дүниежүзі
Қазақстан • 02 Желтоқсан, 2025
Дүниежүзілік банктің SPI-2024 рейтингінде Қазақстан нешінші орында тұр?
Қазақстан статистикалық тиімділік көрсеткіштері бойынша Дүниежүзілік банктің рейтингінде 217 елдің ішінде 44-ші орынға жетіп отыр. Ал 2023 жылы 65-орында тұрған, яғни 21 позицияға жоғары нәтижеге көтерілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 05 Қараша, 2025
Ғалымжан Қойшыбаев Дохада әлем көшбасшыларымен кездесті
Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев бастаған қазақстандық делегация Қатар Мемлекетінің астанасы Доха қаласында өткен Әлеуметтік даму жөніндегі екінші дүниежүзілік саммитке қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Қазан, 2025
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президентін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік спорттағы допинг проблемасымен күресетін жаһандық институт ретінде негізгі рөл атқаратынына назар аударды. Сондай-ақ Витольд Баньканың Астанаға сапары Қазақстан мен WADA арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуде маңызды қадам саналатынын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 27 Қыркүйек, 2025
27 қыркүйек – Дүниежүзілік туризм күні
Дүниежүзілік туризм күні жыл сайын 27 қыркүйекте атап өтіледі. Бұл мереке 1979 жылы Бүкіләлемдік туристік ұйымның шешімімен бекітіліп, 1980 жылдан бастап ресми түрде тойланып келеді. Мерекенің басты мақсаты – туризмнің әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық маңызын арттыру, адамдарды жаңа жерлерді тануға және мәдениеттер арасындағы өзара түсіністікті дамытуға шақыру.
Президент • 15 Қыркүйек, 2025
Президент Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысын қабылдады
Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII cъезіне қатысу үшін Астанаға арнайы келген Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исамен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 06 Тамыз, 2025
The World Games-2025 жарысына елімізден 33 спортшы қатысады
Олимпиада бағдарламасына енбейтін спорт түрлерінен The World Games – Дүниежүзілік спорт ойындары өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 30 Шілде, 2025
Қошанов Парламент спикерлерінің VI Дүниежүзілік конференциясында сөз сөйледі
Бүгін Мәжіліс төрағасы бастаған делегация Женева қаласында өтіп жатқан Парламент спикерлерінің VI Дүниежүзілік конференциясына қатысты. Ерлан Қошанов жалпы дебатта сөз сөйлеп, екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 29 Сәуір, 2025
EXPO 2025 көрмесінде Қазақстан 100 мыңыншы қонағын қарсы алды
EXPO 2025 Osaka дүниежүзілік көрмесіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны 100 мыңыншы келушіні қарсы алды. Ол – Нара қаласының 37 жастағы тұрғыны, жапондық Жеке қаржылық бастамалар қауымдастығының жоба менеджері Акиба Акихито, деп жазады Egemen.kz.
Еңбек • 28 Сәуір, 2025
Бүгін – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні
Атаулы күн жұмыскерлердің құқықтары, олардың әлеуметтік қорғалуы мен еңбек қауіпсіздігін арттыру мәселелеріне назар аударуға бағытталған. Сондай-ақ осы күні жұмыста қаза тапқан жұмысшыларды еске алу шаралары өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Сәуір, 2025
Ербол Мырзабосынов этноспорттың халықаралық басшылық құрамына енді
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының басшылық құрамына енді. Бұл жайында Санкт-Петербург қаласында өткен «Дәстүрлі спорт түрлерін қайта жаңғырту» атты VII Этноспорт форумы барысында Конфедерация президенті Біләл Ердоған ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Форум • 16 Сәуір, 2025
Көшпелілер ойыны мәдени мерекеге айналды - Аида Балаева
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Астанада өтіп жатқан II Орталық Азия медиафорумында көшпелілердің дүниежүзілік ойындарының медиа кеңістіктегі мәні мен маңызын баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 07 Сәуір, 2025
Екінші дүниежүзілік соғыстағы тағдыркешті шайқастар
Адамзат тарихында ең құрбаны көп, қаншама халыққа үлкен қасірет алып келген сұрапыл шайқастың бірі ІІ дүниежүзілік соғыс болды. Соғыс өртінің алғашқы ұшқындары 1938 жылы нацистік Германияның көсемі Адольф Гитлердің Австрияға жасаған шабуылынан кейін басталды. Бұл шайқас әлемнің барлық елін шарпыды. Тіпті алыстағы АҚШ-та өзінің тынық мұхиттағы әскери кеме базасын Жапония тас-талқан еткен соң амалсыз қанды майданға кірді. Алты жылға созылған ұрыста тарихта бірінші мәрте ядролық қару қолданды. Алапат шайқаста жиырма миллионға жуық жауынгер қырылды, тағы ондаған миллион бейбіт тұрғын мерт болды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 07 Сәуір, 2025
Дәрігерлер АИТВ-ның алдын алу жөнінде кеңес берді
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай «ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Ақтөбе облыстық орталығы» мекемесінің мамандары адам иммун тапшылығы вирусының алдын алу жөнінде сауда орындарында ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 07 Сәуір, 2025
Бүгін дүниежүзілік денсаулық сақтау күні
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні. Бұл күн әлемдік қауымдастықтардың назарын денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерге аударуға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Тарих • 04 Сәуір, 2025
Алматы қаласындағы Достық үйінде Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар аясында «Жеңістің естелігі: ұрпақтар мен халықтар бірлігі» атты Қазақстан-Ресей конференциясы өтті.Конференция жұмысына Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Абзал Нүкенов, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ресей Федерациясы Президентінің шет елдермен аймақаралық және мәдени байланыстар жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Антон Рыбаков, Ресей Федерациясының Жастар ісі жөніндегі федералдық агенттігі басшысы Григорий Гуров, екі елдің ғалымдары мен сарапшылары, сондай-ақ белсенді жастар қатысты. Конференция мерейтойлық атаулы күнге арналған Қазақстан мен Ресейдің бірлескен іс-шараларының бастауы болды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 04 Сәуір, 2025
Дүниежүзілік ойындарға қатысатын каратэшілер белгілі болды
Биыл жазда Қытайдың Чэнду қаласында өтетін XII Дүниежүзілік ойындар (The World Games) бәсекесі өтеді. Туризм және спорт министрлігі халықаралық сында ел намысын қорғайтын каратэшілердің тізімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Сәуір, 2025
Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан қазақстандықтар туралы тың дерек табылды
Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің бастамасымен тарих ғылымдарының докторы, Satbayev University профессоры Гүлнара Меңдіқұлова Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған еске алу шаралары аясында жұмыс сапарымен Францияға барды. Сапар аясында ол соғыс кезінде қаза тапқан қазақстандық сарбаздар туралы мәліметтер жинап және олардың Франция аумағындағы шайқастарға қатысуын зерттеген, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 17 Наурыз, 2025
Қайрат Төребаев жаңа қызметке тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Қалмұқаметұлы Төребаев Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Ақпан, 2025
Концлагерь тұтқынында болған атыраулыққа 1 миллион теңге беріледі
Атырау облысында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан көзі тірі майдангер қалмады. Бірақ соғыс кезінде концлагерьдің тұтқынында болған Екатерина Абсатырова тұрады, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 26 Ақпан, 2025
Алматыдағы Даңқ мемориалы жаңартылады
Алматыда 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақтағы Даңқ мемориалы аумағында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 05 Ақпан, 2025
Дүниежүзілік банк фискалдық кірістерді ұлғайтудың маңыздылығын айтты
Қазақстан экономикасы мұнай өндіруді ұлғайту және жалғасып жатқан фискалдық қолдау нәтижесінде 2025 жылы 4,5-5,0% -ға өседі. Бұл туралы Дүниежүзілік банктің жаңа баяндамасында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тарих • 27 Қаңтар, 2025
БҰҰ Холокост құрбандарын еске алды
Тұп-тура 80 жыл бұрын, дәл осы күні Освенцим-Биркенау концлагерінен 7 мыңға жуық тұтқын кеңес әскерінің күшімен бостандыққа шығарылды. Олар 1,3 миллион адам тоғытылған азап түрмесінен тірі шыққан соңғы жандар болып тарихта қалды. Бұл туралы халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күніне орай БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Түрік еске алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Қаңтар, 2025
Астанада IFLA Дүниежүзілік кітапханалар Конгресі өтеді
2025 жылғы 18-22 тамыз аралығында өтетін кітапхана ісі саласындағы ең ірі іс-шара әлемнің 130-дан астам елінен 4000-ға жуық делегатты біріктіреді, деп хабарлайды Egemen.kz Kazakh Tourism баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 24 Қаңтар, 2025
Қазақстанда 85 203 соғыс ардагері тұрады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елімізде Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қанша ардагер тұратынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Қаңтар, 2025
Қазақтың джиу-джитсу шеберлері Дүниежүзілік ойындарға жолдама алды
Қазақстанның джиу-джитсудан 5 спортшысы Дүниежүзілік ойындарға жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 08 Қаңтар, 2025
Дүниежүзілік қысқы универсиада: Мемлекеттік туды ұстайтын спортшылар белгілі болды
Осы жылдың 13-23 қаңтар аралығында Италияның Турин қаласында XXXII Дүниежүзілік қысқы универсиада өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 03 Желтоқсан, 2024
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банк тобының президентімен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев One Water саммиті аясында Дүниежүзілік банк тобының президенті Аджай Бангамен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Қараша, 2024
Президент Дүниежүзілік климат саммитінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың 29-шы конференциясы аясында өтіп жатқан климат саласындағы іс-қимыл жөніндегі әлем көшбасшыларының саммитіне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 12 Қараша, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік климат саммитіне қатысады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік климат саммитіне қатысу үшін Баку олимпиадалық стадионына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 01 Қараша, 2024
Бүгін - дүниежүзілік вегандар күні
Дүниежүзілік вегандар күні — 1994 жылы 1 қарашада Вегандар қоғамы өзінің 50 жылдығын тойлау тұсында пайда болған мереке. Веган сөзін Дональд Уотсон ағылшынша «vegetarian» (қазақша «вегетарианшыл») сөзінің алғашқы үш, соңғы екі әрпінен алып құраған. Бұл термин 1994 жылы 1 қарашадан бері Лондонда Вегандар қауымдастығында атала бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.