сарбаздар
Айбын • 02 Желтоқсан, 2025
Ұланның 5573 әскери бөліміне жас сарбаздардың жаңа легі қосылды
Биылғы қысқы шақырылым шеңберінде елдің түкпір-түкпірінен әскери борышын өтеуге келген өрендер әскери бөлім аумағына салтанатты түрде жеткізілді. 10 өңірден келген жас сарбаздар тіркеуден өтіп, бастапқы құжаттық рәсімдеулерін аяқтады. Бұл – Ақмола, Қостанай, Қызылорда, Ақтөбе, Алматы, Түркістан, Жетісу, Павлодар, Абай, Қарағанды облыстарынан келген жас толқын, деп жазады Egemen.kz.
Айбын • 07 Қазан, 2025
«Аға сарбаздар» институтының тиімділігі неде
ІІМ Ұлттық ұланында тәрбие жұмысын жетілдіру және қызмет өткеру жағдайын жақсарту мақсатында 5573 әскери бөлімде «аға сарбаздар» институты енгізіліп жатыр. Бұл бастама мерзімді қызмет әскери қызметшілері арасындағы тәлімгерлік жүйесін дамытуға бағытталып, алғашқы оң нәтижелерін көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Шілде, 2025
Ұлан сарбаздары 10 мыңға жуық құқық бұзушыны ұстаған
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілерінің қатысуымен 828 грамм есірткі заты табылған және заңсыз айналымнан 173 дана суық және атыс қаруы, оқ-дәрі тәркіленген. Бұл – осы жылдың алғашқы алты айы бойынша мәлімет, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 02 Маусым, 2025
2000-нан астам сарбаз мемлекеттік грант алды
Қорғаныс министрлігінде алғаш рет әскери қызметтің белгіленген мерзімін абыроймен өткерген сарбаздарға еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында оқуға мемлекеттік білім гранттары салтанатты жағдайда табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz .
Президент • 09 Мамыр, 2025
Президент Қызыл алаңдағы парадқа қатысқан Қазақстан сарбаздарына құрмет көрсетті
Әскери шеруге Қазақстан Республикасынан Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Панфилов атындағы Десанттық-шабуылдау әскері 37-ші бригадасының жауынгерлері қатысты, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2025
Қостанайда «Жас сарбаздар балы» өтті
Жеңістің 80 жылдығына орай, Бауыржан Момышұлы атындағы 5-ші мектеп ұжымы ұйымдастырған дәстүрлі би кеші биыл Жастар сарайында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айбын • 16 Сәуір, 2025
Президент кеңесшісі Ұлан сарбаздарымен кездесті
Мемлекет басшысының бастамасымен өткізілген Ұлттық құрылтайдың IV отырысында ел болашағына бағытталған маңызды тапсырмалар жүктелгені мәлім, деп жазады Egemen.kz.
Шымкент • 16 Сәуір, 2025
Ата-аналар сарбаз ұлдарының жағдайымен танысты
Әскердегі әлімжеттік, қайғылы жағдайларды естіген сайын шыны керек ата-аналардың алаңдаушылығы күшейе түседі. Ақпараттық ашықтық заманында мұндай оқиғалар қоғамда жағымсыз пікір қалыптастыруға себеп болып жатқаны жасырын емес. Десе де қорғаныс мемлекет қауіпсіздігінің басты тірегі боп қала береді. Ал ер азаматтың Отан алдындағы борышын өтеу ол қашан да бұлжымас міндет. Сондықтан халық арасында қазақ әскері туралы жағымды пікір қалыптастыру бүгінгі қоғам үшін өте қажет. Ол өсіп келе жатқан жас жеткіншектерге рух береді, ата-аналардың әскерге деген сенімін арттырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Наурыз, 2025
Ұлттық ұланға 7 000 сарбаз шақырылады
Ұлттық ұлан қатарына көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 13 Желтоқсан, 2024
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Қаратал ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ғимаратын аралап көрді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Маусым, 2024
Ұлттық ұлан сарбазы жасөспірімді ажалдан құтқарып қалды
15 маусым күні кешкі уақытта ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, атап айтқанда әскери жасақ бастығы қатардағы Әлішер Махмет пен патрульдеуші қатардағы жауынгерлер Арсен Қази мен Ринат Досщанов қызмет атқару кезінде суға бата жаздаған оқушыны құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 05 Маусым, 2024
Ақтөбелік әскери бөлім жаңа сарбаздармен толықты
Маусым айында Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Ақтөбе қаласында орналасқан 6655 әскери бөлімі жас сарбаздармен толықты. Әскери бөлімге Маңғыстау, Түркістан, Алматы облыстары мен Алматы қаласының өзінен 115-тен астам сарбаз шақыртылған, деп хабарлайды Egemen.kz «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айбын • 06 Мамыр, 2024
Шекарашы сарбаздар ант қабылдады
5 мамыр – ҰҚК Шекара қызметінің сапына алынып, әскери өмірдің әліппесімен танысуды бастаған жас сарбаздар үшін естерінде ерекше сақталып қалатын күн. Өйткені, сол күні Алматы облысы департаментіне қарасты Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасының техникалық және кәсіби даярлық бөлімінің 600-дей сарбазы Отанына адал қызмет атқаруға салтанатты түрде ант берді.
Қоғам • 03 Сәуір, 2024
Әскери ұшқыштар су басқан аймақтардан екі мыңға жуық адамды эвакуациялады
Қарулы күштердің әскери қызметшілері республикалық және өңірлік жедел штабтармен келісе отырып, табиғи апат орын алған аймақтардағы жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айбын • 13 Ақпан, 2024
Шымкентте сарбаздар ардагерлермен кездесті
Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуы қарсаңында Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының сарбаздарымен дәстүрлі кездесу өтті. Кездесу Ауған соғысына қатысқан сарбаздар мен офицерлердің ерліктерін есте сақтап, өскелең ұрпақты патриоттық, Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.
Қоғам • 10 Қаңтар, 2024
«Қазақ жері қауіпсіздікте екен». Шавкат Рахмонов сарбаздармен кездесті
UFC шебері (18-0) Шавкат Рахмонов сарбаздармен кездесіп, олардың сауалдарына жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Маусым, 2023
Өрт маңындағы ауылдарға Ұлттық ұлан сарбаздары жіберілді
Бүгін Ішкі істер министрінің орынбасары-Ұлттық ұлан Бас қолбасшысымен келісіле отырып, ҰҰ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының шешімімен эвакуацияланған Каштак, Талица және Тепкаши ауылдарына Семейдегі 5511 әскери бөлімінің 100-ге жуық Ұлттық ұлан сарбаздары мен 8 техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Мамыр, 2023
Астаналықтар соғыста қаза тапқан сарбаздарды еске алды
Астанада Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қайтыс болған жауынгерлердің қабіріне «Даңқ гирляндалары» мен гүл себеттерін қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 30 Сәуір, 2023
Шекарашы сарбаздар ант қабылдады
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің оқу базасында алғашқы әскери дайындықтарын шыңдап жатқан жас сарбаздардың ант қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Наурыз, 2023
Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6679 әскери бөлімінің жеке құрамы алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Әскери бөлімдегі сайлау учаскесі ашыла сала, Отан алдындағы борышын өтеп жүрген барлық қатардағы жауынгерлер дауыс беруге саппен келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2022
Курчатовта әскери бөлім жас сарбаздармен толықты
Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 3514 әскери бөлімі Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген 50-ге жуық жас сарбаздармен толықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 09 Маусым, 2022
Жанынан безген жауынгер: Әскердегі суицидтердің саясында не тұр?
Отан алдындағы борышын өтеп жатқан сарбаздардың өзіне қол жұмсауы, жоғалып кетуі кейінгі жылдары елімізде тым жиілеп кетті. Себебі неде, сыры қандай? Нақты жауап жоқ. Құзырлы органдар жағдайға ден қойып кірісе ме, жоқ па, әйтеуір ресми жауап берумен шектеліп жүр.
Қоғам • 19 Сәуір, 2022
Норвегияда жерленген тағы 18 қазақстандық жауынгердің есімі анықталды
Қазақстанның Ослодағы елшілігі екінші дүниежүзілік соғыс кезінде оккупацияда болған Норвегияда тұтқында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің жаңартылған тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 08 Қаңтар, 2022
Тәртіпсіздіктер кезінде Ұлттық ұланның екі әскери қызметшісі қаза тапты
Елдегі жаппай тәртіпсіздіктер барысында Ұлттық ұланның 2 жас сарбазы көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 01 Қыркүйек, 2021
Харьков маңында қазақ жауынгерлерінің жүзден астам сүйегі табылды
Украина мен Қазақстанның іздеу топтары Харьков түбінде 116 сарбаздың сүйегін тапты. Олардың кейбіреулері Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтарға тиесілі болуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Қазақстан • 24 Шілде, 2021
ҚР Ұлттық ұланының 200-ден астам сарбазы әскери ант қабылдады
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Көкшетауда 5510 әскери бөлімінің плацында жас буынның әскери антты салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақмола облысының ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.
Аймақтар • 08 Шілде, 2021
Атырауда әскерде болған 120 сарбаз отбасына оралды
Атырау гарнизоны баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, әскери бөлімдерде мерзімді әскери қызметін өтеген 120 сарбаз отбасына аттанып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Маусым, 2021
Қорғаныс министрі мерзімді әскери қызметтегі сарбаздармен кездесті
Қорғаныс ведомствосының басшысы Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, Семей мен Жаңғызтөбе әскерлерінің тыныс-тіршілігіне қатысты негізгі мәселелерді қарады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 04 Мамыр, 2021
Ресейден үш қазақстандық сарбаздың сүйегі табылды
Ресейлік іздестіру тобы Новгород облысы Холм қаласында бұрын белгісіз болған жаппай жерлеу орнынан үш қазақстандық жауынгер сүйегін тапты, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 20 Шілде, 2020
Елордалық жас сарбаздар Қарулы Күштер қатарына қосылды
Олар Жамбыл облысында орналасқан әскери бөлімдерде қызмет етеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.