Редакция таңдауы
Еліміз үшін 2020 жылдың Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына және Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өту туралы Жарлыққа қол қойылғанына 25 жыл толуына байланысты символдық мәні зор. Бұл оқиғалар бір-бірімен өте тығыз байланысты. Өйткені олар Қазақстанда тұратын барлық этностардың бірлігін, достығын, сенімділігін, өзара құрметін нығайтуға негізделген.
01 Мамыр, 2020
Азық-түлік қауіпсіздігі: тоқмейілсуге негіз жоқ
Қазір Қазақстан бүкіл әлем елдері сияқты коронавирус пандемиясымен қатар, экономикалық дағдарыс жағдайында тұр. Бұл ауыртпалықтың синергиялық факторы бар. Яғни әр проблема қатар келгенде бір-бірін үдетіп тұрады.
01 Мамыр, 2020
Ресейдің премьер-министрінен коронавирус анықталды
Ресей Федерациясының Үкімет басшысы Михаил Мишустин өзінен коронавирус инфекциясы анықталғанын мәлімдеді.
30 Сәуір, 2020
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 3400-ден асты
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 46 адам тіркелді.
30 Сәуір, 2020
Балаларға базарлық. Сиқырлы кетпен
Түркі халықтарының қызықты ертегілерімен таныстыруды жалғастырамыз. Төменде көрсетілген видеоға өтіп, арнамызға жазылуды ұмытпаңыз!
30 Сәуір, 2020
Бұрын «Өзен жағалағанның өзегі талмайды» деуші еді үлкендер. Енді өзен мен өзектегі балықтың өзегі талатын болды.
30 Сәуір, 2020
Бүгін Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа ту тіккен күні
Бүгін Ұлы Отан соғысының батыры, «Халық Қаһарманы» Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа ту тіккеніне тура - 75 жыл.
30 Сәуір, 2020
Көркем мінез – мұсылманның көркі
Сәмауи діндердің барлығында көркем мінез туралы айтылған. Үлкен оқымысты имам Ғазали: «Інжілден Иса пайғамбардың «Жамандық жасаған адамға жамандық қайтарма. Бір бетіңді ұрған адамға екінші бетіңді тос. Сырт киіміңді алған адамға шалбарыңды да бер» дегенін оқыдым», депті.
30 Сәуір, 2020
Елімізде төтенше жағдайға байланысты шаралар дер кезінде қолға алынды. Қытайда оқып жатқан және сол елге сапарлап барған азаматтарымызды ауру жұқтырмастан бұрын тегіс елге әкелгені індеттің алдын алудың өте бір мықты қадамы болды деп есептеймін. Оны басқа елдер жасады ма, жасамады ма білмеймін, ал біздің азаматтардың індет өршіп тұрған жерден Отанына қайтуы нағыз халыққа жасалған қамқорлық болғаны анық.
30 Сәуір, 2020
Өнерде де маңызды өзгерістер болуы мүмкін
Мемлекеттік қысқа және ұзақ мерзімді стратегиялық жоспар жасап, оны кезең-кезеңмен жүзеге асырып отыру – өркениетті, заманауи елдердің үлесі. Тәуелсіздігімізге отыз жылға таяу уақыт ішінде қаншалықты күрделі жағдайларды бастан өткерсе осы қағиданы ұстанып, дамып келе жатқан еліміздің мемлекеттік сындарлы стратегиясының нәтижелері бүгінгідей сын сәтте де айқын көрінуде.
30 Сәуір, 2020
Кітапхана – көркем ойымыздың кепілі
Әлемдік өркениетте кітапхананың алатын орнын ешкім де жоққа шығара алмайды. Осы орайда еліміздің еңселі қара шаңырағының бірі Ұлттық академиялық кітапхананың бүгіні мен болашағы турасында айта кеткіміз келеді.
30 Сәуір, 2020
Белгілі қоғам қайраткері, сенатор Сәрсенбай Еңсегенов әлеуметтік желідегі парақшасында Атырау облысының Құрманғазы ауданында өсетін өсімдіктер жөнінде хабардар етіп, өткен тарихымызды таразылауға, ішкі туризмді дамытуға жол ашып келеді. Ел есінде ұмыт қалған осынау өсімдіктердің шығу тарихына шолу жасап көрейін.
30 Сәуір, 2020
Оралда Орынбек Меңдіқұл дейтін ақын, сазгер досым бар. Әнші Әбдіжаппар Әлқожаның орындауындағы «Махаббатсыз бұл өмірді кім сүрмек» деген әннің сазын жазған азамат. Сол жігіттің әлеуметтік желідегі парақшасын қарап отырып, қасқыр құшақтаған бойжеткеннің суретіне көзім түсті. Дереу Орынбекке хабарластым. Амандық, саулықтан соң суреттің сырын сұрадым. Ол да бөгелмеді. Мәселе былай екен.
30 Сәуір, 2020
Махал ата үшін немере-шөберелерінің қарашаңыраққа келгені ең мерекелі де қуанышты күн, құнды сыйлық. Ұл-қыздары отбасымен бірге әкенің хал-жағдайын сұрап жиі келуге тырысады, әрине. Ұлы Жеңіс күні Махал Полатбековтің 13 перзентінен тараған 56 немере, 105 шөбересі Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерін мерекесімен құттықтау үшін қарашаңыраққа асығады. Кейде барлығы түгел жиналады, енді бірде мүмкіндігі болмаған бір-екеуінің орны білініп тұрады. Қалай болғанда да Жеңіс күні Махал ата үшін ерекше қуаныш сыйлап, қуат беретін айтулы мереке.
30 Сәуір, 2020
Шағын қаржы ұйымдары жабылып қалмай ма?
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микроқаржы ұйымдарын, оның ішінде ломбардтарды және онлайн-кредиторларды тексеруді бастады. Мұндай ұйымдар көптеп шоғырланған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 1100 ломбард тексерілмек. Яғни еліміздегі ломбардтардың тең жартысы тексеріледі деген сөз.
30 Сәуір, 2020
Озық ұлттар бәйгесі басталған ХХІ ғасыр көшінде мемлекет құрушы ұлттың жасампаздық болмысы замана таразысына тартылуда. Бұл орайда адамзат өркениетіне көшпенділер әлемінің бірегей моделін жеткізген түркі текті қазақ халқының мемлекет құрушы ұлт ретіндегі көтерер жүгі салмақтана түседі. Өз тарихында сан түрлі мемлекеттік биліктің дамуы, өркендеуі мен құлдырауын және қайта жаңғыру кезеңдерін бастан өткізіп, рухани-мәдени, ділдік ерекшелігі табиғат пен қоғамның үйлесімінде қалыптасқан халқымыз өз арасынан шыққан ұлы перзенттерімен де дараланады.
30 Сәуір, 2020
Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы COVID-19-дан жазылып шыққан адамдардың қанынан плазма даярлауды бастады.
30 Сәуір, 2020
Ерсін Жүнісов: Коронавирусқа қарсы тиімді әдіс
– Ерсін Тұрсынханұлы, өзіңіз жетекшілік ететін Семей медицина университетінің ғалымдары күллі әлемді алаңдатып отырған коронавирус инфекциясымен күресте қолдануға болатын жаңа құрылғы ойлап тапты деп естідік. Бұл қандай құрылғы? – Қытайдың Ухань қаласында жаман індет шыққаннан кейін әлем елдері жұқпалы дерттің емін іздей бастады. Елімізде де дер кезінде тиісті шаралар қабылданды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық медицина ғылымын дамытуды тапсырғаны белгілі. Қазір біздің оқу орны Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасымен талдау бойынша жұмыс істеп жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен келісе отырып, университет қабырғасында медициналық штаб құрдық. Инфекциялық, карантиндік, провизорлық ауруханаларға цифрлы технологияларымызды, телемедицинаны, бейнекамераларымызды, планшеттерімізді қойдық. Айта кету керек, Өскемен және Семей қаласындағы ауруханаларға қосымша 4G планшеттерді жергілікті меценаттар мен қалалық және облыстық мәслихат депутаттары, Nur Otan партиясының мүшелері алып берді. Ғалымдарымыздың ойлап тапқаны, қарапайым ғана құрылғы. Науқас өздігінен тыныс ала алмай, ауыр жағдайда болғанда интубацияны тезірек қою үшін қолдануға болады. Бұл – бір. Екіншіден, дәрігерлердің инфекция жұқтыру мүмкіндігін төмендетеді. Мәселен, осы құрылғыны қолданған жағдайда наркоз беретін анестезиолог науқастың тура үстінде тұрмай алысырақ тұрады, сол кезде инфекция жұқтыру деңгейі төмен болады.
30 Сәуір, 2020
Балабақшалар саны көбейді, сапасы ше?
Қазіргі кезде еліміздің қалаларында да, ауылдарында да балабақшалардың саны көбейгені, соның нәтижесінде мектепке дейінгі тәрбие-білім беру нысандарымен қамтылу көрсеткіші 90-95, тіпті кейбір жекелеген өңірлерде 100 пайызға дейін жеткені үлкен жетістік ретінде айтылып жүр.
30 Сәуір, 2020
Қоғамда полицейлер туралы пікір мен көзқарас әр алуан. Жуырда бір апай «полицейлерді аяймын, өзімнің жалғыз ұлым бар, олар да сол сияқты әке-шешесінің аяулы перзенті, жұбайының арқа сүйер азаматы, бала-шағасының асыраушы әкесі емес пе? Мен жұмысқа кеткен ұлымды әртүрлі уайымдар жетегінде күтіп, ол үйге енгенге дейін дегбірім қалмайды, олардың да ата-анасының дәл мендей болып күтетіні анық. Бірақ халық сыйламайды, ауыздарына келгенді айтып, өжектеп жатады. Тіпті соңғы кездері әбден жүні жығылып, сағы сынған полицейлер көшеде адамдарды, не көлікті қызмет бабында тоқтатқанда ауыр сөз айта ма немесе ілік іздеп сәл нәрсені таудай етіп видеоға түсіріп, айдай әлемге жайып абыройды түсірер деп үрейлене ме, әйтеуір өздері қорқып, жігерсіздеу сөйлейді, жалтақтап-жасып тұрады. Тіпті полицей жаман дегеннің өзінде ертең өздерінің бала-шағасы арасынан ешкімнің сақшы болмауына кепілдігі жоқ қой олардың», деген еді күйіне.
30 Сәуір, 2020