Оқи отырыңыз
Абай шығармашылығына арналған бірегей бейне-жоба іске қосылды
Қазақстанда алғаш рет Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған бірегей бейне-жоба іске қосылды. Осылайша жаңа онлайн жоба қазақстандық көрермендерге жол тартып, «ВAURZHAN foundation» жеке қоры қазақстандық жазушылар мен ақындардың өмірі мен шығармашылығына арналған онлайн форматтағы шығарылымдар сериясын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz
24 Ақпан, 2021
Президент Павлодар облысының бесінші сынып оқушысына сыйлық берді
Екі апта бұрын Ертіс ауданынан келген 10 жасар Мансұр Баймұса Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, шахмат пен ағылшын тіліне деген қызығушылығы туралы айтып берген болатын. Мемлекет басшысының жауабын оған Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 Ақпан, 2021
Nur Otan азаматтар үшін министрлермен онлайн-кездесулер өткізуде
«Nur Otan»-ның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтардың министрлермен және мемлекеттік органдардың басшыларымен онлайн-кездесулері жалғасуда. Қазақстандықтардың министрлерге қандай мәселелермен келетіні туралы партия Орталық аппаратының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Ақпан, 2021
Атырауда бір күнде 43 адам жарақат алды
Атырауда жауған қалың қар қолайсыз ауа райының сақталуына, тұрғындардың жарақат алуына себеп болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
24 Ақпан, 2021
Түрмеге келген сәлемдеме арасынан есірткі шықты
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігімен жазасын өтеп жатқан азаматқа қысқа мерзімді кездесуге келген танысының сәлемдемесінің арасынан есірткі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz
24 Ақпан, 2021
Сервистік әкімдік ауылдарға да жетті
Алға ауданы Бестамақ ауылдық округінде «Сервистік әкімдіктің» ашылуы өтті. Шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов, аудан басшысы Мамырғали Аққағазов, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Бауыржан Балғабеков пен «Ақтөбе-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жанындағы қоғам белсенділері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Ақпан, 2021
Өрт – тілсіз жау. Атырау қаласында коттедж өртеніп, бір отбасы баспанасыз қалды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт кеше, 23 ақпанда кешкі сағат 20:16-да болған, деп хабарлайды Egemen.kz
24 Ақпан, 2021
Аида Балаева Сума Чакрабартимен кездесті
Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық даму жөніндегі кеңесшісі сэр Сума Чакрабартимен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz
24 Ақпан, 2021
Қарт адамдардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қарт кісілердің жағдайын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі «Белсенді ұзақ өмір сүру» іс-шаралар жоспарын бекітті. Құжат ҚР-ның 2030 жылға дейінгі әлеуметтік даму тұжырымдамасын және Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде әзірленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Ақпан, 2021
Тұрғындар Нұр-Сұлтан қаласын дамыту бойынша ұсыныстар айтты
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында «Birge» сайтына 10 күн ішінде қандай ұсыныстар түскенін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Ақпан, 2021
Алаяқтар Instagram-да жүргізуші куәлігін сатуда
Instagram әлеуметтік желісінде жүргізуші куәлігін сатып алуды ұсынатын «кәсіпкерлердің» жарнамасы жарияланды. Жарнама авторларының айтуынша, бұл заңды және жүргізуші куәлігінен ресми түрде айырылған адамдар да оны сатып ала алады, деп хабарлайды Egemen.kz stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
24 Ақпан, 2021
Шымкентте 2021 жылы 109 көше жөнделеді
Сапалы жолдар – Инфрақұрылым бағытындағы басты өлшем. Былтыр қалада 417 шақырым жолға құрылыс және жөндеу жұмыстары жүрді, деп хабарлайды Egemen.kz
24 Ақпан, 2021
Шымкент: 2021 жылы 41 шақырым жылу құбырына жөндеу жүргізіледі
Шымкенттің орталығы мен 81 шағын ауданның 18-і ғана кәріз жүйесімен қамтылған. Қала халқының тек қана жартысы орталықтандырылған кәріз жүйесін пайдаланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
24 Ақпан, 2021
Юлия Путинцева екінші кезеңде ұтылды
Теннистен Аустралияның Аделаиде қаласында өтіп жатқан халықаралық турнир Қазақстанның екінші және әлемнің 28-ракеткасы Юлия Путинцева үшін сәтсіз аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz
24 Ақпан, 2021
Бокстан Странджа турнирі жалғасуда
Болгарияның бас шаһары – Софияда бокстан дәстүрлі Странджа турнирі жалғасуда. Жарысты екінші күні Қазақстанның тағы бірнеше былғары қолғап шебері өз өнерлерін ортаға салды, деп хабарлайды Egemen.kz
24 Ақпан, 2021
Шымкентте мәдениет мекемелеріне 30 пайызға дейін қаржы табу жүктелді
Шымкент қаласында 2021 жылы 10 кітапхана модернизациядан өткізіліп, қала халқы уақытын тиімді өткізетін мәдени орынға айналмақ. Модернизациядан өткеннен кейін келушілер саны 4 есеге өседі деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
24 Ақпан, 2021
Шымкентте 2021 жылы 7 елді мекен сапалы ауыз сумен қамтылады
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Шымкент қаласында осы жылы мұғалімдер мен жаттықтырушылардың еңбекақысы 25 пайызға, әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбекақысы 50 пайызға артады, деп хабарлайды Egemen.kz
24 Ақпан, 2021
Шымкентте биыл бұқаралық спортқа басымдық беріледі
Шымкент қаласында биыл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бұқаралық спортқа ерекше назар аударылады. Осы жылы 115 замануи спорт алаңы салынса, «Металлург» стадионы мен 12-ші балалар мен жасөсіпірмдер спорт-мектебінің спорт кешендерінің құрылысын аяқтау жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz
24 Ақпан, 2021
Науырзымдықтар ғажайып құбылысқа куә болды
Қостанай облысының тұрғындарын табиғаттың тосын құбылысы таңғалдырды. Бүгін таңертең Науырзым өңірінде жергілікті тұрғындар көкжиектен 4 бірдей күннің сәулесі түсіп тұрғанын байқаған, деп хабарлайды Egemen.kz
24 Ақпан, 2021
Алматы облысының спорт мектептеріне 22 автокөлік берілді
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірдегі 22 спорт мекемесіне автокөлік кілттерін тапсырды. Бұл сый бүгін Талдықорған қаласындағы Салтанат сарайында өткен 2020 жылдың қорытындысы бойынша спорт саласы үздіктерін марапаттау салтанатында берілді, деп хабарлайды Egemen.kz
24 Ақпан, 2021