Жылдан-жылға қарыштап дамып келе жатқан ақпараттық технологиялардың адам баласына беретін пайдасы көп. Тек соны ретімен сауатты түрде пайдалана білу керек. Ал егер оны қара басың ғана емес, қоғам мүддесі үшін пайдаланатын болсаң, пайдасы бірнеше қайтара еселеніп, қаншама адамға жағымды әсер ететін болады. Осының бір мысалын ортаға салғанды жөн көрдім.

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданындағы Қарабұлақ ауылының көптеген тұрғыны ел өмірінде болған өзгерістерге байланысты қалаларға қарай қопарыла көшкендіктен, шамамен алғанда, бұрынғы ауыл тұрғындарының 70 пайызы қазір сыртта жүр деп айтуға болады. Әрине, бұдан ауылымыз бос қалған жоқ, кеткендердің орнын шетелдерден атажұртқа келген қандас бауырларымыз басты. Ауылымыздың түтіні бұрынғысынша әлі де түзу ұшып келеді.
Дегенмен «ауылдан адам көшкенмен, адамнан ауыл көшпейді» деп әнде айтылғандай, балдәурен балалық шағың өткен туған ауылыңа деген бір сағыныш жүрек түкпірінде қалады екен. Жасың ұлғайған сайын сол сағыныш тіпті үдей түсе ме деймін.
Жан-жақта жүрген қарабұлақтықтардың басын қосып, сағынышымызды басу мақсатында осыдан жеті-сегіз ай бұрын әлеуметтік желіде ауылдастардың тобын құрдық. Жерлестеріміз бұл топқа бірте-бірте жиналды. Қазіргі саны 600 адамға таяды.
Әрине, әлеуметтік желілерде құрылған мұндай топтар аз емес. Олардың дұрыс жұмыс істемейтінін байқадым. Көбінесе, әр жерден алынған әндер мен түрлі көріністі, аудио, бейнежазбаларды орынды-орынсыз салып жатады. Негізінде ондай жазбаларды әлеуметтік желілердің өзінен де таба аласың. Бірін-бірі мезі ететін жағдайларға орай бір-бірімен керілдесіп қалатыны да сезіледі.
Осындай келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында біз тобымызды өзіндік басқару құрылымдары бар виртуалды ауыл ретінде құрдық. Сонымен Қарабұлақ виртуалды ауылы дегеніміз, бұл – ұлттық дәстүріміз негізінде Ақсақалдар алқасы арқылы басқарылатын, мәселелердің барлығы көпшіліктің қатысуымен, яғни демократиялық жолмен шешілетін, ел Конституциясы мен заңдарының талаптарын мүлтіксіз басшылыққа алатын, өзіндік корпоративтік және моральдық кодекстерінің негізі қаланған, осы арқылы жастар тәрбиесіне көбірек көңіл бөлетін, ұлттық құндылықтарымызды барынша бағалайтын, жан-жақта жүрген бір ауылдың адамдарының басын қосу арқылы олардың бал күлкілі балалық шақтарына ойша да болса оралуына мүмкіндік беретін, бұл дүниеден өтіп кеткен үлкендерді, аға ұрпақ өкілдерін жиі-жиі еске алып отыратын, бір сөзбен айтқанда, заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылған әлеуметтік топ.
Міне, осы ауылымызда жуықта алғаш рет онлайн ақындар айтысы болып өтті. Онда екі көшенің өкілдері бір-бірімен сайысты. Тақырыпқа сәйкес ауылдың дамуына еңбек сіңірген аға ұрпақты еске алды. Айтыс басталмас бұрын туған ауылымыздан түсірілген бейнежазбалар көрсетілді. Ал айтыс шымылдығы аудандағы театр режиссері Алмагүл Сүлейменова әзірлеген қызықты сахналық қойылымға бергісіз 10 минуттық бейнеклиппен ашылды. Ақындар айтысқа түсіп жатқанда көрермен, тыңдарман қауым комментарий жазу, бейне, аудиобаяндар ұсыну арқылы ақындарға қолдау білдіріп, шабыттандырып отырды. Комментарийлердің жалпы саны 300-ге жетті. Айтысты 500-ге тарта адам тамашалады.
Айтыс болардан бір ай бұрын оның шарттары және айтыс ақындарын бағалау жүйесі жарияланған еді. Арнайы дайындығы бар абыройлы бір азамат кәсіпқой төрешілікке сайланды. Дауыстардың 30 пайызы соның қолында болды. Ал дауыстардың 70 пайызы жалпы көрермен қауымға берілді. Яғни айтыстың бағалау жүйесі демократиялық қағидаттарға негізделді. Әрі мәселеге білікті төреші араласып отырғандықтан ақындар өнері де әділ бағаланып, айтыс қорытындысына қос ақын да, көпшілік қауым да риза болды.
Сондай-ақ балалық шағымызды еске алу мақсатында челлендждерді жиі өткіземіз. Әркім суреттерін жүктеп, естеліктерін жазып, қайтыс болған ата-аналарын да жиі еске алып жатады.
Әрине, топтың алдында тұрған өзіндік мақсаттары бар. Бұл – туған ауылымыздың дамуына үлес қосу. Ақсақалдар алқасы осының жолдарын қарастыруда. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей, бұл істе де біраз шаруа тындыратынымызға сенімдіміз.
Цементсіз үй салған мердігерге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 12:00
Ауа райы • Бүгін, 11:55
Елорда әкімдігінің iKOMEK109 орталығына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:49
«Ақжайық» резерватында құстардың өлексесі табылды
Қоғам • Бүгін, 11:40
ШҚО тұрғынынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 11:32
Елімізде коронавирус жұқтырған 528 адам ем қабылдап жатыр
Коронавирус • Бүгін, 11:27
Өңірлерге үздік педагогтарды тарту бағдарламасына құжат қабылданып жатыр
Білім • Бүгін, 11:15
«Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржолы салынады
Әлем • Бүгін, 11:07
Астаналық полицейлер есірткінің ірі партиясын тәркіледі
Елорда • Бүгін, 10:53
Қазақстанда бір тәулікте 110 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 10:48
Үндістанда төрт қабатты үй құлап, 19 адам мерт болды
Әлем • Бүгін, 10:40
Павлодарда жол апатынан бір адам қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 10:33
ТҮРІКСОЙ мен Отандастар қоры ынтымастық жөніндегі меморандумға қол қойды
Қоғам • Бүгін, 10:26
Петропавлда жалған хабарлама таратқан адам сотталды
Қоғам • Бүгін, 10:20
Шымкентте трансформатор өртенді
Оқиға • Бүгін, 10:17
Жыл басынан бері 51,4 мың адамға әлеуметтік төлем төленді
Қоғам • Бүгін, 10:08
Елордада заңсыз орнатылған ойын терминалдары анықталды
Оқиға • Бүгін, 10:02
Головкин «Канеломен» жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
Бокс • Бүгін, 09:50
«GPC Investment» компаниясы мемлекет меншігіне өтеді
Қоғам • Бүгін, 09:42
Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің екінші айналымына жолдама алды
Теннис • Бүгін, 09:35
Ашхабадта Каспий маңы мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті
Қазақстан • Бүгін, 09:23
Еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 09:06
Рухани мұралар дін өкілдеріне таныстырылды
Руханият • Бүгін, 08:34
Әдебиет • Бүгін, 08:33
Қоғам • Бүгін, 08:31
Қаржыны елге қайтару қалай жүргізіледі?
Қазақстан • Бүгін, 08:30
Білім • Бүгін, 08:28
Аймақтар • Бүгін, 08:27
Қоғам • Бүгін, 08:26
Шариғат талаптарына сәйкес алғашқы биржалық нота
Экономика • Бүгін, 08:25
Экономика • Бүгін, 08:24
Гендерлік бюджет құру – өзекті міндет
Экономика • Бүгін, 08:23
Қоғам • Бүгін, 08:21
Аймақтар • Бүгін, 08:19
Аймақтар • Бүгін, 08:17
Шекара шебіндегі өңірдің халқымен жүздесті
Қоғам • Бүгін, 08:16
Қазақстан • Бүгін, 08:15
Қайрат Сәтжанов: Ел намысын мықтылар ғана қорғайды
Спорт • Бүгін, 08:13
Еркін күрестің ерлері анықталды
Спорт • Бүгін, 08:10
«Алтын Томирис» сыйлығы тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 08:07
Ұқсас жаңалықтар