Пікірлер .
Ауылды намысшыл ағайын көтереді
Ауыл шаруашылығын дамыту ісінде әлі күнге дейін ашып айтпай келе жатқан бір үлкен кемшілігіміз – қазақ халқының ұлттық болмысы мен оның жерінің ерекшеліктеріне дұрыс назар аудармайтынымыз. Мұны мен ұзақ жылдар бойы журналист ретінде Үкімет отырыстарына тұрақты түрде қатысып, мақала дайындаған кезімде байқадым.
30 Қаңтар, 2023
Мал бағуды неге жеңілдетпеске?
Қазір елімізде мал шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлер мал бақтыруға малшы таба алмай зар илейді. Қоғамның бір бөлігі «малшыға жалақыны дұрыс төлемейді» деп олардың өзін айыптайды.
09 Тамыз, 2022
Игілікте әрқайсысының үлесі бар
Осы өткен отыз жылда біздің басты идеологиямыз еліміздің тәуелсіздігі болып келгені белгілі. Тәуелсіз ел болдық, ата-бабамыз аңсаған басты арманға қол жеткіздік деп мақтандық, шаттандық, бөрігімізді аспанға аттық. Тәуелсіздік бізге аяқастынан аспаннан түскендей болған соң, расында да, бұл бір ғажайып кезеңдер болды. Бүкіл ел болып еркіндікті сезіндік. Енді осы еркіндігімізді ешкімге бермейтініміз анық.
14 Маусым, 2022
Телеарналарға түбегейлі өзгеріс қажет
Интернет желісінің дамуы адамзатты ақпаратқа қарық қылды деп айтуға болады. Қазір ежелден дамып келе жатқан газет-журналдар да, бертінірек дамыған теледидарлар да осы интернет ішіне еніп отыр. Газет пен теледидар негізінен көп жағдайда саясатқа қызмет етсе, яғни белгілі бір мақсаттарға сәйкес әзірленетін ақпараттарды ұсынса, интернет адамға ақпараттарды таңдау құқын береді. Сондықтан оның сипатын халықтық деп атауға болады.
31 Наурыз, 2022
Жуықта Германиядағы бақуатты өмірді бейнелеген бір бейнежазба уатсап әлемін шарлап кетті. Аталған елдің бір шағын елді мекеніндегі, біздіңше айтсақ, ауылындағы, әдемі көрініс. Қаз-қатар тізілген екі-үш қабатты сәнді коттедждер. Жайқалған тал-терек. Жасыл кілем секілді құлпырған шөптер. Жарқыраған асфальт. Ауыл көркіне тамсанып қарай бергің келеді.
10 Ақпан, 2022
Көңіл шіркін шексіз мұхит секілді. Бірақ оның да сарқылатын, таусылатын кезі бола ма деймін. Бәлкім біреулер: «мынау не деп сандырақтап тұр, көңіл таусылушы ма еді, көңіл қалушы еді ғой. Көңілдің таусылғаны несі» деп уәж де айтар. Бәлкім солай да шығар. Бірақ маған қазіргі қазақ өмірінде жүріп жатқан өзгерістер көңілдің тақа таусылмаса да азая түскенін, суала түскенін білдіретіндей сезіледі. Мұны, әсіресе өткен мен қазіргіні салыстырған кезде айқын көруге болады. Мәселен, кезіндегі қазақ көңілімен бай қазақ еді. Оның көңіл кеңдігі өзінің шетсіз-шексіз сайын даласындай, ал тазалығы көк аспанындай болатын. Сол көңіл қазір бар ма? Жоқ секілді...
22 Қараша, 2021
Сына қаққандар сотта жеңіліп қалды
Жақында Нұр-Сұлтан қаласында Жанат Малгелдинов есімді адвокат елорданың ең көрікті жері Ботаникалық саябақты бойлай салынған Түркістан көшесінен тұрғын үй тұрғызбақ болған компанияны соттың бірінші сатысында жеңіп шықты. Осы жаңалықты адвокаттың өз аузынан естігінде басында таңданып қалдық. Әрине, бұл таңданысымыздың да себебі жоқ емес еді.
20 Қазан, 2021
Ауыл және ауыл шаруашылығындағы халыққа қарағанда қалада тұратын және ауыл шаруашылығымен шұғылданбайтын халық санының басым түсуі – қазіргі урбандалудың басты ерекшеліктерінің бірі.
20 Қыркүйек, 2021
Елорда іргесіндегі Қосшы ауылына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «облыстық деңгейдегі қала мәртебесінің» берілуі жол, жарық, жылу секілді әлеуметтік проблемалардың асқынуы салдарынан жиі шу шығарып жататын қосшылықтардың көңілін біраз көншітіп тастағандай.
03 Тамыз, 2021
Осыдан жиырма жыл бұрын елордаға көшіп келгенімізде бір шаруаның ретімен қала іргесіндегі Қосшы ауылына барғаным есімде. Сол кезде ол бір кеңшардың орталығындай ғана шағын ауыл екен. Ауылдың орталық бөлігінде Хрущев, Брежневтер заманындағы бес қабатты төрт-бес үй тұрды. Қалғанының бәрі жатаған үйлер еді. Уикипедия деректеріне қарағанда, 1999 жылы мұнда 1742 адам болса, 2009 жылы тұрғындар саны 4527 адамға жеткен. Ал қазір кент туризмді дамытуға лайық көз тартарлық шағын қалаға айналып үлгерген.
14 Шілде, 2021
Осыдан отыз жылдай уақыт бұрын, біздің жастық шағымызда, мен туып-өскен Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданының Қарабұлақ ауылында 23 соғыс ардагері бар еді. Жеңіс мерекесі кезінде кеуделеріне орден-медальдерін сылдыратып осы ардагерлер көшеге шыққан кезде ауылымызды ерекше салтанатты жағдай кернеп алатын.
27 Мамыр, 2021
Көңіл деген қызық құбылыс. Менің ойымша, осы күнге дейін оның ұшығына жеткен ешкім жоқ. Бірақ көп адам оның өте қасиетті дүние екенін біледі. Сондықтан адам көңілін қалдырмауға тырысады. Өз көңілін де таза сақтауға ұмтылады. Көңілін қалдыратын жерге, ортаға көп жоламайды.
12 Мамыр, 2021
Жылдан-жылға қарыштап дамып келе жатқан ақпараттық технологиялардың адам баласына беретін пайдасы көп. Тек соны ретімен сауатты түрде пайдалана білу керек. Ал егер оны қара басың ғана емес, қоғам мүддесі үшін пайдаланатын болсаң, пайдасы бірнеше қайтара еселеніп, қаншама адамға жағымды әсер ететін болады. Осының бір мысалын ортаға салғанды жөн көрдім.
07 Сәуір, 2021
Адам өмірі аққан өзен секілді екен. Білінбей баяу жылыстай отырып, балалықтың көктемінен, жастықтың жайраңдаған жазынан өтіп, ақыры мәуелі қоңыр күзге де келіп жетеді. Оның ар жағында көп нәрсеге мойын бұрғызбайтын, сейіл-серуен құрғызбайтын, көбінесе үйде қамап ұстайтын қытымыр қыс тұр. Әрине, қысты дұрыстап қарсы алу үшін қоңыр күздің адам үшін жайлы, жағымды болғанына не жетсін! Сол үшін де адамдар өз өмірінің күзі жеткенде оған дайындалып, түрлі қарекеттер жасай бастайтын көрінеді.
04 Наурыз, 2021
Бала кезде әжемнен естіген аңыз, ертегілердің әсері ме екен, кейде адамзат мекен етіп отырған жұмыр жерді алып қара өгіз бейнесінде елестетемін. Кәдімгі жаны бар, сезімі мен түйсігі бар қара өгіз.
24 Желтоқсан, 2020
Мына әңгімені жақында белгілі журналист Қуаныш Нұрсадықовтан естідік. Сонау ел ішінде дүрбелең тудырған 1937-1938 жылдары ауыл белсендісі атанып жүрген атасы Нұрсадық «жапон тыңшысы» деген жаламен жазықсыз сотталып, Иркутск облысындағы Канск деген қалаға жер аударылады.
17 Қараша, 2020
Күннен күнге қанатын кең жая түскен жаңа технологиялар негізінде әлемнің өзгеріп бара жатқанын көріп отырмыз. Ол жаңа технологияларды негізінен компаниялар мен корпорациялар енгізуде. Себебі қазіргі күні қаржының бәрі – солардың қолында. Олар бір-бірімен жанталасқан бәсекелестікке түсе отырып, жаңа идеялар мен соларды жүзеге асыратындай әдіс-тәсілдерді, ғылым жаңалықтарын іздестіреді. Содан кейін оны капиталдың күшімен көп қиналмастан бірден жүзеге асырады.
04 Қараша, 2020
Біз әдетте адамзаттың даму кезеңдерін айқындау үшін оның тарихын қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік қоғамдарға бөлеміз. Бұл қоғамдарда адамзаттың алдына әртүрлі мақсаттар қойғаны, сол мақсаттар үшін күрескені байқалады.
21 Қазан, 2020
«Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ, Қараймын елесіңе мен таңырқап, Жаңғыртып жер сарайын сен келгенде, Көрпемді мен жатармын қырда қымтап» деп жырлаған еді қазақтың дауылпаз ақыны Қасым Аманжолов.
18 Қыркүйек, 2020
«Адам деген бір жалаңаш нәрсе. Мінез, ақыл, сөз оның киімі есепті. Осылар көркем болса, жұрт көзіне көрікті, сүйкімді көрінеді» деген екен Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Данышпан Лев Толстой «ақылыңа азықты көп беруге тырыс» десе, Федор Достоевский «адам бойындағы бағалауға лайық қасиет – ақыл емес. Қайта сол ақылды басқаратын қасиеттер: мінез, жүрек, мейірімділік, таза ой» депті.
15 Қыркүйек, 2020