П
Тағзым • 02 Ақпан, 2024
Халық геологы Қосым Пішенбаев туралы кітап жарық көрді
Екібастұз қаласында әйгілі халық геологы, кен білгірі Қосым Пішенбаевтың 180 жылдығына арналған «Қосымның тағдыры» кітабының тұсауы кесілді. Повесть авторы – баянауылдық өлкетанушы Александр Черкашин.
Алматы • 02 Ақпан, 2024
Премьер-министр ЕАЭО-да инновациялық идеялармен алмасу алаңын құруды ұсынды
Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов «Цифрлық Алматы-2024» бағдарламасы аясында ЕАЭО-да технологиялық шешімдер, патенттер және инновациялық идеялар алмасу үшін цифрлық платформа құруды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Ақпан, 2024
Президент Жоғары аудиторлық палата төрағасына бірқатар тапсырма берді
Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунованы қабылдады. Мемлекет басшысына Жоғары аудиторлық палатаның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 02 Ақпан, 2024
Синоптиктер алдағы үш күнге, 3-5 ақпан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 02 Ақпан, 2024
Адамның өмірлік процестерінің цифрлық трансформациясының куәсі болып отырмыз
Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының екінші күні Премьер-министр Әлихан Смайыловтың құттықтау лебізімен ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 02 Ақпан, 2024
Sergek Индонезияда пилоттық жобаны бастады
Индонезияда Нусантара қаласының әкімшілігі мен «ақылды» қалаларды құрастыру саласындағы отандық IT көшбасшы Sergek Group компаниясы бірігіп жасаған пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл туралы компания өкілдері Digital Almaty халықаралық цифрлық форумында мәлімдеді. Қазақстан мамандары көлік қозғалысын талдау және болжау бойынша интеллектуалды көлік жүйесін, сондай-ақ экология және жол қауіпсіздігі саласындағы шешімдерді экспорттайтын болады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Ақпан, 2024
Президентке Жоғары сот кеңесінің 2023 жылы атқарған қызметі баяндалды
Президент Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады. Мемлекет басшысына Жоғары сот кеңесінің 2023 жылы атқарған қызметінің қорытындысы, еліміздегі судьялар корпусының қазіргі жай-күйі және алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 02 Ақпан, 2024
Әлем кубогінің екінші кезеңі: Параспортшы қола жүлдегер атанды
Италияның Мартель қаласында пара шаңғы мен пара биатлоннан өтіп жатқан әлем кубогінің екінші кезеңінде Қазақстан спортшысы биатлоннан қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Ақпан, 2024
Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл тағайындалды
Президент өкімі бойынша аталған лауазымға тағайындау туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Ақпан, 2024
Газет-журналдар шынайы ақпараттың және сапалы сараптаманың қайнар көзі болып қала береді – Президент
Ақорданың баспасөз қызметі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық басылым күнімен құттықтауын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 02 Ақпан, 2024
Абат Айымбетов ресми түрде түркиялық клубқа ауысты
Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Астана» футбол клубының шабуылшысы Абат Айымбетов мансабын Түркия чемпионатында жалғастырады. Ол енді «Адана Демирспор» футбол клубында өнер көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Ақпан, 2024
Бүгін – Ұлттық басылым күні. 1913 жылдың 2 ақпанында Орынбор қаласынан «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көріп, оқушы қауымға жол тартты. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ұлттық басылым күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 02 Ақпан, 2024
Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру қашан басталатыны белгілі болды
Президент әскери қызмет туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Ақпан, 2024
Михаил Мишустин Алматыға келді
Ресей премьер-министрі Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысады, сонымен қатар Digital Almaty 2024 халықаралық цифрлық форумының пленарлық отырысында сөз сөйлейді, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 01 Ақпан, 2024
Құрылысқа мемлекеттік бақылауды күшейту қажет – сенатор
Құрылыс саласындағы заңсыздық күш алып барады. Соңғы 3 жылда 45 қылмыстық іс қозғалған және 4700-ден астам үлескер зардап шегіп отыр. Сенатор Геннадий Шиповских өзінің депутаттық сауалында құрылыс ұйымдарымен жасалған шарттардың орындалмауы мен шағымдар туралы деректерді ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Ақпан, 2024
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі ұзартылды
ҚР Оқу-ағарту министрлігі ата-аналардың өтініші бойынша білім беру ұйымдарына қабылдау қағидаларына өзгеріс енгізілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Теннис • 01 Ақпан, 2024
«Ұялшақ адаммын»: Елена Рыбакина кортта эмоциясын жасыратынын мойындады
Әлемнің бесінші ракеткасы, Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина корттағы сабырлығы матч кезінде өзіне зиян тигізетінін жасырмады, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Ақпан, 2024
«Құқы жоқ». Бельгиядағы бала асырап алу орталығы Жәнібекке қатысты ақпарат беруден бас тартты
Бүгін «Бармысың, бауырым» хабарының тікелей эфирінде Бельгия азаматтары асырап алған Жәнібектің ісіне қатысты тың ақпарат айтылды. Радио-хабар жүргізушісі Қымбат Досжан сол елдің елшілігіне жолдаған сауалына жауап келгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 01 Ақпан, 2024
Мәдениет үйі жоқ жерде мәдениет қайдан болсын! - Дархан Қыдырәлі
Парламент Сенатының депутаты елді мекендердегі, әсіресе шалғай ауылдардағы мәдениет үйлері мен клубтардың жай-күйіне, кітапханалардың ескіргеніне алаңдаушылық білдірді. Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға сауал жолдаған сенатор Дархан Қыдырәлі ауыл жастары мен тұрғындары мәдени дискриминацияға ұшырамауы тиіс екенін де назарға алуды сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Ақпан, 2024
Президентке «Ақылды теміржол» жобасы туралы мәлімет берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Форум • 01 Ақпан, 2024
GPT чатының отандық баламасын құруға дайындық басталды
Алматыда өтіп жатқан Digital Almaty 2024 форумына қатысқан Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстан азаматтарының GPT чат форматындағы байланыс арқылы мемлекеттік қызметтерді ала алуға мүмкіндік туатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 01 Ақпан, 2024
Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес пен «Digital Almaty 2024» басталды
Бүгін Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді. Сондай-ақ Digital Almaty 2024 халықаралық форумы да басталады, оған ЕАЭО үкімет басшылары қатысады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 01 Ақпан, 2024
«Өзен» кен орнында жұмысшы көз жұмды
«Өзенмұнайсервис» ЖШС қайғылы оқиға туралы түсініктеме берді. 27 қаңтарда «Өзен» кен орнындағы ұңғымалардың бірінде күрделі жөндеудің түнгі ауысымында жазатайым оқиғадан мердігер компания – «МұнайСпецСнабКомпани» ЖШС жұмысшысы көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 01 Ақпан, 2024
Париж Олимпиадасына ең алғашқы жолдаманың бірін жеңіп алған спортшы
Төртжылдықтың басты додасы – Париж Олимпиадасының басталуына санаулы айлар қалды. Бұл спортшылар үшін ең жауапты және маңызды кезең басталғанын білдіреді. Өйткені алдағы жарты жылда олар Олимпиадаға жолдама жеңіп алуға тырысып, Париждегі дүбірлі додаға дайындалуы керек. Қазіргі уақытта ұлттық құрама қоржынында Олимпиаданың 19 жолдамасы бар. Ел спортшыларынан Париждегі дүбірлі додаға ең алғашқы жолдаманың бірін Ислам Сәтбаев жеңіп алған еді, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 01 Ақпан, 2024
Ақпанның алғашқы күні ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК болжамына қарағанда, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Қаңтар, 2024
Атырауда покер ойынын заңсыз ұйымдастырғандар анықталды
Атырауда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар былтырғы мамырдан бері көлеңкелі кәсіптен табыс тауып отырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 31 Қаңтар, 2024
Депозиттері бойынша банк мөлшерлемелері қайтадан төмендеді
Желтоқсан айында банктер жеке тұлғалардың депозиттерін 13,7% орташа алынған мөлшерлемемен тартты. Өткен аймен салыстырғанда төмендеу 0,2 пайыздық тармақты құрады. Ағымдағы көрсеткіш 2023 жылдың наурызынан бері ең төменгі деңгей. Бұл туралы DataHub Бірінші несиелік бюросының Telegram арнасы Ұлттық банк деректеріне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 31 Қаңтар, 2024
«Қар жауып, бұрқасын болады»: Синоптиктер ақпанда ауа райы қандай болатынын айтты
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2024 жылдың ақпан айына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 31 Қаңтар, 2024
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады. Президентке ведомствоның 2023 жылы атқарған жұмысының негізгі нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 31 Қаңтар, 2024
Алматы-Ташкент тас жолында апат болып, 20 адам ауруханаға түсті
31 қаңтар күні таңертең Алматы-Ташкент-Термез тас жолының жабық бөлігінде ірі жол апаты болды. Автокөліктердің жиналуына байланысты жол қызметкерлері ілесіп жүретін көліктер колоннасын Тараз-Шымкент бағыты бойынша өткізуге шешім қабылдады, бірақ ауа райының қолайсыздығы ірі апатқа себеп болды, деп хабарлайды Egemen.kz.