Маңғыстау
Аймақтар • 08 Шілде, 2022
Маңғыстауда 28 білім беру ұйымы аттестациядан өтпей қалды
Маңғыстау облысында жыл басынан бері жүргізілген мемлекеттік аттестацияның бірінші кезеңінен 28 білім беру ұйымы өтпей қалды. Бұл туралы облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Есболат Өмірзақ айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 29 Маусым, 2022
Мамандар итбалықтардың қырылу себебін анықтай алмады
Жыл басынан бері Каспий теңізінің жағалауынан 219 итбалықтың өлексесі табылды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі итбалықтардың ұшасы табылған жерлерден тексеру нәтижелері алынғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Маусым, 2022
Маңғыстау облысында үш бірдей ауылды құм басты
Маңғыстау облысында үш ауылдың тұрғындары құмның құрсауынан шыға алмай отыр. Кіреберіс жолдар, тіпті, кейбір баспаналар мен мал қоралар көміліп қалған. Ал құзырлы мемлекеттік мекеме бес жылдан бері дайын жобаны іске асырмай келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.
Экология • 21 Маусым, 2022
Маңғыстау облысында 160-қа жуық суқұзғынның өлексесі табылды
Маңғыстау облысы Форт-Шевченко ауданында 160-қа жуық суқұзғынның өлексесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 20 Маусым, 2022
Маңғыстауда БН-350 реакторлық қондырғысы қолданыстан шығарылады
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында Маңғыстау атом-энергетикалық комбинатының БН-350 реакторлық қондырғысын пайдаланудан шығару жобасы әзірленгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Маусым, 2022
Маңғыстаудағы кәсіпорындардың бірінде өрт шықты
Маңғыстау облысындағы кәсіпорындардың бірінде өрт шығып, бір жұмысшы қаза болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Маусым, 2022
Ақтауда баласын өлтіріп алған ана 8 жылға сотталды
Ақтау қалалық соты қызын ұрып-соғып, абайсызда өлтіріп алған әйелге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 12 Маусым, 2022
Маңғыстауда шенеунік 8 жылдан кейін бұрынғы қызметіне тағайындалды
Маңғыстау облысында Қарасай Абыханов Мұнайлы ауданының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Ол бұл қызметті сегіз жыл бұрын атқарған еді, деп хабарлайды Egemen.kz «Лада» сайтына сілтеме жасап.
Тағайындау • 10 Маусым, 2022
Ұлықбек Тналиев Маңғыстау облысы әкімінің жаңа орынбасары болып тағайындалды
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген облыс әкімінің орынбасарын таныстырды. Ұлықбек Тналиев бұған дейін ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінде департамент директоры қызметін атқарған деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қыметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 09 Маусым, 2022
Маңғыстауда 1 тоннадан астам балық аулаған браконьерлер ұсталды
Маңғыстауда «Бекіре-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 1 тоннадан астам бекіре тұқымдас балық аулаған браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 09 Маусым, 2022
Маңғыстауда 2 мыңға жуық шетел азаматы көші-қон заңнамасын бұзған
Маңғыстау облысында көші-қон заңнамасын бұзған екі мыңға жуық шетелдік анықталды. Биыл 5 айда 138 шетелдік ел аумағынан шығарылған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 07 Маусым, 2022
18 жастағы студент Каспий теңізіне батып кеткен
Маңғыстау облысында 18 жасар жас жігіт суға батты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 07 Маусым, 2022
Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Бекбол Орынбасаров Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 05 Маусым, 2022
Маңғыстау облысында жас жұбайлар дауыс берді
Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы Құрық ауылында орналасқан №147 референдум учаскесіне келін келді, деп хабарлайды Egemen.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Референдум • 05 Маусым, 2022
Маңғыстауда тергеу изоляторындағылар дауыс берді
Маңғыстау тергеу изоляторында Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша дауыс беру өтті, деп жазады Egemen.kz
Референдум • 05 Маусым, 2022
Маңғыстау облысында ғасыр жасаған әже дауыс берді
Бейнеу ауданында ғасыр жасаған әже бүкілхалықтық референдумға қатысып, жастарға батасын берді, деп хабарлайды Egemen.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Референдум • 05 Маусым, 2022
Ақтаулық үшемдер референдумға қатысты
Ақтаулық Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс есімді үшемдер республикалық референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Референдум • 05 Маусым, 2022
Маңғыстау облысында инватакси тегін қызмет көрсетіп жатыр
Маңғыстау облысында 5 маусым күні 11 әлеуметтік такси қызмет көрсетеді. Мұндай қызметті мүмкіндігі шектеулі облыс тұрғындары пайдалана алады, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Референдум • 05 Маусым, 2022
Маңғыстау облысында 230-дан астам референдум учаскесі ашылды
Барлық учаске таңертең 7:00-де ҚР Мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Аймақ тұрғындары ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумға 20:00-ге дейін қатыса алады. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Маусым, 2022
Маңғыстауда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық конференция өтті
Бүгін, 3 маусым күні Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында Қазақстанның ірі кәсіпорындары мен халықаралық ұйымдары Маңғыстау облысында өндіріс орындарынан шығатын көміртегі мөлшерін азайту жолдарын талқылады деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 04 Маусым, 2022
Маңғыстау облысында 19 жастағы сарбаз өз-өзіне қол жұмсады
4 маусымда Маңғыстау облысы бойынша Шекара қызметі департаментінде мерзімді қызмет әскери қызметшісі өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Egemen.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 02 Маусым, 2022
Ғалымжан Ниязовты үйқамақта ұстау мерзімі ұзартылды
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовты үйқамақта ұстау мерзімі 24 маусымға дейін ұзарды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінің өкілі айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 01 Маусым, 2022
Маңғыстау облысында пара алған шенеунік сотталды
Ақтау қалалық сотының үкімімен облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының бұрынғы орынбасарына ірі айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2022
Маңғыстауда пара алған шенеунік сотталды
Маңғыстау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экология • 28 Мамыр, 2022
Каспий жағалауында тағы бір итбалықтың өлексесі табылды
Каспий жағалауында итбалықтың өлексесінің видеосын куәгерлер видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Мамыр, 2022
232 маңғыстаулық көлік жүргізуші куәлігінен айырылды
Маңғыстау облысында жыл басынан бері 232 адам көлік жүргізу құқығынан айырылып, әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы аймақ басшысының төрағалығымен өткен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 26 Мамыр, 2022
Маңғыстаулық түлектер әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Жас түлектер автокөліктермен шерулер ұйымдастырып, жол-қозғалысы ережелерін бұзғаны жөнінде әлеуметтік желілерге әртүрлі сипаттағы бейнероликтер жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Мамыр, 2022
Маңғыстаулық дәрігерлер темір жұтып қойған науқасқа тіліксіз ота жасады
Маңғыстау облыстық ауруханасында эндоскопист-дәрігерлер темір жұтып қойған науқасқа тіліксіз ота жасады, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 25 Мамыр, 2022
Ақпанда қамауға алынған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне қайта оралды
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов қызметтік міндеттерін атқаруға қайта кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 23 Мамыр, 2022
Маңғыстау облысының Бас архитекторы тағайындалды
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың өкімімен Дәурен Өтепқали Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.