Редакция таңдауы
Тау қуысындағы шағын ғана ауылдан үш бірдей Кеңес Одағының батыры шыққан. Самар ауданына қарасты Подгорное ауылы сонысымен де ерекше. Иван Яроцкий, Николай Фонов, Сергей Седнев сынды батырларына ауылдың кіреберісінде кеуде мүсіндері мен ерекше композицияда стелла қойылған.
09 Мамыр, 2025
Қошқарбаевты немістер неге білмейді?
Осыдан біраз уақыт бұрын жас неміс қаламгері Артур Вайгандпен сөйлесіп отырғанымда, оның Рақымжан Қошқарбаев туралы ізденіп жүргенін білдім. Тарихты жақсы білетін әріптесімізге сол сәтте қолқа салып, қазақтың батыр ұлы туралы зерттеуін негіз етіп, өз көзқарасын жазып беруін өтіндім.
09 Мамыр, 2025
Бауыржан Момышұлы Кәкімжан Қазыбаевқа неге ашуланды?
«Журналиске диплом емес, сезгіш жүрек, көргіш көз керек!» Бұл аты аңызға айналған қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлының жүрек түбінен шыққан ашу-ызасы. Бұл сөздер Рейхстагқа алғаш болып жеңіс туын тіккен лейтенант Рақымжан Қошқарбаевтың есімі ел ішінде ұмыт бола бастаған тұста, ешбір журналистің бұл ерлікке үн қатпағанын көріп, төзімі таусылған сәтте айтылған, деп жазады Egemen.kz.
08 Мамыр, 2025
1995 жылы Қазақстанның белгілі жазушысы әрі батыр партизаны Қасым Қайсеновке елдегі ең жоғары марапат — «Халық қаһарманы» атағы берілді. Бұл жаңалықты естігенде, темірдей төзімділігімен танылған жауынгердің көзіне жас келген еді. Ол жылады. Бірақ бұл әлсіздіктен емес, жүрегіндегі жылдар бойғы арман мен әділеттің салтанат құруынан туған көз жасы болатын, деп жазады Egemen.kz.
08 Мамыр, 2025
Бауыржан Момышұлы «Халық қаһарманы» ма? (мәселенің мәнісі)
«Ұлы тұлғалар» ғылыми-ғұмырнамалық сериясымен жарық көрген «Бауыржан Момышұлы» жинағында ерлігі елге аңыз болған батырдың Қызыл Армия қатарына алынып взвод, рота командирі, полк штабы басшысының көмекшісі, Қазақ әскери комиссариаты нұсқаушысы қызметтерін атқарып ысылғанын баяндайды. Ал Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда қолбасшы Бауыржан сол жиған тәжірибесіне сүйеніп 316 атқыштар дивизиясының (кейінірек Панфилов атындағы 8 гвардиялык дивизия) жасақталуына белсене атсалысып, осы бөлім құрамында батальон, полк командирі, кейін дивизия командирі ретінде Мәскеу тубінде, Калинин майданында ерлігімен даңқы шығады. Батыр бабамыз соғыстан кейін де он жылдай әскери қызметте болып, Ворошилов атындағы академияны, Кеңес Армиясы Бас Штабының жанындағы Жоғары әскери академияны аяқтап, осы әскери оқу орындарында генералдарға сабақ беріп, ұстаздық етеді.
08 Мамыр, 2025
«Жедел жәрдем» қызметі жүйелене ме
Денсаулық сақтау министрлігі жедел медициналық қызметті ұзақ күтуге қатысты шағымдардың көбейгенін ескеріп, оның жұмысын жүйелеу үшін өзгерістер енгізді. 1 мамырдан күшіне енген жұмыс тәртібіне сай емханалардың жанындағы мобильдік бригадалар 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал 4-санаттағы шақыртуға мамандар 60 минут ішінде жетуі тиіс. Жеделдіктің 4-санатындағы шақырту дегеніміз не? Бұл санатқа қандай науқастар жатады? Салалық министрлік редакция жолдаған сауалдарға ресми жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
08 Мамыр, 2025
Алматы облысында соғыс ардагерлеріне пәтер кілті берілді
Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев соғыс ардагерлері Тәңірберген Толғанбаев пен Фёдор Емельянович Ковалевті арнайы барып құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Мамыр, 2025
«Елорда жастары» бағдарламасымен үйлі болудың жолы қандай
Елордада жұмыс істейтін жастарды баспана алу мәселесінде қолдауға бағытталған «Елорда жастары» мемлекеттік бағдарламасы табысты жүзеге асып келеді. Осы бағдарламаға қатысушылардың бірі Ерке Байғабылова мемлекеттің бастамасының арқасында қалай баспаналы болғанын айтып берді, деп жазады Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
08 Мамыр, 2025
Әскери шеруге 4 мыңнан аса әскери қызметкер қатысты
Парадқа Қазақстан Қарулы күштерінің барлық түрінен 4 мыңнан аса әскери қызметкер қатысты. Сондай-ақ арнайы 200-ден аса әскери қару-жарақ пен техника, 66 әскери авиация ұшағы мен тікұшақ әкелінген, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
07 Мамыр, 2025
Майданға 1,2 миллионнан астам қазақстандық аттанған
1941-1945 жылдардағы алапат соғысқа 1 миллион 200 мыңнан аса отандасымыз қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
07 Мамыр, 2025
Отан қорғау жолында опат болғандарға тағзым етеміз - Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 7 мамыр – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай қазақстандықтарды құттықтап, халқымыздың екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы жанқияр ерлігі мен еңбегін жоғары бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Мамыр, 2025
Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад басталды
Астанадағы «Қазақ елі» алаңында Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Мамыр, 2025
Мажарстан Мемлекеттік жиналысымен байланыс нығая түседі
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мажарстан Мемлекеттік жиналысының Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі тобының жетекшісі Шандор Фазекаш бастаған делегациямен кездесті.
07 Мамыр, 2025
Тарихи деректер – келешекке аманат
Елімізде «Батырларға тағзым» атты портал үздіксіз жұмыс істеп тұр. Онда Жеңіске өлшеусіз үлес қосқан отандастарымыздың ерлігі мен жанкештілігі туралы құнды ақпараттар жинақталып жатыр. Бір ерекшелігі, веб-порталға кез келген пайдаланушы өз туысқандары туралы деректерді енгізе алады.
07 Мамыр, 2025
Бітімгер күштер ел беделін көтереді
Еліміздің қарулы күштері 2014 жылдан бері Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік қызметіне өз үлесін қосып келеді. Осы уақыт ішінде 80 азамат байқаушы және штаб офицері ретінде бірнеше миссияға атсалысса, 700-ге жуық әскери қызметші БҰҰ-ның арнайы операцияларына қатысқан. Ал өткен жылдан бастап еліміз бітімгерлік қызметті дербес құраммен өз бетінше орындауға кірісті.
07 Мамыр, 2025
Тумысынан он екі мүшесінің кемдігі байқалып, қадам басуы арманға айналған баласының әр қимылы – ата-анаға ерекше қуаныш. Оны жүрегінен өткізген жандар ғана түйсіне алса керек. Былтырдан бері елімізде «Мүгедектігі бар балаларды үй жағдайында оңалту» жобасы іске асырылып, жақсы нәтиже көрсетті. Жеті айдың ішінде 247 бала инновациялық техникалық құралдың игілігін көріп, 178 науқаста оң динамика байқалған.
07 Мамыр, 2025
Жеңістің 80 жылдығы құрметіне Астана қаласында дәл бүгін – Отан қорғаушы күнінде үлкен ауқымдағы парад ұйымдастырылатыны күн ілгері белгілі болған. Әскери шерудің дайындық барысын тамашалап қайтқан тілшіміз бұл салтанатты іс-шарада Екінші дүниежүзілік соғыс жеңісінің рәміздерінің біріне айналып, жұлдызы болып жарқыраған «Т-34» танкісінен бастап, бүгінгі заманауи әскери дрондардың да сап түзейтінін біліп қайтқан-ды.
07 Мамыр, 2025
Сауда-экономикалық қатынасқа тың серпін
Премьер-министр Олжас Бектенов пен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Социалистік Республикасы Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
07 Мамыр, 2025
Астанадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығының медицина мамандары бұрыннан озық технологияларды пайдаланады. Дәрігерлердің біліктілігі жағынан да көп орталықтан көш ілгері. Енді, міне, озық орталықтың жанынан ашылған тағы бір зәулім ғимарат еліміздің онкологиялық ауруларды емдеудегі тәжірибесін молайтады.
07 Мамыр, 2025
Шағын мақаламызда «Шахнамада» айтылатын патшалар дәуірін дәріптемейміз, «Махаббатнамада» суреттелетін маздаған жүректердің жалынына да жылынбаймыз. «Доснамада» адал достық туралы әңгіме қозғаймыз.
07 Мамыр, 2025