жасақталды
Биыл қыркүйекте Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында осы айдың 17-28 күндері аралығында Алматыдағы олимпиадалық дайындық орталығында садақ атудан ұлттық құраманың 24 спортшысы оқу-жаттығу жиынына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 25 Сәуір, 2024
Семейлік өнертапқыш денсаулыққа пайдалы құрылғы жасап шығарды
QEFO өнімінің басты ерекшелігі – QR коды, оны кез-келген смартфонның камерасы оңай сканерлеп, пайдаланушыға оның иесі туралы ақпарат береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 24 Сәуір, 2024
Тарихи жеңіс: Қазақстан садақшылары алғашқы жүлдесіне қол жеткізді
Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан садақ атудан әлем кубогі кезеңінде Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді. Тарихи жеңіс туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 24 Сәуір, 2024
Алматы облысында төрт күннен бері қамыс өртеніп жатыр
Алматы облысы Балқаш ауданында қамыс пен құрғақ шөп өртеніп, жалын үлкен аумаққа таралып жатыр. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен төрт күннен бері арпалысып жүр, деп жазады Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 23 Сәуір, 2024
Елорда көшелерін лайлаған 18 құрылыс компаниясы жазаланды
Бас қала әкімдігі абаттандыру кезінде елорда көшелерін лайлаған 18 құрылыс компаниясы жазалғанын хабарлады. Тексеруді қалалық Қоршаған ортаны бақылау және сапа басқармасы аудан әкімдіктерінің мамандарымен бірлесіп жүргізді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 23 Сәуір, 2024
Астанада үлескерлерді алдаған алаяқ Ресейден табылды
2020-2023 жылдар аралығында құрылыс компаниясының басшысы болып, Астана қаласында премиум санатындағы пәтерлерді салу және сату сылтауымен алдын ала сөз байласу арқылы 200 үлескердің 4,3 млрд теңгеден астам қаржысын ұрлап кеткен алаяқ Ресейден табылды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Сәуір, 2024
Қостанайда тұрмыстық химия сақталған қойма өртенді
Қостанай қаласында құрылыс материалдары мен тұрмыстық химия сақталған қойма өртенді. Өрт бүгін сағат 13:31 шамасында тұтанған, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Сәуір, 2024
Биыл қай өңірлерде құрғақшылық болуы мүмкін?
«Қазгидромет» РМК Агрометеорологиялық мониторинг және болжау департаментінің директоры Нонна Лоенко мамыр айында құрғақшылық болуы мүмкін өңірлерді атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 22 Сәуір, 2024
Биыл LRT құрылысына қанша қаражат жұмсалады?
ҚР Көлік министрлігі биыл LRT құрылысына қанша қаражат жұмсауды жоспарлап отырғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Сәуір, 2024
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысына гуманитарлық көмек жеткізді.
Қазақстан • 19 Сәуір, 2024
Елімізде су саласы мамандарын даярлау желісі кеңейтіледі
4 макроөңірде экономика салалары бойынша, оның ішінде су саласының болашақ мамандарын даярлайтын тірек колледждер құрылады. 2024-2025 жылдары «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану», «Гидротехникалық мелиорация», «Гидротехникалық құрылыс» және тағы басқа мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім беруде мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Сәуір, 2024
«Айбын» орденінің дәрежелеріне есімі берілетін батырлар белгілі болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 15 наурызында өткен Ұлттық құрылтайда «Айбын» орденінің дәрежелеріне батыр бабаларымыздың есімін беруді ұсынған еді. Мәжіліс ұсыныс бойынша орден дәрежелеріне есімі берілетін батырларды бекітті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2024
Жайық бойында 100 км қорғаныс бөгеттері салынды
Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы қорғаныс құрылыстарын нығайту, сондай-ақ басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу және су тасқыны салдарын жою жөніндегі іс-шаралар жалғасып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 16 Сәуір, 2024
Қазақ боксшылары Өзбекстан, Куба чемпиондарымен жаттығып жатыр
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы төрт жылдықтың дүбірлі додасына дайындықты бастап кетті. Париж Олимпиадасына жолдама алған қазақ боксшылары Түркістан облысында өзбек оғландары, Куба қырандарымен бірлескен жаттығу өткізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 11 Сәуір, 2024
«Әділдік және Өркендеу» Қоры су тасқынына байланысты Ахуалдық штаб құрды
«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қоры су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына көмек көрсетуде күш-жігерді шоғырландыру мақсатында барлық облыс өкілдерінің қатысуымен Ахуалдық штаб құрды.
Қоғам • 11 Сәуір, 2024
Гидротехникалық құрылыстардың 60%-дан астамы тозған - депутат
Премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында сенатор Серік Шайдаров гидротехникалық құрылыстарға 50 жылдан астам уақыт бойы күрделі жөндеу жасалмағанын және 60%-дан астамы тозып кеткенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 05 Сәуір, 2024
Елордада проблемалық тұрғын үйлердің құрылысы маусым айында аяқталады
Астанада құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үйлер саны азайып келеді. Мысалы, 2019 жылы қала бойынша 150-ден астам проблемалы үй болса, 2023 жылдың басында ұзаққа созылған үйлердің құрылыс саны 4 087 үлескердің санымен 32-ге дейін қысқарды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Сәуір, 2024
Ұлттық құрылтай мүшелері де халыққа жанашырлық танытты
Ұлттық құрылтай мүшесі Серік Бектұрғанов Қостанай облысындағы Тобыл өзенінің жанында орналасқан аудан тұрғындарымен кездесті. Қазір бұл өңірде елуден астам ерікті жұмыс істеп жатыр. Халыққа жанашырлық танытқан ерікті студенттер екінші күн қатарынан жеке үйлердің қақпасы мен іргетасы алдына құм дорбаларын тасып жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 05 Сәуір, 2024
Бокстан Қазақстан жастар құрамасының бапкері ауысты
Қайрат Сәтжанов бокстан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz qazsport-қа сілтеме жасап.
Құтқарушы • 03 Сәуір, 2024
Шатыр құрып, демалмақ болған: Қосшы іргесінде суда қалып қойған ерлі-зайыптылар құтқарылды
Ақмола облысының құтқарушылары Қосшы қаласының Тайтөбе ауылы маңында шатыр құрған 1968 және 1966 жылғы ерлі-зайыптыларды құтқарды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 03 Сәуір, 2024
Оңтүстік Қазақстанда құрғақшылық белең алды
Қазақстанның солтүстік пен батыс аймақтарын су басып жатса, оңтүстігінде құрғақшылық байқалады. Түркістан облысындағы Келес ауданының диқаншылары егінсіз қалудан қорқып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Бокс • 01 Сәуір, 2024
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері болып Сайдалин Елдос Жәнібекұлы тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 29 Наурыз, 2024
«Крокус Сити Холлдағы» лаңкестік құрбандарының саны 550-ден асты
Ресей Федерациясының денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко Мәскеудегі «Крокус Сити Холл» концерт залында болған теракт салдарынан көз жұмған адамдардың саны күрт артқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 28 Наурыз, 2024
Астанада екі жаңа базар салынып жатыр
Елорданың Сарыарқа ауданында екі жаңа базардың құрылысы жүріп жатыр. Жалпы инвестиция көлемі 10 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 27 Наурыз, 2024
Қорғаныс министрі Сарыөзек гарнизонында басшылық құраммен кеңес өткізді
Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың басшылығымен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Қарулы күштердің командалық құрамымен көшпелі жедел кеңес өтті.
Қоғам • 27 Наурыз, 2024
Батыс Қазақстан облысы қарғын су құрсауында қалды
26 наурыз күні Батыс Қазақстан облысында тоқтаусыз жаңбыр жауып, бір тәулік ішінде бір айлық мөлшер – 25,6 мм жауын-шашын түсті. Өңірде құрылған жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеп, зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр. Су тасқынының алдын алу жұмысын өңір басшысы Нариман Төреғалиев өзі қадағалап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.