іс
Қоғам • 21 Ақпан, 2024
«Есірткі өндірген». Трансұлттық қылмыстық топ ұсталды
ІІМ трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың синтетикалық есірткі өндіру және тарату арнасын анықтап, жұмысына тосқауыл қойды, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Президент • 19 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысы Өзбекстанның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанның сыртқы саясат ведомствосының басшысы Бахтиёр Саидовқа ілтипат білдіре отырып, қазақ-өзбек ынтымақтастығы барлық салада қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан бауырлас Өзбекстанмен өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға баса мән береді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ән • 19 Ақпан, 2024
Рахат-Би Әбдісағин операсының премерасы Ұлыбританияда аншлагпен өтті
«Қазақ Моцарты» Рахат-Би Әбдісағин Шотландияның ең атақты патшаларының бірі 750 жылдығына орай опера жазды. 17 ақпанда Глазго соборында «Болашақ» бағдарламасының докторанты, дарынды композитор-пианист Рахат-Би Әбдісағин жазған «Брюс» операсының әлемдік премьерасы өтті. Қойылымда Шотландия Корольдік консерваториясының солистері, хоры және дирижерлер өнер көрсетті. Опера Глазго университетінің Шотландия әдебиетінің профессоры, ақын Алан Риачтың жанды дауыста оқуымен Рахат-Би өзі орындаған он минуттық орган увертюрасымен ашылды.
Қазақстан • 19 Ақпан, 2024
«New York Fashion Week-2024» халықаралық сән көрсетілімінде Әнұранымыз шырқалды
Нью-Йорк қаласындағы «Leman Ballroom» залында «New York Fashion Week-2024» халықаралық сән көрсетілімінің 16-маусымының ашылуында Қазақстан дизайнерінің ұлттық сән үлгілері ұсынылып, қазақ әншісі өнер көрсетті.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2024
Абай облысында 100-ден астам көлік кептелісте тұрып қалды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Абай облысының Көкпекті ауданында жолдар жабылып, көлік қозғалысына шектеу енгізілген еді. Осыған байланысты 100-ден астам көлік кептелісте тұрып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2024
Жетісу облысында алғашқы үшем дүниеге келді
Талдықорған қаласының 28 жастағы тұрғыны үшем дүниеге әкелді. Бұл – Жетісу облысы жаңадан құрылғаннан бері өмірге келген алғашқы үшем. Сәбилеріне Зейнеп, Зейін, Зейнұр деген есім берген Дүмбергеновтердің тұңғышы қазір 10 жаста. Сөйтіп жас отбасы көпбалалы атанып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Ақпан, 2024
Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді
Бүгін сағат 09:52-де Сейсмикалық станциялар желісі Алматы маңында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 15 Ақпан, 2024
Қатармен келісімге қол қойылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатар еліне мемлекеттік сапары аясында Қазақстан мен Қатар арасында ұстап беру және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімдерге қол қойылды, деп жазады Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 14 Ақпан, 2024
Үкімет басшысы Қарағанды облысының өндірістік кәсіпорындарын аралады
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барып, бірқатар негізгі өндірістік кәсіпорынды аралады, сондай-ақ өнеркәсіп секторының өзекті мәселелерімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 14 Ақпан, 2024
Президент Қатар Әмірімен келіссөз жүргізді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 14 Ақпан, 2024
Төтенше жағдай кезінде мерзімі өткен құжаттар жарамды деп танылады
Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Ақпан, 2024
Айтуар Қошмамбетов Мәжіліс депутаты атанды
Бүгін Айтуар Қошмамбетов Мәжіліс депутаты ретінде ант берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 14 Ақпан, 2024
Мәди Такиев Мәжіліс депутаты қызметінен кетті
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Мәди Тәкиевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 13 Ақпан, 2024
Қазақстан азаматтары Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істейтін болады
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) кеңейтілген Алқа отырысында ведомство басшысы Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 13 Ақпан, 2024
Атаулы әлеуметтік көмек беру тәртібі өзгереді
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жүйесі өзгереді. Көмек енді шын мұқтаж отбасыларға ғана беріледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл бағытта жемқорлық тәуекелдері болмауы үшін қаржылай көмек тағайындау процесі цифрландырылатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2024
Тараз қаласында жүргізуші куәлігін сату фактілеріне қатысты ресми түсіндірме
Тараз қаласында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның қауіпсіздік қызметі тексеру іс-шаралары барысында жүргізуші куәлігін заңсыз беру фактілерін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Ақпан, 2024
Алматы облысындағы колледждерге тиесілі жатақханалардың сапасы сын көтермейді. Бірінде интернет қосылмаса, енді бірінде студенттердің ескірген көрпе-жастық жастанып жатқаны жанға батады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 12 Ақпан, 2024
Странджа кубогі: Қазақ боксшылары бір алтын, бір күміс, бір қола еншіледі
Болгарияда өтіп жатқан халықаралық Странджа кубогінде қазақ боксшылары 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Табиғат • 10 Ақпан, 2024
«Көктемнің белгісі іспетті». Қаңтарда бәйшешек бүр жарды
«Сырдария-Түркістан мемлекет өңірлік табиғи паркіне» қарасты Боралдай филиалының ерекше қорғалатын табиғи аумағында бір ай бұрын бүр жарған бәйшешекті мемлекеттік инспектор Хамит Қалдарбеков фотоға түсіріп алыпты. Бұл туралы syrdaria_turkestan инстаграм парақшасында хабарланған екен, деп жазады Egemen.kz.
Теннис • 09 Ақпан, 2024
Mubadala Open турнирі: Елена Рыбакина жеңіспен бастады
Теннистен еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Mubadala Open турнирін жеңіспен бастады, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 09 Ақпан, 2024
Мәжіліске жаңа депутат қосылады
Respublica партиясы 24 қаңтар күні мандатын тапсырған Динара Шүкіжанованың орнына Мәжіліске Айтуар Қошмамбетов баратынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Ақпан, 2024
Түркістандағы балалар өлімі: Басқарма басшысы қаралы отбасыға көңіл айтты
Кеше Түркістан қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен 2 баланың мәйіті табылып, қабылданған шаралар нәтижесінде Шымкент қаласындағы қонақүйден сол балалардың анасы күдікті ретінде қамауға алынған еді. Ол Қызылорда облысының тұрғыны болып шықты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Ақпан, 2024
Мәжілісте маска режимі қайта енгізілді
Енді Мәжіліс ғимаратында жүргендер міндетті түрде маска тағып жүреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 07 Ақпан, 2024
Президент Іс басқарушысының орынбасары тағайындалды
Бақыт Үрістемұлы Әбілдинов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 07 Ақпан, 2024
Асат Нұрпейісов Президент Іс басқарушысы болып тағайындалды
Асат Болатұлы Нұрпейісов Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Технология • 07 Ақпан, 2024
Болашақта әр ел өзінің тәуелсіз «нейрочиптерін» жасауға күш салуы мүмкін - ІТ маман
Дүниежүзінде нейрочип дәуірі дүркіреп тұр. «Нейрочип» дегенде миллиардер Илон Масктың есімі еске түскенмен, осы «технологиялық төңкеріс» бағытында өзге де жұмыс істеп жатқан компаниялар жетерлік. Мәселен, америкалық Blackrock Neurotech компаниясы 2004 жылы әлемде алғаш рет компьютерді оймен басқаратын құрылғыны миға имплантациялады. Сонымен бірге Neuralink-тің негізін қалаушылардың бірі басқа компания құрып сал ауруына шалдыққан адамдарға арнап Precision Neuroscience имлантын жасады. Масктың басты бәсекелесі Synchron компаниясы Stentrode құрылғысын 2016 жылы нарыққа ұсынып үлгерген. Илон Масктың қарсыластарын қапы қалдырып, ауызға жиі ілігуі «Нейрочип» өндірісіндегі жарнамасының өткірлігімен байланысты.
Спорт • 07 Ақпан, 2024
Азия чемпионаты: Қоржынға екінші күміс түсті
Ташкент қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында ерлер арасында ел қоржынына екінші күміс түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 07 Ақпан, 2024
Елімізде жаңа өндіріс орындары ашылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында Қазақстанның экономикалық өсу межесі туралы айтты. Оған қоса елімізде жаңа өндіріс орындарын ашу мен жұмыс істеп тұрған комбинаттарды түбегейлі жаңғырту бойынша нақты тапсырма берді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 06 Ақпан, 2024
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов коронавируспен ауырып қалды
Бүгін өткен Мәжіліс отырысына Ерлан Қошанов қатыспады. Мәжілістің баспасөз қызметі спикердің коронавирус инфекциясына шалдыққанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz Казинформ агенттігіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 06 Ақпан, 2024
Мұрат Нұртілеу Сыртқы істер министрі болып қайта тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.