П
Президент • 13 Сәуір, 2024
Президент: Қазақстан БҰҰ-да өзінің принципті адалдығын үнемі сақтайды
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Арменпресс» ақпарат агенттігіне сұхбат берді. Әңгіме барысында Мемлекет басшысына «Әлемнің әр бөлігінде жоғары, кейде қайғылы, турбуленттік байқалатын қазіргі жағдайда халықаралық қатынастарда аумақтық тұтастық, шекаралар мен егемендіктің мызғымастығы қағидаттарын ұстану, сондай-ақ алынған міндеттемелер мен қол жеткізілген уағдаластықтардың сақталуын қамтамасыз ету қаншалықты маңызды?» деген сұрақ қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Сәуір, 2024
Атырау облысында 4 мұнай ұңғыма су ортасында қалды
Атырау облысында мұнай өндіріліп жатқан 4 ұңғыманы су басты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 13 Сәуір, 2024
Соңғы бес жылда Армениямен өзара сауда 3,5 есе өсті
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Арменпресс» ақпарат агенттігіне сұхбат берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 13 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысы Арменияға ресми сапармен барады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 13 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысы Әбдімомын Желдібаевтың жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дәулескер күйші, композитор, «Парасат», «Құрмет», «Достық» ордендерінің иегері Әбдімомын Желдібайұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 13 Сәуір, 2024
Сенаторлардың өңірлердегі тасқынға қарсы күресі жалғасын тапты
Сенатор Сағындық Лұқпанов Атырау облысындағы Махамбет ауданында екінші толқынмен келуі ықтимал тасқын суға дайындық барысымен танысты. Депутат сапар барысында аудан орталығындағы бөгет салу аймағында болып, әскери қызметшілермен және еріктілермен әңгімелесіп, көрсеткен көмектері үшін оларға алғысын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 13 Сәуір, 2024
Атырау тұрғындары аспандағы ерекше көрініске куә болды
Атырау қаласының тұрғындары аспаннан ерекше көріністі байқады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Сәуір, 2024
Ақтөбеде спорт мектебінің 8-сынып оқушысы көз жұмды
Есет батыр атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының тәлімгері есінен танып, жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Сәуір, 2024
20 млн теңге қарызы бар шымкенттік жүргізуші ұсталды
Қарызға белшесінен басқан азаматтың көлігі айыптұраққа қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 12 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекеттер басшылары бірін-бірі барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Ораза айт мейрамымен құттықтап, Қазақстан мен Тәжікстан халқына бақ-береке тіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Сәуір, 2024
Су тасқыны: Президент Үкімет пен әкімдіктерге жедел тапсырма берді
Мемлекет басшысы табиғи апаттан зардап шеккен аймақтардағы азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін айрықша бақылауда ұстау және бағаның өсуіне жол бермеу қажет екеніне тағы да назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысы су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысын өткізді
Мемлекет басшысы Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 12 Сәуір, 2024
Сенат Спикері Грузия Парламентінің Төрағасымен кездесті
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Грузия Парламентінің Төрағасы Шалва Папуашвилимен кездесті. Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және тағы басқа өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 12 Сәуір, 2024
Арқалықта тасқыннан зардап шеккендердің үй алуына 405 млн теңге бөлінді
Үкімет қаулысымен тасқын салдарынан зардап шеккен Қостанай облысына қарасты Арқалық қаласы тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету үшін 2024 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Үкіметтің төтенше резервінен 405 млн теңге бөлінді. Қаржыландыру Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі арқылы комиссияның бағалауына сәйкес Арқалық қаласында үйлері қалпына келтіруге келмейтін отбасыларға тұрғын үй сатып алу үшін нысаналы трансферттер түрінде Қостанай облысының әкімдігіне жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Сәуір, 2024
Алматыда ер адам бұрынғы әйелін аяусыз соққыға жыққан
Алматыдағы тұрғын үйдің ауласында ер адам өзінің бұрынғы әйелін аяусыз соққыға жыққан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Сәуір, 2024
Сенатор Нұртөре Жүсіп қоғам өміріндегі баспасөздің рөлі туралы айтты
ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп өңірдегі мерзімді басылымдар республикалық форумының екінші отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Сәуір, 2024
Сенатор: Ауыл шаруашылығын дамытуға қаражат жеткіліксіз жоспарланған
2021-2025 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде Жамбыл облысына қомақты қаржы бөлінген болатын. 11 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер шамамен 30,6 млрд. теңге қаржыға ие болды. Алайда, сенатор Сәкен Арубаев ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін аталған қаражат жеткіліксіз жоспарланғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Сәуір, 2024
Еліміздегі ахуал өте күрделі - Президент
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Сәуір, 2024
Ақордада Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы басталды
Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысы Грузия Парламентінің төрағасын қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Парламентінің төрағасы Шалва Папуашвилиге ілтипат білдіре отырып, Қазақстан Оңтүстік Кавказ өңіріндегі негізгі серіктестерінің бірі – Грузиямен жан-жақты қарым-қатынасты нығайтуға айрықша мән беретінін атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Грузия арасындағы достық пен өзара түсіністік екіжақты байланыстарды тереңдету ісінде елеулі табысқа қол жеткізу үшін берік негіз болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Сәуір, 2024
Сенатор отандық ұн тартушылардың банкроттан құтқарылуын талап етті
Еліміздің ұн экспорты төмендеп кетті, ал шетелге астық сату – өсіп барады. Ұнның орнына астық сатып алу және өз диірменін жұмысқа пайдалану шетелдіктерге тиімді екені даусыз. Ал бұдан отандық ұн тарту кәсіпорындары зардап шегіп отыр. Сенатор Сұлтан Дүйсембинов өзінің депутаттық сауалында отандық ұн тартушылардың проблемаларын көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фотогалерея • 12 Сәуір, 2024
Әлем таныған Қаныш (Фоторепортаж)
Бүгін Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күні. Атаулы күнге орай, Астана қалалық Қаныш Сәтпаев атындағы 61 мектеп-лицейінде қонақ болдық. Назарларыңызға осы мектеп-лицейде орналасқан мұражайдан құнды дүниелерді ұсынамыз.
Жемқорлық • 12 Сәуір, 2024
Таразда екі полиция қызметкері парамен ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Тараз полициясының көші-қон қызметінің екі қызметкерін ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 11 Сәуір, 2024
Бекболат Орынбеков республикалық жолдарды салу және жөндеу мерзімдерінің ұдайы кешігуіне наразы
Қыруар қаржы бөлінеді, ал жолдарды жөндеу жұмысының аяғы көрінбейді. Бұл сала тек ақша құюды талап етеді. Сенатор Бекболат Орынбеков өзінің депутаттық сауалында жолдарды жөндеу мәселесі ұзақ жылдар бойы шешілмейтіні туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салық • 11 Сәуір, 2024
Сұлтанбек Мәкежанов Салық кодексі нормаларының тиімділігін жақсарту тетіктерін ұсынды
Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов еліміздің Премьер-министрінің атына депутаттық сауал жолдап, жаңа Салық кодексіне қатысты ұсынысын жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 11 Сәуір, 2024
Ғарыш саласын қаржыландырудың әдіс-тәсілдерін қайта қарау қажет – депутат
Сенатор Ғалиасқар Сарыбаев өзінің депутаттық сауалында Қазақстанның қолда бар ғарыштық әлеуетін сақтау және зымыран ғылымын дамыту жөнінде пәрменді шаралар қабылдауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 11 Сәуір, 2024
Депутат әрбір мемлекеттік органның ТЖ кезіндегі жауапкершілігін заңнамалық тұрғыдан бекітуді ұсынды
Еліміздің 10 өңірінде бұрын-соңды болмаған табиғи апат болып, төтенше жағдай тәртібі енгізілгені мәлім. Сенатор Ольга Булавкина өзінің Үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында болашақта төтенше жағдай салдарын азайтуға көмектесетін бірқатар шараларды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2024
Атырау облысында қамыс өртеніп жатыр
Бүгін Каспий теңізінің Атырау облысындағы жағалауында қамыс өрті тұтанды.
Парламент • 11 Сәуір, 2024
Қазақстан мен Грузия дипломатиялық қатынастарын нығайтты
Бүгін Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Қазақстанға ресми сапармен келген Грузия Парламентінің төрағасы Шалва Папуашвилимен кездесті. Бұл – Шалва Папуашвилидің Астанаға алғашқы ресми сапары. Грузия Парламенті делегациясын қарсы алған Ерлан Қошанов қазақ және грузин халықтарын тығыз тарихи қарым-қатынас пен мәдени дәстүрлер байланыстыратынын атап өтті. Екі ел арасында дипломатиялық қатынас орнағалы тиімді саяси диалог жолға қойылды.
Қоғам • 11 Сәуір, 2024
Kusto Group су тасқынынан зардап шеккендерге 400 млн теңге бөлді
Еліміздегі су тасқыны салдарынан ауыр жағдайға түскен азаматтарға көмек көрсету мақсатында Kusto Group 400 млн теңге бөлгені туралы мәлімдеді. Зардап шеккен аймақтарға қаражат KustoHelp жеке қоры арқылы бөлінеді.