Салық
Үкімет • Кеше
Жаңа Салық кодексі: Азаматтарға салық жүктемесін азайтатын жаңа тетік талқыланды
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен жаңа Салық Кодексін енгізу жобалық кеңсесінің 20-шы отырысы өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қаржы • Кеше
Мемлекеттік кірістер комитеті: Салық айыппұлдарының барлығы бірдей кешірілмейді
Қазақстанда салық заңнамасын бұзғаны үшін салынған барлық әкімшілік айыппұлдар рақымшылыққа ілікпейді. Мұның себебін Мемлекеттік кірістер комитетінің Заң басқармасының басшысы Диас Ахметов түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 18 Маусым, 2026
ChatGPT мен AliExpress компаниялары Қазақстан бюджетіне салық төледі
ChatGPT пен AliExpress компаниялары ел бюджетіне қосымша салық төледі. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің Цифрлық активтерді әкімшілендіру басқармасының басшысы Талғат Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 12 Маусым, 2026
IT саласына арналған салық жеңілдіктері 2045 жылға дейін ұзартылуы мүмкін
Қазақстанда IT саласын қолдау шаралары ұзақ мерзімге жалғасуы мүмкін. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі технологиялық кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Astana Hub қатысушыларына арналған салықтық жеңілдіктерді 2045 жылға дейін сақтау мәселесін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 05 Маусым, 2026
Шорт-трек пен конькимен жүгіруден Ұлттық құраманың бас бапкері тағайындалды
Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының бұйрығына сәйкес Қазақстан командасының бас бапкері ауысты, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 05 Маусым, 2026
Табысын жасырып, тасада жүргендер салықтың салмағын сезіне бастады
Еліміздегі салық жүйесі бұрынғыдай қағаз ақтарып, есеп қабылдап қана отыратын заманнан өтіп барады. Мемлекет кімнің қайтіп табыс табатынын, ақшаны қайда жұмсайтынын, кәсіптің қалай жүретінін, тауардың қайдан келіп, қайда кетіп жатқанына дейін түгелдей цифрлық жүйе арқылы бақылауға көшті.
Қоғам • 02 Маусым, 2026
Жұбайыңызға 10 миллион теңге аударсаңыз да, тексерілмейсіз
Отбасылық және тұрмыстық қажеттіліктер үшін жұбайлар арасындағы ірі көлемдегі аударымдар салық органдарына күдік тудырмайды, деп хабарлайды Egemen.kz
Салық • 01 Маусым, 2026
Қазақстан мен Өзбекстанның салық режимі: Бизнес үшін қайсы тиімді?
Соңғы жылдары әлеуметтік желілерде Қазақстан мен Өзбекстанның салық жүйесін салыстырып, көрші елдегі кәсіп жүргізу шарттары әлдеқайда тиімді деген пікірлер жиі айтылады. Алайда соңғы өзгерістерді саралау екі ел арасындағы айырмашылық әлі де елеулі екенін көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Мамыр, 2026
Салық хабарламасына 30 жұмыс күні ішінде жауап беру міндеттеледі
Қазақстанда мобильді аударымдарға қатысты тексеру аясында хабарлама алған азаматтар 30 жұмыс күні ішінде түсініктеме беруге немесе декларация тапсыруға мүмкіндік алады. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 25 Мамыр, 2026
Өзбекстан шетелдіктер үшін арнайы салық режимін енгізеді
Өзбекстанда шетел азаматтарына арналған арнайы салық режимі енгізілмек. Бұл режим аясында шетелден алынған табыстар салықтан босатылады деп хабарлайды Egemen.kz
Үкімет • 25 Мамыр, 2026
«Конверттегі жалақы» зейнетақы мен жәрдемақыға қалай әсер етеді?
Жүзден астам бизнес өкілдері, мемлекеттік органдар мен сала сарапшылары Салық кодексін енгізу бойынша Жобалық кеңсенің көшпелі отырысына қатысты. Іс-шара елордада, жыл сайынғы «Ulttyq ónim – 2026» отандық өндірушілердің IX көрмесі аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Мамыр, 2026
«30 минуттық қуат»: BYD көліктерінің иелері неге дабыл қақты?
Қазақстанға 2025 жылы BYD Destroyer 05 көліктерін әкелген азаматтар мемлекеттік кірістер органдарының әрекетіне наразылық білдіріп жатыр. Өйткені, көліктер сол кездегі заңнамаға сай рәсімделгеніне қарамастан, кейіннен кедендік төлемдер қайта есептеліп, шоттар бұғаттала бастаған. Бұл туралы кәсіпкер Дәулет Әшімхан әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салық • 28 Сәуір, 2026
Жүк ұшақтарын әкелуге 12 жылдық кедендік жеңілдік енгізіледі
Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ аумағында жүк ұшақтарын әкелу кезінде кедендік баж салығы мен салықтан 12 жылға босату туралы ұсынысы мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Сәуір, 2026
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин әлеуметтік желіде Салық кодексіне қатысты жазба жариялады. Жазба астына бизнес иелері мен экономистер ашық наразылығын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 22 Сәуір, 2026
Депутат салық режимі бойынша ел аумағында бірыңғай мөлшерлеме енгізуді ұсынды
Мәжілісте жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңға енгізілетін өзгерістер талқылануы барысында депутат Азат Перуашев арнайы салық режимі бойынша бірыңғай мөлшерлеме енгізу мәселесін қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бюджет • 22 Сәуір, 2026
11,8 миллиард теңге табыс: Коллекторлардың салықтан қалай жалтарғаны әшкере болды
7 коллекторлық агенттікте жалпы сомасы 11,8 миллиард теңгеге кірістерді асыра көрсету фактілері анықталған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 20 Сәуір, 2026
Салық кодексіне түзетулер: Қаржы секторына қатысты бірқатар ұсыныс қолдау тапты
Үкімет жанындағы Жобалық кеңсенің 12-ші отырысында Салық кодексіне енгізілетін кезекті түзетулер тобы қаралып, қаржы секторына қатысты маңызды мәселелер бойынша шешімдер қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 17 Сәуір, 2026
Елімізде салық түсімдері 7 триллион теңгеге жақындады
2026 жылғы I тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстанда салықтық түсімдер көлемі айтарлықтай өсіп отыр. Сәуір айындағы жағдай бойынша мемлекеттік бюджетке және Ұлттық қорға түскен түсімдердің жалпы көлемі 6,98 триллион теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салық • 14 Сәуір, 2026
Блогерлерге 600 млн теңге салық төлеу міндеттелді
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Үкіметтегі брифингте қазіргі таңда 7 блогерге қатысты салықтық тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 08 Сәуір, 2026
Астаналықтардың көлік салығы бойынша берешегі 7 миллиард теңгеге жетті
Астана қаласында жыл басталғалы бері көлік құралдарына салынатын салық есебінен 10 млрд теңгеден астам қаржы жиналды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді. Алайда қазіргі таңда елордада көлік салығы бойынша берешек көлемі 7 млрд теңгені құрайды, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 06 Сәуір, 2026
Электр энергиясы нарығы үшін электронды шот-фактура жазып беру мерзімі кейінге шегерілді
Электр энергиясы нарығында электронды шот-фактура жазып беру мерзімі салалық ерекшеліктерге байланысты қайта қаралып, кейінге шегерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 01 Сәуір, 2026
Депутат Айтуар Қошмамбетов жалақыға түсетін салық жүктемесін азайтуды ұсынды
Мәжіліс депутаты Айтуар Қошмамбетов еңбекақы қорына түсетін салықтар мен міндетті төлемдерді жеңілдетуді ұсынып, Үкіметке депутаттық сауал жолдады. Оның айтуынша, қазіргі жүйеде жұмыс беруші еңбек қатынастарын неғұрлым ашық әрі заңды рәсімдеген сайын, шығыны арта түседі. Бүгінде жалақыдан түрлі есептеу тәртібімен 7 түрлі салық пен төлем ұсталады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 20 Наурыз, 2026
Kaspi, Toyota, Coca-Cola: Қазақстандағы сауда саласының ең ірі салық төлеушілері кімдер?
Қазақстан экономикасының негізгі қозғаушы күштерінің бірі саналатын сауда саласы соңғы жылдары елдің ішкі жалпы өніміндегі үлесін арттырып, мемлекеттік бюджетке түсетін түсімнің маңызды көзіне айналды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша саладағы ең ірі салық төлеушілердің рейтингі жасалды, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 17 Наурыз, 2026
Құрылыс нарығы: Қай компания салықты көп төлейді?
Қазақстандағы құрылыс секторы ел экономикасының негізгі қозғаушы күштерінің бірі болып қала береді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс секторы ІЖӨ-нің 6,1%-ын немесе 9,6 трлн теңгені құрады. Бұл ретте еліміздің құрылыс саласы бір жыл ішінде 15,9%-ға өсті, бұл – экономиканың барлық салалары арасындағы ең үздік көрсеткіштердің бірі, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 04 Наурыз, 2026
Салық кодексіндегі түзетулер қашан күшіне енеді?
Жаңа Салық кодексіне өзгерістер 2027 жылғы 1 қаңтардан ерте қолданысқа енгізілмейді. Қазір мемлекеттік органдардың құжатқа түзету енгізуге мүмкіндігі жоқ. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжіліс кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 26 Ақпан, 2026
Еліміздің маркетплейстері неге шетелдік алпауыттардан көп салық төлейді?
2025 жылы отандық маркетплейстер бюджетке 216,1 млрд теңге аударды. Бұл барлық шетелдік интернет-компаниялар төлеген салықтың жалпы сомасынан (57,7 млрд теңге) шамамен төрт есе көп. Ranking.kz зерттеуіне сәйкес, мұндай ауқымды айырмашылық жергілікті алаңдардың толыққанды салық резиденті ретінде жұмыс істеуіне байланысты. Ал шетелдік алпауыттар көбіне ең төменгі міндетті төлемдермен шектеледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Ақпан, 2026
Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілерге маңызды ескерту жариялады
Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 26 ақпаннан бастап Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесінің Салық төлеушінің жаңа кабинетінде (СӘИЖ СТК) бірқатар салық есептілігі нысандарының жаңартылған нұсқалары қолжетімді екенін хабарлады. Жаңашылдық салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге және есептілікті ұсыну үдерісін оңтайландыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Ақпан, 2026
Жанар-жағармай импорты салықтан босатыла ма?
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Жобалық кеңсенің алтыншы отырысында жаңа Салық кодексі нормаларын іске асырудың өзекті тетіктері қаралды. Жиында жанар-жағармай материалдарын импорттау кезінде қосылған құн салығынан (ҚҚС) босату, бау-бақша кооперативтеріне салық салу тәртібі, резидент еместердің қызметі бойынша шот-фактура рәсімдеу, сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтығандармен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Салық • 20 Ақпан, 2026
«Google салығы»: Қаңтар айында бюджет қоржыны 8,7 млрд теңгемен толықты
Цифрлық экономика қарқынды дамыған кезеңде салық салудың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету негізгі міндеттердің біріне айналды. Осы бағытта Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жүйелі әрі белсенді жұмыс жүргізіп келеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2026
Атырауда төрт мыңнан астам адам көлік салығын төлемеген
Атырау облысында 4246 адам көлік салығы үшін 321 млн теңге берешегін төлемей жүр. Оның ішінде негізгі қарыз – 226 млн теңге, деп хабарлайды Egemen.kz.