Редакция таңдауы
1996 жылы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз қарсаңында Мұхтар Мағауин «Ал Ораз, «Жұлдызға» жұмысқа қабылдандың» деп, менің өтінішіме қол қойды. 90-жылдардың соңы. Алматының қоңыр күзі. Бірде бас редакторымыз Мұхаң кабинетіме кірді. «Ораз, сенің еліңде қырғыз шекарасында Сантас атты асу бар. Есім хан жоңғарларды тас-талқан етіп, жеңіс туын көтерген. Сол тарихи орынды көруім керек» деді. Көп өтпей жолға шықтық. Кегенге тарттық. Райымбек батырдың қалмақтармен соғысатын Көкпекті жазығынан өткен соң кішкене төбеге шығып, жайғастық. Мұхаң жеңгеміз қоржынға салған қазы-қарта, жал-жаяны шығарды.
15 Ақпан, 2025
Ұстаз бен шәкірт арасында бір тылсым байланыс болуы керек. Әскери салада бұл оңай емес. Саланың кәсіби шебері, өмірін осы бағытқа арнаған бірден-бір тұлға қазақтың алғашқы генералдарының бірі Шәкір Жексенбаев еді.
15 Ақпан, 2025
Екінші нан есебіндегі картоп бағасының көтерілуі сулы-нулы, топырағы құнарлы біздің өңірді де айналып өткен жоқ. Осы тақырыпты талдап, себебін түсіндірмек болған сарапшылардың пайымына қарағанда, алдымен алып-сатарлар кінәлі.
15 Ақпан, 2025
Қажы сапарынан келе жатқан павлодарлық азамат жетісулық дәрігердің арқасында аман қалды. Ақ желеңді абзал жан әуе кемесіндегі жолаушының өмірі үшін төрт сағатқа жуық күресіп, Алматыға есен-сау жеткізген.
15 Ақпан, 2025
Заманауи технология және жастар
EXPO көрме алаңында өткен «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестивалі 5 күнге жалғасып, болашақ маман мен жұмыс беруші және кәсіптік-техникалық ұйымдар арасында дәнекер болды. Алаңда «ERG» компаниясына тиесілі стенд бар. Оған келген мыңдаған адам тау-кен жұмысы мен табиғатын танып білді.
15 Ақпан, 2025
Қызыл су ойдағы жұртты ойлантады
Көктемгі су тасқынына әзірлік барысы Президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында сөз болды.
15 Ақпан, 2025
Экономиканы тұрақтандыру тетіктері
Қосылған құн салығының (ҚҚС) реформасы талқыланып, оның мөлшерлемесін 16%-ға дейін арттыру ұсынылды. Үкімет мұны майшаммен қарап, кейбір салаларға 10%-дық мөлшерлеме енгізуді, ал ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді салықтан босатпақ. Бизнес қауымдастық өкілдері ҚҚС өсімінің салдарын, бюджет шығыстарын оңтайландыру қажеттігін әрі салық жүйесінің инвестициялық тартымдылығын ескеруді сұрап отыр. Үкімет бюджет кірістерін ұлғайту арқылы Ұлттық қорға тәуелділікті азайтып, экономиканы тұрақтандыруға бағытталған шараларды қолға алып жатыр.
15 Ақпан, 2025
Алматыдағы Республикалық Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы остеосаркома – балалар арасындағы сирек кездесетін сүйектің қатерлі ісігі кезіндегі ірі буындарды ауыстыру операцияларын 2012 жылдан бері жасап келеді.
15 Ақпан, 2025
Салық жүктемесі әділ бөлінуге тиіс
Үкімет басшысы Олжас Бектенов сарапшылармен және бизнес өкілдерімен салық реформасы мәселесін талқылады.
15 Ақпан, 2025
Премьер-Министрдің орынбасары тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Ақпан, 2025
Тамара Дүйсенова жаңа қызметке тағайындалды
Тамара Дүйсенова Премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатылып, Президенттің көмекшісі болып тағайындалды. Тиісті жарлыққа Мемлекет басшысы бүгін қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Ақпан, 2025
Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды
Бүгінде елімізде 2 млн 445 мың мың зейнеткер бар. Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 346 млрд теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 111,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 234,2 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Ақпан, 2025
Атырау облысында су тасқыны қайталана ма
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің пікірінше, алдына ала бағалауға сәйкес қазіргі ахуал былтырғы сценарий бойынша өрбіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Ақпан, 2025
Олжас Бектенов Петропавл 2-ЖЭО-ын жаңғырту қарқынын тексерді
Премьер-министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңірдің коммуналдық-энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарының барысымен және жылумен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 Ақпан, 2025
Үкімет ұсынған қосылған құн салығы мөлшерлемесі бизнес өкілдері арасында қызу талқыланып жатыр. Мәселен, «Dasco Consulting Group» ЖШС-нің басқарушы серіктесі Дәрмен Сәдуақасов жаңа тәсілді негізінен құптайды. Бірақ оны жан-жақты талдау қажет дейді.
14 Ақпан, 2025
Медицина бұйымдарын шығаратын зауыт
Үш жыл бұрын Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ең алдымен, жергілікті жерлерде тиімді жұмыс жүргізілуі керек. Әкімдер жыл сайын әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашуға тиіс» деген еді. Президент тапсырмасын орындау бағытында Жамбыл өңірінде ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.
14 Ақпан, 2025
Ғылымда мемлекеттік тілдің бәсі қашан артады?
Ғылым – елдің өркениеттік деңгейін анықтайтын басты көрсеткіш. Еліміздің тәуелсіздік алғанына 30 жылдан асса да, ғылым саласы әлі күнге дейін мемлекеттік тілде сөйлей алмай отыр. Көптеген халықаралық форум мен ғылымға қатысты басқосу, жиналыс негізінен орыс және ағылшын тілдерінде өтеді. Мемлекеттік тілдегі ғылыми еңбектердің аздығы, терминологиядағы бірізділіктің жоқтығы, қазақ тілінде жазылған зерттеулердің халықаралық деңгейде мойындалмауы – бұл саланың ең өзекті мәселесі. Ендеше, қазақ ғылымы қашан қазақша сөйлейді? Біз осы сауалды ғалымдарға қойған едік. Аталған сұраққа ҰҒА академигі, терминтанушы Шерубай Құрманбайұлы, Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Ғылыми-техникалық ынтымақтастық орталығының басшысы, PhD Анар Мұхтарова, ғылыми қызметкер Данияр Ерланұлы, докторант Мәдина Шеңгелбай тарапынан берілген жауаптарды оқырман назарына ұсынып отырмыз.
14 Ақпан, 2025
Интернет алаяқтан қалай сақтанамыз?
Киберқауіпсіздік – бүгінгі заманның өзекті мәселесінің бірі. Цифрлық технологиялар дамыған сайын алаяқтардың да әдістері түрленіп шыға келеді. Қазір интернет алаяқтарының құрбаны болған адамдар туралы жиі еститін болдық. Бірі банк картасындағы ақшасынан айырылса, енді бірі әлеуметтік желідегі парақшасын жоғалтады. Кейбірі жеке мәліметтері таралып кетіп, опық жейді. Мұның басты себебі – адамдардың цифрлық қауіпсіздікке бейжай қарауы.
14 Ақпан, 2025
Діни басқарма бекіткен 2025 жылғы діни күндер кестесіне сәйкес, биыл Рамазан айының алғашқы күні көктемнің бірінші күніне, яғни 1 наурызға сәйкес келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Ақпан, 2025
ҚҚС: Шағын бизнеске салмақ түсірмейді
Қосылған құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесі жоғарыласа, тауар мен қызмет бағасының қымбаттайтыны, яғни тұтынушының сатып алу мүмкіндігінің азаятыны – халықты алаңдататын басты мәселе екені анық. Алайда біз қатал нарықтың нәзік бір тұсын естен шығарғандаймыз. Қоғамдағы алаңдаушылықты «Tax Incidence Theory» (Салық ауыртпалығының бөлінісі) тұжырымдамасы негізінде пайымдасақ, түсінуге болады. Яғни мемлекет салықты кәсіпкерлерге жүктейді, бірақ жүкті тұтынушы көтереді. Сөйтсе де осы үдерістердің халықтың өзіне пайдалы жағы бар.
13 Ақпан, 2025