Редакция таңдауы
Өткен тәулікте Ресейде 6361 адам коронавирус жұқтырған
26 сәуірде Ресейде індет басталғалы бері коронавирусты жұқтырған 6 361 адам анықталды. Бұған қоса, Санкт-Петербургте екінші дәрігердің вирустың салдарынан көз жұмғаны белгілі болды.
27 Сәуір, 2020
«Қошқар ата» – улы көл (Қалдықтар қоймасы халықты қажытып тұр)
Кеңестік кезеңде Маңғыстау түтіні будақтап, қазаны бұрқ-сарқ қайнаған өндірістік нысандардың мекені болды.
27 Сәуір, 2020
Жолбарысқамал хан ордасы ма, әлде...
Бүгінгі Жамбыл облысында «Жолбарысқамал» дейтін жер екі бірдей ауданның аумағында кездеседі. Жуалы ауданы, Қошқарата ауылының маңында «Үшқаспа» дейтін жер бар. Білетіндер, бұл жердің ертеден осылай аталатынын айтады. Бұл Боралдай мен Ұзынбұлақтың қосылған жеріндегі алап.
27 Сәуір, 2020
Қостанай облысының Меңдіқара ауданында Айрауық деген ауыл болған. Қазір картада жоқ. Қазақы қараша ауылды тың игерген жылдары заман соқасы топырағымен қопарып алып, тарихтың терең қатпарына тығып жіберген. Бүгінде бірен-саран ескі көз қариялардың есінде қалмаса, жалпы жұрттың жадында жоқ. – Айрауық, – десең, – А? – дейді. Қазақтың көрнекті ақыны, аудармашы, Жамбылдың жырын хатқа түсірген Қасым Тоғызақов осы Айрауықтың төл перзенті. Қасымның тағдыры да Айрауық секілді. Тірлігінде тауқымет азабын көп тартты. Бірнеше рет Сібірге айдалды. Өмірден үлкен қасірет арқалап өтті. Өлген соң есімі атаусыз қалып, шығармалары оқылмай қалды. Биыл күзде Қасым Тоғызақовтың туғанына 110 жыл толады. Көрнекті қаламгердің мерейтойына орай, ең құрығанда аймақтық деңгейде ғылыми конференция ұйымдастырып, қазіргі Ломоносов ауылдық округін Айрауық деп ауыстырып, елді мекеннің тарихи атауын қайта тірілткен жөн. Облыс орталығынан Қасымға көше берілсе де артық емес. Былтыр Қостанайға келген сапарында алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай: «Бұл қалада қолында Алаш арыстарының қаны бар Дзержинский көшесі әлі тұр екен» деп қатты қынжылған еді. Біздіңше, ақынға осы көше лайық. Аруақ разы болмай, тірі байымайды.
27 Сәуір, 2020
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында көктемгі егіс науқаны мен шаруаларды қаржыландыру жұмыстарының атқарылу барысына арналған баспасөз мәслихаты өтті.
27 Сәуір, 2020
Моновалюта дәурені аяқталуы мүмкін бе?
Күнкөрістен артылған қаржыны қандай валютамен сақтаған жөн? Бұл біздің елдің азаматтары жиі бас қатыратын мәңгілік тақырып деуге болады. Дамыған елдерде АҚШ доллары – халықаралық саудадағы айырбас құралы. Ал ұлттық валюта – күнделікті айырбас құралы.
27 Сәуір, 2020
Йеменде тыныштық орнар түрі жоқ
Өткен аптада Йемендегі атысты уақытша тоқтату келісімі аяқталды. Осыған байланысты Сауд Арабиясы бейбітшілік жөнінде жаңа келіссөздер жүргізбек. Алайда хуситтер жағы ұсыныстан бас тартты.
27 Сәуір, 2020
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Құрмет белгісі» ордені, «Астанаға 10 жыл» және «Ерен еңбегі үшін» медальдарының иегері, мемлекет тарапынан бірқатар Құрмет грамотасымен марапатталған Хамит Біржанов елуінші жылдардың соңы мен алпысыншы жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Egemen Qazaqstan») газетінде еңбек еткен еді.
27 Сәуір, 2020
Біздің бүгінгі кейіпкеріміз, ұзақ жылдар бойы еліміздің денсаулық сақтау саласында еңбек етіп, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі болған, қазір зейнетке шыққан Ақсұлтан Аманбаев өзі туып-өскен оңтүстік өңірі жайлы «ұлан-ғайыр қазақтың киелі жері бар қазақтың, арғысы бүкіл түркі әлемінің аяулы мекені, қаймағы бұзылмаған қазақы қонысымыз, ұлтжанды халқымыз ұлттық дәстүрімізді, салт-санамызды ұмыттыруға бағытталған жылдарда дінімізді, тілімізді, ділімізді сақтап қалуға зор үлес қосқан қасиетті мекенде, Әл-Фараби бабамыздың кіндік қаны тамған, елімізге талай атақты тұлғаларды, ғұламаларды, өнер тарландарын сыйлаған Отырардың қасиетті топырағында өмірге келгенімді мақтаныш тұтамын», – дейді. Осындай өлкеде туып, елінің бар жақсы қасиеттерін бойына сіңіріп өскен, өмірден өз орнын тауып, ұлт алдында перзенттік борышын адал атқарып, көпшіліктің құрметіне бөленген, мемлекет қайраткері, ғалым-кардиохирург Ақсұлтан Аманбайұлы Аманбаев бұл күндері сексеннің сеңгіріне аяқ басып отыр.
27 Сәуір, 2020
Жеңіл өнеркәсіптің жүгі неге ауыр?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында өнімін экспортқа шығаратын компанияларға мемлекеттік қолдау көрсетудің тиімділігін барынша арттыру қажеттігін атап көрсетіп, Үкіметке мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде кешенді шаралар әзірлеуді, оның ішінде салықтық, қаржылық, әкімшілік ынталандыру мәселелері көзделуін, шетелден тікелей инвестиция тарту жұмыстарын барынша жандандыруды тапсырды. Осыған орай, Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары аясында әрбір сала мен өңір үшін нақты мақсатты көрсеткіштер белгіленді.
27 Сәуір, 2020
Қазақстанда тағы 5 адам жазылып шықты
Елімізде барлығы 682 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
26 Сәуір, 2020
Комиссия шешімі: Алматыдағы 97 жастағы қарияның өлімі коронавирустан болған жоқ
Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия 97 жастағы қарияның өлім себебінің коронавирус инфекциясына қатысы жоқ деген шешім қабылдады.
26 Сәуір, 2020
Дүниежүзінде вирус жұқтырғандар саны 3 млн-ға жақындады
Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәліметке сәйкес дүниежүзінде барлығы 2 912 421 адам COVID-19 вирусын жұқтырған.
26 Сәуір, 2020
Ертең Семей әуежайына Атырау қаласынан арнайы рейс келеді
27 сәуірде Семей әуежайына Атырау қаласынан арнайы рейс келеді деп күтілуде. Бортта Tengizchevroil компаниясында жұмыс істейтін Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының тұрғындары. Бұл туралы өңір басшысы Даниал Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
26 Сәуір, 2020
Қарағанды облысы: COVID-19-дан 19 жастағы жігіт жазылды
Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы бір науқасқа ем қонып, ол оқшауландырылған ауруханадан жазылып шықты.
26 Сәуір, 2020
Дипломатиялық қызмет ардагерлері ардақталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың #Бізбіргеміз бастамасы аясында Алматы қаласындағы Сыртқы істер министрлігінің өкілдігі «Қазақстандық дипломаттар бірлестігі» РҚБ қолдауымен «Ардагерлерге қамқорлық» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
26 Сәуір, 2020
Иранда 800 грамм салмақпен дүниеге келген нәресте вирусты жеңді
Иранның Йезд қаласындағы Шахид Садуги атындағы Медицина ғылымдары университетінің Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі орынбасары Махмұд Нұри коронавирус жұқтырған жаңа туған нәрестенің жазылғанын хабарлады. Бұл туралы IRNA ақпарат агенттігі жазды.
26 Сәуір, 2020
Шымкентте бір жасар бүлдіршін коронавирус індетінен айығып шықты
Дертінен сауыққан сәби 7 сәуір күні жұқпалы аурулар ауруханасына анасымен бірге вирус инфекциясы диагнозымен келіп түскен.
26 Сәуір, 2020
«Біз біргеміз»: Қапшағайлықтарға 12 тонна азық-түлік берілді
«Біз біргеміз» акциясына қазақстандықтар көптеп қосылып жатыр.
26 Сәуір, 2020
Ресейде кеше 6 мыңға жуық адам вирус жұқтырды
Ресейде бір тәулікте коронавирусты жұқтырған 5 966 адам анықталды.
26 Сәуір, 2020