Облыс
Инфрақұрылым • Бүгін, 15:25
Жетісу облысында 84 елді мекенге газ келеді
Биыл қыркүйек айында «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы толық аяқталады. Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Алакөл ауданына жасаған жұмыс сапары барысында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • Кеше
Жетісу облысындағы өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды
Жетісу облысы Алакөл ауданының Көкмойын шатқалында таулы жерде құрғақ шөп өртенді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Құрылыс • Кеше
Алакөлде 2 мыңға жуық тұрғын үй кезегінде тұр
2024 жылдың 24 мамырынан бастап тұрғындарды тұрғын үй кезегіне қою және үй беру құзыреті жергілікті әкімдіктерден «Отбасы банк» АҚ-ға берілді. Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Алакөл ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты.
Туризм • Кеше
Жетісу облысы құрылған сәттен бастап Алакөл ауданының туризм саласын дамытуға 12,3 млрд теңге бөлінді. Бұл қомақты қаржы өңірдегі инфрақұрылымды айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, жиырма бес жыл бойы шешімін таппай келген электр жарығы мәселесі шешілді, кәріз жүйесі салына бастады. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев Алакөл ауданы тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді.
Абай • Кеше
Семейден Қарауылға қарай бет түзегенбіз. Қаладан әуежай жаққа шықсаңыз, сонадайдан Семейтауы көрінер тұста «Абай жолы» деген стелла тұр. Расында бұл Абай атамыздың ғазиз соқпағы. Бұл соқпақ кезінде «бала шәкіртті» кең сахарасын сағынта қол бұлғаған һәм оған әлемді танытуға бастаған жол. Бізде осы жолда келеміз.
Қоғам • 25 Шілде, 2025
Алматы облысында жоғалған тікұшақ әлі табылмай жатыр
Алматы облысында Қорғаныс министрлігіне тиесілі тікұшақты іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Әскери тікұшақ 25 шілде күні күндіз радардан жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Шілде, 2025
Қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды
ІІМ криминалдық полиция департаменті мен Ақмола облысы полиция департаментінің қызметкерлері аудандық мәслихат төрағасына жасалған қарақшылық шабуылды әшкереледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Шілде, 2025
Алматы облысында әскери тікұшақ радардан жоғалып кетті
2025 жылғы 25 шілдеде Алматы облысында жоспарлы ұшу кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Шілде, 2025
Алматы облысында жол апатынан 6 адам көз жұмды
Алматы облысы полиция басқармасының мәліметінше, жол апаты Алматы–Бішкек автожолының 81-шақырымында болған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Шілде, 2025
Түркістанның екі ауданында 74 587 гектар егістік суарылды
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Түркістан облысына жұмыс сапарымен барып, жергілікті диқандарды суармалы сумен қамтамасыз ету жұмыстарының барысымен танысты. Министр Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы трансшекаралық суды бөлетін «Достық» мемлекетаралық каналына барды, су – елімізге бұрын қол жеткізілген халықаралық келісімдерге сәйкес жеткізіліп, Жетісай, Мақтаарал аудандарындағы егіс алаңдарын суаруға пайдаланылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Шілде, 2025
Жаңа оқу жылына дайындық басталды
Ұлытау облысында әлеуметтік осал топтағы 3000-нан астам оқушыға қаржылай көмек беріледі. Бір реттік қаражат балаларды мектепке дайындау мақсатында халықтың әлеуметтік осал топ санатындағы оқушыларға киім-кешек, кеңсе тауарларын сатып алу үшін тамыз айынан бастап төлене бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 24 Шілде, 2025
Қостанай облысында тұрғын үйдің ауласынан қару мен есірткі табылды
Қостанай облыстық Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Бейімбет Майлин ауданы полиция бөлімі бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Әйет ауылының 59 жастағы тұрғыны ұсталды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Шілде, 2025
Қ.Тоқаев Ресей Президентіне көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амур облысындағы ұшақ апатына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айтты, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 23 Шілде, 2025
Павлодарда полиция заңсыз автожарыс ұйымдастырғандарды анықтады
Павлодарда полиция қызметкерлері түнгі уақытта ұйымдастырылған заңсыз автожарысты анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 23 Шілде, 2025
Қостанай облысында 37 ауылға су құбыры тартылады
Қостанай облысы тұрғындарының 90%-дан астамы таза ауыз су тұтынып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Шілде, 2025
Маңғыстау облысындағы мектепте акт залының төбесі құлаған
Бүгін таңғы сағат 6: 30 шамасында Маңғыстау облысы, Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылындағы мектепте акт залының төбесі опырылып қалған, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 23 Шілде, 2025
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Аталған лауазымды қызметке Руслан Айтыкенұлы Кенжебеков тағайындалды, ол агроөнеркәсіптік кешен, ветеринария және табиғи ресурстарды пайдалану салаларына жетекшілік ететін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Шілде, 2025
Шаруалар сумен қамтылады: Түркістанда «Машканал» каналы тазартылып жатыр
Түркістан облысында су тапшылығын болдырмау және егін суаруды жақсарту мақсатында «Қазсушар» мамандары «Машканал» су көтеру каналын механикалық тазалауға кірісті. Бұл жұмыс «Достық» каналы арқылы келетін судың көлемін арттыруға сеп болмақ, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Шілде, 2025
Ақтөбеде мотокөліктер мен мопедтерге тексеріс жүргізілді
Шілде айында Ақтөбе облысында мотокөлік және мопед жүргізушілеріне қатысты рейдтік тексерістер кезінде 200-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталған, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 22 Шілде, 2025
Жетісуда су үнемдеу технологиясы қай деңгейде?
Жетісу облысында биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 510,7 мың гектарға егілді. Оның 200,2 мың гектары суармалы алқап. Егістік 6 су қоймасы мен 12 өзен арқылы суарылады. Қазір қоймалар орта есеппен 45%-ға толып, суару режимінде жұмыс істеп тұр, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 22 Шілде, 2025
Жетісуда 2,2 тонна жем-шөп дайындалады
Жетісу облысында биыл 2,2 млн тонна жем-шөп дайындау жоспарланып отыр. Оның ішінде 1,2 млн тонна шөп, 341 мың тонна сабан, 117 мың тонна пішендеме, 203 мың тонна сүрлем және 307 мың тонна жемдік астық қамтылмақ, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Шілде, 2025
Сенаторлар Қызылорда облысындағы әлеуметтік жобалармен танысты
Сенат депутаттары Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов жұмыс сапарымен Қармақшы және Қазалы аудандарына барып, аймақта жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалардың барысымен танысты. Тұрғындармен кездесулер барысында өңір үшін маңызды мәселелер көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Абай • 22 Шілде, 2025
Ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойының басталуына санаулы күндер қалды. Бұл той – ұлт руханиятының мерейі, ел бірлігін бекемдейтін тарихи сәт. Осыған орай алдағы іс-шараға дайындық барысы пысықталды, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 21 Шілде, 2025
Биыл Ақтөбе облысында 464 шақырымнан астам жол жөндеуден өтіп, жаңартылады
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2025 жылдың алғашқы жарты жылында атқарған жұмыстарын қорытындылады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Шілде, 2025
Саржалдың қымызы – саңлақ қымыз
Елімізде бұрын-соңды болмаған BaiQymyz гастрофестивалінде Абай облысының Саржал ауылы бас жүлдені қанжығасына байлады, деп жазады Egemen.kz
Оқиға • 21 Шілде, 2025
Жасөспірім Тобыл өзеніне батып кеткен
Қостанай облысы аумағындағы Тобыл өзені жағасында үш жасөспірім балық аулап жүрген. Олардың бірі өзенді жүзіп өтпекші болған. Алайда суға батып кеткен. Қайғылы оқиға 19 шілде күні болған. Мәлімет облыстың Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан расталып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Шілде, 2025
Биылғы жылы Ұлытау облысындағы Жәйрем кентінде 13 көшенің автокөлік жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 21 Шілде, 2025
Атыраудағы «Ақжайық» резерватында құстардың өлексесі табылды
«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты таратқан ақпаратқа қарағанда, құстардың өлексесі Шалыга аралында анықталған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Шілде, 2025
Ақтауда жалаңаш ер адам 11 қабатты үйдің төбесінен секіріп кетті
Полиция аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Шілде, 2025
Павлодарда 9 жасар бала тұрғын үйдің үшінші қабатынан құлап кетті
Қазір жасөспірім Павлодар облыстық балалар ауруханасында жатыр, жағдайы ауыр, деп жазады Egemen.kz.