Мал шаруашылығы
Қоғам • 14 Қаңтар, 2026
Елімізде мал өсірушілер одағы құрылып, жұмысын бастады
Мал шаруашылығы саласының қатысушыларының мүдделерін үйлестіру және қорғау мақсатында жаңа салалық бірлестік құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Үкімет • 06 Қаңтар, 2026
Олжас Бектенов Ауыл шаруашылығы министріне нақты шаралар қабылдауға бір апта уақыт берді
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы егін шаруашылығындағы оң нәтижелерді атап өткеніне назар аударып, салалық министрлікке енді мал шаруашылығы бағытындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2025
Мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын жіті бақылау қажет – Бибігүл Жексенбай
Сенатор Бибігүл Жексенбай өзінің депутаттық сауалында жануарлардан алынатын өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі мәселелері туралы айтып берді. Бұл сала еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі жүйесіндегі ең осал буын болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2025
Атырау облысының Жылыой ауданында ірі қара өліп жатыр
Жылыой ауданы әкімдігінің мәліметінше, малдың неден қырылғаны әзірге белгісіз, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 13 Қыркүйек, 2025
Қазақстанда 28,9 млн тонна мал азығы дайындалды
2025–2026 жылғы қыстақ маусымына дайындық аясында ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда, деп жазады Egemen.kz.
Экспорт • 04 Қыркүйек, 2025
Қазақстан сиыр етін экспорттауға квота енгізді
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің жетекшілігімен Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) кезекті отырысы өтті. Жиында ішкі нарықтағы баға тұрақтылығын сақтау мақсатында сиыр етін шетелге шығару көлеміне уақытша шектеу енгізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 03 Қыркүйек, 2025
Биыл өндіріс көлемі 3,4%-ға өсті
Қазақстан үшін мал шаруашылығы – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әрі агроөнеркәсіп кешеніндегі үлесі 40%-ды құрайтын стратегиялық бағыт. 2025 жылдың қаңтар–шілде айларында саладағы өндіріс көлемі 3,4%-ға өсіп, шамамен 2 трлн теңгеге жетті. Ет өндірісі 2%-ға артып, 608,8 мың тоннаны құрады, ал сүт өндіру көлемі 6,5%-ға ұлғайып, 2,25 млн тоннаға дейін жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 16 Шілде, 2025
Ұлытау облысында «Отбасылық ферма» жобасы әзірленіп жатыр
Ешбір өңірде болмаған бастама өңірдегі шаруашылықтарды біріктіру арқылы жүзеге асырылады. Жоба аясында 6 000 бас асыл тұқымды ірі қара және 12 900 бас асыл тұқымды қой сатып алынады, 2 000 бас жылқы күтіп бағылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 08 Шілде, 2025
Министр желдеткіші, жылы едені бар мал күту жүйесін таныстырды
Бүгін Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев «animal welfare» стандарттарына баса назар аудара отырып, мал шаруашылығын цифрлық трансформациялаудың кешенді тәсілін ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 05 Маусым, 2025
Қазақстанда мал шаруашылығы қызметкерлері күні атап өтілді
Астанада Мал шаруашылығы қызметкерлері күніне орай салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға Парламент депутаттары, агроөнеркәсіп кешенінің өкілдері, салалық қауымдастықтар, ғалымдар, фермерлер мен елдің түрлі өңірлерінен келген еңбек озаттары иелері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 04 Маусым, 2025
Асыл тұқымды мал шаруашылығына жеңілдетілген несие беріледі
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен мал шаруашылығын кешенді дамытуға арналған кеңес өтті. Жиында жеңілдікпен қаржыландыру, импортты алмастыру және ветеринариялық қауіпсіздік мәселелері қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 21 Мамыр, 2025
Депутат ет экспорты мен мал шаруашылығындағы ахуалды сынға алды
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Магеррам Магеррамов Премьер-министр Олжас Бектеновтің атына ет экспортының ішкі нарыққа кері әсері, мал басының азаюы, субсидиялау тетіктерінің тиімділігі және өңірлердегі инфрақұрылым мәселелері бойынша ресми депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 18 Мамыр, 2025
Түркістанда мал шаруашылығына бөлінген ақша ұрланған
Облыста мал шаруашылығын дамытуға бөлінген 271 млн теңге субсидия қолды болған. Нақтырақ айтқанда, 31 шаруа қожалығы бойынша деректер базасына мал шаруашылығында шынында жоқ мал туралы жалған мәліметтер енгізілгені анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Кәсіпкер • 14 Мамыр, 2025
Петропавлда мал азығының ашытқысы зауыты салынады
Жуырда Петропавлға Италиялық инвесторлар келіп, «Qyzyljar» АЭА 3 млрд теңгенің мал азығының ашытқысы зауытын салуға ниет білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 13 Мамыр, 2025
Павлодар облысында 1,5 мыңға жуық қара малдан бруцеллез анықталды
Ветеринарлар 178 мың қара малды тексеріп шығып, олардың 0,8 %-ы бруцеллез ауруын жұқтырғанын растаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 03 Наурыз, 2025
Қазақстан Қытаймен бірлесіп мал шаруашылығы зертханасын құрады
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 14 Қараша, 2024
Газа секторында мал шаруашылығы құлдырады
Газа секторындағы ірі қараның 95%-ы, сондай-ақ қой-ешкінің жартысы қырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 30 Мамыр, 2024
Су тасқынының салдары мал бағасына әсер ете ме?
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин су тасқынының салдары ет пен мал бағасына қалай әсер ететініне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 11 Желтоқсан, 2023
Аустралияның мал шаруашылығын жүргізудегі озық әдістері зерттелді
Аустралияның мал шаруашылығын жүргізудегі озық әдістерін зерттеу үшін аграрлық бизнес, Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері, Түркістан, Қостанай, Алматы, Жетісу әкімдіктері басшылығынан құралған делегацияны Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин басқарды. Аустралия – жаһанда қой еті экспортынан – бірінші орында, ал сиыр еті экспорты бойынша – екінші орында. Оның 100-ге жуық өнім жеткізу нарығы бар. Бұл ретте ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсетілмейді. Қазақстан мамандары аустралиялық фермерлер мал шаруашылығы саласында осындай экономикалық табысқа қалай қол жеткізгенін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 06 Шілде, 2023
Маңғыстаулық шаруалар 700 миллион теңгеден астам субсидия алды
Маңғыстау облысында жыл басынан бері 360 шаруашылыққа асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, оның өнімділігін арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 776,7 млн теңге берілді. Оның ішінде 719,7 миллион теңге жем-шөпке төленді.
Қоғам • 03 Шілде, 2023
Қуаңшылық мал шаруашылығының құтын қашырды
Сырдың бойындағы қуаңшылық осыдан екі жыл бұрын малды ағайынның мазасын кетіргенін ешкім ұмыта қойған жоқ. Теңізді өңірдегі шаруалардың біразы көршілес Ақтөбе облысының іргелес аудандарына малын айдап, қос тігіп малды аман алып қалудың бар амалын жасады. Бұл туралы «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Мұрат Жетпісбайдың мақаласынан толық оқи аласыздар.
Білім • 27 Ақпан, 2023
Қазақстанда білікті зооинженерлер даярланады
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті білікті зооинженерлерді дайындамақ. ЖОО-да «Технология және биоресурстар» факультетінің атауын «Зооинженерия және тамақ өндірісінің технологиясы», ал «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» кафедрасының атауын «Зооинженерия» кафедрасына өзгерту, сол арқылы осы бағыт бойынша мамандарды даярлауды күшейту туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Саясат • 10 Қазан, 2022
Мемлекет басшысы биоотын айналымы мәселелеріне қатысты заңға қол қойды
Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2022
Қазақстанда мал шаруашылығы саласындағы заңнама жетілдіріледі
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Бюро отырысы өтті. Онда палатаның 2022 жылғы 8 қыркүйекке жоспарланған кезекті отырысының күн тәртібі бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 29 Маусым, 2022
Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заң жобасы мақұлданды
Мәжіліс асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Маусым, 2022
Министр мал шаруашылығы мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады
Агроөнеркәсіптік кешеннің жетістіктерінде қарапайым жұмысшылардың да, жетекші мамандар, ғалымдар мен ауылдағы әлеуметтік-мәдени сала қызметкерлерінің де орасан зор еңбегі бар. Осылай деген ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мерекемен құттықтап, алғыс білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Мамыр, 2022
Ветеринарлық қызмет көрсету сапасын арттыру қажет - министр
Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мал шаруашылығын білікті мамандармен қамтамасыз етуге назар аудару қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2022
Мал шаруашылығын инновацияландыру жол картасы әзірленеді
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мал шаруашылығы саласына инновацияларды енгізу жөніндегі жол картасын дайындау қажеттігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 17 Мамыр, 2022
Биыл мал шаруашылығы саласында 62 жоба іске асады
Биыл мал шаруашылығында жалпы сомасы 100 млрд теңгеден асатын 62 жоба іске асады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Ақпан, 2022
Ауыл шаруашылығына берілетін субсидия екі есе көбейеді
Қазақстанда ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін субсидия екі есе көбеймек. Салаға жауапты ведомства басшысы осы мақсатта үкіметтен қосымша 70 миллиард теңге сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.