спорт
Спорт • 15 Қазан, 2024
«Станислав Черчесов қазақ тілін кемсітуге тырысқан». Министрлік түсініктеме талап етті
Кешелі бері әлеуметтік желілерде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қазақ тілін кемсітуге тырысқаны туралы бейнематериал кеңінен таралып, қоғамның наразылығын туғызды. Туризм және спорт министрлігі осы жағдайға байланысты Қазақстан футбол федерациясына ресми хат жолдағанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 14 Қазан, 2024
Ұлттық құраманың қысқы Азия ойындарына дайындығы пысықталды
Елордада ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен IX қысқы Азия ойындарына ұлттық құраманың дайындығына арналған жиын өтті. Байрақты бәсеке 2025 жылдың 7-14 ақпанында Қытайдың Харбин қаласында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 14 Қазан, 2024
Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері
ҚР Туризм және спорт министрлігі өткен аптаға жасаған шолуын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Қазан, 2024
Назым Қызайбай бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны болды
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының Түркістан облысындағы оқу-жаттығу жиыны аясында жаттықтырушылар мен боксшылардың қатысуымен жиын өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 09 Қазан, 2024
ШҚО-да спорт саласына бөлінген 80 миллион теңге ұрланған
ШҚО-да облыстық спорт басқармасының қызметкері мен ведомстволық бағынысты ұйымның басшылығы 80 миллион теңге көлеміндегі қаражатты жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 08 Қазан, 2024
Астанада пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты басталды
Елордада көру қабілеті төмен және зағип спортшылар арасында IBSA пара пауэрлифтинг және штанганы жатып сығымдаудан әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 08 Қазан, 2024
Елордалық параспортшы әлемдік додада қола медаль еншіледі
Үндістанның Бангалор қаласында көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында шахматтан 12-ші әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 08 Қазан, 2024
Әлем Кубогі: Cпорттық гимнастикадан – 2 алтын
Аталған дода Мажарстанның Сомбатхей қаласында мәресіне жетті. Ұлттық құрама 2 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Қазан, 2024
Антикор Қазақстанның Олимпиадада төмен нәтиже көрсету себебін анықтады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп спортты қаржыландыру саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижесін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 07 Қазан, 2024
Спортшылардың өткен аптадағы жеңістері
Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 04 Қазан, 2024
Астанада грэпплингтің әлемдік жұлдыздары бас қосады
2024 жылғы 7-12 қазан аралығында Астанада грэпплингтен әлем чемпионаты өтеді. Жарысқа әлемнің 30 елінен 1800-ден астам адам қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 03 Қазан, 2024
Инклюзивті ойындар додасы өтті
Астанада «Жұлдызай-2024» атты ұлттық инклюзивті ойындар өтті, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлімдеді.
Спорт • 02 Қазан, 2024
Тараздық танымал пара таеквондошының неден қайтыс болғаны анықталды
Пара таеквондодан Қазақстан Республикасының ұлттық құрама мүшесі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Өміралі Нышан Елубайұлының қазасына қатысты тың деректер белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 02 Қазан, 2024
СҚО-да үш спортшыға пәтер берілді
Солтүстік Қазақстан облысында әлем чемпионаттары, Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының жеңімпаздары мен олардың жаттықтырушыларына құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 02 Қазан, 2024
ММА шебері Дияр Нұрғожай UFC-де өнер көрсетеді
ММА шебері Дияр Нұрғожайдың әлемдегі ең мықты промоушенге қосылды. Бұл туралы UFC президенті Дана Уайт мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Қыркүйек, 2024
Elge Qyzmet Run - мемлекеттік қызметшілер арасында жүгіру мәдениетін қалыптастыруды көздейді
Бүгін елордада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 30 жылдығына орай Elge Qyzmet Run спорттық жүгіруі өтті.
Спорт • 29 Қыркүйек, 2024
Бүгін футболдан Қазақстан кубогының финалы өтеді
Бүгін, 29 қыркүйекте футболдан Қазақстан кубогының финалы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 29 Қыркүйек, 2024
Үш жылдан соң рингке оралған Данияр Елеусінов WBC әлем белбеуін жеңіп алды
Белгілі қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов рингке оралып, бейбітшілік белбеуін жартылай орта салмақта жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Шаруашылық • 27 Қыркүйек, 2024
Қазақстаннан Қытайға астық экспорты 6 есеге жуық артқан
Дәстүрлі түрде еліміздің астық пен оны қайта өңдеу өнімдері үшін негізгі өткізу нарықтары Орталық Азия, Ауғанстан, Иран және Қытай елдері болып қала береді. Сонымен қатар соңғы үш жылда ҚХР-ға астық жүктерінің экспорты 5,7 есе өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Қыркүйек, 2024
Сенсация! Ұлттық құрама футзалдан әлем чемпионын қапы қалдырды
Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында сенсация жасады! Ойыншыларымыз Ташкентте 1/8 кезеңде қазіргі әлем чемпионы Португалиядан басым түсті.
Спорт • 26 Қыркүйек, 2024
Күрестен әлем чемпионатына баратын әйелдер құрамасы белгілі болды
Албания астанасы Тиранада 28-31 қазан аралығында өтетін күрестен олимпиадалық емес салмақтағы әлем чемпионатына баратын еліміздің әйелдер құрамасы жасақталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Қыркүйек, 2024
Astana Media Week: Спорт журналистикасының болашағы талқыланды
Astana Media Week-2024 апталығында сала мамандары спорт сүйер қауымның қызығушылығын қалыптастыру тетіктері мен әдістерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 24 Қыркүйек, 2024
Ауыр атлетика: Әлем біріншілігінде отандасымыз жүлдегер атанды
19 қыркүйекте Испанияның Леон қаласында ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем біріншілігі басталған еді, деп хабарлайды Egemen.kz Qazsporttv.kz-ке сілтеме жасап.
Спорт • 24 Қыркүйек, 2024
Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының күміс жүлдегерлері елге оралды
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Будапеште өткен 45-ші Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында тарихи нәтиже көрсетіп, күміс медаль жеңіп алған шахматтан еліміздің қыздар құрамасының және дүбірлі додаға қатысқан ерлер құрамасының спортшыларын Астана әуежайынан қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 23 Қыркүйек, 2024
Зәмзәгүл Файзолланова - Alash Pride лигасы тарихындағы алғашқы әйел чемпион
Ақтөбеде өткен Alash Pride FC 100 мерейтойлық жүзінші турнирінде Қорғаныс министрлігіне қарасты Армия Орталық спорт клубының спортшысы әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қыркүйек, 2024
Аралас жекпе-жек спортшысының өлі денесі табылды
Ақтау қаласындағы 3 шағын аудан маңынан аралас жекпе-жек шебері Вусал Жафаровтың мәйіті табылған, деп хабарлайды Egemen.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Спорт • 22 Қыркүйек, 2024
Елена Рыбакина тағы бір ірі турнирден бас тартты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина денсаулығына байланысты тағы бір ірі жарысқа қатыса алмайтын болды. Отандасымыз арқасынан алған жарақатына байланысты Қытайда өтетін WTA 1000 - China Open турнирінен бас тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Қыркүйек, 2024
Қазақстан файтері Ресей спортшысы Нурмагомедовті нокаутқа түсірді
Қазақстандық жекпе-жек шебері Саламат Исбулаев Alash Pride FC турнирінде жеңіл салмақта уақытша чемпиондық титулды иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 18 Қыркүйек, 2024
Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» алғашқы ойында жеңіске жетті
Ресейде өтіп жатқан Құрлықтық хоккей лигасында, алғашқы ойында «Автомобилист» командасына қарсы ойнаған отандық хоккейшілер 2:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 17 Қыркүйек, 2024
Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» VS «Автомобилист»
Бүгін Ресейде өтіп жатқан Құрлықтық хоккей лигасында еліміздің «Барыс» командасы «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына қарсы ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz.