П
Президент • 25 Қаңтар, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев «Astana Motors» компаниясының негізін қалаушысымен тілдесті
Мемлекет басшысы «Astana Motors» компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұловты қабылдады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Қаңтар, 2024
Президент белгілі экономист, қоғам қайраткері Оразалы Сәбденді қабылдады
Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 25 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы Алматы әкімдігінің қайта қалпына келтірілген ғимаратын аралады
Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапары барысында қайта қалпына келтірілген қала әкімдігінің ғимаратын аралап көрді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2024
Етке берілетін анықтамаларды оңды-солды беруді тоқтату қажет–депутат
«Amanat» партиясы фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетов ветеринария саласы мәселелері және кадрлармен қамтамасыз ету туралы Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғаринге депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 25 Қаңтар, 2024
Президент Алматыдағы Ахуалдық орталықтың жұмысымен танысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының тыныс-тіршілігі туралы жан-жақты ақпарат беретін Ахуалдық орталықты аралап көрді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 25 Қаңтар, 2024
Ертең Португалияның Одивелаш қаласында дзюдодан гран-при додасы басталады. Париж Олимпиадасының лицензиясы үшін рейтингтік ұпай берілетін додаға таңдаулы спортшылар қатысады, деп жазады Egemen.kz. Қазақстан дзюдо федерациясына сілтеме жасап.
Президент • 25 Қаңтар, 2024
«Жұмысыңызды ауыр санайтын болсаңыз, ашығын айтыңыз»: Президент министрге ескерту жасады
Президент Алматыға сапары аясында сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңесте құзырлы органдар мен азаматтардың табиғаттың тосын мінезіне дайын болмай шыққанын айтып, жауапты министрлікті сынға алды. Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановқа теориялық білімін іс жүзінде көрсету керек екенін ескертті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Қаңтар, 2024
27 мың сейсмикалық жаттығу мен 2,5 мың семинардың да түк пайдасы болмады - Қ.Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапары барысында сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиын барысында Президент қаланың азаматтық қорғаныс жүйесі жер сілкінісіне дайын болмай шыққанын, ал құзырлы органдар табиғаттың бұл сынағынан өте алмағанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 25 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Алматы қаласында сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өтті. Мемлекет басшысы ел аумағының үштен бір бөлігінде жер сілкінісі қаупі бар екенін айтты, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 25 Қаңтар, 2024
«Арандатушылыққа берілмеуді сұраймыз». Ақтөбе мектептері қатаң бақылауға алынды
Telegram арналарының бірінде белгісіз біреу Ақтөбе мектептерінде террорлық сипаттағы іс-әрекет жасаймын деп қару-жарақтың суретін жариялаған. Осы хабарламадан кейін Ақтөбе қаласындағы мектептердің барлығы қатаң күзет режиміне көшті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Қаңтар, 2024
Президент Алматыдағы сумен қамту нысандарының құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы әрқайсысының сыйымдылығы 3000 текше метр болатын «Балқаш» таза ауызсу станциясының екі резервуарының және сорғы станциясының құрылысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2024
Лифтіде алкоголь ішкен астаналық полицейлер қызметтен босатылды
Желіде алкогольді сусын ішкен полиция қызметкерлері бейнеленген видео тарап, халық наразылығын тудырды. Астана қаласының полиция департаменті қызметтік форма киіп, қолына сыра ұстағандарды қызметтен босатқандары туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Қаңтар, 2024
Жетісу облысында кәсіпорындардың біріне 2,3 млрд теңге айыппұл салынды
Жетісу облысының прокурорлары коммуналдық қалдықтарды кәдеге жарату қызметін көрсететін кәсіпорынның міндетті төлемдерді төлеуден жалтару тәсілін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы Footlab футбол орталығына барды
Президенттің Алматы қаласына жұмыс сапары Footlab футбол орталығының қызметімен танысудан басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Денсаулық • 25 Қаңтар, 2024
Қағаз түрінде берілетін еңбекке жарамсыздық парағы алынып тасталды
Енді елімізде денсаулығына байланысты демалыс парағы тек электронды түрде беріледі. Денсаулық сақтау министрлігі еңбекке жарамсыздық қағазын алу үшін емханаға келудің қажеті жоқ екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2024
Шымкентте 900-дей жас баспаналы болды
Шымкент қаласында 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін 888 жас баспаналы болды. Қазіргі уақытта азаматтармен арендалық жалдау шартын жасасып, қоныстандыру жұмыстары басталған. Аталған пәтерлер Тұран шағын ауданында орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 25 Қаңтар, 2024
Ақпанда аяздың беті қайта ма, көктем қашан келеді?
«Қазгидромет» РМК ел аумағында ақпан айында ауа райы қандай болатынын айтып, көктемге мезгілдік болжамын ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2024
Павлодардадағы автобус апаты: Іздеу жұмыстарына көріпкел қосылды
2024 жылдың 4 қаңтарынан бастап Павлодар облысындағы «Майқайыңалтын» АҚ шахтасында ойыққа құлап кеткен автобус пен тау-кен құтқарушыларын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы Алматыға жұмыс сапарымен барды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2024
«Жастар идеатоны» іс-шарасы өтті
ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия Халықаралық көші-қон ұйымымен (ХКҰ), ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен және Назарбаев Университетімен бірлесіп «Қазақстан Республикасындағы көші-қон заңнамасын және құқық қолдану практикасын жетілдіру жөніндегі жастар идеатоны («Youth IDEAthon»)» іс-шарасын өткізді.
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2024
Жол апаты қайғылы қазаға ұрындырды
Солтүстік Қазақстан облысының аумағында республикалық «Жезқазған-Петропавл» тасжолында Peugeot және Toyota Camry автомобильдері бетпе-бет соқтығысып, екі адам бірден қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Қаңтар, 2024
Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығын жоғары деңгейде атап өту маңызды – Президент
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаевты қабылдады. Кездесу барысында отандық ғылымды дамыту мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы былтыр жаңа мәртебе берілген Ұлттық Ғылым академиясы отандық ғалымдардың күш-жігерін біріктіріп, ғылым мен экономикаға нақты пайда әкелетін жаңалықтар енгізуге ерекше мән беруге тиіс екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың бапсасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 24 Қаңтар, 2024
Башқұртстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты
Қазақстан Президенті Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Астана мен Мәскеудің екіжақты байланыстарын нығайтуға өңіраралық ықпалдастық елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 24 Қаңтар, 2024
Қазақстанда 24 мың студент үйсіз жүр – депутат
«Жатақханаларда бос орындардың болмауы себебінен студенттер жалдамалы пәтерлерді немесе техникалық қауіпсіздігі осал, арзан хостелдерді паналауға мәжбүр». Пленарлық отырыс барысында мәжілісмен Нұргүл Таудың Үкіметке жолдаған депутаттық сауалы осылай басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Respublica партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2024
Қарағандылық полицейлер есірткі дилерін ұстады
Қарағандылық полицейлер өзге облыстан қала орталығына келіп, есірткі сатпақ болған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Заң • 24 Қаңтар, 2024
Мәжіліс вейпке тыйым салатын заң қабылдады
Елімізде электронды темекілерді тасымалдауға, өндіруге және сатуға тыйым салынады. Тиісті заңды бүгін Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2024
Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобалары бойынша баспасөз туры өтті
Ауыл шаруашылығы министрлігі 23 қаңтарда Түркістан облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасының жобалары бойынша баспасөз турын ұйымдастырды, оған республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2024
Өкілеттігі тоқтады. Экс-депутат партиядағы қызметін жалғастыратынын айтты
Бүгін Мәжілістің жалпы отрысында Respublica фракциясының мүшесі депутат Динара Шүкіжанова өз өкілеттігін тоқтату туралы берген өтініші қаралып, қаулы қабылданды, деп жазады Egemen.kz төменгі Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 23 Қаңтар, 2024
Шикізаттық емес тауарлардың экспортын ілгерілету туралы заңға өзгерістер енгізілді
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 23 Қаңтар, 2024
«Семей» футзал клубы бразилиялық шабуылшымен келісімшартқа отырды
«Семей» футзал клубы бразилиялық спортшы Лукас Матеус де Кампоспен келісімшарт жасады. Клуб үшін бұл Латын Америкасынан келген ойыншының бесінші трансфері, деп хабарлайды Egemen.kz.