Редакция таңдауы
Бүгінде ғылымға қызығып, болашағын осы саламен байланыстырғысы келетін оқушылар аз емес. Мәселен, Ақтаудағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары Сара Сайранова мен Әмина Тайжанова Қаракөлдегі экологиялық жағдайды зерттеп, аққулардың жаппай қырылу себебін анықтауға атсалысты. Олар ғылыми негізделген ұсынысын тиісті мекемелерге жолдап, нәтижесінде заңбұзушылық жойылды. Жас зерттеушілердің бұл еңбегі халықаралық байқауда да жоғары бағаланып, жүлделі бірінші орынға ие болған еді.
10 Сәуір, 2026
Елімізде технологиялық стартаптарды қолдауға бағытталған маңызды бағдарламаның бірі – «Silkway Accelerator» жаңа легіне өтінім қабылдау басталды. Бағдарламаны «Astana Hub» халықаралық инновациялық кластері «Google for Startups» және Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп жүзеге асырып отыр.
10 Сәуір, 2026
Материалдық емес мәдени мұраны сақтаудың жаңа тәсілдері
Алматы қаласында материалдық емес мәдени мұраны сақтау мен ілгерілету мәселелеріне, сондай-ақ 2003 жылғы Конвенцияны іске асыру барысына жүргізілген ортамерзімді бағалауға арналған ұлттық дөңгелек үстел жиыны өтті. Іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрлігінің, ЮНЕСКО Хатшылығының, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының, сарапшылар қауымдастығы мен еліміздің өңірлерінің өкілдері қатысты.
10 Сәуір, 2026
Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН беру уақытша тоқтатылады
2026 жылғы 9 сәуір күні сағат 09:00-де уәкілетті мемлекеттік органда техникалық ақау тіркелді. Осыған байланысты қазіргі уақытта ХҚКО-ларда және көші-қон қызметі орталықтарында «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ЖСН қалыптастыру» мемлекеттік қызметі уақытша қолжетімсіз болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Сәуір, 2026
Еліміздегі мұнай нысандарының қауіпсіздік деңгейі қандай?
Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов еліміздің мұнай нысандары Иран тарапынан жасалуы мүмкін шабуылдардан қаншалықты қорғалғаны туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Сәуір, 2026
Шетелдіктерді заңсыз тіркеген: Ақтөбеде жалған құжат жасаумен айналысқан топ ұсталды
Ақтөбеде Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚҚО) ғимаратында заңсыз делдалдық қызмет ұйымдастырған бір топ тұлға құрықталды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
09 Сәуір, 2026
Түркістан облысы Ордабасы ауданында қазақ халқының даңқты перзенті, әлемге әйгілі балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті.
09 Сәуір, 2026
Тұрар Әліпбай, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, профессор: Күй кеші күнде өтсе де артық емес
– Тұрар аға, өзіңізді ұлттық өнерді, оның ішінде күй мұрасын насихаттаушы ретінде жақсы білеміз. Ертең концерт бергелі жатыр екенсіз...
09 Сәуір, 2026
Қоршаған ортаны таза ұстау – ортақ міндет
Ұлытау облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Оның барысында Жезқазған, Сәтбаев қалаларында жалпы аумағы 22 га жер қоқыстан тазартылып, абаттандырылды.
09 Сәуір, 2026
Еліміздің жерасты байлығын геологиялық барлау – пайдалы қазбаларды табу, бағалау мен оларды өндіріске енгізу ісіне аса жауапкершілікпен қарап, бұл салада ерен еңбек еткен бірегей маман, Қазақ КСР геология министрі, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Сәкен Шақабаевтың туғанына биыл 100 жыл толды.
09 Сәуір, 2026
Былтыр Шығыстың ғұлама ойшылы, ұлы жерлесіміз Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1155 жылдық мерейтойына арнап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия кафедрасының ғалымдары ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың алғы сөздерімен қазақ тілінде алғаш рет «Фарабитану» атты 20 томдық шығармалар жинағын жарыққа шығарды.
09 Сәуір, 2026
Абдурауф Фитрат (Абдурахимуғли) – өзбек халқының біртуар тұлғасы. 1886 жылы Бұхара қаласында дүниеге келген. Ол әуелі молдадан сауат ашып, кейін атақты «Мір Араб» медресесінде білімін жетілдірді. Бұл тұста Исмайыл Гаспыралы реформасы Бұхараға да жеткен. Өлке оқығандары жәдитшілдікті меңгеру мақсатында Бақшасарай мен Ыстанбұлға адамдарын арнайы жіберіп, білім жүйесіндегі тәжірибесін үйренді. Абдурауф 1909–1913 жылдары Османлы елі астанасында оқыды. Өз жұртында «Тарбияи атфол» атты жастар ұйымын құрды. Жас дарын жәдитшілдікпен есейіп, жетілді. Фитраттың Түркістан руханияты тарихындағы маңызды еңбегі – 1918 жылы «Чиғатой гурунги» (Шағатай бәсі) ұйымын құруы еді. Ол 1919–1923 жылдары Бұхара халық республикасында түрлі басшылық қызмет атқарды.1924 жылы Мәскеудегі Шығыс тілдері институтында сабақ берді. Әдебиеттің барлық жанрында жазды. Сонымен бірге түркі әдебиеті тарихы туралы елеулі зерттеулер жариялады. Ағайын өзбек елі үшін Абдурауф Фитрат біздің Ахмет Байтұрсынұлындай аса қадірлі. Осындай ірі тұлға саяси қуғын-сүргін кезеңінде НКВД тарапынан 1937 жылы ұсталып, 1938 жылы 5 қазанда нақақ атылған. Төменде «Egemen Qazaqstan» газеті оқырмандарына 1929 жылы «Қызыл қалам» жинағында жарияланған Фитраттың түркі руханияты тарихында маңызды «Шағатай әдебиеті» атты мақаласын ұсынып отырмыз.
09 Сәуір, 2026
Дәулескерлер туралы тың ізденіс керек
Құрманғазы шығармашылығын зерттеудегі жаңа ізденістер туралы сөз қозғағанда академик Ахмет Жұбановтың ерен еңбегін айтпасқа болмас. Себебі ол ғылыми-ізденушілік бағытын XIX ғасырда өмір сүрген ауызша кәсіби халық композиторы Құрманғазының шығармашылығын зерттеуден бастап, күйшілік өнерін жан-жақты саралап, ұлылығын бүкіл халыққа танытты. Бұл ретте ғалымның алғаш қазақ тілінде шығарған «Құрманғазы» (1936, 1960, 1961, 1978) еңбегінің орны ерекше.
09 Сәуір, 2026
Оралда көпір құрылысы басталады
Орал қаласында жаңадан салынып жатқан «Ақжайық» шағын ауданын шаһар орталығымен жалғайтын жаңа көпірдің қазығы қағылды.
09 Сәуір, 2026
Батыс Қазақстан облысына құлаған дрон қай елге тиесілі?
Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков Батыс Қазақстан облысы аумағына құлаған дрондарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Сәуір, 2026
Депутат қаңғыбас иттерден құтылудың жолын ұсынды
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Еділ Жаңбыршин қаңғыбас жануарлардың саны артып жатқанын және қолданыстағы реттеу жүйесі нәтижелі болмағанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
08 Сәуір, 2026
Енді мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеу цифрлық форматта жүзеге асырылады
Мәжіліс екінші оқылымда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңды жаңа редакцияда, ілеспе түзетулермен қабылдады. Құжаттар Мемлекет басшысының мемлекеттік қызмет жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген, деп жазады Egemen.kz.
08 Сәуір, 2026
Ақтөбе облысы әкімдігі ғимаратындағы өрттің алдын ала себебі белгілі болды
Құтқару қызметінің мәліметінше, оқиғаға электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 300 шаршы метр аумақты жалын шарпыған, деп жазады Egemen.kz.
08 Сәуір, 2026
Перизат Қайраттан тәркіленген көлік мемлекеттік органдардың меншігіне берілді
Қайырымдылық қаражатын жымқырғаны үшін сотталған Перизат Қайраттың Mercedes-Benz S450 көлігін аукционға қою туралы хабарландыру жарияланған еді. 7 сәуірде электрондық сауда порталында Перизат Қайраттан тәркіленген көлік мемлекеттік органдардың меншігіне берілгені туралы ақпарат жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
08 Сәуір, 2026
Мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылды
Елімізде мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
08 Сәуір, 2026