Балалар
Қаржы • 01 Қаңтар, 2024
2024 жылы Ұлттық қордан қанша бала төлем алады?
Қаржы министрлігі 2024 жылы қанша балаға білім беру немесе тұрмыс жағдайын жақсарту үшін Ұлттық қордан қаржы бөлінетінін есептеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2023
2023 жылы еліміз қандай әлеуметтік жетістіктерге жетті?
2023 жылы еліміздің әлеуметтік саласында бірнеше жағымды жаңалық болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Желтоқсан, 2023
1 қаңтардан бастап балалардың төлқұжаты екі есе арзандайды
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда балалардың төлқұжаты екі есе арзандайды. Бұл халықтың көші-қон саласындағы заңнаманы жетілдіруге байланысты қабылданған нормалар негізінде өзгерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 20 Желтоқсан, 2023
Ұлттық қордан балаға ақша түсу үшін ата-ана не істеу керек?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылдың 16 қараша күні Ұлттық қордан балаларға ақша төлеу туралы заңға қол қойды. Құжатта қаралған мәселе 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге аса бастайды. Яғни, Ұлттық қорға түскен инвестициялық табыстың 50 пайызы 18 жасқа толмаған балалардың есепшотына аударылып отырады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Желтоқсан, 2023
«9 қабаттан құлай жаздады». Учаскелік инспектор бірнеше баланы ажалдан құтқарып қалған
Астанада үздік учаскелік инспектор анықталды. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2023
Ұлттық қордан балаларға төлем қашаннан бастап беріледі?
Қаржы министрлігі Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті директоры Айбол Арғынғазинов БАҚ-пен кездесуде «Ұлттық қор - балаларға» жобасының іске асырылу барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2023
Депутат: Жұқпалы аурулардан балаларды қорғаудың тиімді жолы – екпе алу
Мәжілістің жалпы отырысында «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға жолдаған депутаттық сауалында екпе алудың қоғам үшін маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 30 Қараша, 2023
Фольклорымызды заманауи форматта көпшілікке жеткізу қажет – сенатор
Сенат депутаты Руслан Рүстемов жастардың бойына руханиятымыз бен салт-дәстүрімізге негізделген құндылықтарды сіңіру мәселесіне қатысты Үкімет басшысына сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 30 Қараша, 2023
Астанада дарынды балалардың әлеуетін дамытуда қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
Елордада мектепке дейінгі жастан бастап жалпы білім беретін мектептердің бітіруші сынып оқушыларына дейін жас дарындардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамытуға бағытталған балалармен жұмыс жүйесі жолға қойылған. Аталған жұмыстың қалай жүргізіліп жатқаны туралы коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Маржангүл Қайырбаева айтып бергенін қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлады.
Медицина • 23 Қараша, 2023
Балаңызда аурудың бұл белгілері байқалғанда дереу дәрігерге қаралу керек - педиатр
Қыстың ызғары сезіліп, күн суыта бастағанда балалар арасында тұмаудың өршитіні белгілі. Аурудың асқынуына ата-ананың дер кезінде сауатты ем-шара жүргізбеуі де әсер етеді. Бала ағзасын салқын температураға бейімдеу, суыққа қарсы иммунитет қалыптастыру маңызды. Қыс келсе баланы қабат-қабат киіммен қымтап, үйде қамап ұстау әдеті қанға сіңген. Бұл қаншалықты дұрыс? Баланың тұмауға қарсы қалқанын дайындауда берілетін базалық дәрумендер жиынтығы қандай? Бала ағзасын қыста өршитін ауруларға қарсы қоюда ата-ана ескеретін алғашқы жаднамаларды жалпы тәжірибелік дәрігер, педиатр-массажист, «Дәрігер - АНА» кітабының авторы, онлайн арқылы мыңдаған анаға ой салып жүрген кәсіби маман Әзиза Әбдірасілқызынан сұрап білдік.
Балалар • 20 Қараша, 2023
Бүгін - Дүниежүзілік балалар күні
Жыл сайын 20 қараша күні барша әлем Дүниежүзілік балалар күнін атап өтеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1954 жылы әлем елдеріне бейбіт бауырластық күні ретінде, сондай-ақ бүтін әлемдегі балалардың есен-саулығы мен олардың өзара түсіністігін қамтамасыз ету үшін Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеуді ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Балалар • 20 Қараша, 2023
Елімізде 1 млн 700 мыңнан астам бала мектепте тегін тамақтанады
БҰҰ Бас Ассамблеясының ұсынысы бойынша Дүниежүзілік балаларды қорғау күні 20 қарашада жыл сайын аталып өтіледі. Осы орайда Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Дүниежүзілік балалар күні: Өмірім балаларға арналады» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан елімізде балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ОҚК сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 16 Қараша, 2023
20 миллионыншы балаларға тұрғын үй сертификаттары беріледі
Отбасы банк еліміздің бірнеше өңірінде дүниеге келген «20 миллионыншы тұрғын» атанған балаларға 2 000 000 теңгелік сыйлық сертификаттарын сыйлады. Мұндай қуанышты жаңалықты Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова хабарлады. Қаржы құрылымының жетекшісі бұл бүлдіршіндердің болашағына қосқан өз үлесіміз деп атап өтті.
Президент • 16 Қараша, 2023
«Ұлттық қор – балаларға»: Мемлекет басшысы заңға қол қойды
Бұл туралы Ақорданың ресми телеграм арнасы жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Қараша, 2023
Балалар ойнап жүріп алтын қазынаны тауып алғанын білмеген
Сабақтан келе жатқан ауыл балалары көне әшекейлер қазынасын тауып алған. Олар оның бағалы жәдігер екенін білмей, қалтасына басып кете барған.
Аймақтар • 03 Қараша, 2023
«Ішінде 14 бала болған». Оқушылар автобусы түгі қалмай өртеніп кетті
Арқалық – Торғай автокөлік жолында мектеп оқушылары мінген «Газель» автокөлігі жанып кетті. Абырой болғанда, балалардың бәрі дін аман. Көлік түтіндей бастағанда-ақ жүргізуші мен мұғалім шәкірттерді түгелдей сыртқа шығарып үлгерген.
Балалар • 24 Қазан, 2023
Бүлдіршіндердің сөйлеу қабілетін дамытатын арнайы кабинеттер ашылды
Павлодар қаласының балабақшасында сөйлеу қабілетін дамытуға арналған арнайы кабинеттер ашылды. Енді балақайлар замануи интерактивті тақталар мен бизибордтаржы пайдалана алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 17 Қазан, 2023
Үкіметте тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесі қаралды
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесі қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 28 Қыркүйек, 2023
Елордада 15 оқушылар сарайы ашылады
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында елордада 2029 жылға дейін 15 Оқушылар сарайының құрылысы жоспарланған. Алдағы екі жылда 5 заманауи Оқушылар сарайы іске қосылады. Бұл туралы Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Есет Байкен мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Балалар • 21 Қыркүйек, 2023
Мектептегі орта білім берудің маңыздылығы жоғары. Сондай-ақ көптеген отбасылар үшін балаларға рухани тәрбие беріп, оларды деструктивті діни ағымдардың ықпалынан қорғаудың да маңызы төмен емес. Рухани тәрбие - әр адамды тәрбиелеу процесінің маңызды құрамдас бөлігі. Олардың лайықты азамат болып өсуі үшін нені ескеруіміз керек? Егер балаңыз дінге қызығушылық танытқан жағдайда ата-ана тарапынан қандай кеңестер айтылған жөн? Талқылап көрелік.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2023
1 қаңтардан бастап балаларға Ұлттық қордан қаражат төленеді
Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап балаларға Ұлттық қордан қаражат төленеді. Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы жинақ шоттарына аударылады, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Балалар • 11 Қыркүйек, 2023
Елімізде BalaQorgau бірыңғай байланыс орталығы ашылады
Қазақстанда 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету бойынша жаңа шаралар жүзеге асырылады. ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Қыркүйек, 2023
Балаларға арналған «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі енгізіледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бес жастан асқан балаларға арналған «Келешек» атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 01 Қыркүйек, 2023
Президент балаларға жасалған зорлық-зомбылықтың жазасын күшейтуді талап етті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, адал азамат және тұғырлы тұлға болудың негізі бала кезден қалыптасады. Сондықтан жас ұрпақтың Қазақстанда қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруі барынша қамтамасыз етілуі тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 25 Тамыз, 2023
Мектептердің 90%-ы ішкі істер жедел басқару орталықтарына қосылған
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Тамыз, 2023
Жаңа жоба көптің көңілінен шықты
Шығыс Қазақстан облысының оқушыларына қазақ тілін үйрету мақсатында қолға алынған «Қонақжай отбасы» жобасын келесі жылы да жалғастыру көзделіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 17 Тамыз, 2023
Елімізде «Зорлық-зомбылыққа қарсы 30 күн» акциясы өткізіледі
Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Түркістанда өткен балаларға қатысты зорлық-зомбылық тақырыбындағы дөңгелек үстелде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Тамыз, 2023
Жаңа оқу жылы басталғанға дейін 52 мектеп ашылады
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өңірлердің жаңа оқу жылына дайындығы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 10 Тамыз, 2023
150 орындық лагерь бір маусымда 300 балаға қызмет көрсеткен
Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова балаларға арналған жазғы лагерьлерді жоспардан тыс тексеру барысы мен алғашқы нәтижелер жайлы ақпарат берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 10 Тамыз, 2023
Алматы оқушылары 100 жайлы автобуспен жүреді
Алматыда мектепке жетуі қиын оқушыларды тасымалдау үшін 100 мектеп автобусы сатып алынды. «Мектеп автобусы» жобасы қала әкімі Ерболат Досаевтың бастамасымен Алматыда алғаш рет жүзеге асырылып отыр. Жоба мектептен шалғайда тұратын кішкентай оқушыларға арналған, деп хабарлайды Egemen.kz.