Көші-қон
Қазақстан • 18 Қараша, 2024
18 қараша 1991 жыл атаулы күн болып Қазақстан тарихында өз орнын табатынын кім білген. 1991 жылы Алматы қаласында Қазақ ССР-ы Еңбек министрлігінен Қоныстандыру бөлімі құрылып, министрдің бұйрығымен құрамы 4 адамға бекітілді. Сол кездегі Еңбек министрі Саят Дүйсенбайұлы Бейсенов алғашқы құрылған бөлім қызметкерлерін өзіне жинап жиналыс өткізген еді. Сонда бөлім мамандарына «Қазақ деген қаның бар ма? Бар болса ғана сол сырттан келетін қандас бауырларыңмен жұмыс істейсіңдер» деп ескерткені әлі құлағымызда сақталды.
Оқиға • 22 Қазан, 2024
Жетісу облысында 475 адам көші-қон заңнамасын бұзған
Жетісу өңірінде «Заңсыз келуші» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында көші-қонға қатысты 475 құқық бұзушылық тіркелген. Оның ішінде 344 шетел азаматы мен 131 Қазақстан азаматы анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға • 16 Қазан, 2024
Көші-қон заңнамасын бұзған туристер елден шығарылды
Астана полициясы өткізген жедел-профилактикалық іс-шара барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзған Пәкістан Республикасының бес азаматын анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Шымкент • 11 Қазан, 2024
Шымкентте 6000 шетелдік көші-қон заңын бұзған
Жыл басынан бері қала аумағында көші-қон заңдылығын бұзған 6 мыңнан астам шетелдік анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қазан, 2024
Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер ұсталды
Алматы қаласында Африка елдерінен келген алты және көршілес мемлекеттерден келген бір азамат анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 06 Қыркүйек, 2024
Қос құжатты тұрғын Қазақстаннан шығарылды
Көші-қон қызметінің қызметкерлері Абай облысына қарасты Бородулиха ауданы тұрғынының қос азаматтығы бар екенін анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Тамыз, 2024
Алматыда 117 шетелдік көші-қон заңнамасын бұзған
26-28 тамыз аралығында оңтүстік мегаполисте «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтті. Іс-шараның алғашқы күні еліміздің көші-қон тәртібін бұзған 117 шетелдік анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Тамыз, 2024
Абай облысы көші-қон қызметі басқармасының бастығы сотталды
8 тамыз күні Семей қаласының № 2 соты Абай облыстық Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Г. Дөненбаеваға қатысты үкім шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 18 Шілде, 2024
Биыл 47 мыңнан астам шетелдік көші-қон заңнамасын бұзған
Ішкі істер министрлігі бірінші жартыжылдықты қорытындылап, атқарылған жұмыс бойынша ақпарат берді. Биыл көші-қон режимін бұзған 47 мыңнан астам шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 13 Шілде, 2024
Павлодарда 100 мың теңге пара алған көші-қон полициясы сотталды
Павлодар қаласында көші-қон полициясының қызметкері сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Маусым, 2024
Алматыда заңсыз жұмыс істеген 27 Өзбекстан азаматы ұсталды
Алматы қалалық полициясы заңсыз жұмыс істеген 27 Өзбекстан азаматын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 24 Мамыр, 2024
Заңсыз көші-қон: Астанада бір пәтерге 937 адам тіркелгені анықталды
Прокуратураның мәліметінше, жалған мекен-жай мен "резеңке пәтер" деп аталатын баспаналарда тіркелген 22 мың шетелдік анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 21 Мамыр, 2024
Қазақстан азаматтығын алу үшін сынақтан өту керек - Саясат Нұрбек
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстан азаматтығын алғысы келетін шетелдіктер тестілеуден өтетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 23 Сәуір, 2024
Алматыда төрт мыңнан астам шетелдік көші-қон заңнамасын бұзған
Алматыда жыл басынан бері төрт мыңнан астам шетел азаматы Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2024
«Жастар идеатоны» іс-шарасы өтті
ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия Халықаралық көші-қон ұйымымен (ХКҰ), ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен және Назарбаев Университетімен бірлесіп «Қазақстан Республикасындағы көші-қон заңнамасын және құқық қолдану практикасын жетілдіру жөніндегі жастар идеатоны («Youth IDEAthon»)» іс-шарасын өткізді.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2024
Тұрғын үй, тұрақты жұмыс. Оңтүстіктен солтүстікке көшкендерге қандай көмек көрсетіледі?
Өткен жылы оңтүстіктен солтүстік өңірге 9 мыңға жуық тұрғын қоныс аударған. Оның ішінде 6492 -сі ел аумағында аймақ ауыстырғындар болса 2337 қандас солтүстікке табан тіреген. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2024
Павлодарда көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматтары жауапқа тартылды
Қазіргі уақытта облыс аумағында 8 654 шетелдік тұрақты тұрып жатыр. Былтыр 8,5 мыңнан астам азамат полиция органдарына тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Елорда • 22 Желтоқсан, 2023
Астанаға көшуге шектеу қойыла ма? Әкім жауап берді
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек орталық крммуникациялар қызметінде елорданың әлеуметтік, экономикалық, демографиялық өсуіне қатысты БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 28 Қыркүйек, 2023
Қандастар қазақ екенін дәлелдей алмай жүр – Сенатор
Сенатор Ғалиасқар Сарыбаев Премьер-министр Ә.Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдап, шеттегі тарыдай шашыраған этникалық қазақтарға қолдау көрсетуге, қандастарға көмектесуге үндеді, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 24 Тамыз, 2023
Ішкі көші-қонды реттеудің жаңа тетіктері енгізіліп жатыр
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев Ішкі көші-қон үрдістерін реттеу үшін қандай іс-шаралар қабылданып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz ОКҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 24 Тамыз, 2023
Шетелде бизнестері бар қазақтар үшін «Ата жолы» картасын беру тәртібі бекітілді
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев еліміздегі қазіргі көші-қон үрдісі туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz ОКҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 24 Тамыз, 2023
«Қандас» ақпараттық жүйесі таныстырылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше Көші-қон комитеті «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-мен бірлесіп Сыртқы істер министрлігінің шетелдегі консулдық қызметтерінің өкілдеріне «Қандас» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін таныстырды. Жүйе қандас мәртебесін беру мен «Ата жолы» картасын ұсыну қызметін көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Шілде, 2023
Жетісу облысында 24 шетелдік елден шығарылды
Жетісу облысында көші-қон заңнамасын бұзған 24 шетелдік елден шығарылып, 700-ге жуық азамат жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Маусым, 2023
БҚО-да көші-қон заңнамасын бұзған 159 адам анықталды
БҚО-да «Заңсыз келуші – 2023» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 03 Мамыр, 2023
Оңтүстіктен солтүстікке келген 600 адам қайта көшіп кеткен - Дәулет Мұқаев
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев оңтүстіктен-солтүстікке қоныс аудару бағдарламасына қатысты мәселелерді айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Сәуір, 2023
Елордада көші-қон заңнамасын бұзған 57 шетелдік анықталды
Елордада «Елден шығарылғандар» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Бес күнінің қорытындысы бойынша полицейлер бұрын Қазақстаннан шығарылған, бірақ сот шешімін орындамаған 57 шетелдік азаматты анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Сәуір, 2023
Биыл Алматыға 21 мыңнан астам шетел азаматы келген
Алматы қалалық ПД көші-қон қызметінің мәліметінше, биылғы жылдың алғашқы үш айында қалаға 21805 шетел азаматы келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге көп, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Наурыз, 2023
Қазақстанда мыңдаған шетелдік заңсыз жұмыскер анықталды
Қазақстанға жұмыс істеуге келетін шетелдік азаматтар көбейген. Олар елде болу заңнамасын сақтамайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Ақпан, 2023
2022 жылы елден қанша адам кетті?
Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәлімет бойынша, 2022 жылғы қантар-желтоқсанда елден 24 239 адам кеткен, ал келгендер саны 17 293 болды. Көші-қон сальдосы – 6 946 адам, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Қаңтар, 2023
Биыл қандастарға қанша квота бөлінгені белгілі болды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығымен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасы белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.