Соңғы жаңалықтар
Бизнес • 19 Сәуір, 2017
Қазақ бидайының сапасы неге төмендеп жатыр? (іскерлік басылымдарға шолу)
Бүгінгі шолуда: Қазақстан астығының сапасы 2011 жылдан төмендей бастаған. Депутат табиғат апаттарының алдын алу үшін арнайы бағдарлама қабылдау керек дейді. Елдің құрылыс компанияларының табысы көбейді.
Қазақстан • 19 Сәуір, 2017
Өткен жылы колледж түлектерінің 79,2%-ы жұмысқа орналасқан
Қолдарында сол саланың маманы екені туралы сертификат болса да, жұмысқа тұра алмай жүргендер бар. Олар көбіне жұмыс берушілердің сынағынан өте алмай қалады, себеп біреу: біліктілігі талапқа сай емес.
Футбол • 19 Сәуір, 2017
Астанада журналистер арасында футболдан турнир өтті
Бірер күн бұрын Астанадағы № 40 қазақ орта мектебінде шағын футболдан БАҚ өкілдері арасында Қазақстан спорт баспасөзі қауымдастығы қалалық филиалының кубогы үшін турнир өтті.
Президент • 19 Сәуір, 2017
Елбасы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіруді тапсырды
Елбасы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қабылдады, деп хабарлады akorda.kz.
Театр • 19 Сәуір, 2017
Астанада «Таңғажайып Моцарт...» концерті өтеді
4 мамырда Астанада дарынды скрипкашы Ғалия Бейсенғалиеваның «Таңғажайып Моцарт...» концерті өтеді. Бүгінде Лондонда тұратын отандасымыз маэстро Абзал Мұхитдиновпен бірге «Астана Опера» төрінде өнер көрсетпек.
Қазақстан • 19 Сәуір, 2017
Еліміздегі Қытайдың туризм жылы Алматыда басталды
Қазақстандағы Қытайдың туризм жылы салтанатты түрде Алматы қаласында басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан • 19 Сәуір, 2017
Астанада «Ислам және өркениет» атты ІІ республикалық имамдар форумы өтті
Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Ислам және өркениет» атты ІІ республикалық имамдар форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бокс • 19 Сәуір, 2017
Азия чемпионатына қатысатын Ұлттық құрама боксшыларының тізімі жарияланды
Бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында өтетін Азия біріншілігінде бақтарын сынайтын боксшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Қазақстан • 19 Сәуір, 2017
Дәурен Абаев Беларусь Республикасына жұмыс сапарымен барды
2017 жылғы 17-18 сәуірде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Абаев Беларусь Республикасына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады mic.gov.kz.
Қазақстан • 19 Сәуір, 2017
Қарағанды мен Ақмола облыстарында су тасқынының қаупі сейілді – «Қазгидромет»
Қазгидромет көктем мезгілінде өзен арналарының және тасқын сулардың деңгейін бақылауда ұстауда. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында гидрология департаментінің директоры Дидар Жәнібекұлы мәлімдеді.
Қазақстан • 19 Сәуір, 2017
Өзбекстанның тоғыз азаматы Ресейге жасырын өтпек болды
Ұзынкөл аудандық сотының қаулысымен Қазақстан шекарасынан Ресейге жасырын өткісі келген Өзбекстанның 9 азаматын елден шығарып жіберді. Олардың барлығы да 22-35 жас аралығындағы азаматтар, арасында бір әйел бар.
Қазақстан • 19 Сәуір, 2017
Созақта Қызылкөл мен су қоймаға 60 мың сазан балығы жіберілді
Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында балық шаруашылығын дамыту ісі қолға алынды.
Қазақстан • 19 Сәуір, 2017
Оңтүстік Қазақстанда ТҮРКСОЙ фотосуретшілерінің кездесуі өтті
Түркістан қаласында «Түркістан - Түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында TURKSOY ұйымына мүше елдер арасында фотосуретшілердің кездесуі өтті.
Қазақстан • 19 Сәуір, 2017
ОҚО «Жастар ресурстық орталығы» мекемесіне жаңа басшы тағайындалды
Оңтүстік Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" мекемесінің басшысы лауазымына Дуйсебеков Береке Талғатұлы тағайындалды.
Ұлттық спорт • 19 Сәуір, 2017
Жамбыл облысында ат спортынан ҚР ХІІІ чемпионаты өтті
Атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлттық құндылықтардың бірі – көкпар тарту. Ежелден «Ер қанаты – ат» деп білген бабаларымыз ат үстінде жүріп, ұлттық құндылықтардың дамуына үлес қосты. Бүгінгі таңда да ұрпақтар сабақтастығы үзілмей, жалғасын тауып келеді.
Қазақстан • 19 Сәуір, 2017
Әлем • 19 Сәуір, 2017
Жапония мәдени мұраны ерекше қадірлейді
Кез келген мемлекеттің даму бастауында тұрған құндылықтың бірі, әлбетте, ежелгі заманнан келе жатқан мәдени мұрасы екені сөзсіз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында «Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әралуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді жинастыруымыз керек» деген болатын.
Қазақстан • 19 Сәуір, 2017
Бауыр ісігін емдеудегі жаңа тәсілдер
Бауырдың қатерлі ісігі жыл өткен сайын қарқынды түрде етек жайып барады. Қазақстанда бүгінде бауырдың қатерлі ісігі барлық ісік патологияларының ішінде 5-ші орынға шыққан. Осы орайда, Алматы онкология орталығы еліміздегі барлық онколог мамандар үшін алғаш рет «Мультитәртіптік тәсіл – гепатоцеллюлярлы карциноманы сәтті емдеу негізі» тақырыбында шетелдік мамандармен бірге шеберлік сағатын өткізді.
Қазақстан • 19 Сәуір, 2017
Жарна төлеуші жұрт нені білгісі келеді?
Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен жыл басында қазақстандық медицина қауымдастығы үшін өте өзекті 100 мәселені анықтау мақсатында «100 мәселе – 100 шешім – 100 күн» атты әлеуметтік науқан ұйымдастырылған болатын. Медициналық қызметті оңтайландыруға және сапасын арттыруға негізделген ұсыныстар мен сауалдар қатарында елімізде енгізілетін медициналық сақтандыру жүйесі туралы да бірқатар сұрақтар кездесті. Бұл қоғам үшін маңызды мәселелер болып отырғандықтан, өңірлер мен орталық қалалардың тұрғындарын мазалаған негізгі мәселелерді назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Бокс • 19 Сәуір, 2017
Головкин мексикалық боксшы Рамиреспен жұдырықтасуы мүмкін
Екінші орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы мексикалық Хильберто «Зурдо» Рамирес (34-0, 24 KO) пен орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF титулдарының иегері қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) жекпе-жегі өтуі мүмкін. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
Қазақстан • 19 Сәуір, 2017
Туымыз – татулық пен тұрақтылық
Бүгінде Шығыс Қазақстанда 14 Достық үйі жұмыс істейді. Өңірде 115 этномәдени бірлестік бар. Өткен жылы Катонқарағай ауданында Достық үйі пайдалануға беріліп, қазақ, орыс, неміс этномәдени бірлестіктері жұмысын бастады. Сонымен қатар, Риддер қаласында казак, Глубокое ауданында дүнген этномәдени бірлестіктері ашылды.
Қазақстан • 19 Сәуір, 2017
«Балбырауынға» байланысты бұрынғы-бүгінгі буынды қайдам, алпыстың ауылына ат басын бұрған өзімнің біршама білгенім беріде. Көзі ашық, көкірегі ояудың құлағына ғаламат күйдің күмбірі, сол күйдің желісінде қойылған биді орындаушы ару шолпысының сылдыры естілер. Содан соң? Содан соң тынды! Ал бүгінгі әңгіменің өзегі – «Балбырауын» кен орны.
Қазақстан • 19 Сәуір, 2017
Республикада алғашқы рет өткізілген «Жігіт сұлтаны» конкурсында бас бәйгені жеңіп аламын деген ойы жоқ бұ жігіт «Көктөбе» ауылында көптен қалмай «Атамекен» деген атағы дардай, қаржысы жоқ фирма құрып, директоры болып шіреніп жүргенде Темірланда облыстық «Жігіт сұлтаны» байқауы өтетінін естиді.
Қазақстан • 19 Сәуір, 2017
Келісім – өзара түсіністік кепілі
Оңтүстіктегі чешен-ингуш этномәдени бірлестігі 1995 құрылған. Ассамблеяның алғашқы сессиясына 1995 жылдан қатысып, содан бергі 22 жыл бойында жұмыстан шет қалғаным жоқ. ҚХА-ның алдағы 26 сәуірде өтетін кезекті ХХV сессиясына да өңір делегациясы құрамында бара жатырмын.
Қазақстан • 19 Сәуір, 2017
ШҚО Бесқарағай ауылында төтенше жағдай жарияланды
Бесқарағай ауылында (Бесқарағай ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті.
Қазақстан • 19 Сәуір, 2017
21-24 сәуір күндері еліміздің басым бөлігінде көп мөлшерде жауын жауады
Осы аптада еліміздің басым бөлігінде көп мөлшерде жаңбыр жауады деп күтілуде. «Қазгидромет» РМК ақпары бойынша жеті өңірде ауа температурасы күрт төмендейді.
Қазақстан • 19 Сәуір, 2017
Түркіменстан президентінің кітаптары қазақ тілінде (фото)
Бүгін Астанада Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұxамедовтің жылқы өсіру өнеріне арналған үш бірдей кітабының таныстырылымы өтті. Түркімен басшысының осы еңбектері қазақ тілінде алғаш рет жарық көріп отыр. Шара барысында Бердімұxамедов бірнеше кітапқа өз қолтаңбасы мен жылы лебізін жазып, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тарту етті.
Қазақстан • 19 Сәуір, 2017
Бердімұхамедов Елбасының бастамасы туралы пікір білдірді
Бүгін Астанадағы Ұлттық музейде өткен салтанатты жиында Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұxамедов түркі елдерінің ортақ ғылымын қалыптастыруды қалайтынын жеткізді.
Әдебиет • 19 Сәуір, 2017
Қыс. Қыстаулық. Дала долданған боран. Аппақ қиыршық қарларды арлы-берлі аяусыз бүрккен қара түн. Боран үдей соққан сайын суық жел шатыр саңлауларынан әлсін-әлсін ысқырып тұр. Үй іші жып-жылы. Пештегі қидың қызуы әлі қайтпаған, шоқ қоламтасы түтіктен бүріккен желмен үрленіп маздай түседі. Іштегі жылу мен сырттағы аяздың айқасынан терезенің көзінде із қалыпты. Білтелі шамның жеткен жарығы тым әлсіз. Үй ішінің күңгірттігі бір-бірін аңдыған оқты көздерге еш кедергі емес.
Бокс • 19 Сәуір, 2017
Боксшы Бекман Сойлыбаевтың жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бекман Сойлыбаевтың келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі болды. Бұл туралы "Diamondring" кәсіпқой спорттық ұйымының ресми сайты хабарлады.