тасқын
Аймақтар • 10 Сәуір, 2024
Абай облысында тасқын келтірген залал есептеліп жатыр
Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков Орталық коммунациялар қызметі алаңында бейнебайланыс арқылы сөйлеген сөзінде су тасқыны келтірген залал сомасы алдын-ала есептеу бойынша 57 млн теңгені құрайтынын, жуырда комиссияның жұмысы аяқталатынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Сәуір, 2024
Петропавл маңындағы тұрғындар шұғыл эвакуацияланып жатыр
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Петропавл қаласы маңындағы аймақтардың тұрғындарын мәжбүрлі түрде эвакуациялауды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 10 Сәуір, 2024
Су тасқыны салдарынан жолдар қайта жабылып жатыр
Қазақстанның төрт облысында республикалық тас жолдардың сегіз учаскесін еріген су басты. Сондай-ақ еліміздің алты облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы бүгін, 10 сәуірде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 10 Сәуір, 2024
ТҮРКСОЙ ұйымы зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетеді
Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы елдегі су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетеді. Бұл туралы ұйымның Бас хатшысы Сұлтан Раев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2024
Зардап шеккен өңірлерде дәрі-дәрмек қоры жеткілікті ме? Вице-премьердің жауабы
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен су тасқыны салдарын жою шаралары бойынша кеңес өтті. Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова медициналық өнімдер мен дәрі-дәрмек қоры туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2024
Атырауда Жылыой ауданының тұрғындары эвакуацияланып жатыр
Атырау облысындағы Жылыой ауданынан 34 998 тұрғын эвакуацияланды. Оның дені – Құлсары қаласында тұратын тұрғындар, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Сәуір, 2024
Құлсарыға ақша жіберген 4-сынып оқушысы зардап шеккендерді риза қылды
М. Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы Нұрасыл Игілікұлы жұрттың ризашлығына бөленіп, үлкендердің батасын алды. Еліміздегі су тасқыны бастауыш сынып оқушысын да күрсіндірді. Себебі, қарғын судан тек ересектер ғана емес, өзімен жасты балалар да зардап шегіп жатыр. Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылынан Құлсарыға аттанатын көмек туралы естіген Нұрасыл арнайы жинап жүрген қаражатын мұқтаж жандарға беріп жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Сәуір, 2024
Kusto Group тобы су тасқынынан зардап шеккендерге 400 млн теңге аударды
Күрделі су тасқыны жағдайына байланысты Kusto Group зардап шеккендерге көмек көрсетуге 400 млн теңге бөлінгені туралы хабарлады. Зардап шеккен аймақтарға қаражат KustoHelp жеке қоры арқылы бөлінеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Сәуір, 2024
Ресей тұрғыны Атырауға 50 мың қап алып келді
Ресейдің Дағыстан Республикасында тұратын Омарасхаб Ахмедов Атырауға 50 мың қап алып келді.
Қоғам • 09 Сәуір, 2024
«Жер бетіне қалқып шыққан»: Құлсарыда ер адамның мәйіті табылды
Мәйітті су тасқынымен күресіп жатқан құтқарушылар тауып, жергілікті полицияға тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2024
СҚО-да 219 елді мекен су астында қалуы мүмкін
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев өңірдегі су тасқынына байланысты жағдай күрделі екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 09 Сәуір, 2024
Петропавл қаласын су басуы мүмкін
Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев қала тұрғындарына кезекті үндеу жасады. Облыс орталығына алдағы екі күнде үлкен су басуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Сәуір, 2024
Сенаторлар өңірлерде болып, тасқынға қарсы шараларға қатысты
Сенат депутаттары Әлібек Нәутиев Атырау облысында, Шәкәрім Бұқтұғұтов Шығыс Қазақстан облысында болып, тасқын суға қарсы күресте жерлестеріне көмек көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Сәуір, 2024
15 учаскеде көлік қозғалысына шектеу қойылды
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бірқатар учаскелерінде су тасқыны болып, қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 09 Сәуір, 2024
Елдегі су тасқыны: 85 мыңнан астам адам эвакуацияланды
Азаматтық қорғау қызметтері 85 мыңнан астам адамды, оның ішінде 30 мыңға жуығы баланы құтқарып, эвакуациялады. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 09 Сәуір, 2024
СҚО-да қарғын сумен 3 000-нан астам адам күресіп жүр
Премьер-министр Олжас Бектенов Петропавлда Есіл өзені арнасынан асып кеткен жағдайда қаланы және жақын маңдағы елді мекендерді су тасқынынан қорғауға арналған бөгеттерді нығайту жұмыстарын қадағалады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 09 Сәуір, 2024
Су тасқынымен күресуге кім және қанша қаражат бөлді?
Отандық компаниялар Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерге қаржы аударып, қол ұшын созды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2024
Батыста адамдарды алдын ала эвакуациялаудың екінші кезеңі басталды
БҚО-да Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты адамдарды алдын ала эвакуациялаудың екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шаруашылық • 09 Сәуір, 2024
Мал қорымдарын су басудан қауіп бар ма? Министр жауабы
Еліміздің Ауыл шаруашығы министрлігі мал қорымдарын су басқан жағдайда да аса қауіпті инфекциялардың пайда болу ықтималдығы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 08 Сәуір, 2024
5 миллион теңге: Танымал айтыскер ақын су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға ақша аударды
Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына қаржылай көмектесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 08 Сәуір, 2024
Су тасқыны жағдайында азық-түлік бағасы өсіп кетсе, қайда хабарласу керек?
Су тасқыны болған өңірлердегі сауда нысандарында көшпелі ревизия жүргізіліп, азық-түлік пен қажетті тауарлар қорлары тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Сәуір, 2024
Қарғын суға қарсы іс-әрекеттен краншы-зейнеткер тыс қалмады
Ақтөбелік краншы-зейнеткер Шыңғыстау Әбдиев туып-өскен өңірінің жағдайына бей-жай қарамай, қол ұшын созды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Үкіметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Сәуір, 2024
Су тасқынынан зардап шеккендердің шығындары қалай өтеледі?
Ел Президенті зардап шеккендердің ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын айтқаны мәлім. Су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған азаматтардың шығындары қалай өтеледі? Өзекті ақпарат Үкімет ұсынған мәліметтерде көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2024
Тағы бір өңірде төтенше жағдай жарияланды
Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды. Бұл туралы әкімдік Facebook әлеуметтік желісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2024
Ақмола облысында екі мың үйді су басу қаупі сейілді
Жедел шаралардың арқасында бес мыңнан астам адам тұратын 25 елді мекенде екі мың үйді су басу қаупі сейілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2024
Бірде-бір тұрғын мен оның мүлкі назардан тыс қалмайды - Петропавл әкімі
Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев су басқан аудандардың тұрғындарын эвакуациялауға алдын ала дайындалуды сұрады. Сондай-ақ қала әкімі су тасқынына қарсы іс-шараларға белсене қатысқан азаматтарға алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 08 Сәуір, 2024
Алматылықтар Атырау облысына гуманитарлық көмек жіберді
Алматы қаласы әкімі аппаратының құтқару қызметі су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланған Атырау облысына гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2024
Жылыой ауданынан 30 мың адам эвакуацияланды
Су тасқыны салдарынан Атырау облысының Жылыой ауданынан 30 мыңға жуық адам эвакуацияланды, оның ішінде Тұрғызба ауылының 430 тұрғыны бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 08 Сәуір, 2024
«Су басу қаупі жоқ»: Астана контрреттегіші тексерілді
Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек және Ақмола облысы әкімі Марат Ахметжановпен ағымдағы су тасқыны жағдайын тексерді. Қала арқылы тасқын суларды өткізуге және ықтимал су тасқынынан қорғауға арналған Астана контрреттегішінің жайы бақыланды. Сонымен қатар Майбалық көлі мен Вячеслав су қоймасының жағдайы тексерілді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2024
Павлодар облысы су тасқыны мәселесін қалай реттеді?
Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Төтенше жағдайлар комиссиясы осы жылдың 2 сәуірінде Жалаулы ауылында енгізілген жергілікті ауқымдағы табиғи төтенше жағдай режимін алып тастау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.