Соңғы жаңалықтар
Әлем • 05 Шілде, 2017
АҚШ-Үндістан: Өзара әріптестіктің өрісті қадамы
Өткен аптада Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди АҚШ-қа сапармен келді. Бұл оның Ақ үй басшылығы ауысқаннан кейінгі Вашингтонға алғашқы сапары болды.
Әлем • 05 Шілде, 2017
Араб монархтарының Қатарға дипломатиялық соғыс жариялағанына да бір айдай уақыт болды. Сарапшылар болжағандай, осы мерзімнің ішінде Қатар айналасындағы ахуал ушыға түсті, бірақ ашық жағдайға жете қойған жоқ. Дегенмен де Парсы шығанағы мен Таяу Шығыстағы шиеленіс елдердің өздерін де, байқаушыларды да қысымда ұстап отыр.
ЭКСПО елге не береді деген сұрақтың ішінара жауабын беретін кез келгені анық. Мәселен, Астана ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің аясында қалың көпшілікті соншалықты қызықтыра қоймайтын көптеген салалық шаралардың өтіп жатқанын біреулер білсе, біреулер біле бермейді.
ЭКСПО-2017 • 05 Шілде, 2017
Көрме таңғажайыптары теміржолшылардың балаларын тамсантты
Теміржолшылардың 500-ге жуық ұл-қызы жазғы демалыс кезінде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін тамашалайды. Балалардың алғашқы тобы Семей жол бөлімшесінен келді. Оқушылардың құрамында оқу озаттары мен қалалық, облыстық олимпиада, байқаулардың жеңімпаздары, сондай-ақ, көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларының балалары бар.
ЭКСПО-2017 • 05 Шілде, 2017
«ЭКСПО-әжей» - Томийо Ямаду Астанаға келді
Астанаға ЭКСПО-2017 көрмесіне әлемге «ЭКСПО-әжей» атағымен белгілі 80 жастағы Томийо Ямаду келді.
ЭКСПО-2017 • 05 Шілде, 2017
Америкалықтар қазақшасымен қайран қалдырды
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында Америка Құрама Штаттарының ұлттық күні өтті. Аталған мереке мемлекеттің тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған. Басқосуда америкалықтар қазақ тілінде сөйлеп, жиналған жұртты тәнті етті.
ЭКСПО-2017 • 05 Шілде, 2017
ЭКСПО-2017 қалашығындағы медиа орталық мамандары көрмені тамашалауға келіп жатқандар саны бойынша бір аптаның қорытындысын жариялады. Онда елорда төрінде өтіп жатқан халықаралық шараны соңғы бір аптада 217 мың адам тамашалағандығы жайында дерек бар.
Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасының керектігін айта келе, «Идеяның түпкі төркіні Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи мавзолейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жетісудың киелі мекендерін және басқа жерлерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадына біртұтас кешен ретінде орнықтыруды меңзейді. Мұның бәрі тұтаса келгенде халқымыздың ұлттық бірегейлігінің мызғымас негізін құрайды» деп жазды. Мемлекет басшысы осы жалпыұлттық қасиетті орындар «... неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы» деп атап көрсетті. Осы мақалада аталып отырған Ұлытау өңірі де исі қазақтың тұтастығының алтын діңгегі.
Елдің есінен 1992 жылдың күзінде Алматыда өткен Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы қалай ұмытылсын! Сол жиында алғаш рет 11 қандасымызға Қазақстан азаматтығы беріліп, төлқұжат тапсырылса, бұл күнде атажұртына 1 миллионға жуық қандасымыз оралған екен. Тек биылғы алғашқы тоқсанда-ақ шет мемлекеттерден көшіп келген 2601 отбасы, 4860 қазақ азаматы қоныстанды.
Аймақтар • 05 Шілде, 2017
Астанаға Ақмешіт арқылы газ келеді
Сыр өңірін көктей өтетін «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистралды газ құбырының қуаты 10 млрд текше метрге жетті. Енді оңтүстік өңірлердегі газ тапшылығы толық жойылды деуге әбден болады.
Қазақстан • 05 Шілде, 2017
Астананың ауқымы күннен-күнге артып, қанатын кең жайып келеді. Жүздеген жаңа тұрғын үй кешендері мен әкімшілік ғимараттары бой көтерді. Халық саны өсті. Сондықтан, елордада тазалық жұмыстарына бұрынғыдан да ерекше мән беру қажеттігі туындады. Мұны Елбасы талай мәрте айтқан болатын. Астана таза қала болуға тиіс. Өйткені, бұл Қазақстанның бас қаласы. Оның үстіне келімді-кетімді кісі көп. Сырт көз – сыншы. Күнделікті өмірде күйбең тірлікпен жүріп, көбіміз әсте байқай бермейтін тұрмыстық кемшін тұстарымызды сырт көз бірден аңғара қояды. Ауасы да, суы да, айналасы да – бәрі-бәрі кіршіксіз, мұнтаздай таза болуы қажет. Астана әкімі Әсет Исекешев тазалық мәселесіне байланысты соңғы айдың өзінде бірнеше мәрте алқалы кеңес өткізді. Таң бозарып атып келе жатқанда Астана көшелері мен аулаларын аралап, тазалық жұмыстарының жақсы жүруін қатаң бақылауға алды. Дәл «ЭКСПО» халықаралық көрмесі басталар алдында бас қаланың көшелері мен аулалары, саябақтары мен демалыс орындары – бәрі-бәрі ретке келтіріліп, айнала тазалық күйіне бөленді. Қазір тұрғын үйлердің аулаларында аузы-мұрнынан төгіліп, ашылып-шашылып жатқан күл-қоқысты көрмейсіз. Контейнерлер орналасқан орындардың да айналасы таза. Қуысқа немесе тал-теректің тасасына бей-берекет тастай салатын қоқыс көзге түспейді. Аяқжолдардың бойы да жинақы. Көктем шыға алабажақ көрініске енген қоршаулар мен белгілер, орындықтар мен қоқыс жәшіктері, шам бағандары мен көпірлердің жан-жағы сырланып, тазаланып ретке келтірілді. Көше бойларын тазалап, су шашып жүрген техниканы жиі көресіз. Не керек, Астанадағы күнделікті тазалық жұмыстарына көңіл толады.
Қазақстан • 05 Шілде, 2017
ХҚА кеңесі Астана күнімен құттықтады
Құрметті отандастар! Қазақстан халқы Ассамблеясы сіздерді бейбітшілік пен келісімнің байтақ қаласы – Астана күнімен шын жүректен құттықтайды! Астана – әлемнің ең әдемі және қарқынды дамып келе жатқан қалаларының бірі.
Қазақстан • 05 Шілде, 2017
Егемендігіміздің елең-алаңында тағдыры шешіліп, Сарыарқаның төрінде туған Астананың қалай өскені, өркендеп келе жатқаны, көршілеріміздің көз алдында, әлемнің назарында. Күн сайын көркейіп, Астанамыз ажарлана түсті.
Қазақстан • 05 Шілде, 2017
Мереке қарсаңында партия қатарына қабылданды
«Нұр Отан» партиясы Астана күніне орай азаматтарды партия қатарына қабылдады. Салтанатты шарада 18 талантты жас қазақстандық «Нұр Отан» мүшесі атанды. Олардың әрқайсысы өз ісінің шебері. Жастарды Президент партиясының қатарына өтулерімен құттықтаған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед мұндай айтулы сәттің Астана күнімен тұспа-тұс келуі тегін емес екеніне назар аударды.
Қазақстан • 05 Шілде, 2017
Нақты тапсырма – нәтижелі түйін
Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері және жекешелендіру жүргізу барысы қаралды.
Театр • 05 Шілде, 2017
Байтақ елдің бас қаласының мәдениет ошақтары сәулеті мен сәні жағынан әлемдік деңгейдегі өнер ғимараттарымен тең түспесе, еш жері кем соғып тұрған жоқ. Соның бірі һәм бірегейі «Астана Балет» театры ашылғанына көп бола қоймаса да өзіндік стилі мен қағидасы қалыптасқан, қазіргі заманауи талғамды халқымыздың байырғы құндылықтарымен байыта алған, яғни жаңа мен көнені қағыстырмай, тоғыстыра білген өнер ұжымы болып саналады.
Театр • 05 Шілде, 2017
Айы оңынан туған «Астана Опера»
Астана республикамыздың ресми орталығы ретінде дамып қана қоймай, ел руханиятының да еңселі ордасына айналып келеді. Қазір мұнда қаншама қазыналы мәдениет мекемелері бой көтерді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауымен ашылған «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры аз ғана уақыт аралығында елорданың ең іргелі өнер ұжымы атанды.
Президент • 05 Шілде, 2017
Астана мерекесі Ту көтеруден басталды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы «Атамекен» Қазақстанның картасы» этно-мемориалды кешені аумағында орналасқан еліміздегі ең үлкен Туды көтеру рәсіміне қатысып, салтанатты шара аясында қала күнін тойлауға арналған мерекелік бағдарламалардың басталғанын жариялады және қалыптасқан дәстүрге сай курсанттарға әскери шен тапсырды.
Президент • 04 Шілде, 2017
«Ұлы адам туралы ұлағатты кітаптың» тұсауы кесілді
Бүгін Астанадағы Оқушылар сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Ұлы адам туралы ұлағатты кітап» атты жаңа туындының тұсаукесері өтті. Оған мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал қаламгерлер, оқушылар мен ата-аналар қатысты.
Аймақтар • 04 Шілде, 2017
Солтүстік Қазақстан әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Солтүстік Қазақстан өңірінің басшысы Құмар Ақсақалов облыс активіне жаңа орынбасарын таныстырды.
Үкімет • 04 Шілде, 2017
Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңес отырысы өтті
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды primeminister.kz
Парламент • 04 Шілде, 2017
Тоқаев Қазақстанмен достық жөніндегі жапон лигасы төрағасын қабылдады
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасы, Жапония Парламенті Өкілдер палатасының мүшесі Такео Кавамураны қабылдады, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Аймақтар • 04 Шілде, 2017
Шымкентте Астана күні қарсаңында саябақ ашылды
Шымкентте Астана күні қарсаңында қайта құру жұмыстарынан өткен «Наурыз» саябағының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Сайрам тұрғын алабында орналасқан демалыс орнының ашылуына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жиналғандарды алда келе жатқан Астана күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 04 Шілде, 2017
Қостанайлық соттар Астана күніне арнап концерт қойды
Қостанайда Астана күні құрметіне түрлі шаралар өтіп жатыр. Соның бірі – облыстық сотта маман қызметкерлер мен судьялардың күшімен қойылған концерт.
Президент • 04 Шілде, 2017
Мемлекет басшысы «Россия 24» телеарнасына сұхбат берді
Елбасы Астананы салу тарихы жөніндегі сұрақтарға жауап беріп, Қазақстан елордасының төңірегіндегі жасыл аймақты дамыту барысын әңгімеледі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Әдебиет • 04 Шілде, 2017
«Абай ілімі және рухани жаңғыру» халықаралық конференциясы өтті
Бүгін М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Ғылым ордасы Орталық ғылыми кітапханасының мәжіліс залында Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған және ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру бойынша жұмыс жоспарына сәйкес «Абай ілімі және рухани жаңғыру» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
Аймақтар • 04 Шілде, 2017
Қостанайлық полицейлер алғаш рет мерекелік отбасылық спартакиада өткізді
Астана күні құрметіне Қостанай қаласындағы «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы базасында отбасылық спартакиада өтті. Тәртіп сақшылары арасында бірінші рет ұйымдастырылған бұл шараға олармен қатар отбасы мүшелері де қатысты.
Қаржы • 04 Шілде, 2017
Қарыз қайтармағандармен коллекторлық агенттік айналысады
Атыраулықтардың тұтынушылық мақсатта алған қарыздары 116 млрд теңгеден асқан. Бұл – халыққа берілген жалпы несие сомасының 37,3 пайызы. Өкінішке қарай, алған қарыздарын қайтаруға елдің бәрі бірдей асыға қоймайды. Берешектерді сотқа жеткізбей өндіріп алу үшін банктер коллекторлық компаниялармен келісім-шартқа отырған.
Парламент • 04 Шілде, 2017
Сенат депутаттары ЕКПА отырысына қатысты
Сенат депутаттары Рашит Акимов, Асқар Бейсенбаев және Али Бектаев Страсбургте Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының жыл сайынғы сессиясына қатысты, деп хабарлайды Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
Аймақтар • 04 Шілде, 2017
Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Бүгін Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жаңа бірінші орынбасарын таныстырды. Бұл қызметке облыстық мәслихаттың хатшысы қызметін атқарған Сағындық Лұқпанов тағайындалды. Ал бұрынғы бірінші орынбасар Ғұмар Дүйсембаев ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды.