П
Қазақстан • 10 Маусым, 2021
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды
Бүгін АҚДМ әдістемелік қолдауымен «KazakhInvest», «Қазақстан Ғарыш сапары» және «KazakhExport» ұлттық компанияларында қоғамдық кеңестер құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 10 Маусым, 2021
Қорғаста контейнерлік тасымалға арналған трекинг жасау қажет – Президент
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында Қорғас бекетінде контейнерлердің толассыз қозғалысын қамтамасыз ететін трекинг орнатуды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 10 Маусым, 2021
Алматыдағы қыз ұрламақ болған жігіттің әрекеті қызу талқыға түсті
Алматы қаласында жігіттің қызды ұрлап бара жатқан сәті видеоға түсіріліп, желіде қызу таралып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Маусым, 2021
Ақтөбе облысында ГАЗель автокөлігі 7 жасар баланы қағып кетті
Ақтөбе облысында ГАЗель автокөлігі жеті жасар баланы қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 10 Маусым, 2021
Ислам Бозбаевтың әлем чемпионатында жолы болмады
Бүгін Будапеште өтіп жатқан әлем чемпионатында екі салмақ дәрежесі бойынша бәсекелер өтуде. Әйелдер 70 кило және ерлер 81 кило салмақ дәрежесінде жүлделерін сарапқа салуда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Маусым, 2021
Инвестицияның көмегімен 7 мыңнан аса жұмыс орны ашылды – Президент
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында пандемия кезінде шетелдік инвестицияның көмігімен 7000-нан астам жұмыс орны ашылғанын атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Маусым, 2021
Шымкентте жазғы мектептерде 121 мыңнан аса оқушы білім алып жүр
Жазғы мектептерде бастауыш сыныптары мен 6, 7, 8 және 9, 10 сынып оқушылары білім алып жүр, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 10 Маусым, 2021
Президент Қатар СІМ басшысын қабылдады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәниді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Спорт • 10 Маусым, 2021
Алина Әділханова Токио олимпиадасына жолдама жеңіп алды
Көркем гимнастикадан Ташкентте өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында Алина Әділханова жеңімпаз атанып, Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Маусым, 2021
Павлодарлық ғалымдар репрессиялар туралы жабық қорлармен жұмыс істейді
Павлодар облысының орталығындағы Достық үйінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz өңірлік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 10 Маусым, 2021
Нұр-Сұлтанда дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр
Қазақстанның 300-ден астам үздік дзюдошысы 2018 жылдан бері алғаш рет ел чемпионаты аясында татамиге шықты. Нұр-Сұлтанда 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан біріншілігі басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 10 Маусым, 2021
Маңғыстауға жем-шөп арзан бағамен жеткізілетін болды
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов өңірде қуаңшылықтың салдарынан зардап шеккен шаруаларға жем-шөп арзан бағамен жеткізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
Тағайындау • 10 Маусым, 2021
Түркістанның бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды
Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы Аюпов Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің орынбасары болып тағайындалды.
Аймақтар • 10 Маусым, 2021
15 шетел азаматы елден шығарылды
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Мигрант» жедел алдын алу шарасының алғашқы 3 күнінде көші-қон туралы заңнаманы бұзғаны үшін 322 шетелдік ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабына сәйкес жауапқа тартылды. Оның ішінде 15 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Маусым, 2021
Мемлекет басшысының төрағалығымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы басталды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 33-ші жалпы отырысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Маусым, 2021
Павлодар өңірінде шегірткелер саны азайып келеді
Павлодар облысында шегірткелі зянкестерге қарсы қорғау іс-шаралар туралы ҚР АШМ АӨК МИК Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Арман Шүйкенов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 10 Маусым, 2021
Пойыз билеттері алыпсатарларға берілмейтін болды
Елімізде пойыз билеттерін алыпсатарлардың жолын кесудің жаңа тәсілі бар. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының орынбасары Виктор Бошманн мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Маусым, 2021
Президент азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруды тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Маусым, 2021
Экология министрі егіс алқаптарын сумен қамтамасыз етудің жағдайын түсіндірді
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев еліміздің оңтүстік өңіріндегі егіс алқаптарын сумен қамтамасыз етудің жағдайын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 10 Маусым, 2021
Сенат депутаты Байқоңырдағы мектептердің мәселесін көтерді
Биыл Байқоңыр қаласы мен Төретам елді мекенін дамытуға 2,1 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы Қаржы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 10 Маусым, 2021
Бүгін Арман Оспанов америкалық промоушеніндегі бірінші кездесуін өткізеді
Бүгін, 11 маусымға қараған түні қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Арман «Сұңқар» Оспанов (11-3) америкалық Professional Fighters League промоушеніндегі бірінші айқасын өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 10 Маусым, 2021
Қостанайда ауыр атлетикадан V жастар ойындары өтеді
Қостанайда Қазақстанның V Жастар спорттық ойындары аясында ауыр атлетика бойынша жарыстар өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
ANTIKOR • 10 Маусым, 2021
Тағы да жемқорлық: Енді Ақтөбедегі тергеу бөлімінің басшысы ұсталды
Ақтөбе қаласында Полиция департаменті тергеу бөлімінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Маусым, 2021
Алексей Цой алдаған ба? Вакцина салдырғандар көрсеткіші мен министрліктің мәліметі сәйкеспейді
Елімізде күн сайын 68 мыңға жуық адам вакцина салдырады. Оның ішінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің 88%-ы, педагогтердің 68%-ы, студенттердің 14%-ы және созылмалы аурулары бар адамдардың 1,5%-ы ғана екпе салдырған. Алайда бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесі көрсеткіштермен сәйкеспейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Маусым, 2021
Елорда мектептері офлайн-оқыту форматына қашан көшеді?
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында вакцинаның бірінші компонентін 170 мыңға елордалық алғанын айта келе мектептердің офлайн форматқа қашан көшетінін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 10 Маусым, 2021
Оралда ер адам велосипедтен құлап көз жұмды
Орал қаласында таңертеңгі уақытта 62 жастағы қала тұрғыны велосипедтен құлап, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Маусым, 2021
БҚО-да жол апатынан полиция қызметкері қайтыс болды
Батыс Қазақстан облысында жол апатынан полиция қызметкері мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 10 Маусым, 2021
Албания президентіне импичмент жарияланды
Албанияның парламенті мемлекет басшысы Илир Метаны қызметінен босатып, оған импичмент жариялады. Импичментті 104 депутат қолдап, жетеуі қарсы тарапта болған. Ал қалған үшеуі дауыс бермеді, деп хабарлайды Egemen.kz Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.
Аймақтар • 10 Маусым, 2021
Петропавлда суға батып бара жатқан екі адам құтқарылды
Петропавл қаласында тәртіп сақшысы Есіл өзенінде суға батып бара жатқан екі адамды құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 10 Маусым, 2021
Экономика министрі елде іскерлік белсенділіктің өскенін айтты
Биылғы мамыр айында елдегі іскерлік белсенділіктің жақсаруы жалғасты. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz