құр
Құрылыс • 07 Сәуір, 2010
Бүгінде Қазақстан астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен түрлі инвестициялық жобаларды өзіне тартқан орталыққа айналды. Қысқа уақыт ішінде Ұлы даланың брендіне айналған бұл қала алып Еуразия құрлығында ерекше орын алды. Бұл да заңды, себебі 1997 жылы елорда құрылған күннен бастап мұнда отандық және шетелдік ең үздік сәулетшілер мен инженерлердің озық ойлары тоғысып, жаңа дәуірдің инженерлік шеберлігі мен инновациялық шешімдерінің іргетасы қаланды.