Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 05 Сәуір, 2017
Кеше Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Қазақ елінің көрнекті әйелдері: Арман алға жетелеп» және «Жетістік энциклопедиясы» атты кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті.
Қазақстан • 05 Сәуір, 2017
Қарағандыдағы Мақажанов атындағы клиникада Ұлыбританияның бұқаралық оқиғалар кезінде медициналық көмек көрсету мәселелері жөніндегі төтенше жағдайлар бойынша ведомствосының кеңесшісі Роберт Добсон баяндама жасап, дәрігерлерге төтенше жағдайлар, терактілер мен ірі жол-көлік оқиғасы кезінде қалай әрекет ету керектігін айтып берді. Шетелдік маманның дәрісін тыңдауға хирургтер мен ортопедтер келді.
Қазақстан • 05 Сәуір, 2017
Қазақстан • 05 Сәуір, 2017
Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен әйел затының әдемілігі жайлы әуен таусылған емес. Ғаламзатты ғажайып сәнге бөлеп, адамзатты алапат күйге түсіретін нәзікжандылардың ерлігі де тарихта аз болмаған. Халқымыз да ежелден қызды құрметтеп, әйелді әлпештеген, ананы аялаған. Болмысына бұла күй жасырған, құпиясын қасиетіне айналдырған осынау жаратылыстың жан әлемі де, көңіл көкжиегі де өзгеше. Тарихта ерлермен бірге егеулі найза қолға алып, ел тыныштығын күзеткен де арулар болған. Ал бүгінгі бейбіт заманның батырлары деуге лайықты қыз-келіншектер де жетерлік. Арамызда күрделі кәсіпті игеріп, ерекше қабілетімен ерекшеленіп жүрген жандар да бар. Солардың бірі – Әсел Сауран.
Қазақстан • 05 Сәуір, 2017
Жыл сайын облыста суицидтік оқиға аз болмайды. Әсіресе, жасөспірімдердің, жастардың өзіне қол жұмсауы қоғамда абыржу туғыза бастаған еді. Балалардың осындай қасіретті қадамға баруына психологтер соңғы кездері интернет желілеріндегі түрлі сайттардың ықпалы бар екенін айтып жүр. Енді ауыл жастары осындай сырттан келетін теріс ықпалды күштерге қарсы күресуді ойластыра бастады.
Қазақстан • 05 Сәуір, 2017
Соғыс және еңбек ардагері Айтжан Бекназаров өрімдей 19 жасында майданға аттанып, атақты Сталинград шайқасына қатысқан. Аспаннан жаңбыр емес, оқ жауған, миллиондаған жазықсыз жандар қырылған майдан өтінен аман келген ақсақал: «Бұл Алланың арқасы, тілеуімді тілеп қалған туыс-туғандарымның батасы», дейді.
Қазақстан • 05 Сәуір, 2017
...Жұмыс-жұмыс деп жүріп жақындарын ұмытып кететін, мансап қуып отбасын ойламайтын, сөйтіп армандарын жүзеге асыра алмағандар қашанда жеткілікті. Мұндай жағдайда сүйікті ісін тастамаған, бірақ шаңырақтың да береке-бірлігін алға қойып, отағасының алдынан да қия кесіп өтпеген Гүлшаштың тірлігі – бүгінгі қазақ қыз-келіншектеріне үлгі-өнеге болуға сұранып-ақ тұр.
Қазақстан • 05 Сәуір, 2017
«Іскерлік ахуал» зерттеуінің қорытындысы
Орталық коммуникациялар қызметінде «Сандж» зерттеу тобы мамандарының қатысуымен Экономикалық зерттеулер институты (ERI) дайындаған 2016 жылғы «Іскерлік ахуал» әлеуметтік зерттеуінің қорытындысы» тақырыбында брифинг өтті.
Қазақстан • 05 Сәуір, 2017
Тұңғыш Президент – Елбасының кітапханасында «Көшбасшы-2017» атты мектеп оқушылары арасындағы интеллектуалды сайыс өткізілді. Қазақстан жастары конгресінің 15 жылдық мерейтойы және Тұңғыш Президент кітапханасы мен Қазақстан жастары конгресінің бірлескен шаралар жоспары аясында ұйымдастырылған сайыстың мақсаты – оқушылар арасында зияткерлік ойындарды насихаттау, талантты оқушыларды анықтау.
Бокс • 05 Сәуір, 2017
Спортты зерттеп, ел намысын абыройлы қорғап жүрген өрендердің жетістігін халыққа жеткізіп жүрген соң, статистикаға, әр түрлі фактілерге аздап қызығатынымыз рас.
Қысқы спорт • 05 Сәуір, 2017
Жолдама саны оннан кем болмайды
Мәдіғали ҚАРСЫБЕКОВ: Шорт-тректен Қазақстан құрамасының бас бапкері. Шорт-тректен Қазақстан құрамасы бұл маусымды сәтті аяқтады. Әлем кубогы кезеңдерінде топ жарып, жүлдегерлер қатарынан көрінген спортшыларымыз Алматыда өткен Универсиада ойындары мен Саппородағы Азиадада да үздік үштікке енді. Құрама тағы бірер күнде жаңа маусымның дайындығын бастайды. Жаттығу жұмыстары Нидерландыда жалғасады. М.Қарсыбековтің айтуынша, бұл Пхенчханда 2018 жылы жалауы желбірейтін Олимпия ойындарына мейлінше көп жолдама алу үшін қажет.
Қазақстан • 05 Сәуір, 2017
«Мыңбасы» атанған Дума депутаты
Ұлттың сөзін, жұрттың сөзін сөйлейтін мінберді пайдалану тартысы қай кезеңде де бір сәтке толастаған емес. Қазақ ұлтынан 1906 жылғы Ресей Мемлекеттік Думасына барлығы 12 адам сайланғаны тарихтан белгілі. Олардың ішінде Әлихан Бөкейхан, Ахмет Бірімжан, Алпысбай Қалменұлы, Шәймерден Қосшығұлұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы сынды Алаш ардақтылары бар. Осы қатарда Тілеулі Аллабергенұлы да бар еді.
Қазақстан • 05 Сәуір, 2017
Ел Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Бүгін еліміздің Қарулы Күштерінің біртұтас жүйесін құрайтын заманауи, саны жағынан жинақы, жақсы жабдықталған және ұрысқа қабілетті Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері және Әскери-теңіз күштері құрылды» деп айтқанындай, ел әскері қазір саны мен сапасы жағынан барлық дайындық бойынша озық тұр.
Қазақстан • 05 Сәуір, 2017
Байланыстар көкжиегі кеңи береді
Сыртқы істер министрлігінде Қазақстанның Корея Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Дулат Бақышевтің қатысуымен брифинг өтті.
Әлем • 05 Сәуір, 2017
Өзара достық пен сыйластыққа құрылған сындарлы ынтымақтастық
Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Моджтаба ДАМИРЧИЛУМЕН әңгіме
Қазақстан • 05 Сәуір, 2017
Түркітілдес елдер бірге тірлік етпек
Астана қаласында Түркiтілдес елдердің іскерлік кеңесiнiң бесiншi отырысы өтті. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған шараға кеңеске мүше Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан және Қазақстан мемлекеттерінің бизнес өкілдері қатысты. Жиында алдымен Қазақстан мен Түркия арасындағы бірлескен сауда-өнеркәсіп палатасын құру туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат елімізден Қара теңіз жағасына бұрынғыдай шикізат қана емес, дайын өнiмдердi де экспорттауға мүмкiндiк бермек.
Женевадағы сирияаралық келіссөздер: Астана процесінің жаңғырығы
Швейцарияның Женева қаласында 1 сәуірде Сирия мәселесі жөніндегі келіссөздердің 5-ші раунды аяқталды. Мүдделі тараптар келіссөздер үстелінде бір аптаға жуық отырып, ымыраласу жолдарын табуға тырысты. Келіссөздерді Сирия аумағындағы болып жатқан қақтығыстардың жаңа белсенділігі күрделендіре түсті.
Әлем • 05 Сәуір, 2017
Қазақстан Әзербайжанға қолдау көрсетіп келеді
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Бакуге ресми сапары туралы ақпарат таратқан Әзербайжан баспасөзіне шолу
Қазақстан • 05 Сәуір, 2017
Бағдарламаның орындалу барысы талқыланды
Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы қаралды.
Қазақстан • 05 Сәуір, 2017
«Шүй қазағының» тілі немесе атажұртқа айтар наз
«Мен барда, сіз барда, тарихи Отаным – Қазақстаным барда, жақындарым барда, жалпы жүрегі қазақ деп соғатын Таулы Алтайды мекендеген Шүй қазағы тұрғанда Ана тілім, сен ешқашан өлмейсің», дейді Қосағаштан хабарласқан қандас бауырымыз, Ресей Федерациясы Журналистер одағының мүшесі ақын-жазушы Арқалық СОЛТАНОВ.
Қазақстан • 05 Сәуір, 2017
Күркіреп өткен соғыстың аяқталғанына биыл 72 жыл толғалы отыр. Келмеске кеткен Кеңес Одағы кезінде бұл майданда қазақ сарбаздарының қайталанбас ерлік көрсеткені тарих беттерінен мәлім. Кеңес Одағының батыры деген өшпес есімге лайық қазақ батырлары туралы әңгіме көп. Бірақ соның бірі әрі бірегейі Сабыр Рақымов туралы аз айтылады.
Кейде уақыт тоқтап қалған сияқты көрінеді... 1990 жылдары басталған әңгімелердің әлі де айтылып келе жатқандығына қарап айтқанымыз да. Сонда биыл қай жыл? Шүкір, 2017...
Ядролық қауіп ортақ тіл табуға итермелейді
АҚШ президенті Дональд Трамптың халықаралық саясаттағы дипломатиялық қарымын сынайтын сын сағаты туып тұр. Ол алдағы бейсенбі күні Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен Флорида штатындағы өзінің дербес үйі Мар-а-Лагода екі күндік саммит шеңберінде кездеседі. Осы саммитте Д.Трамп Қытай лидерін өзін алаңдатып отырған мәселені бірлесіп шешуге көндіре ала ма, жоқ па деген күдікті АҚШ баспасөзі жарыса жазуда.
Қазақстан • 05 Сәуір, 2017
Әрбір іс игілікке негізделуі тиіс
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында болды. Мемлекет басшысы Әзербайжан еліндегі екіжақты ынтымақтастықты нығайту, саяси, сауда-экономикалық және мәдени, көршілік-бауырластық сипаттағы қарым-қатынасты тереңдете түсу бағытында өткен ресми сапарынан кейін Маңғыстауда екі күн аялдады. Елбасы мұнда бірқатар нысандардың жұмысымен танысып, жұртшылық өкілдерімен жүздесті.
Әлем • 05 Сәуір, 2017
Шетел баспасөзіне шолу. Трамп пен Цзиньпин алғаш рет кездеспек
АҚШ баспасөз құралдары қазірдің өзінде бұл кездесуді тарихи оқиға ретінде бағалауда
Үкімет • 04 Сәуір, 2017
«Егемен» көтерген мәселе Елбасы назарында
Бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтіп, тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы қаралды.
Қазақстан • 04 Сәуір, 2017
ШҚО-да қуатты жер сілкінісі болды
Зілзаланың ошағы Алматыдан солтүстік шығысқа қарай 732 км жерде Қазақстан аймағында тіркелген.
Медицина • 04 Сәуір, 2017
Ол Қарағандыда осымен екінші рет дәріс оқыды. Облыс орталығына бес жыл бұрын келген. Сол кезде жедел жәрдем орталығында болып, фельдшерлер жұмысында қолданатын жабдықтарды көрген.
Әлем • 04 Сәуір, 2017
Ресейде полицейлерді өлтірді деген күдіктілердің бірі Атырауда қолға түсті
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі ресейлік серіктестердің бағдары Астраханьда полиция қызметкерлерін өлтіруге қатысы болуы мүмкін Ресей азаматтарын тексеруді жалғастыруда, деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.