Редакция таңдауы
3 адамның жағдайы ауыр: Петропавлда жарылыс болды
Петропавлда болған жарылыстан зардап шеккендердің үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайлары ауыр, деп хабарлайды Egemen.kz
22 Ақпан, 2021
Ұлттық кеңестің бесінші отырысы қашан өтетіні белгілі болды
25 ақпанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы өтеді. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин Tелеграм каналында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz
22 Ақпан, 2021
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Қазгидромет 23-25 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Ақпан, 2021
Денсаулық сақтау вице-министрлері «Спутник V» вакцинасының 2-дозасын ектірді
Еліміздің Денсаулық сақтау вице-министрлеріне «Спутник V» вакцинасының 2-дозасы егілді, деп хабарлайды Egemen.kz
22 Ақпан, 2021
Табыс һәм ең төменгі күнкөріс деңгейі
Жалақысы жақсының жағдайы да жақсы. Бірақ айлық мәселесіне келгенде Қазақстанның жағдайы көңіл көншітерлік емес. 2021 жылдың басында әлемдегі ең төменгі жалақы рейтингін жариялаған Picodi халықаралық сервисі біздегі жалақыны 56 елдің ішіндегі ең төменгісі деп бағалапты.
22 Ақпан, 2021
Күрделі кезеңде қарқын бәсеңдеген жоқ
Әлемді әбігерге салған пандемия спорттың да қол-аяғын жіпсіз байлады. Турнирлер тоқтады. Жылда түрлі жарыстарда күш сынасып, оқу-жаттығу жиындарында тер төгіп жүретін атлеттер амалдың жоқтығынан үйден аттап шыға алмай қалған еді. Міне, мұндай жағдайда спорт саласы басшыларының алдында тығырықтан алып шығатын жолды шұғыл табу міндеті тұрды.
22 Ақпан, 2021
Ресейде алғаш рет құс тұмауы вирусының H5N8 штаммын адамның жұқтыруы расталды. Мұны ресейлік «Вектор» орталығының ғалымдары анықтады.
22 Ақпан, 2021
Нөсер жауын кезіндегі су тасқыны салдарынан Индонезия астанасының 1 300 тұрғыны үйін тастап кетті. Бірнеше өзен деңгейі көтеріліп, көптеген кварталды су басты. Джакартаның бірнеше ауданында көтерілген су деңгейі екі метрден асты.
22 Ақпан, 2021
Мьянмадағы наразылық үдей түсті
Елдегі ірі қалалардың бірі – Мандалайдағы наразылықтардың арты қантөгіспен аяқталды. Екі мьянмалық оқиға орнында жан тапсырды. Еуропалық одақ сияқты халықаралық ұйымдардың алаңдаушылығы Мьянма қарулы күштеріне тосқауыл бола алған жоқ.
22 Ақпан, 2021
Еуразия Ұлттық университетінде «Салық Зиманов: азамат, ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
22 Ақпан, 2021
Жамбыл тойына дайындық барысымен танысты
Биыл жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толмақ. Осы орайда елімізде жүз жасаған ақынның мерейтойын атап өту шарасы қолға алынды. Руханият пен мәдениет саласындағы ілкімді іс Алматы облысынан бастау алмақшы. Әрі бұл ақынның кіндік қаны тамған Жетісу өңірі үшін үлкен жауапкершілік болып отыр.
22 Ақпан, 2021
Әділетті мемлекет құру қадамдары
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында еліміздегі прокуратура органдарының қызметіне ерекше назар аударып, нақты тапсырмалар берген болатын. Жүктелген міндет жүйелі жолға қойылып, Мемлекет басшысының тапсырмасы ойдағыдай орындалды. Оған еліміздің Бас прокуратурасында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің цифрлы жобалары таныстырылған кезде көз жеткіздік.
22 Ақпан, 2021
Мемлекеттік тілді қайтсек меңгереміз?
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болғанына 30 жылдан асты. Бір қарағанда мемлекеттік тілді меңгергендердің қарасы аз емес, күн санап көбейіп келе жатыр дейміз. Бірақ мемлекеттік тіліміз мінбер биігінен көріне алып жүр ме деген сауалға келсек күмілжитініміз рас.
21 Ақпан, 2021
Былтырдан бері біртіндеп қымбаттай бастаған жұмыртқаның бағасы ақпан айында шарықтау шегіне жеткен сияқты. Алты ай аралығында бір дана жұмыртқаның нарықтағы ресми құны 30 теңгеден өсіп, 57 теңгеге дейін жетті. Қазір бұл баға жекелеген сауда нүктелерінде 60 теңгені құраған. Яғни, 10 дана жұмыртқаны бір жыл бұрын 300 теңгеге сатып алған тұтынушы енді оған 600 теңге төлеуге мәжбүр. Демек, ішкі нарықта жұмыртқа бағасы 100 пайызға дейін қымбаттап отыр.
21 Ақпан, 2021
Балық шаруашылығының «бағы» жана ма?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңесіне сүйенсек, әр адам жылына кемінде 16 кило балық өнімдерін тұтынуға тиіс. Неге десеңіз, теңіз өнімдерінің құрамындағы омега-3 май қышқылдары қан тамырларының бітелуіне жол бермей, ағзаның қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді. Өкінішке қарай, Қазақстанда бұл көрсеткіш 4 килоға да жетпейді.
21 Ақпан, 2021
Атырауда 11 мектеп пен 56 балабақша қашан салынады?
Атырау облысында 11 мектеп пен 56 балабақша салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Ақпан, 2021
Қарағандылық жеңіл атлетшілер командалық есепте жеңіске жетті
Өскемен қаласында жеңіл атлетикадан өткен Қазақстан чемпионатында Қарағанды облысының құрама командасы 10 алтын, 7 күміс және 8 қола медальмен жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz. облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 Ақпан, 2021
Атырау жастары мұз үстінде биледі
Атырауда әуесқой балықшылар Жайық өзеніне қатқан мұз үстінде «Jerusalema» әуеніне биледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Ақпан, 2021
Александр Недовесов Forte Challenger 100 турнирінің іріктеу финалына шықты
Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Forte Challenger 100 турнирінің жекелей сынның іріктеуінің финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
21 Ақпан, 2021
Бейбіт Атамқұлов «АрселорМиттал Теміртау» жұмысымен танысты
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Теміртау қаласындағы металлургия комбинатында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ басшылығымен көшпелі кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Ақпан, 2021