ЕНТ
Қоғам • 25 Қараша, 2023
Бибігүл Жексенбай: Сенімді күшейткен 365 күн
Уақыттың зымырап өтіп жатқанын байқамай да қаламыз. Қазақстан Президентінің сайлауы деп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау алды бағдарламасын зерделеп, сайлау барысын бақылап, телемарафонда жиналып, тікелей эфирде 16 сағат бойы үміт, сенім, ой-пікірлерімізбен жарыса бөліскеніміз күні кеше сияқты еді.
Парламент • 24 Қараша, 2023
Нұртөре Жүсіп: Айту да, атқару да маңызды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасында Үкімет алдына еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша бірқатар жаңа міндеттер белгіледі.
Президент • 24 Қараша, 2023
Қазақстан көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді мақсат етіп отыр - Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев 2060 жылға қарай Қазақстан көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді мақсат етіп отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Президент БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасында (СПЕКА) айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Қараша, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Бакуге жұмыс сапары барысында Әзербайжан Президентімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 24 Қараша, 2023
Ерлан Қошанов: Экономиканың болашағы мұнай емес, технология, ғылым мен инновацияда
Президент алдағы жылдарға арналған стратегиялық бағытты нақты айқындап берді. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан ең алдымен бәсекелестікке назар аударуға тиіс. Атап айтқанда, логистика әлеуеті, қазба байлықтарын өңдеуді ұлғайту және креативті, цифрлық экономика үшін жағдай жасау қажет. Бұл туралы Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында атап өтті.
Президент • 23 Қараша, 2023
Президент ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамда өткен сессиясына қатысты
Мемлекет басшысы Минск қаласында өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты. Беларусь Президенті Александр Лукашенконың төрағалығымен өткен саммитке еліміздің басшысымен қатар, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон барған, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 23 Қараша, 2023
ШҚО-да 3908 колледж студенті дуалды жүйе бойынша білім алып жатыр
Шығыс Қазақстан облысының колледждерінде дуалды жүйе бойынша төрт мыңға жуық студент білім алып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Қараша, 2023
Мемлекет басшысын Тәуелсіздік Сарайында Беларусь Президенті қарсы алды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Беларусь Президенті Александр Лукашенко Тәуелсіздік Сарайында қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Спорт • 22 Қараша, 2023
Келесі жылы кикбоксингтен әлем чемпионаты Ташкентте өтеді
Португалияда өтіп жатқан кикбоксингтен әлем чемпионатына Өзбекстан құрамасы қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Uza.uz сайтына сілтеме жасап.
Президент • 21 Қараша, 2023
Қазақстан Президенті Ұлыбританияның мемлекеттік министрін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбританияның бизнес және сауда істері жөніндегі мемлекеттік министрі Нусрат Ганиге ілтипат білдіре отырып, Ұлыбритания Қазақстанның негізгі сауда серіктесінің бірі және ел экономикасына инвестиция салу көрсеткіші бойынша жетінші инвестор екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 21 Қараша, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы күндерге жұмыс жоспары белгілі болды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 23 қарашада Минск қаласында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 20 Қараша, 2023
Президент Ауыл шаруашылығы министріне бірқатар міндет жүктеді
Мемлекет басшысына еліміздің ауыл шаруашылығы секторының биылғы 10 айда атқарған жұмыстарының негізгі көрсеткіштері жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Қараша, 2023
Шала туған сәбилерге 650 мыңнан аса арнайы жөргек тегін таратылды
Қазақстанда жыл сайын 22 мыңнан аса сәби мерзімінен ерте туылатынын ескерсек, шала туған шараналардың дүниеге келуі, адам қатарына қосылуы дәрігерлердің араласуынсыз мүмкін емес, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қараша, 2023
Журналистика және саясаттану факультеті халықаралық студенттер күнін атап өтті
Журналистика және саясаттану факультеті Халықаралық студенттер күнін дәстүрлі түрде атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Қараша, 2023
Қазақстандағы ең үлкен жылыжай Шымкентте салынады
Түркияның ірі компаниясы «Alarko Holding» Шымкентте жаңа форматтағы жылыжай кешенін салады. Қос тарап арасындағы келісім Астана қаласында өткен Жаһандық инвестициялар жөніндегі VI Қазақстандық дөңгелек үстел аясында жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 17 Қараша, 2023
Президент Қазақстан-Сан-Марино ойынын тамашалайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасының Сан-Марино командасына қарсы ойынына қолдау көрсету үшін «Астана Арена» стадионына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 16 Қараша, 2023
Мемлекет басшысы Ғылым және жоғары білім министріне бірқатар тапсырма берді
Президент Ғылым және жоғары білім министрін қабылдаған кездесуде Президент тапсырмаларын орындау үшін Жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданғаны туралы баяндалды. Құжат аталған саланы өркендетудің стратегиялық міндеттері мен көрсеткіштерін айқындайды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 16 Қараша, 2023
Харассменттің алдын алатын арнайы заңның болмауы үлкен мәселе – сенатор
Сенатор Дархан Қыдырәлі Қазақстандағы әйелдер жұмыста зорлық-зомбылық пен қудалауға тап болатыны туралы Премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында елімізде Еңбек министрлігімен бірлесіп жүргізілген БҰҰ зерттеуінің нәтижелерін жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғары Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 16 Қараша, 2023
«Ұлттық қор – балаларға»: Мемлекет басшысы заңға қол қойды
Бұл туралы Ақорданың ресми телеграм арнасы жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 16 Қараша, 2023
20 миллионға жеттік: Президент отандастарымызды ақжолтай жаңалықпен құттықтады
Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Қараша, 2023
Қазақстандағы мұнай өндіру көлемі 74,8 миллион тоннаны құрады
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады. Президентке энергетика саласын дамытудың негізгі мәселелері мен еліміздің отын-энергетика кешенінің биылғы 10 айдағы көрсеткіштері, сондай-ақ мұнай-газ және энергетика бағыттарындағы ірі жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 15 Қараша, 2023
Президент Ішкі істер министрлігіне «Бишімбаев ісін» ерекше бақылауға алуды тапсырды
Президент Ішкі істер министрі Ержан Сәденовпен, Бас прокурор Берік Асыловпен, Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевпен, сондай-ақ басқа да салалық ведомстволардың басшыларымен кездесіп, консультациялар өткізді. Мемлекет басшысы заңның сақталуына, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруға қатысты мәселелерге баса мән берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 15 Қараша, 2023
Шымкентте қараусыз қалған мәдениет үйі мемлекет меншігіне қайтарылды
Шымкенттегі «Фосфоршылар» мәдениет үйі Жастар сарайына айналады. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Қараша, 2023
Президент Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев Мемлекет басшысына сот жүйесінің қазіргі қызметі жөнінде мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құрылыс • 14 Қараша, 2023
Премьер-министр теміржол желісінің алғашқы буынын төсеу рәсіміне қатысты
Алматы облысында Алматы стансасын айналып өтетін теміржол желісінің құрылысы басталды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елдің көлік-транзиттік әлеуетін дамытуда маңызы зор инфрақұрылымдық жоба іске асырылып отыр. Премьер-министр Әлихан Смайылов теміржол желісінің алғашқы буынын төсеу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 13 Қараша, 2023
Биыл аса ауыр қылмыс жасаған 40 адам шетелден экстрадицияланды - Бас прокурор
Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады. Президентке еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі, сондай-ақ қадағалаушы органның қызметіндегі басым бағыттар жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 10 Қараша, 2023
Президент ратификациялау туралы кезекті заңға қол қойды
Бұл туралы Ақорда ресми телеграм арнасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Қараша, 2023
Президент Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Жиында еліміздің көлік-логистика әлеуетін жүзеге асыру барысында кездесетін стратегиялық сын-қатерлер қарастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 09 Қараша, 2023
Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысының айтуынша, Ресей Президентінің Қазақстанға сапары екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамыту перспективасын айқындау тұрғысынан ерекше мәнге ие. Бүгінде стратегиялық серіктестік және одақтастық рухындағы екіжақты ынтымақтастық барлық бағытта табысты дамып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 08 Қараша, 2023
Президентке елдегі реформаларға қатысты сараптама жұмыстары таныстырылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Жандос Шаймардановты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.