и
Технология • 30 Қыркүйек, 2025
«Ақылды каска» өндірістегі қауіпсіздікті қадағалайды
Минскідегі «ИННОПРОМ.Беларусь» халықаралық көрмесінде Қазақстандық Best Vision Technologies компаниясы өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған «ақылды каска» сериялық өндірісін келушілер назарына ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 30 Қыркүйек, 2025
Қазақстанның оңтүстігінде күн суыта бастайды
Алдағы күндері күн суыта бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қыркүйек, 2025
Қарин этносаралық келісімді нығайту мәселелеріне арналған республикалық жиын өткізді
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өткізген басқосуға Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Алматы облысының әкімі қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Экология • 29 Қыркүйек, 2025
Жетісуда «Таза бейсенбі» акциясы нәтижелі өтті
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасы аясында өткен «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына 5767 адам қатысып, 111 арнайы техника жұмылдырылды. Бірігіп атқарылған шара барысында 203 гектар аумақ қоқыстан тазартылып, 494 тонна тұрмыстық қалдық полигондарға жеткізілді. Сонымен қатар, табиғатты жасылдандыру мақсатында 300 түп ағаш отырғызылып, 2230 метр қоршау мен 3500 метр қақпа түрлі түске боялды, – деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Мәдениет • 29 Қыркүйек, 2025
«Voice Beyond Horizon»: Димаш Құдайберген продюсерлік еткен жобасын таныстырды
Бүгін Астанада Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген продюсерлік дебюті «Voice Beyond Horizon» халықаралық жобасын таныстырды. Еліміздің тарихи мекендері мен көз тартарлық табиғат құшағында түсірілген жоба Қытай Халық Республикасының Hunan Broadcasting System-мен бірлесе қолға алынған, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 29 Қыркүйек, 2025
Алматы полициясы «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы алдында мәлімдеме жасады
Алматы полициясы алматылық «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы УЕФА аясында өтетін халықаралық футбол ойынына сақадай-сай дайын екенін хабарлады. Матч ертең, 30 қыркүйекте өтеді. Бұл шара бүкіл қала үшін үлкен спорт мерекесіне айналып, қауіпсіздік пен тәртіпке ерекше назар аударуды талап етеді, деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • 29 Қыркүйек, 2025
Қызылордада ірі есірткі алқабы жойылды
«Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Қызылорда қаласындағы Ақсай полиция бөлімі қызметкерлері жедел шаралар өткізіп, үй ауласында есірткі өсірген тұрғынды анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 29 Қыркүйек, 2025
Кәсіподақтар күніне арналған тазалық акциясы
Петропавлда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының аясында кәсіподақ қызметкерлері Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 және Кәсіподақ федерациясының ашылғанына 35 жылдығына арналған тазалық акциясына шығып, кәсіподақ ардагерлеріне арналған аллеяны және оның төңірегін түгел тазалап шықты деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 29 Қыркүйек, 2025
«QAITADAN» фильмі 1 млрд теңгеден астам табыс тапты - министр
Қазақстандық «QAITADAN» көркем фильмі прокатқа шыққанына үш апта ішінде 1 млрд теңгеден астам табыс тапты. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.
Әскер • 29 Қыркүйек, 2025
Алматыда ІІМ Академиясының 300 курсанты Ант қабылдады
Алматы қаласындағы 28 панфиловшы саябағында М. Есболатов атындағы Алматы академиясының бірінші курс курсанттары Ант қабылдау рәсімін салтанатты түрде өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салық • 29 Қыркүйек, 2025
Декларацияны жасырғандарға айыппұл салынады
Елімізде келер жылдан бастап жеке тұлғаларға арналған жаңа салық талабы күшіне енеді, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 29 Қыркүйек, 2025
«Реал» «Қайратқа» қарсы қандай құрамда ойнайды
Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Алматыға Мадридтің әйгілі «Реал» клубы келді. Оларды әуежайдан қарсы алуға құлшынған жанкүйерлердің қатары өте көп болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 29 Қыркүйек, 2025
Қазақстан мен Италия президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Италия арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастық берік саяси диалогқа, қарқынды экономикалық серіктестікке және тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстарға арқа сүйейтінін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2025
Шымкентте интернет алаяқтардың қылмыстық тобы қолға түсті
Шымкент қалалық полиция департаментінің қызметкерлері киберқылмысқа қарсы күрес бастады. Соның аясында Шымкент, Алматы қаласы мен Алматы облысында интернет-алаяқтықпен айналысқан топтың қылмыстық әрекеті әшкереленді. Тексеру барысында күдіктілердің интернет-алаяқтықтың 9 жайтына қатысы бар екені анықталды. Келтірілген материалдық шығын жалпы сомасы 141 миллион теңгеден асып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2025
Ұлытауда халықаралық конференция өтіп жатыр
Ұлытау облысында қыркүйек айының 27–29 күндері аралығында «Жошы хан және Алтын Орда: тарих, мұра және Ұлы Дала өркениеті» атты халықаралық ғылыми-танымдық конференция өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 29 Қыркүйек, 2025
«Qaitadan» фильмі миллиардтық табысқа жетті
Қазақстан киноиндустриясында жаңа тарихи жетістік тіркелді. Режиссёр Думан Еркімбектің дебюттік толықметражды «QAITADAN» фильмі прокатқа шыққан үш аптаның ішінде 1 млрд теңгеден астам табыс жинап, мемлекеттен бөлінген қаражатты бес есеге артығымен қайтарған алғашқы жоба атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Қыркүйек, 2025
Түркістанда триатлоннан Азия кубогы өтті
26–28 қыркүйек күндері Түркістанда Asia Triathlon Cup Turkestan 2025 жарысы өтті. Түркі дүниесінің рухани астанасында ұйымдастырылған додаға Азиямен қоса Еуропаның мықты триатлеттері жиналды. Барлығы 12 елдің спортшылары бақ сынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Қыркүйек, 2025
Ақордада Италия Президентін қарсы алу рәсімі өтті
Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Италия Президенті Серджо Маттарелланы салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 29 Қыркүйек, 2025
Жаңа оқулықтарға сараптама жүргізіледі
Жаңа мектеп оқулықтарын сараптауды Оқу-ағарту министрлігінің Білім мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырады. Бүгін басталатын шара 34 пилоттық мектепте жүргізіліп, 2026–2027 оқу жылына арналған жаңа оқулықтарды қамтиды, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 29 Қыркүйек, 2025
Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі болды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 29 Қыркүйек, 2025
Жаслан Мәдиев жаңа қызметке тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Мәдиев Премьер-Министрдің орынбасары әрі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 29 Қыркүйек, 2025
Ғани Бейсембаев қызметінен босатылды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 28 Қыркүйек, 2025
Елена Рыбакина Бейжіңдегі турнирде жеңіліп қалды
Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Бейжің (Қытай) WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 28 Қыркүйек, 2025
Бүгін, 28 қыркүйекте сағат 14:00-ден бастап жылу беру жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы елорда тұрғындарына таңертең хабарлама келді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 28 Қыркүйек, 2025
Астанада шекарашы батырды еске алуға арналған турнир өтті
Елордада батыр, шекарашы Раджан Батркановты еске алуға арналған дәстүрлі волейбол турнирі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қыркүйек, 2025
Атырауда әлеуметтік қызметтерге арналған бірыңғай тарифтер бекітіледі
Атырау облысында мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетудің бірыңғай тарифін бекіту көзделіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда Орталық Азиядағы алғашқы New York Film Academy филиалы ашылды
Табиғаты көркем Қаскелең қаласында халықаралық мәдени-білім беру ынтымақтастығы саласында маңызды оқиға орын алды. Ол – Орталық Азиядағы әлемге әйгілі америкалық кино мектебінің алғашқы филиалы New York Film Academy Kazakhstan салтанатты түрде ашылды. Жаңа кампус Energo University мен Dala Edge креативті паркі базасында құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 28 Қыркүйек, 2025
Президент Еңбек күнімен құттықтады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Еңбек күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Энергетика • 27 Қыркүйек, 2025
Өңірде жылу беру маусымы басталды
Қысқы 2025-2026 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Биыл бұл шараларды іске асыруға 43 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Қаражат негізгі бағыттар бойынша 11 инвестициялық жобаға – 10,2 миллиард теңге, көмір мен мазут сатып алуға – 6 миллиард теңгеден астам, коммуналдық нысандардың жөндеу науқанына – 15,5 миллиард теңге, сондай-ақ, «АРЭК» АҚ мен «Көкшетау Энерго» ЖШС ірі энергия компанияларының жөндеу жұмыстарына – 11,4 миллиард теңге көлемінде бөлініп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 27 Қыркүйек, 2025
Мемлекет басшысы Мьянма Президентінің міндетін атқарушы Мин Аун Хлайнмен келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Мин Аун Хлайнға ілтипат білдіріп, оның Астанаға жұмыс сапары Мьянманың Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуына мүмкіндік беретінін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.