Редакция таңдауы
Әскери қызметшілерге конституциялық реформа таныстырылды
Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде еліміздің жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған кездесу өтті. Басқосуға мерзімді әскери қызмет сарбаздары, сержанттар, офицерлер және бөлімнің басшылық құрамы қатысты.
05 Наурыз, 2026
Астанада грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 17 мен 20 жас санатындағы жастар арасында ел чемпионаты өтті. Барлық өңірден 1 200-ден астам жас балуан қатысып, бозкілемде өз шеберлігін сынады.
05 Наурыз, 2026
Ата заң жобасын қолдайтындар – 89 пайыз
Ел азаматтарының 89,2%-ы жаңа Конституция жобасын қолдайды. Мұны Қазақстан қоғамдық даму институты әлеуметтанулық сауалнама негізінде анықтады. Зерттеу Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен биыл 12-20 ақпан аралығында телефон арқылы 17 облысты және республикалық маңызы бар 3 қала – Астана, Алматы, Шымкентті қамтыды.
05 Наурыз, 2026
Көгерген нан да қажетке жарайды
Осы күні иістеніп кеткен ұн өнімін қоқыс жәшіктеріне іліп кетеміз. Оны дүкеннің дайын тамағына үйренген ит-мысық та жемейді. Обалын ойлайсың... Тарихтың тұңғиығына тереңдегенде өткен ғасырдың 30-жылдарындағы аштық есіңе түседі. Өткенде «Nature Chemistry» журналынан көгерген нанды керегімізге жарату жолын ұсынған жаңалықты оқығанда көңілсіз көріністің шешімі табылғандай қуандық.
05 Наурыз, 2026
Әлеуметтік жауапкершілік арта түседі
Сенат депутаттары Астана, Алматы, Шымкент қалалары және Алматы, Жетісу облысының тұрғындарымен кездесті. Олар Конституция жобасының мән-жайын түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.
05 Наурыз, 2026
Көшбасшы әйелдер елдік құндылықтарды қолдады
Елордадағы EXPO конгресс-орталығында «Әйел әлемі – ел тағдырына жауапкершілік» ұранымен көшбасшы әйелдердің кездесуі өтті. Іс-шарада Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов және Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сөз сөйледі.
05 Наурыз, 2026
Дүниежүзілік банк қаражаты қандай жобаларға жұмсалады?
Қазақстан Дүниежүзілік банк тобы ұйымдарымен әріптестікті нығайтады. Мәжілістің жалпы отырысында осы мақсаттағы негіздемелік келісімді ратификациялау еліміздегі стратегиялық реформаларды жүзеге асыруға әрі шетелдік инвесторлардың сенімін арттыруға мүмкіндік беретіні айтылды.
05 Наурыз, 2026
Ынтымақтастықтың іргелі негізі
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагчамен кездесіп, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Сондай-ақ серіктестікті одан әрі нығайтуға қатысты міндеттерге тоқталды.
05 Наурыз, 2026
Депутат экс-шенеуніктердің Дубайдағы мүлкіне құқықтық баға беруді талап етті
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров ел азаматтарының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі қымбат үйлеріне қатысты мәселені құқықтық тұрғыдан тексеруді сұрап, Бас прокуратураға ресми хат жолдауға ниетті. Әңгіме бұрынғы жоғары лауазымды тұлғалар мен олардың жақындарының иелігіндегі мүлік туралы болып отыр, деп жазады Egemen.kz
04 Наурыз, 2026
Тегін тамақтандыру: Мектептер онлайнға көшкенде кәсіпкерлердің шығынын кім өтейді?
Мәжіліс депутаты, «Respublica» партиясы фракциясының өкілі Екатерина Смолякова мектептердегі тегін ыстық тамақты ұйымдастыру кезінде бюджет қаражатын жоспарлау мәселесін көтеріп, Премьер-Министр Олжас Бектеновтің атына депутаттық сауал жолдады. Талдау нәтижесі бірқатар өңірде қаржыны нақты қажеттіліктен артық жоспарлау фактілері бар екенін көрсеткен, деп жазады Egemen.kz.
04 Наурыз, 2026
Ирандағы жағдай сауда қатынастарына қалай әсер етеді?
Былтыр еліміз Иранға бидай экспорттау жұмыстарын табысты аяқтаған болатын. Ал Ирандағы геосаяси жағдай сауда қатынастарына әсер етуі мүмкін. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп жазады Egemen.kz.
04 Наурыз, 2026
Найджел Джеймс Дастан Сәтпаевтың жеке тәлімгері атанды
«Nigel James Elite Coaching» ағылшын футбол академиясының негізін қалаушылардың бірі Найджел Джеймс Қазақстан құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың жеке тәлімгері атанды, деп жазады Egemen.kz.
04 Наурыз, 2026
Түркия Иран азаматтарының елге кіруіне уақытша тыйым салды
Түркия ирандықтардың елге кіруін уақытша шектейтінін хабарлады. Бұл тыйым басқа елдердің азаматтарына қатысты қолданылмайды, деп жазады Egemen.kz.
04 Наурыз, 2026
Мысыр бағытындағы рейстер тоқтай ма? «Scat» әуе компаниясы ресми мәлімдеме жасады
«SCAT» Airlines әуе компаниясы Таяу Шығыстағы әскери қақтығысқа байланысты «Мысырға ұшатын рейстердің тоқтатылуы мүмкін бе?» деген туристерді алаңдатып отырған сауалға жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
04 Наурыз, 2026
Ортақ жауапкершіліктің көрінісі
Талдықорғанда Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жетісу облысының жұртшылығымен кездесті. Сапар аясында өткен іс-шараларға «Жаңа Конституция – ұзақмерзімді дамудың берік негізі» тақырыбы арқау болды. Жергілікті шаруалар, өндіріс қызметкерлері, белсенді жастар, мәслихат депутаттары және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен болған кездесулерде жаңа Конституция жобасының маңызды нормалары кеңінен талқыланды.
04 Наурыз, 2026
«E-қызмет»: халықаралық жоғары баға
Былтыр мемлекеттік қызметке іріктеу, кадрды басқару толықтай цифрландырылды. Бүгінде онлайн іріктеу 94 мемлекеттік органды қамтып отыр. Цифрлық іріктеудің тиімділігінің нәтижесінде орта есеппен бір бос орынға 7 үміткерден келіп, бәсекелестік 3,5 есеге артқан. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіндегі кеңейтілген алқа отырысында айтылды.
04 Наурыз, 2026
Жалпыұлттық коалиция – Абай өңірінде
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелерімен бірге Абай облысына барып, өңір жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді.
04 Наурыз, 2026
Азаматтардың сенімін арттыратын ұсыным
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Қазақстан Республикасының ЭЫДҰ-ның Қоғамдық адалдық жөніндегі ұсынымына (OECD Recommendation on Public Integrity) қосылғанын ресми түрде растады. Бұл туралы тиісті хатты ЭЫДҰ Бас хатшысы Маттиас Корманн Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының атына жолдады.
04 Наурыз, 2026
Дотацияда отырған Жамбыл өңірінің арқа сүйері – ауыл шаруашылығы саласы. Жалпы алғанда өңірде асыраушы салада жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанына қарамастан, нәтижесі көңіл көншітпейтін әкімдер де баршылық. Бір-бір ауданды тізгіндеген басшылардың кейбір уәжі сыныққа – сылтаудай көрінетіні бар. Бұдан өзге салаларда да қайсыбір аудан әкімдері жұмысты әлі де ширатқаны жөн секілді. Нақтырақ айтсақ, Президент айрықша ден қойған инвестиция тарту, құрылыс саласында да олқылықтар байқалады.
04 Наурыз, 2026
ЖИ-ді оқу жүйесіне енгізу жеделдейді
«OpenAI for Countries» жаһандық бағдарламасы аясында «Edu for Countries» бастамасының алғашқы халықаралық легі іске қосылды. Бағдарламаға қатысушы елдердің алғашқы құрамына Қазақстан, Эстония, Сингапур, Біріккен Араб Әмірліктері, Иордания, Грекия енді. Бұл отандық білім жүйесіне не береді?
04 Наурыз, 2026