Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 05 Шілде, 2017
Ескі көліктерді жою бағдарламасы бойынша 32 жеңілдік сертификаты берілді
2017 жылдың 26 маусым мен 5 шілде аралығында Тозығы жеткен көлік құралдарын жою бағдарламасы аясында ӨКМ Операторы жаңа көліктерді сатып алуға мүмкіндік беретін 32 жеңілдік сертификатын табыстады.
Аймақтар • 05 Шілде, 2017
СҚО: Астана күні қарсаңында полицейлер марапатталды
СҚО облыстық ішкі істер депатаментінде өткен жиын Астана күніне арналып, бір топ полиция қызметкерлері әртүрлі марапаттарға ие болды.
Жекпе-жек • 05 Шілде, 2017
Қазақстандық дзюдошылар Еуропа Кубогына қатысады
Германияның Саарбрюккен қаласында 14-16 шілде күндері дзюдодан Еуропа Кубогы өтеді. Аталмыш турнирге Қазақстан Ұлттық құрама командасынан 14 дзюдошы қатысады.
Аймақтар • 05 Шілде, 2017
Шығыс Қазақстанда балықшылар одағы құрылды
Әлі ресми түрде тіркеліп үлгермеген одақ әзірге қоғамдық бірлестік ретінде жұмыс істемек.
Аймақтар • 05 Шілде, 2017
Шымкентте Астана күніне орай Елбасы туралы қос кітаптың тұсауы кесілді
Бүгін Шымкенттегі облыстық орыс драма театрында «Асқақтай бер, Астана!» атты салтанатты іс-шара өтті. Шара аясында еліміздің тәуелсіздігі мен тарихын, жетістіктерін насихаттайтын «Жаһан таныған жеті тұлға», «Тұлға.Тәуелсіздік.Тарих» атты «Қазығұрт» баспасынан жарық көрген екі кітаптың тұсауы кесілді.
Медицина • 05 Шілде, 2017
Журналистер арасында «Шаңырақ» шығармашылық конкурсы өтеді
Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын іске асыру бойынша 2016-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында журналистер арасында «Шаңырақ» шығармашылық конкурсы өткізіледі.
ЭКСПО-2017 • 05 Шілде, 2017
Мәжіліс Төрағасы Қытай Ұлттық күнінің ашылуына қатысты
Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдері Жиналысы Тұрақты Комитеті төрағасының орынбасары Шэнь Юэ Юэ «ЭКСПО – 2017» көрмесі аясында Қытай Ұлттық күнінің ашылуына қатысты.
Италиялық әйгілі суретші, драматург Массимилиано Финазер Флори Астанаға келді.
ЭКСПО-2017 • 05 Шілде, 2017
«Нұрлы жол» вокзалында еріктілер қызмет көрсетуде
«Нұрлы жол» вокзалы ашылғалы бері жаңа нысанның инфрақұрылымында 60 ерікті жолаушыларға қызмет көрсетуде.
Аймақтар • 05 Шілде, 2017
Оралда Алаштың 100 жылдығына арналған ақындар айтысы өтті
Астана күні мерекесі қарсаңында Орал қаласында Алашорда қозғалысының 100 жылдығына арналған «Алаштың бағы – Азаттық!» республикалық ақындар айтысы өтті.
Медицина • 05 Шілде, 2017
Әйгілі балуан курсанттармен кездесті
Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты Шекара қызметі академиясының курсанттары қазақтың әйгілі балуаны Дәулет Тұрлыхановпен кездесті. Аталған шараны академияның тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі басқармасының 4-ші бөлім бастығы, подполковник Нұрлан Молжанов ұйымдастырды.
Аймақтар • 05 Шілде, 2017
Солтүстікқазақстандық тұрғын жалған ақпарат бергені үшін сотталды
Тайынша ауданында белгісіз біреудер зейнеткерді тонау мақсатымен қарақшылық шабуыл жасап, құрықталған болатын.
Президент • 05 Шілде, 2017
Қырғызстанмен экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісім ратификацияланды
Кино • 05 Шілде, 2017
Оңтүстіктің киностудиялары «Көне жетігеннің сыры» атты туристік кинохикая түсіруде
Оңтүстік Қазақстан облысында осы жылдың соңында «Көне жетігеннің сыры» атты 13 сериялы кинохикая мен «Қажымұқан», «Отырарды қорғау», «Киелі Қазығұрт» атты анимациялық фильмдердің тұсауы кесілетін болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникация орталығында өткен баспасаөз конференциясында «Оңтүстік-фильм» киностудиясының директоры Батырхан Дәуренбеков мәлім етті.
Аймақтар • 05 Шілде, 2017
Астана күні қарсаңында Жамбыл облысында 800 отбасы баспаналы болды
Астана күні қарсаңында жамбылдықтар үшін ерекше қуаныш. Бүгін мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасымен Тараз қаласындағы «Арай» алқабынан салынған 10 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, 800 отбасы баспаналы болды.
Футбол • 05 Шілде, 2017
«Астана» футбол клубы жаңа ойыншыларын таныстырды
Елордалық «Астана» футбол клубы қала мерекесіне орай «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында «АстанаFF» фристайл клубымен бірлескен «Футбол астанасы» мерекелік шарасын ұйымдастырды.
Қазақстан • 05 Шілде, 2017
Түркия елшісі қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады
Қазақстан Республикасындағы Түркияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уянык қазақстандықтарды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні және Астана күнімен құттықтады. Бұл туралы елшіліктің Фейсбуктегі ресми парақшасында хабарланды.
Кино • 05 Шілде, 2017
Қайраткер тұлғаның адами болмысын айшықтаған...
Астанадағы «Думан» қонақ үй кешенінің үлкен залында Қазақстан Республикасы мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековтің 80 жасқа толған мерейтойына орай түсірілген «Дүние, шіркін» деректі фильмінің тұсауы кесілді.
Президент • 05 Шілде, 2017
Елбасы Астананың көрнекті орындарын аралады
Елбасы Астана қаласының көрнекті орындарын аралады, деп хабарлады akorda.kz.
Аймақтар • 05 Шілде, 2017
ОҚО-дағы ХҚКО мамандары жарты жылда 3 млн-нан астам қызмет көрсеткен
Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ОҚО бойынша филиалы – «ХҚКО» департаментінің директоры Еркебұлан Әлсеиітов айтты.
Аймақтар • 05 Шілде, 2017
Түлек өзі оқыған мектепке бір миллион теңге сыйлады
Қарабалық ауданындағы Приречное селосындағы мектепке осы білім ошағын бұрын бітірген кәсіпкер Сәуле Шәуенова түлектердің дәстүрлі кездесуінде бір миллион теңгенің сертификатын әкеліп тапсырды. Осы қомақты қаржыны ол өзінің, отбасының және әкесінің атынан табыс етті.
Медицина • 05 Шілде, 2017
18 миллионыншы қазақ Талдықорғанға келе жатыр
Алматы облысы, Талдықорған қаласында Қазақстанның 18 миллионыншы азаматы өмірге келді. Дәл бүгін емес, осыдан екі айға жуық уақыт бұрын – мамыр айының 11-ші жұлдызында. Өмірге адам келгенде туған топырағы бір бүлк етеді деседі ғой. Ал, 18 миллионыншы қазақ туғанда Талдықорған топырағы ерекше толқыныспен бүлкілдегенін көп ешкім білмей де қалған шығар. Бұл сәби қазр жол үстінде. Талдықорғанға келе жатыр.
Қазақстан • 05 Шілде, 2017
Осыдан бір жыл бұрын «Естелікке автограф» атты мақаламда мен жекелеген, сонымен бірге, архивінде, кітаптарда және кәдесыйлар жиынтығында көп данамен Елбасының атына арнайы, естелікке және сыйлық ретінде қалдырылған қолтаңбаларға қысқаша шолуды ұсынған едім. Аталған мақалаға арналған жылы лебіздер легін мен, әлбетте, Тұңғыш Президентіміздің тұлғалық қасиетіне деген жұртшылықтың үздіксіз қызығушылығымен, сонымен бірге, автографтар топтамасында үлкен саясат «кәдуілгі құрғақ ресмилік» формасында емес, адамдармен емен-жарқын кері байланыс түрінде берілгенімен байланыстырамын. Дәл сол кездің өзінде егер «Назарбаевқа» деген автографтар сыйға тартылған болса, әрине, «Назарбаевтан» деген де автографтар тақырыптың бір тармағы болатыны белгілі еді. Сол себепті, бүгін мен оқырманды өзіммен бірге Елбасының қолтаңбалық әлеміне көз жүгіртуге шақырамын.
Аймақтар • 05 Шілде, 2017
Солтүстік Қазақстанда «Сабантой» мейрамы тойланды
Қызылжар өңірін мекендейтін 12 мыңнан астам татар-башқұрт этносының өкілдері ұлттық мейрамы «Сабантойды» жоғары деңгейде атап өтті.
Медицина • 05 Шілде, 2017
Қазақстанның 18 миллионыншы тұрғыны дүниеге келді
Осы жылдың 11 мамырында Қазақстанның 18 миллионыншы тұрғыны дүниеге келді, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 05 Шілде, 2017
Елорда ең алдымен кешенді білімге, көшелі мәдениетке ұмтылған тұрғындарымен тұғырлы. Әлемдегі дамуы жағынан алдына ел салмай келе жатқан 30 мемлекеттің қатарына кіремін деген асқаралы мақсаты бар Қазақияның астанасы ретінде де абыройлы һәм айбынды. Ал енді, осындай оза шапқан шаһардың жақсы атын спорт одан әрі әйгілеп, шартарапқа жайып жатса, нұр үстіне нұр емес пе?! Global sports cities index – спорттық қалалардың жаһандық индекс рейтингі бойынша Астана үздік деген 100 қаланың ішінде 61-ші орында тұр екен. Бұл – былтырғы жылғы көрсеткіш.
Әлем • 05 Шілде, 2017
БҰҰ: Жаппай қырып-жою қаруларын таратпау мәселесі қаралды
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде жаппай қырып-жою қаруларын таратпау мәселесіне арналған жиын болды. Ұйымның Нью-Йорк қаласындағы штаб-пәтерінде ұйымдастырылған бұл шара ашық пікірталас пішімінде өтті, деп хабарлады Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі.
Қазақстан • 05 Шілде, 2017
Астана процесінің бесінші кезеңі өтуде
Кеше елордада Сирия мәселелерін реттеу бойынша халықаралық келіссөздердің 5-раунды басталды. Екі күнге созылады деп жоспарланған келіссөздер процесіне қатысушы делегациялар кезекті мәрте бас қосып отыр.