ет
Қоғам • 08 Қаңтар, 2026
82 млн теңге: Ақмолада жер телімі мемлекетке қайтарылды
Ақмола облысы прокуратурасы қабылдаған шаралар арқылы құны 82 млн теңгені құрайтын жер телімі мемлекетке қайтарылды. Кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 08 Қаңтар, 2026
Биыл медицина қызметкерлерінің еңбекақысы өседі
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі ем алушыға бағдарланған, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған саланы жаңғырту және дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 07 Қаңтар, 2026
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Синоптиктердің мәліметінше, 8 қаңтар күні Қазақстанның 15 облысында және Астана қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 07 Қаңтар, 2026
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
8-10 қаңтар аралығында елдің көп бөлігі кең антициклон ықпалында болады, оның әсерінен көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Қаңтар, 2026
Кейбір азаматтардың зейнет жасы төмендеуі мүмкін
Қазақстанда кейбір азаматтарға зейнет жасын төмендету мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің қорытындысы бойынша хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Экспорт • 07 Қаңтар, 2026
Қазақстан сиыр етін сыртқа шығаруды қатаң квотамен шектейді
Ауыл шаруашылығы министрлігі ірі қара мал етін экспорттауға қатысты жаңа шектеу тәртібін түсіндірді. 2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап Қазақстан аумағынан сиыр етін үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттеріне шығаруға квота жүйесі енгізілді. Бұл талап 2026 жылғы 30 маусымға дейін күшінде болады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2026
Бауыржан Момышұлының туыстарына Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін тапсырылды
2025 жылдың соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапары кезінде аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешімін жариялап, тиісті Жарлыққа қол қойған болатын, деп хабарлайды Ақорда.
Әлем • 06 Қаңтар, 2026
БАҚ: Иранның рухани жетекшісі Мәскеуге қашуды жоспарлап отыр
Иранда экономикалық дағдарыс пен инфляция салдарынан туындаған қақтығыс басылмай тұр. The Times газеті елдегі қақтығыс күшейе түссе Иранның жоғарғы рухани және саяси жетекшісі Әли Хаменеи «Б» жоспарын әзірлеп жатыр деп мәлімдеді. Басылым дерегінше, наразылықты басу әрекеті сәтсіз болса Әли Хаменеи елден кетпек, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 06 Қаңтар, 2026
Алматыда қанша шетелдік студент білім алып жүр?
Алматының 35 жоғары оқу орнында 236,1 мың студент оқиды. Студенттердің елеулі бөлігі еліміздің өзге өңірлерінен келгендер және шетелдік азаматтар. Бұл туралы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2026
Ел азаматтары сапалы интернетпен қашан толық қамтылады?
Алдағы екі жылда 3 мыңнан астам ауылға талшықты-оптикалық байланыс желілері қосылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2026
Пойыздар мен ұшақтарда Starlink деңгейіндегі интернет пайда болады
2026 жылы «Қазақстан темір жолы» пойыздары мен «Air Astana» әуе кемелерінде жолаушылар үшін спутниктік интернет іске қосылады. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 06 Қаңтар, 2026
Биыл 1900 елді мекенге жоғары жылдамдықты интернет қосылады
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов экономиканың барлық саласына заманауи технологияларды енгізу мәселесін талқылады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2026 жыл «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» болып жарияланды. Бұл бағыт Үкімет жұмысының негізгі басымдығына айналмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 06 Қаңтар, 2026
2026 жылы әлеуметтік-еңбек саласына бюджеттен қанша қаржы бөлінді?
Биыл әлеуметтік-еңбек саласына республикалық бюджеттен 6 трлн 833 млрд теңге қаржы бөлу көзделген. Бұл сома 2025 жылғы шығыстардан 15,1%-ға, яғни 897,7 млрд теңгеге артық, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2026
Полиция: Маңғыстауда 362 нөміріне қатысты дүрбелең жоқ
Әлеуметтік желілерде Ақтауда жүргізушілер 362 нөмірлі мемлекеттік тіркеу нөмірін жаппай алуға тырысып жатыр деген ақпарат тарады. Алайда Маңғыстау облысының полиция департаменті бұл мәліметті жоққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 05 Қаңтар, 2026
Астана мен еліміздің 16 өңірінде дауыл соғады
Астанада және Қазақстанның 16 облысында 6 қаңтарда дауыл болатыны туралы ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2026
Министрлік интернеттегі ақауға байланысты пікір білдірді
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жекелеген пайдаланушылар тарапынан интернеттің ұстамай қалуы бойынша қиындықтардың жүйелі сипатта болмағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2026
Интернет-алаяқтық тыйылмай тұр: «Құпия Санта» ойын ба әлде тұзақ па?
2025 жылы интернет арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстар саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қаржылық сауат артып келе жатқанымен, қылмыскерлердің айла-тәсілі күрделеніп, келтірілген шығын көлемі миллиардтаған теңгеге ұласты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 05 Қаңтар, 2026
1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдер мен салық жүйесі өзгерді
Жаңа жылдан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш, ең төменгі зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылар ұлғаяды. Сонымен қатар қосылған құн салығының мөлшерлемесі өзгеріп, бірқатар салықтық жеңілдік қарастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 05 Қаңтар, 2026
Мемлекеттік құпияны жария еткен түзеу мекемесінің бастығына сот үкімі шықты
Лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, мемлекеттік құпия мәліметтерді жария еткен Павлодардағы №45 түзеу мекемесінің бұрынғы басшысына қатысты үкім шықты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 05 Қаңтар, 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жол-көлік оқиғаларына қатысты ахуалдың біртіндеп жақсарып келе жатқанын айтты. Мемлекет басшысының сөзінше, қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде жол апаттарынан болған адам өлімі 9,4%-ға төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2026
Ел тұрғындарына зейнетақысын мұрагеріне аудару мүмкіндігі беріледі
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі зейнетақы аннуитеттеріне қатысты заңнамаға өзгерістер дайындады. Жаңа ережелер Конституциялық Соттың ұсынымдарын ескеріп, азаматтарға зейнетақы жинақтарын басқару бойынша жеңілдіктер береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 05 Қаңтар, 2026
Елімізде зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері көбейді
1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық және ынтымақты зейнетақылардың мөлшері Ұлттық Банк айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 10%-ға артты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 05 Қаңтар, 2026
Тоқаев: Жеке абыройымды ойласам, мен де бұл жұмысты келесі басшылыққа ысыра салар едім
Мемлекет басшысы «Turkistan» газетіне берген сұхбатта энергетикалық және коммуналдық сектордағы ауқымды реформалардың мәні мен маңызын түсіндіріп, тариф саясатын өзгерту әлеуметтік әділдікке бастайтынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Қаңтар, 2026
Тоқаев: Газет-журналдар қайта өрлеу дәуірінің бастауында тұр
«Turkistan» газетінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басылымның бас редакторы Бауыржан Бабажанұлына берген кең көлемді сұхбаты жарық көрді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 04 Қаңтар, 2026
5 қаңтарда Қазақстанда қар жауып, көктайғақ болады
«Қазгидромет» синоптиктері елдің басым бөлігінде циклон мен атмосфералық фронттардың әсері жалғасатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 04 Қаңтар, 2026
Иранда жаппай наразылықтарға байланысты интернетке шектеу қойылды
Иран билігі елде басталған жаппай үкіметке қарсы наразылықтарға жауап ретінде интернетке қолжетімділікті шектеді. Наразылықтарға экономикалық дағдарыс пен жоғары инфляция себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 04 Қаңтар, 2026
2026 жылы Қазақстанда 11 мың шақырымнан астам жол салынады
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде елімізде өңірлер арасындағы көлік байланысын нығайтуға, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған автожол инфрақұрылымын жүйелі дамыту жұмыстары жалғасуда. 2026 жылға арналған жоспарлар туралы Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 04 Қаңтар, 2026
Астанада мәдениет қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия тапсырылды
Әдебиет пен өнер саласындағы Президенттік стипендия отандық мәдениетті дамытуға елеулі үлес қосқан тұлғаларға беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 03 Қаңтар, 2026
Синоптиктер 4 қаңтарға ауа райы болжамын ұсынды
Синоптиктер 4 қаңтар күні ел аумағындағы табиғат құбылыстарына қатысты ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 03 Қаңтар, 2026
Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ-дағы қызметін ресми түрде аяқтады
Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы бас хатшысы лауазымындағы қызметін ресми түрде аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.