Редакция таңдауы
Елімізде соңғы бірнеше жылдан бері инклюзивті білім беруді жүзеге асырып келе жатқан мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдары кешенді іс-шараларды белсене атқарып келеді. Соның бір айғағы ретінде жуырда Нұр-Сұлтан қаласында «Шекараларды кеңейте отырып – әлемді ашамыз» атты балалар фестивалі өтті. Аталған халықаралық жиынға Қазақстан, Түркия, Әзербайжан елдерінен келген ерекше мұқтаждықтары бар елуге тарта бала қатысты.
23 Қазан, 2019
Әйелдерге «ақ квота» көмектесе ме?
Биыл қыркүйек айында «Қазақстан әйелдері күштерінің альянсы» ресми түрде тіркелген-ді. Альянс құрамында әйелдер мен балалар құқығының бұзылуы, гендерлік теңсіздік мәселелерін шешумен, сондай-ақ нәзік жандылардың саясатта, экономика мен мансап жолында алға жылжуына мүмкіндік тудырумен айналысатын 20 шақты ұйым бар.
23 Қазан, 2019
Елімізде еуро валютаға деген қызығушылық бір жыл ішінде бір жарым есе артты. Ranking.kz келтірген дерекке сүйенсек, жыл басынан бері оның валюта айырбастау пункттеріндегі таза сатылымы 250 млрд теңгеге жуықтады.
23 Қазан, 2019
Жеңілдетілген автонесие отандық автопаркты «жасартады»
Қазақстанда жасалған көліктердің саудасын күшейту үшін Ұлттық банк 2019-2023 жылдары жыл сайын 20 млрд теңгеге дейін жеңілдетілген несие ұсынбақ.
23 Қазан, 2019
АQR: 14 банкті «сауықтыру» керек пе?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай банк секторындағы активтердің сапасын бағалау (Asset Quality Review) басталғанына үш ай өтті. Ішкі нарық оның қорытындысын күтіп іштен тынып тұр. Алғашқы қорытынды желтоқсан айының соңғы күндеріне дейін белгілі болатынын Үкімет те, Ұлттық банк те айтты. Жуырда осы мәселеге орай өткен дөңгелек үстелге қатысқан сарапшылар АQR жобасының бізге тым қымбатқа түсетінін жеткізді. Себебі халықаралық тәжірибе көрсеткендей, бұл жоба ішкі нарықта сыр берген банктерді мемлекет тарапынан қосымша қаржыландыру үшін қолданылады екен.
23 Қазан, 2019
Дариға Назарбаева жаңа технологиялар орталығында болды
Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваның Ресей Федерациясына ресми сапары басталды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
23 Қазан, 2019
Көлік инфрақұрылымы мен транзиттік әлеуетті қалыптастырған бағдарлама
Кеше Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы қорытындыланды. Сонымен қатар бұл бағдарламаның алдағы 5 жылға арналған жобасы таныстырылды. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе мемлекет-жекеменшік әріптестікті жетілдіру шаралары туралы бірқатар министрліктер мен облыс басшылары баяндама жасады.
23 Қазан, 2019
Қазақстанның бет-бейнесі Батыс киноларында қалай көрініс тауып отыр?
Бұл бейбастақтық «Бораттан» бұрын басталған. Әлемдік киноиндустрия отаны һәм орталығы Батыс пен Голливуд отыз жылдың ішінде мемлекетіміздің атауын жиырмадан аса фильмінде қолданған. Арасында «Оскар» алған фильмдер де бар.
23 Қазан, 2019
Елбасы орнатылған дресс-кодты үнемі ұстанады - А.Үкібай
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жапония императоры Нарухитоның таққа отыру ресми салтанатты шарасында White Tie дресс-коды бойынша киінді. Бұл туралы Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Елбасының ресми Instagram парақшасында жазды.
22 Қазан, 2019
Елбасы жапон императорының таққа отыру рәсіміне қатысып жатыр
Бұл туралы Қазақстанның тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында жазды.
22 Қазан, 2019
Жапон императоры таққа отырады
Бүгін сейсенбіде Жапонияның жаңа императоры Нарухитоның таққа отыру рәсімі өтеді. Салтанатты шараға әлемнің 200 елінің көшбасшылары мен құрметті қонақтар қатысады.
22 Қазан, 2019
Мұхамбет Жұманазарұлы Көпеймен алғаш танысқан шағымыз 1976 жылының күзі еді. Республика жастар ұйымының жетекшілік қызметімен байланысты Жезқазғанға барғанмын. Ол кезде Жезқазған өзі оңаша облыс болып шаңырақ көтерген кез. Осыған байланысты облыс жұртшылығының көңілі көтеріңкі екен. Облыс, қала, өндіріс басшыларымен танысып, кезінде мектепте оқығаннан бастап Жезқазған мыс және тағы басқа республикаға әйгілі кен қазынасы мен оны өңдеу фабрикаларының, сол кездегі Қазақстанда, тіпті Одақта әйгілі озық технологияларды көріп, еліміздің өнеркәсіп өрісінің қуаттылығына қанығып, көп мағлұмат алғаным есімде.
22 Қазан, 2019
Ұлттық ұстанымымызға, болмыс-бітімімізге сай келмейтін кейбір келеңсіз іс-әрекеттер орын алса «қап, әттеген-ай» деп қапаланбайтын қазақ кемде-кем. Жаһандану көшіне ереміз деп жүргенде еңсеміз төмендеп, рухани құндылықтарымыз құлдырап, отбасының, әке-шешенің алар орнын аласартып алған жоқпыз ба?!
22 Қазан, 2019
Жаңартылған оқу бағдарламасы «Қазақ әдебиетін» оқытуға сай емес
Соңғы жылдардың көрсеткіштері бойынша қазақтың саны артып келеді, сәйкесінше қазақ тілді мектептердің де қатары ұлғайғаны байқалады. Десек те, мамандар ұлт мұрасының темірқазығындай болған әдебиетімізді оқытудағы бірқатар олқылықтарға алаңдауда. Жаңартылған білім мазмұнына көшу жағдайында мектептердегі білімнің, оқулықтың сапасы көңіл көншітпейді. Әсіресе қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, Қазақстан географиясы, қазақ өнері мен музыкасы сияқты ұлттық сипаттағы пәндердің оқытылуының жай-күйі ерекше назар аударуды қажет етеді.
22 Қазан, 2019
Сот шешімі қайтсе сапалы болады?
Сот төрелігін әділ жүргізу, сот шешімдерінің сапасын көтеру – соңғы жылдары елімізде ерекше екпінмен айтылып жүрген мәселенің бірі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Сот шешімдерінің сапасын арттыру үшін бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру қажет» деген болатын.
22 Қазан, 2019
Мұнайы мол Маңғыстаудың мерейін асырып, жер қойнауынан қара алтынның тасқынын сапыра ағызған кен орындарының бірі – «Қаламқас» кен орны. Қазақ қыз баланы құрметтеген халық, осал болмай осы пейілге лайық биіктерден көрінген қыздары бұрын да болған, қазір де бар.
22 Қазан, 2019
Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Өз өлкеңді таны» жобасы аясында республикалық «Елтану» туристік-өлкетану экспедициясын елімізде алғашқы болып ұйымдастырды.
22 Қазан, 2019
Иә, сирек кездесетін 7 түрлі металл қоспасынан құйылған бұл Тайқазанға биыл – 620, ал оның Түркістанға әкелінгеніне 30 жыл толып отыр.
22 Қазан, 2019
АХҚО-мен ынтымақтастық орнатуды тапсырды
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен «Астана» халықаралық қаржы орталығында Инвестициялар тарту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
22 Қазан, 2019