Соңғы жаңалықтар
Медицина • 14 Тамыз, 2018
Зейнетақымен қамсыздандыру заманға икемді ме?
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында әлем үдерісімен бірге еліміз де технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келе жатқанын атап өтті. Президент өз сөзінде «Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды түбегейлі өзгертуде» деген болатын. Мемлекет басшысы осыған орай бірқатар құзыретті органдарға тапсырмалар жүктеді. Аталған міндеттер өз кезегінде әр салада біртіндеп жүзеге асып келеді. Соның ішінде зейнетақы жүйесінің оңтайландырылуында оң істер баршылық.
«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?
1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?
Спорт • 14 Тамыз, 2018
Әлем чемпионаты Алматыда өтеді
19-26 тамыз аралығында Алматыда футзалдан студенттер арасындағы әлем біріншілігінің жалауы желбірейді. Бұл жарыста ерлердің 16 және әйелдердің 9 командасы күш сынасады. Ерлер сайысында Қазақстан «В» тобында өнер көрсетеді. Топтық турнирдегі қарсыластарымыз – Чехия, Беларусь және Жаңа Зеландия құрамалары.
Хоккей • 14 Тамыз, 2018
«Амур» хоккей клубы Президент кубогінің жеңімпазы атанды
Хоккейден Астанада өткен Қазақстан Республикасы Президенті кубогі халықаралық жарысында Ресейдің «Амур» хоккей клубы жеңімпаз атанды.
Спорт • 14 Тамыз, 2018
Азия ойындарынан күтеріміз көп
Санаулы күндерден соң Индонезияның астанасы Джакарта мен Суматра аралының ең ірі шаһары Палембангте XVIII Жазғы Азия ойындары басталады. 18 тамызда жалауы желбірейтін байрақты бәсекеге Сары құрлықтың 45 елінен ең үздік деген 9700-ден астам саңлақ спорттың 42 түрі бойынша сынға түседі.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2018
Жетісулық делегация Татар елінің даму тәжірибесімен танысты
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов бастаған ресми делегация Ресей Федерациясының Татарстан Республикасына іскерлік сапармен барып, бірқатар келісімдерге қол қойды.
Спорт • 14 Тамыз, 2018
Аймақтар • 14 Тамыз, 2018
Жиһанкездер Жетісу Алатауына саяхат жасайды
Отандық туризмді дамыту мақсатында Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті мен «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы бірлесіп бірқатар шараларды жүзеге асыруда.
Қаржы • 14 Тамыз, 2018
Әсет Исекешев күзде көмір құнының негізсіз көтерілуіне жол бермеу мақсатына арналған жиын өткізді
Елорда әкімі Әсет Исекешев күзде қатты отын құнының негізсіз көтерілуіне жол бермеу мақсатына арналған жиын өткізді.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2018
Жыл аяғына дейін Алматыда қоғамдық көліктердің 80 пайызы жаңартылады
Көлік реформалары аясында Алматының қоғамдық көліктерін жаңарту жұмыстары жалғасуда. Қала әкімі Бауыржан Байбек шалғайдағы аудандар мен қала аралығында қатынайтын №17 және №62 бағыттағы жаңа автобустар паркін аралып, негізгі жұмыстарымен танысты.
Білім • 14 Тамыз, 2018
Инклюзивті білім – мүмкіндіктер алаңы
Кеше Астанада Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен республикалық Тамыз кеңесі шеңберінде «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау инклюзивті білім беруді дамытудың басты шарты ретінде: стратегиялық жоспарлау, нәтиже, перспективті шешімдер» атты секциялық отырыс өтті.
Қазақстан • 14 Тамыз, 2018
Қазақстандық қажылар Сауд Арабиясына келді
149 адамнан тұратын қазақстандық қажылардың бірінші тобы Жидда қаласына жетті. Биыл Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі тарапынан бөлінген квоталарға сәйкес, еліміздің үш мың азаматы қасиетті жерлерге зиярат жасайды. Ұлы қажылық мерзімі 19-23 тамыз аралығына сәйкес келеді.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2018
Ратификациялау грамоталарымен алмасты
Ақтау қаласындағы Каспий саммиті алаңында Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау жөніндегі грамоталармен алмасу рәсімі өтті.
Медицина • 14 Тамыз, 2018
Бизнес • 14 Тамыз, 2018
Бизнес пен ғылым тізе қосуға тиіс
Бүгінгі таңда еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі АҚШ пен Аустралия сияқты елдерде сыналған, сондай-ақ Еуропалық одақ елдерінде қолданылатын дәлме-дәл егіншіліктің тәжірибесін қабылдап жатыр.
Қазақстан • 14 Тамыз, 2018
Кемел келешектің көкжиегін ашқан Каспий конвенциясы
Ақтау саммитінің еншісіне бұйырған тарихи шешім – Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның қабылдануы сөз жоқ, бес мемлекеттің ортақ мүдде орайындағы үлкен жеңісіне, өзара сенім мен ынтымақтастықтың әлемдік ауқымдағы жарқын үлгісіне айналды.
Күрес • 13 Тамыз, 2018
Шетелдік төрешілер Qazaq kuresi-нен Азия Чемпионатында төрелік ететін болады
26 тамыз күні Астана қаласында өтетін қазақ күресінен Азия чемпионатында 16 спорт төрешісі жұмыс істейді. Олардың арасында қазақстандық қана емес, шетелден келетін төрешілер бар.
Бағдарламалар • 13 Тамыз, 2018
«7-20-25» бағдарламасы аясында екі бөлмелі пәтерлерге сұраныс артып тұр
«7-20-25» бағдарламасы бойынша алынатын баспананың орташа аумағы 62 шаршы метрді құрады. Бұл туралы «Баспана» ипотекалық ұйымының баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 13 Тамыз, 2018
Солтүстік Қазақстанда «ең үздік әлеуметтік жоба» жеңімпаздары анықталды
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы ұйымдастырған «ең үздік әлеуметтік жоба–2018» байқауы еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, бизнес қауымдастық өкілдерінің қатысуымен өтіп, қорытындыланды.
Солтүстік Қазақстанда әлемдік фотосуретші шеберлік сағатын өткізді
«National Geographic» халықаралық басылымының танымал фотосуретшісінің қатысуымен облыс орталығында шеберлік сағаты ұйымдастырылды.
Аймақтар • 13 Тамыз, 2018
Қостанайда дүниежүзілік жастар күні жарқын шаралармен аталып өтті
Тобыл өзені жағасындағы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы атындағы саябақта Дүниежүзілік жастар күні аталып өтті. Онда түрлі жарыстар,концерт, қала тұрғындарының демалысы ұйымдастырылды.
Аймақтар • 13 Тамыз, 2018
Алаш автономиясы туралы жаңа кітап жарық көрді
Орал қаласында алаштанушы, тарих ғылымдарының кандидаты, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессоры Дәметкен Сүлейменованың «Жаһанша Досмұхамедов һәм қазақ автономиясы» атты жаңа кітабы жарық көрді.
Күрес • 13 Тамыз, 2018
Мәулен Мамыров балуандарға ақ жол тіледі
Бұл күндері еркін күрестен Қазақстанның ұлттық құрама командасы Алматының іргесіндегі Талғар ауданының аумағында орналасқан АИБА бокс академиясында оқу-жаттығу жиынын өткізуде.
Қазақстан • 13 Тамыз, 2018
Сәбит Нұрлыбай энергетика вице-министрі болып тағайындалды
Сәбит Нұрлыбай 1967 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ политехникалық институтын, А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ–Түрік университетін тәмамдаған. Мамандығы — инженер-механик, заңгер.
Қазақстан • 13 Тамыз, 2018
«Астана Операда» Ақтөбе филармониясы камералық хорының концерті өтеді
«Астана Опера» Камералық зал сахнасында Ғ.А.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының Қазақ камералық хоры гастрольдік сапармен өнер көрсетеді. «Құтты мекен Ақтөбеден ән шашу» концерті 19-тамызда өтеді.
Бокс • 13 Тамыз, 2018
Садриддин Ахмедов 7 қыркүйекте жекпе-жекке шығады
Қазақстанның аса дарынды боксшы Садриддин Ахметов кәсіпқой рингтегі өзінің келесі жекпе-жегін 7 қыркүйек күні Канаданың Эдмонтон қаласында аргентиналық Бруно Леонардо Ромайға қарсы өткізеді.
Аймақтар • 13 Тамыз, 2018
Петропавлда көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді
«Береке» шағынауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 116 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді.
Футбол • 13 Тамыз, 2018
Әлем чемпионатында өнер көрсететін ойыншылар анықталды
19-26 тамыз аралығында Алматыда футзалдан студенттер арасындағы әлем чемпионаты өтетіні жайында біз бұған дейін де хабарлағанбыз. Ал күні кеше сол жарыста Қазақстан құрама командасы сапында кімдердің өнер көрсететіні белгілді болды.
Қазақстан • 13 Тамыз, 2018
Т.Рысқұлов ауданының Құмарық ауылында тұратын Шәкен қарияның бүгінгі тірлігі жастарға үлгі. Жасы жетпістен асып кетсе де нәсібін кәсіптен айырып жүрген Шәкен Жапаралыұлы кезінде «Карл Маркс» ұжымшары аспандап тұрған шақта да шаруашылықтың әр саласында жұмыс істеп, табан ақы, маңдай терімен мал тапты.
Қазақстан • 13 Тамыз, 2018
Euronews NBC телеарнасы Қазақстан туризмі туралы сюжеттер түсіруді бастады
Елімізге бұл күндері «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының шақыруымен 250 миллионнан астам көрермені бар Euronews NBC телеарнасының репортерлері келді. Халықаралық телеарнаның Қазақстаннан жасалған алғашқы сюжеттері биыл қыркүйекте ең рейтингі жоғары «Adventure» бағдарламасы арқылы көрсетіле бастайды.