Редакция таңдауы
Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары Ақордаға келді
Президенттер Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VІ Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Ақордаға келді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
09 Тамыз, 2024
Елімізде 1-сыныпқа 336 мыңнан астам оқушы қабылданды
Балаларды мектепке қабылдау жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Тамыз, 2024
Түрікменстан Президенті Астанаға келді
Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуіне қатысады. Түрікменстан басшысын Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
09 Тамыз, 2024
Қазақтан шыққан ғұлама, Қазақ КСР Ғылым академиясының негізін қалаушы һәм тұңғыш президенті, минералогия ғылымдарының докторы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қаныш Сәтбаевтың домбырасы Алматы қаласындағы Мемлекеттік орталық музей қорында «КП 16730/1» реттік нөмірмен сақтаулы тұр.
09 Тамыз, 2024
Берекелі жерден қонақ арылмайды
Алматы маңындағы туризмге жайлы аудан, ауылдарға саяхаттайтын ел азаматтары, шетелдіктер көп-ақ. Ал Астанаға сапарлаған жұрт Бурабай курорттық аймағынан әрі аса алмай жатады. Елорданың ауа райы оңтүстіктегі өлкелерге қарағанда салқын, жауын-шашынды болғанымен, туристерге көрсететін көрікті жерлер баршылық. Өйткені Ақмола – сыры бүгулі жатқан елді мекендер өңірі. Осыны елеп-ескерген кейбір кәсіпкерлер экотуризм, этнотуризм, агротуризмді дамытуға мән бере бастады.
09 Тамыз, 2024
Күреңбел өңіріндегі көркем бір дүние – Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейі. Мемлекет басшысы Жетісуға сапарында бірқатар мәселені айшықтап, облыс әкіміне әр алуан тапсырма жүктеген. Соның бірі – ұлы саяхатшы жамбасы тиген топырақты түлетіп, барша жәдігерінің құтты мекеніне айналған музей жұмысын жандандыру еді. Бүгінде мұражай жаңа кейіпке еніп, екі мыңнан астам адам қабылдап үлгеріпті.
09 Тамыз, 2024
Мақсат – Ақтауды айшықтай түсу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау қаласының бас жоспарын қайта қарауды және жағажай туризмін дамытуды тапсырған еді. Оның үстіне былтыр Әзербайжанның Шуша қаласында өткен Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымына мүше мемлекеттер отырысында мәдениет министрлері шешімімен Ақтау қаласы 2025 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы атанды. Бұл мәртебе теңіз жағасындағы жалғыз қала үшін даму мен көркеюді жаңғыртуды қажет етеді.
09 Тамыз, 2024
Қазір әлемде халықаралық деңгейдегі беделді жеті олимпиада бар. Олар математика, физика, химия, информатика, география, лингвистика, биология пәндерінен дәстүрлі түрде өтеді. Аталған білім бәйгелерінде біздің оқушыларымыз жүлде алып, үздік нәтиже көрсетіп жүр. Мәселен, Қазақстанның ұлттық құрама командасы жақында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен IChO-2024 Халықаралық химия олимпиадасында қос алтын, бір күміс және бір қола медаль алып, жоғары нәтиже көрсетті. Одан бөлек, Гонконгте өткен IEO-2024 халықаралық экономика олимпиадасына қатысқан бес оқушымыздың бесеуі де жеңіс тұғырынан көрініп, ел мерейін асқақтатты.
09 Тамыз, 2024
Геномдық зерттеудегі маңызды қадам
Генетикалық зерттеу мемлекет әлеуетінде, адам өмірінде маңызды рөл атқарады. «CNN»-нің зерттеуіне сүйенсек, Қытай ауруларды емдеудің жаңа әдісін табу жолында генетикалық зерттеудің алтын кеніне айналған. Олар онкологиялық ауруларды емдеудің жаңа әдістерін, инновациялық препараттар мен вакциналарды әзірлеуге миллиардтаған доллар инвестиция жасап жатыр. Бұл бағыттың бізге де ауадай қажет екені анық. Сол себепті де Ұлттық биотехнология орталығының базасында заманауи құралдармен жабдықталған, генетикалық, онкологиялық ауруларды диагностикалаудың инновациялық әдістерін әзірлейтін «Astana Genomic Centre» генетикалық зертханасы ашылды. Зертханаға құны 1 миллион доллар тұратын арнайы құрылғы алынған. Мұны пайдалана алатын мамандар да бар.
09 Тамыз, 2024
Атырау облысының су айдындарына шомылуға әлі рұқсат берілген жоқ. Басты себеп – табиғи сипаттағы төтенше режімнің әлі де сақталуы.
09 Тамыз, 2024
Солтүстікке көшу мәселесі арбаның майланбаған доңғалағы секілді сықырлаумен жүргізіліп келеді. Толып жатқан бюрократиялық барьерлер алақанына түкіріп, көшіп келемін деуші көптеген қандасымызға да, қоныс аударушыға да кедергі келтіріп отыр.
09 Тамыз, 2024
Бюджеттің кіріс бөлігін көбейтудің амалы қайсы?
Биылғы жартыжылдық қорытындысы бойынша кірістің айтарлықтай тапшылығы байқалды. Қаржы министрлігі 2024 жылдың бірінші жартысына арналған есебінде бюджет кірісінің 81 пайызға орындалғаны айтылған. Жоспардағы 6,9 трлн теңгенің орнына 5,6 трлн жиналды. Бұл өткен жылдың осы кезімен салыстырғанда 1 трлн теңгеге аз.
09 Тамыз, 2024
Елорда жұртының өзбек өнері мен мәдениетіне қанығып жатқанына бірнеше күн болды. Ұлттық музейдегі сурет көрмесінен басталған мәдени іс-шаралар тізбегі өзбек киносының күндеріне жалғасып, Орталық саябақта өткен Ташкенттің Астана қаласындағы мәдениет күндеріне ұласты. Айта кетейік, аталған іс-шара Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің елімізге мемлекеттік сапарына орайластырылған.
09 Тамыз, 2024
Астанада көрнекті ойшыл Әлішер Науаидің ескерткіші ашылды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Астанадағы Әлішер Науаи ескерткішін салтанатты түрде ашты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Тамыз, 2024
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
Шағын құрамдағы келіссөз бен Мемлекетаралық кеңес отырысынан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.
08 Тамыз, 2024
Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері бірқатар нысанның ашылу салтанатына қатысты
Ақордада бейнебайланыс режимінде Қазақстан мен Өзбекстан президенттерінің қатысуымен Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Шыршық қаласындағы филиалының, сондай-ақ «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» Ұлттық зерттеу университетінің Алматы қаласындағы филиалының ресми ашылу салтанаты өтті, деп жазады Egemen.kz.
08 Тамыз, 2024
Елдос Сметовтың әлемдік рейтингтегі орны анықталды
Дзюдошы Елдос Сметов 2024 жылғы Олимпиадада алтын медаль жеңіп алғаннан кейін Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) әлемдік рейтингіндегі орны айтарлықтай көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
08 Тамыз, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев: Алдағы он жыл біздің аймақтың болашағын айқындайтын кезең
Елордада 9 тамыз күні Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кездесуі және «Орталық Азия + Жапония» диалогының бірінші саммиті өтеді. Осы оқиғалар қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Орталық Азияның ренессансы: тұрақты даму мен өркендеу жолында» атты мақаласы жарық көрді, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Тамыз, 2024
Орталық Азия өзіне тән бірегейлігін сақтап қалды - Мемлекет басшысы
Бүгін «Egemen Qazaqstan» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы» атты мақаласы жарық көрді. Онда Президент Орталық Азия елдерінің ортақ даму мақсаттары туралы сөз қозғаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Тамыз, 2024
Мырзағали Айтжанов жанкүйерлерден кешірім сұрады
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов ел былғары қолғап шеберлерінің Олимпиададағы бәсекелерінің аяқталуына байланысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
08 Тамыз, 2024