Соңғы жаңалықтар
Әдебиет • 27 Наурыз, 2026
«Алтын ғибадатханада» күйреген сенім
Кейінгі жылдары елімізде адам жанын түршіктіретін қаншама шетін оқиғалар болды. Әлеуметтік желіні ақтарсаңыз болды, көпқабатты үйдің терезесінен сәбиін лақтырған ана, атасын тепкілеген бала, шешесінен безінген қыз хақында қаңғырған ақпараттарға кезігіп жаныңыз түршігеді.
Өнер • 27 Наурыз, 2026
Әйгілі актриса Фаина Раневская бір сөзінде: «Мен бәрінен де адамның бойындағы талантты жақсы көремін. Бірақ дарынсыздар да жетіп артылады. Мен «ойнау» деген сөзді түсінбеймін, тіпті мойындамаймын да. Балалар ойнасын, музыканттар ойнасын. Ал актер сахнада ғұмыр кешуі керек» деген еді. Бұл – актерлік өнерге қойылған ең қатал әрі ең әділ талаптардың бірі. Осы сөзді бүгінгі сахнамен салыстыра қарасақ, мәселе таланттың бар-жоғында емес, сол таланттың қандай тереңдікке жетіп жатқанында екені анық байқалады.
Әдебиет • 27 Наурыз, 2026
Сәулелі кеңістіктің секемшіл суреті
Желдей ескен әлеуметтік желіде не жоқ дейсіз. Баяғыда қалаға базаршылап кеткен үлкендер «адамның жанынан басқаның бәрі бар екен» деп келетін.
Тұлға • 27 Наурыз, 2026
Нөкерсіз жүрген, нөсерге төзген
Арна жағалағандағы арман Біз тұратын Тұздыбастау ауылын Үлкен Алматы арнасы қақ жарып өтеді. Ауылға кіре бергенде және шыға бергенде табаны мен екі жағы шегенделген, ал ауылдың ортасында төбесі тұтасымен жабылған. Бір көше үстімен созылып және бірнеше көше көлденең қиып өтеді. Қазақстандағы құрылыс инженериясының бір жетістігі осындай еді.
Су тасқыны • 27 Наурыз, 2026
Абай облысының Ақсуат, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті аудандары су тасқыны қаупі бар аймақтар қатарында. Облыс әкімі Берік Уәлидің Аягөзге жұмыс сапары барысында алдымен су басу қаупі бар жерлердің дайындығы пысықталды. Мәселен, Аягөз қаласындағы «Қуаныш» шағын ауданындағы көшелердің бірінде жерасты суының көтерілуі байқалған. Осыған орай аймақ басшысы тұрғындардың қауіпсіздігін бірінші орынға қоюды, су жиналуының алдын алу іс-шараларын күшейтуді тапсырды.
Әдебиет • 27 Наурыз, 2026
Әсілінде өлім ақиқат болғанымен, оны тіршілік иесі әрқилы қабылдаса керек. Тағдырдың таусылмас тауқыметке толы бұралаң жолы ақындардың да өзегін ащы өксіктей тілгілейтіні даусыз. Тіршілігінде қара өлеңнің қайнарынан қанып ішкен сөз зергерлері де өлеңге өлім күйін енгізіп, жүрегіне ауыр жүк артқанын олардың есті поэзиясынан аңғарамыз. Әрине, әркімнің тағдыры әрқилы ғой.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2026
Шетелдік туристерге арналған ойын бизнесі аймақтары Марқакөл мен Зайсан аудандарында құрылуы мүмкін дегенді естіген елдің пікірі сан-саққа жүгірген. Десе де, қазір бұл жоба мемлекеттік деңгейде талқыланып, казино тұрғызатын орындар қарастырылып жатыр. Ендігі сұрақ: құмар ойын-сауық орталығы ашылған жағдайда өңір экономикасына, жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайына тигізер әсері қалай болар екен?
Аймақтар • 27 Наурыз, 2026
Ақтөбе облысы биыл су тасқыны қаупі орташа деңгейдегі өңірдің қатарына енді. Оған қыста түскен қардың аздығы, жердегі тоңның жұқалығы сынды бірнеше себеп бар.
Ғалам ғажаптары • 27 Наурыз, 2026
Польшалық теңізші Кристина Хойновска-Лискевич – дүниежүзін кемемен жалғыз өзі айналып шыққан тұңғыш әйел. Ол бұл сапарын 1976 жылы бастап, екі жылға жуық уақыттан кейін мәресіне жетті.
Ғалам ғажаптары • 27 Наурыз, 2026
1903 жылы физика саласы бойынша Нобель сыйлығын иеленген Мария Кюри тарихтағы тұңғыш әйел лауреат атанды. Ол бұл марапатқа радиоактивтілік құбылысын зерттеуге қосқан зор үлесі үшін иеленді.
Қоғам • 27 Наурыз, 2026
Өңір Наурыз мерекесін айшықты әдемі нақышпен, тәрбиелі тағылыммен рухани мол қазынаны қайта жаңғыртып, маржанын сүзіп алып атап өтті. Соның ішінде ел назарын аударған елеулісінің бірі – «Көкшетау Энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұйымдастырған зияткерлік танымдық ойыны.
Ғалам ғажаптары • 27 Наурыз, 2026
«Компьютер» ұғымы қағаздағы идея болған XIX ғасырдың өзінде ағылшын математигі Ада Лавлейс тарихтағы алғашқы программист әйел атанды. Сол үшінде Халықаралық бағдарламаушылар күні Аданың туған күніне байланысты бекітілген.
Айтыс • 27 Наурыз, 2026
Түркістанда белгілі айтыскер ақын, «Құрмет» орденінің, «Алтын домбыра» жүлдесінің иегері, Түркістан қаласы мен Отырар ауданының құрметті азаматы Бекарыс Шойбековтің мерейтойына арналған «Айтыстың алтын айдар Бекарысы» атты «Наурыз» республикалық ақындар айтысы өтті.
Саясат • 27 Наурыз, 2026
Шымкентте өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысында интеграциялық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру мәселесі талқыланды. Тараптар сауда-экономикалық байланысты кеңейту, цифрлық технология мен жасанды интеллектіні енгізу арқылы ортақ нарықтың тиімділігін арттыруға басымдық берді.
Театр • 27 Наурыз, 2026
Жеті театрды жігерлендірген би
Биылғы Наурыз мейрамында Алматы театрлары «Қара жорға» биінің ырғағымен тоғысты. Алматының беткеұстар театрлары көктемнің келгенін әйгілейтін мереке қарсаңында бір үйдің баласындай «Қара жорға» биледі.
Пікір • 27 Наурыз, 2026
Елдің бас құжатының жалпыхалықтық референдумда қолдау табуы – саяси-құқықтық оқиға ғана емес, ұлттық дамудың парадигмалық бетбұрысын айқындайтын қоғамның ішкі сұранысы мен тарихи жауапкершілігінің тоғысқан тұсы.
Пікір • 27 Наурыз, 2026
Конституцияның жаңа редакциясын әзірлеу және оны бүкілхалықтық талқылау үдерісі, одан кейінгі реформа арқылы қабылдау елдің саяси және әлеуметтік өміріндегі маңызды кезеңге айналды. Бұл жұмыс Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі халыққа арнаған Жолдауында Парламентті реформалау туралы бастама көтеруінен бастау алды.
Пікір • 27 Наурыз, 2026
Еліміз әлеуметтік-саяси моделінің институционалдық трансформациясы кезеңіне аяқ басып келеді. Жаңа Конституция бұл мәтіннің ресми жаңартылуы емес, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара әрекеттесу ережелерін қайта қарау екенін көрсетеді. Ұсынылған нормалар жай ғана декларациялар емес, мемлекеттік басқару мен қоғамның қатысу қағидаттарын анықтайтын тиімді тетіктер болуы керек.
Қоғам • 27 Наурыз, 2026
Қамкөңіл жандар қамқорлықсыз қалмайды
Атырау облысында мүмкіндігі шектеулі 27 726 адам тіркелген. Оның ішінде бірінші топ санаты 2 984 адамға берілген. Екінші топта 10 010, үшінші топта 9 781 адам бар. Кәмелетке толмаса да 4 951 баланың мүмкіндігі шектеліп отыр.
Энергетика • 27 Наурыз, 2026
Көмір қуатын дамыту жөніндегі Ұлттық жоба
Энергетикалық теңгерімді сақтау мен жаңа технологияларды енгізу мәселесі – күн тәртібіндегі басым бағыттың бірі. Осы міндетті іске асыру мақсатында Үкімет көмір негізіндегі қуат көздерін жаңарту мен кеңейтуді қамтитын ұлттық жоба әзірледі. Бастама тұрақты энергиямен қамтуға қажетті алғышартты қалыптастыруды көздейді.
Саясат • 27 Наурыз, 2026
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Боао Азия форумының 25-конференциясына қатысып, елдің ашық экономика мен орнықты даму қағидаттарына бейілділігін растады.
Үкімет • 27 Наурыз, 2026
Алимент жүйесін реттейтін заң мақұлданды
Енді ТМД елдерінде балалардың алимент алу құқығын қорғау күшейтіледі. Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен палата отырысында осы мәселеге қатысты бірнеше халықаралық келісім ратификатталды.
Саясат • 26 Наурыз, 2026
Қазақстан Иран бойынша бейбіт келіссөздерді Түркістанда өткізуге дайын екенін айтты
Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 26 Наурыз, 2026
Найзағай, дауыл: Ертең елімізде дабылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 27 наурыз күні Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Наурыз, 2026
Ақтөбеде жүкті әйел мінген жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады
Ақтөбе қаласында жүкті әйелді алып келе жатқан жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 26 Наурыз, 2026
Екі дүркін әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды
Кубалық кәсіпқой боксшы, әуесқойлар арасында екі дүркін әлем чемпионы атанған Йоэнлис Эрнандес орта салмақтағы әлем чемпиондарымен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 26 Наурыз, 2026
Астанада кеміргіштерге қарсы көктемгі күрес науқаны басталды
Елордада Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы дератизациялық іс-шаралардың көктемгі кезеңін бастады. Өңдеу жұмысы жеке сектор мен ашық аумақтарды – саябақтарды, өзен аумағын, су айдындарын, каналдарды, зираттарды қамтиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 26 Наурыз, 2026
Қазақстандық оқушы Stanford университетінің грантын иеленді
Қазақстандық оқушы Алихан Сериков Stanford University университетіне Restrictive Early Action ерте іріктеу бағдарламасы бойынша толық қаржылық грантпен оқуға қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Наурыз, 2026
Алматыдағы жол-көлік оқиғасы бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды
Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың тапсырмасымен Алматы қаласында болған резонанстық жол-көлік оқиғасы алғашқы сәттен бастап ерекше бақылауға алынды. Сонымен қатар қазіргі уақытта қоғамда айтылып жатқан барлық уәждер тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Наурыз, 2026
Қазақстан құрамасы әлем чемпионы
Наурыз мейрамында Түркістан қаласындағы жаңа атшабардың ашылуына орай ұйымдастырылған көкпардан әлем чемпионатында командалар жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетіп, жанкүйерлерге тартысты әрі әсерлі ойын сыйлады, деп жазады Egemen.kz.