аударма
Руханият • 06 Қараша, 2024
«Менің атым Қожа» француз тіліне аударылды
Парижде ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде белгілі жазушы, қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған конференция өтті. Іс-шара аясында «Менің атым Қожа» кітабының француз тіліне аударылған нұсқасының тұсаукесері ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Қазан, 2024
«Венчурлік ойлау жүйесі» атты бестселлер қазақ тіліне аударылды
Өткен аптаның соңында Алматыда Стэнфорд университетінің профессоры Илья Стребулаев пен цифрлық стратегиялар жөніндегі сарапшы Алекс Дангтің «Венчурлік ойлау жүйесі: саналы түрде бәс тігу арқылы орасан зор табысқа қалай жетуге болады» бестселлерінің қазақ тіліне аударылған нұсқасының ресми таныстырылымы өтті. Іс-шара «Сәби» қайырымдылық қоры мен Byb Capital венчурлық қорының қолдауымен ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Маусым, 2024
Елімізде тағы бір санаттағы қызметкерлердің жалақысы көтеріледі
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мәжілісмен Нұрсұлтан Байтілесовтің депутаттық сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 15 Қаңтар, 2024
60 мың сөз, 1300 бет. Қазақ-ағылшын сөздігі жарық көрді
Сенатта «QAZAQ OXFORD DICTIONARY» сөздігі таныстырылды. 60 мың сөз қамтылған 1 300 беттен тұратын басылымды «Қазақ тілі» халықаралық қоғамы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әзірлеген, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 31 Қазан, 2023
«Жылжымайтын мүлік», «сібір жарасы», «қар барысы» секілді сөздер қате аудармалар – Анар Фазылжан
Тілдің тұнығын лайлауға калька аударманың да зардабы орасан. Сара сөздің салмағын екшей алады деген сала мамандарының (өзіміздің әріптестеріміз) өзі калька аударманы қаптатып қолданады. Мағынасына мән беруден бұрын аталуына алдымен екпін салып, сөзбе-сөз аудару белең алып барады. Бұған дейін де осы тіркес тұрақты түрде қолданылды, әлі де саптан сызылып қалған жоқ. «Сибирская язва» деген кеселді біз «сібір жарасы» деп қолданып жүрміз. Қазақтар ертеден кеселдің осы түрі адамға шапса, «күйдіргі» деп атаған. Ал төрт түлікке жабысса, әр малға қатысты өзіндік атауы да болған. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжаннан калька аудармаға қатысты пікірін сұрап, сұхбаттастық.
Әлем • 23 Қыркүйек, 2023
Президенттің «Әке туралы ой-толғау» кітабы Түркияда жарық көрді
Түркияда қазақ халқының көрнекті жазушысы, еліміздегі детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына орай, «Кемел Тоқаев – қоғам қайраткері, көрнекті жазушы, белгілі журналист» атты халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Мамыр, 2023
Самокаттың қазақшасы «белесепет» пе еді?
«Самокат» сөзінің қазақша аудармасы termincom.kz бірыңғай республикалық терминологиялық электронды базасында «белесепет» деп тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 03 Маусым, 2022
Біртанов ісі: Аудармашы сот процесіне қатысудан бас тартты
Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі бойынша ағылшын тілінен орысшаға аударма жасайтын маман сот отырысына қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Мамыр, 2022
Күлтегін ескерткіші мәтінінің 14 тілдегі ғылыми аудармалар жинағы таныстырылды
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен «Дүниежүзі түркологтарының мерейтойлары: тарихы және қазіргі заман» атты халықаралық онлайн семинар өтті, деп хабарлайды Egemen.kz академияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 28 Сәуір, 2022
Еліміздегі екі министрліктің атауында қате бар
Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада «Мемлекеттік тілді ғылым тіліне айналдыру мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 25 Қараша, 2021
Ұлттық әдебиеттің дамуына ең алдымен төл шығармалар, сосын сапалы аударма туындылар көмектесетіні шындық. Әлемдегі оқырманы көп үлкен әдебиеттердің көбі осы үрдісті басынан өткізді. Әлем әдебиетінің бір бұтағы болған қазақ әдебиетінің де дамуы мен деңгейі туралы айтудан жалықпаймыз. Өйткені әдебиет – тарихтың, өмірдің айнасы. Сол айнадан руханиятымыздың келбетін көре аламыз. Бүгінгі сөзімізде біз көркем аударманың жай-күйі туралы ой ортақтастырмақпыз. Бүгінгі дөңгелек үстелге ақын, аудармашы Жүкел Хамай, көптеген қазақ шығармасын түрік тіліне аударған тәржіман Ашур Өздемір, аудармашы Кенжебай Ахметов, парсы тілінен түпнұсқадан аударып жүрген Айнаш Қасым және Абылай Мауданов қатысты.
Үкімет • 16 Мамыр, 2021
Абай еңбектерін румын тіліне аударған профессор марапатталды
Қазақстан Елшісі Нұрбах Рүстемов Абайдың «Қара сөздерін» румын тіліне аударған Бухарест университетінің шет тілдері және әдебиеті факультетінің профессоры Антоанета Олтянуға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хатын табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілетме жасап.
Әдебиет • 21 Қаңтар, 2021
Гуманитарлық білім беру саласында концептуалды ойлау жүйесін жетілдірді
Бүгінде әлемнің үздік 100 оқулығы қазақ тіліне аударылды. Бұл аударма жұмысы мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір бағыты − «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жүзеге асты, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 06 Қаңтар, 2021
«Ұлттық аударма бюросы» Білім және ғылым министрлігін сотқа берді
Бұл туралы «Ұлттық аударма бюросы» Қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы facebook-тегі парақшасында жазды.
Әдебиет • 29 Қазан, 2020
Балалар әдебиетінің 20 әлемдік бестселері қазақшаға аударылады
Ақордада өткен Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева балалар әдебиетінің 20 әлемдік бестселері қазақшаға аударылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 08 Маусым, 2020
Ілеспе аудармашылар сертификат алды
Өткен апта соңында Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ілеспе аудармашылардың біліктілігін арттыру мақсатында қазақ тілінен ағылшын, ағылшын тілінен қазақ тіліне ілеспе аударма жүргізуді үйрету курсын өткізді.