Редакция таңдауы
Қараша айында Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы өтеді
Бүгін Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды. Қ.Тоқаев жұмыс сапары аясында егін жинау науқанымен танысып, өңірдегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жетекшілерімен әңгімелесті, деп жазады Egemen.kz.
16 Қыркүйек, 2025
Зейнетақы қаражатын стоматологиялық қызметтерге жұмсауға тыйым салынды
Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинақтарының стоматологиялық қызметтерге заңсыз пайдаланылуына байланысты 2021 жылғы 15 ақпандағы «емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Қыркүйек, 2025
Елімізде некеге мәжбүрлеу мен адам ұрлауға қатысты заң өзгереді
16 қыркүйектен бастап елімізде некеге мәжбүрлеу және адам ұрлауға байланысты қылмыстық заңнамаға маңызды өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
16 Қыркүйек, 2025
Үкімет Жолдауды жүзеге асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспарды мақұлдады
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Онда Мемлекет басшысының биылғы Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шара жоспарының жобасы қаралды. Сондай-ақ жол қозғалысы мен жаяу жүргінші қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібіне шықты.
16 Қыркүйек, 2025
Электр мопедтері мен самокаттарға қатысты жаңа шектеулер енгізіледі
Үкіметтің кезекті отырысында электр мопедтері мен самокаттарды қолдану мәселесіне назар аударылды. Олжас Бектеновтің айтуынша, мұндай көліктер қоғамдық транспортқа түсетін жүктемені азайтқанымен, жол қозғалысы ережелерін сақтамау салдарынан тұрғындарға қолайсыздық туғызып, қауіпсіздікке қатер төндіріп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
15 Қыркүйек, 2025
Үкімет автожолдардағы қауіпсіздік талаптарын күшейтеді
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жол инфрақұрылымының жай-күйіне назар аударды.Премьер-министр кейбір жолдардың, әсіресе жергілікті маңызы бар жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстары созылып кеткенін баса айтты, деп жазады Egemen.kz.
15 Қыркүйек, 2025
«Қайрат» - «Реал Мадрид» матчына билеттер сатылымға шығатын күн белгілі болды
«Қайрат» футбол командасы тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде бақ сынайды. «Қайрат» ФК УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өз алаңындағы матчтарға билет сату тәртібі мен мерзімдерін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
15 Қыркүйек, 2025
Лисаков қаласында «Tugan Qala ERG» форумы өтті
Бүгін Лисаков қаласында «Tugan Qala ERG» форумы өтті. Осымен бесінші мәрте ұйымдастырылып отырған дәстүрлі іс-шара барысында алпауыт компанияның қаланы көркейтуге бағытталған әлеуметтік жобалары қорытындыланып, игі іске атсалысқан белсенді тұрғындар марапатталды, деп жазады Egemen.kz.
15 Қыркүйек, 2025
Биологиялық белсенді қоспаның нәтижесі қандай?
Қазір теледидар-радионы қосып қалсаң, әлеуметтік желіні ашып қалсаң да, белсенді биологиялық қоспалардың (ББҚ) жарнамасы алдыңнан шығады. Жарнамаға сеніп, дертіне дауа іздегендер мен артық салмақтан арылғысы келгендер сол не дәрі емес, дәріден әрі емес қоспаларды сатып алып жатады. Бірақ ем іздеймін деп, дерт жамап алатындар да жоқ емес. Бұл белсенді қоспаны да байқап ішу керектігін аңғартып тұр.
13 Қыркүйек, 2025
Мейірхан АҚДӘУЛЕТҰЛЫ: Түркілер еуропалық данышпандардан ешқашан төмен болмаған
Дабырадан аулақ, үндемей-ақ үлкен істер атқарып жүрген интеллектуал ақын, ұлтжанды қазақ Мейірхан Ақдәулетұлы болмысы бізге ертеден таныс әрі жақын. Сирек сұхбаттасатын, көп «көріне» бермейтін ағамызды әңгімелеге тартып көрген едік.
13 Қыркүйек, 2025
Француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзада» ертегі-повесіндегі таңертең ұйқыдан тұрысымен жуынып-шайынып алып, өзінің шағын планетасын аса қауіпті арам шөптен тазалауға кірісетін өреннің өнегесі кімге болсын ой салады. Елімізде былтырдан бері іске асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық жобасына балдырғандардың да үлес қосып жатқанын көріп сүйсінгенде осы шығарма есімізге түседі. Әсілінде, тазалыққа шақыратын бұл бастаманың ең үлкен тағылымы осы емес пе?
13 Қыркүйек, 2025
Конституция – теңдік пен әділдік кепілі
Астанада Конституциясының 30 жылдығына орай «Бейбітшілік пен болашақ құқық арқылы» конституциялық сот төрелігінің халықаралық форумы өтті. Онда сарапшылар мемлекетті нығайту мен Конституция құндылықтарын ілгерілетудегі әділеттің әлеуетін талқылады.
13 Қыркүйек, 2025
Халыққа сапалы медициналық қызмет қажет
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында медицина саласына көңіл бөлу керектігін, көпбейінді медициналық орталықтар ашып, халықтың сапалы қызметке қолжеткізуін қамтамасыз ету қажеттігін айтты.
13 Қыркүйек, 2025
Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады
«Қазгидромет» РМК алдағы бірнеше күнге арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Қыркүйек, 2025
Ауыл тұрғындары сапалы медицинаға қол жеткізе бастады
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылуы жөнінде мәлімдеді. Бұл бастама Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатыр және ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Қыркүйек, 2025
Палатаның маңызды бағыттары айқындалды
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтті. Онда сенаторлар Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында жүктелген міндеттерді іске асыру барысын талқылады. Сондай-ақ инновациялық қызмет саласын мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру және мемлекеттік статистика мәселелері туралы заңды қарады.
12 Қыркүйек, 2025
Шетелдің үздік мамандары Қазақстанға келеді
Білікті мамандар ел дамуында ерекше маңызға ие. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдегі талантты қазақ мамандарды ғана емес, әр салаға шетелдік үздік мамандарды да тартуға тапсырма берді. «Шетелден елімізді дамытуға үлес қоса алатын мықты мамандарды ұлтына қарамай тарту – өте маңызды міндет. Олардың Қазақстанда қалуына жағдай жасау керек. Себебі бізге білікті мамандар өте қажет. Әсіресе техникалық мамандықтарды меңгерген өз ісінің нағыз шеберлері керек», деді Президент Жолдауында. Қазіргі кезде осы мақсатқа негізделген «Digital Nomad Resydensy» жобасы іске асып жатыр. Оның алғашқы иегері де анықталды.
12 Қыркүйек, 2025
«Tech Orda»: ІТ-әлемге жолдама
Гуманитарлық білім IT саласына қадам басуға еш кедергі емес. Қазіргі заманауи білім беру бағдарламалары мамандықты ауыстыруға, көзқарасты кеңейтуге, тіпті өмірді жаңа парақтан бастауға мүмкіндік береді. Әсіресе мұндай мүмкіндік IT саласында ерекше сұранысқа ие. Соның айқын мысалы – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Astana Hub» бірлесіп іске асырып отырған «Tech Orda» бағдарламасы.
12 Қыркүйек, 2025
1998 жылы Астанадағы қалалық газетте («Астана ақшамы») қызмет атқарып, несібе айырып жүрген шағым. Комсомол көшесі (қазіргі Желтоқсан) бойында орналасқан орыс драма театрында өтетін «Құдалар» атты спектакльге барып мақала әзірлеу керек. Бардық. Қойылым авторы көкшетаулық қаламгер Баянғали Әлімжанов екен.
12 Қыркүйек, 2025
Коммуналдық төлемдер жаңа жүйеге көшеді
Қазақстанда коммуналдық қызметтерді төлеу ережелері өзгерді. Енді тұрғындар үшін есеп айырысу жүйесі ыңғайлы әрі бірізді болады, деп жазады Egemen.kz.
11 Қыркүйек, 2025