Сенат
Сенат • 27 Наурыз, 2024
Сенаторлар «жасыл» инвестицияны ынталандыру мәселесін талқылады
Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Экология және табиғи ресурстар министрлігінің басшылығымен кездесті. Мемлекеттің «жасыл» инвестицияны тартуды көтермелеу мен ынталандыру және ең үздік қолжетімді техниканы кеңінен қолдану шеңберінде ҚР-ның Экологиялық кодексін іске асыру – күн тәртібіндегі басты мәселе болды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 27 Наурыз, 2024
Сенаторлар ЕҰУ ғалымдарының қызметімен танысты
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары «Отандық ғылымды дамыту және ғылыми-техникалық прогресс» тақырыбына арналған дөңгелек үстелге дайындық аясында ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің жұмысымен танысу мақсатында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде болды, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 26 Наурыз, 2024
Сенат заңгерлік білім беруді дамыту мәселесіне ерекше назар аударады - сенатор
Сенатта Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен бірлесе отырып құқықтық білім берудің сапасын арттыру және одан әрі дамыту мәселелеріне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 26 Наурыз, 2024
Мәулен Әшімбаев АҚШ Конгресі сенаторымен кездесті
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев АҚШ Конгресінің сенаторы Стив Дэйнспен кездесті. Тараптар екіжақты парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Кездесу барысында Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасын дамытуда жоғары деңгейдегі мемлекетаралық тұрақты саяси диалогтың ықпалы зор екені айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 24 Наурыз, 2024
Сенат Төрағасы Ресейдің Қазақстандағы елшісіне көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігіне барды, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 20 Наурыз, 2024
Шахматтан «Senat Open» республикалық турнирі өтеді
Мәулен Әшімбаев Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Александр Бабенкомен кездесіп, елімізде шахматты дамыту және халықаралық сайыс өткізу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 19 Наурыз, 2024
Сенат Төрағасы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығына барды
Наурызнама онкүндігі аясында Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ депутат елордадағы мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығы қызметкерлерімен және емделушілерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Наурыз, 2024
Талғат Жүнісов: Құрылтай оң серпін береді
Ел Президентінің бастамасымен бірінші Құрылтай қасиетті Ұлытау жерінде өткізілді. Ұлытау - ежелгі тарихқа өте бай жер. Қазақ жерінің кіндік ортасы болған осынау қасиетті мекенде қазақ хандарын хандық билікке отырғызып, ұлықтау рәсімі өтетін болған. Бірінші Құрылтайда көтерілген өзекті мәселелер мен ұсыныстар ақырындап қоғамымызда жүзеге аса бастады.
Қазақстан • 18 Наурыз, 2024
ҚР Сенаты депутаттары Ресейдегі президент сайлауының мониторингіне қатысты
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Жақып Асанов, Андрей Лукин, Сергей Ершов, Жанна Асанова, Руслан Рүстемовтер Ресей Федерациясындағы президент сайлауына байқаушы ретінде қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 18 Наурыз, 2024
Сенат отырысының күн тәртібі бекітілді
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата Бюросының отырысында депутаттар алдағы іс-шараларды талқылады және 28 наурыз күні болатын Сенат отырысының күн тәртібін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Наурыз, 2024
Әсем Рахметова: Сырт көздің сынындамыз!
Бүгін Атырау қаласында Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтті. Әз Наурыз қарсаңындағы бұл жиынның Жайық жағасында, тарихта хан ордасы атанған Сарайшық қаласы жанында ұйымдастырылуы да бекер емес. Ұлттық құрылтай қоғамдағы айтылып жүрген мәселелер қаралатын, қарапайым халық көтеріп жатқан жайттар ортаға салынатын орта. Бұл елдігіміз бен егемендігімізді, бірлігіміз бен берекемізді бекемдейтін мәселелер көтерілер жер.
Қоғам • 15 Наурыз, 2024
Дархан Қыдырәлі: Кез-келген азамат өзін жайлы һәм қауіпсіз сезінуі тиіс
Парламент Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы туралы Instagram әлеуметтік желісінде пікірін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Наурыз, 2024
Мәулен Әшімбаев: Ұлттық идеологияның жаңа бағдары
Бүгін Атырау қаласында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтті. Дәстүрге айналған келелі кеңестің кезекті жиынында идеология саласында жүргізілетін кешенді жұмыстың нақты бағыт-бағдары айқындалды. Бұл қазіргідей жаһандану кезеңінде тарихи тамырдан ажырамай, ұлттың өзіндік келбетін сақтау қалу үшін аса маңызды қадам екені анық.
Сенат • 15 Наурыз, 2024
Ғалиасқар Сарыбаев: Нақты жауап деп білемін
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында көтерген мәселелерінің бірі идеология мәселесі болды.
Қоғам • 15 Наурыз, 2024
Әз-Наурыздың мазмұнын байытамыз – Закиржан Кузиев
Сенат депутаты Закиржан Кузиев Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы туралы Facebook әлеуметтік желісінде пікірін білдірді.
Сенат • 14 Наурыз, 2024
Сенаторлар әскери қызмет жағдайын жақсарту мәселесін талқылады
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары «Аналар жүрегі» сарбаздар аналары комитеті» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесті. Кездесуге қатысушылар әскери қызмет жағдайын одан әрі жақсарту мәселесін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 14 Наурыз, 2024
Сенат Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі заңды Мәжіліске қайтарды
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар күн тәртібіне шығарылған заңдарды қарады және депутаттық сауалдарын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 14 Наурыз, 2024
Миллиардтаған теңгеге салынған қоқыс өңдеу зауыттары жұмыс істемейді - сенатор
Елімізде жыл сайын шамамен 4,5 млн тонна коммуналдық қалдық пайда болады. Өткен жылы елімізде 5,5 мыңнан астам заңсыз полигон бар екені белгілі болды. Сенатор Закиржан Кузиевтің айтуынша, қазір қоқыс мәселесімен күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар тиісті нәтиже бермей келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 13 Наурыз, 2024
Сенаторлар ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу мәселесін талқылады
Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда «Агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін арттыру, импортты алмастыру жағдайында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мәселелері» атты Үкімет сағатының қорытындысы бойынша қабылданған ұсынымдардың іске асырылуы туралы» тақырыбы талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 13 Наурыз, 2024
Сенатта халықты медициналық көмекпен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті депутаттары тарапынан «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң кеңейтілген отырыста талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 08 Наурыз, 2024
Мәулен Әшімбаев: Аналарымыздың ақ тілегі жарқын күндерге жетелейді
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев нәзік жандыларды құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 07 Наурыз, 2024
Қазақстанда мектеп психологтарының мәртебесін көтеру ұсынылды
Сенатор Ғалиасқар Сарыбаев мектеп психологтарының мәртебесін көтеру мәселесін көтеріп, Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 07 Наурыз, 2024
Қазақстанның экологиялық тиімділік көрсеткіші әлсіреді – сенатор
Елдегі өзекті экологиялық мәселелерді қозғаған сенатор Советбек Медебаев Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, ауаның, судың, топырақтың шамадан тыс ластану проблемаларын назарға алуды сұрады. Оның айтуынша, Қазақстан кейінгі жылдары 180 елдің арасында экологиялық тиімділік рейтингінде 93-інші орынға түсіп, Намибия, Габон, Зимбабве сияқты елдердің де артында қалған, ал жасыл желекке бөленген елдер рейтингісі бойынша 78 елдің ішінде 72-нші орында тұр. Бұл туралы Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сенат • 07 Наурыз, 2024
Ғылыми диссертацияларды бағалау шарттары өзгеруі мүмкін
Сенатор Қайрат Тастекеев өзінің депутаттық сауалын вице-премьер Тамара Дүйсеноваға жолдап, PhD диссертациясын қорғау барысында докторанттардың тап болатын мәселелері туралы айтты. Докторанттардың көбі халықаралық Scopus дерекқорында мақаласы жарияланған кезде қиындыққа тап болады. Бұл олардың диссертациясын қорғауды қиындатады. Соның кесірінен 2011 жылдан 2022 жылға дейін 10 276 докторанттың 4 497-сі ғана қорғай алған. Олардың көбі халықаралық ғылыми басылымдарда мақаласының болмауына байланысты қорғауға жете алмаған, докторанттардың 93,5%-ы мемлекет есебінен оқыған, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 07 Наурыз, 2024
Сенаторлар трансферттік баға белгілеу мәселелері туралы заңды мақұлдады
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Отырыс барысында сенаторлар «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екі оқылымда қарап, мақұлдады. Бұл заң Қазақстанның негізгі экспорттық позицияларының баға белгілеуіне бақылауды күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 06 Наурыз, 2024
Мәслихаттардың қоғамдық-саяси маңызы артып келеді
Бүгін Сенатта еліміздегі мәслихаттардың 30 жылдығына арналған халықаралық конференцияға дайындық барысы талқыланды. Өңірлерді дамыту және мемлекеттің өңірлік саясатын тиімді іске асыру - Сенат жұмысындағы негізгі бағыттардың бірі. Өз сөзінде Палата Спикері Мәулен Әшімбаев Парламент соңғы жылдарда өңірлердегі проблемаларды шешуге арналған ондаған заң қабылдағанын тілге тиек етті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 05 Наурыз, 2024
Мәулен Әшімбаев Моңғолияның Қазақстандағы Елшісімен кездесті
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Моңғолияның Қазақстандағы Елшісі Дорж Баярхуумен кездесті. Сұхбат барысында тараптар парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және екі ел арасындағы серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 04 Наурыз, 2024
Бибігүл Жексенбай ТүркПА комиссиясының отырысына қатысты
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының Құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының 11-ші отырысына қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 04 Наурыз, 2024
Трансферттік баға белгілеу туралы заңға түзету енгізу мәселесі қаралды
Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 02 Наурыз, 2024
Талдау мектебінің үшінші кезеңі аяқталды
Талдау мектебінің үшінші кезеңі аяқталды. Осыған байланысты қатысушылар жұмыстарын қорытындылап, Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге арналған 13 баяндаманы көпшілікке таныстырды, деп жазады Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.